11. Пбб жүргізу кезінде


ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда



бет2/4
Дата05.06.2024
өлшемі26.1 Kb.
#502325
1   2   3   4
ПББ,ОЗП нұсқаулық рекомендаций

12. ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда
аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
ПББ өткізу талаптарын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог,
бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері,
білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы орынбасары –
бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы
– үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
13. ПББ басталғанға дейін орнына отырғызылған соң тестілеу кезінде
нұсқаулық жүргізіледі.
14. ПББ жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері
байқаушы ретінде қатысады.
Бақылаушы тестілеу кезінде педагогтерге жәрдемдеспейді, тестілеуді
өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді. Тестілеуді өткізу
тәртібін бұзған жағдайда бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі.

  • 16. ПББ өткізген уақытында немесе тапсыру мерзіміне қарамастан рәсімнің

бейнежазбасын қарау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда осы
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады.

  • 17. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан

шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі,
тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік
тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.
Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме,
тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша
апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.
18. Апелляция мынадай жағдайларда:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
дұрыс жауап болмағанда;
бірден көп дұрыс жауап болғанда;
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;
2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында
техникалық себеп бойынша қаралады.
19. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган
компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды
қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.
20. Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен
білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның
мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды
құрайды.
21. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен
ұйымда бір жыл сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта
қарауға жатпайды.
Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін
құрайды.
22. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияны
ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу
жүйесіндегі педагогтің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Педагогтердің ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға
жарамды болып саналады.
23. ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық дерекқорын сақтау бес жыл
ішінде қамтамасыз етіледі.__



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет