1196 шығарылым – Сейсенбі, 25 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



Дата17.06.2016
өлшемі276.26 Kb.
#142198



1196 шығарылым – Сейсенбі, 25 қаңтар, 2011






  • Номер мақаласы

    • Домодедовода лаңкестік әрекет салдарынан 35 адам қайтыс болды



  • Қазақстанда

    • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады



  • Мұнай-газ секторы

    • 2010 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің шоғырланған көлемі жоспардан 4 пайызға артты

    • "ҚазМұнайГаз" 2011 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 22 млн.тонна деңгейінде сақтауды жоспарлап отыр

    • Көмірсутек шикізатының алғаш белгілері «Н» блогында ашылды – Қ.Қабылдин



  • Қаржы және инвестициялар

    • Премьер-министр Мәсімов, Қазақстан шикізат бағасының құлдырауы мүмкіндігін ескеретін сценарийді қажет

    • Давосс форумда Қазақстанды премьер Мәсімов көрсететін болады

    • Қазақстан: Көңіл-күй өзгерісі - доллар арзандап, еуро қымбаттайды

    • 2010 жылдың қорытындылары бойынша "Самұрық- Қазына " ҰӘҚ 400 млрд. теңге шамасында шоғырланған пайда алуды жоспарлап отыр

    • ҚР Премьер-министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ дағдарысқа қарсы қызметінің аяқталуы туралы жариялады

    • ҰӘҚ алдағы екі жылда еншілес компаниялардың IPO жоспарламайды – Келімбетов

    • «Қазақстанның даму Банкінің» АҚ-ы қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және 2011 жылғы мақсаттары туралы



  • Тау-кен әне металлургия саласы

    • "Тау-Кен Самұрық" 2010 жылғы жұмысын қорытындылады



  • Транспорт және коммуникациялар



  • Жылжымайтын мүлік

    • Астанада үлескерлердің банктердегі кепілдік пәтерлерін «ұрлаған» құрылыс компаниясының басшысына үшін 12 жылға үкім шығарылды

    • ҚР құрылыс лицензиясы үш күрделі санат бойынша беріледі - С.Нокин



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Қытай Қырғызстанмен шекараны уақытша жабады

    • БҰҰ Түркменстан экономикасының 2011-2012 жылдары 10 пайызға өсуін болжап отыр

    • Еурокомиссия және НАТО басшылары қарсылықтарға қарамастан, Кәрімовпен кездесті



  • Бағалар мен статистика

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



Домодедовода лаңкестік әрекет салдарынан 35 адам қайтыс болды


24 қаңтарда шамамен 16.40. Мәскеудің Домодедово әуежаының халықаралық ұшу залында жарылыс болды. Алдын ала болжамдар бойынша, бомбаның қуттылығы тротила эквивалентінде бес килограммнан астам мөлшерді құраған. Жанкешті-лаңкес өзін күтіп алушы адамдар тобының арасында жарып жіберген.Ғимарат ішінде жүздеген адамдар болған. Домодедово әуежайындағы жарылыс құралы жанкешті-лаңкестің беліне байланған, деп хабарлайды РФ Тексеру комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин. «Жарылыс шұңқырының болмауына байланысты құрал беліне байланған болуы мүмкін. Жанкешті әрекет еткен», - деді ол, РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі анықтаған мәліметтер бойынша, «Домодедево әуежайындағы лаңкестік әрекеттен 35 адам құрбан болған.

Оқиға орнында 31 адам бірден көз жұмған, олардың үшеуі ауруханада қайтыс болды, біреуі «Жедел жәрдем» көлігінде. Медицина мекемелерінде 86 адам жатыр: 17-і Мәскеудің ауруханаларында болса, екі адам – Мәскеу облысындағы ауруханаларда. Қазір зардап шеккен адамдардың аты-жөні анықталуда, жұмыс таяу сағаттарда аяқталады», - деп хабарлады Ресейдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Максим Топилин, Комсомольская правда ақпаратында берілген.

Ресейдің тергеу комитеті «лаңкестік» бабымен қылмыстық іс қозғады. Лаңкестік әрекетті ұйымдастыру күдігімен үш ер адамға іздеу жарияланды. Ресейдің президенті дмитрий Медведев қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар Д. Медведев елдің транспорттық желілерінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Осы ретте, Домодедово әуежаында медицина қызметкерлері, психологиялық көмек және криминалистер жұмыс істеуде. Домодедово әуежайында орын алған лаңкестік жарылыс салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер саны ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды CCTV.com.

Қазақстанда



Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады


Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады.

С.Қайырбекова мемлекет Басшысына Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қайта құру мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу қорытындылары туралы ақпараттар берді.

- Президент «Салауатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстар Республикасының денсаулық сақтауын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді, - деп атап өтті С.Қайырбекова, Ақ Орда хабарлайды.

Мұнай-газ секторы



2010 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің шоғырланған көлемі жоспардан 4 пайызға артты


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

Жедел мәліметтер бойынша, 2010 жылы мұнай мен газ конденсатын өндірудің шоғырланған көлемі 2099 жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп және 4 пайызға жоспарды артық орындалған 22 млн.тоннаны құрайды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Магистральды құбыр арқылы мұнай тасымалдау 65,8 млн.тоннаны құраған, ол 2009 жылмен салыстырғанда жоспардан 4 пайызға артық және 3 пайыз жоғары. Теңіз транспортымен тасымалдау көлемі 7,1 млн.тоннаны құрайды. Жоспарлы көрсеткіш 1 пайызға артық орындалған. Өткен жылы 14,8 млн.тонна мұнай өңделді, 2009 жылдың көрсеткішін 16 пайызға артық және 2 пайызға жоспардан тыс орындап шыққан.

"ҚазМұнайГаз" 2011 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 22 млн.тонна деңгейінде сақтауды жоспарлап отыр


Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) 2011 жылы 22,1 млн.тонна мұнай мен газ конденсатын өндіруді жоспарлап отыр, ол 2010 жылғы (22 млн.тонна) деңгейіне сәйкес. Ол туралы ҚМГ басқарма кеңесінің қорытындылары бойынша компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМГ 2011 жылғы өндірістік жоспарына сәйкес, магистралды құбыр арқылы мұнай тасымалдау көлнмі 2,5% - 64,2 млн.тоннаға дейін төмендеуі күтілуде. Газ тасымалдау көлемі 2% 101,7 млрд текше метрге артуы, теңіз транспортымен мұнай тасымалдау көлемі 1,4 есеге – 10,2 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. ҚМГ жоспары бойынша мұнай өңдеу көлемі 15,3 млн.тоннаға, ол 2010 жылғы көрсеткіштен 3,4% артық.

Компанияның ұзақмерзімді стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы ерекше көңіл шығындарды басқару, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық (ҒЗТҚ) жұмыстарды дамытуға бөлінетін болады. Сонымен қатар, ҚМГ тиімді инвестициялық портфелді қалыптастыру, компанияның бес бизнес-бағыты бойынша (барлау мен өндіру, мұнай тасымалдау, тасымалдау мен газ маркетингі, мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу мен маркетингі, қызмет көрсету жобалары) корпоративтік басқару мен компания активтері құрылымын оңтайландыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.

ҚМГ 2010 жылғы шоғырланған табысы, алдын ала болжам бойынша, 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артып, 1,93 млрд.доллар (284 млрд.теңге) құраған, мұнай мен газ конденсатын өндіру 2010 жылы 17% өсіп, 22 млн.тоннаға жеткен, деп хабарлайды РБК


Көмірсутек шикізатының алғаш белгілері «Н» блогында ашылды – Қ.Қабылдин


Каспий қайраңындағы қазақстан мекторының «Н» блогында көмірсутек шикізатының алғаш белгілері анықталды. Ол туралы Астанадағы баспасөз конференциясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайргелды Қабылдин мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда біз толығымен түсіндіруге құқымыхз жоқ, дегенмен, алғаш белгілер жағымды болды, сондықтан да осы жобаның жемісті болатынына үміт артамыз», - деп түсіндірді Қабылдин.

ҚМГ басшысы, осы жобаға қатысушылар барлау бұр,ылау бағдарламалары аяқталған соң, коммерциялық табылуы туралы жариялайтын болады.

«Н» блогы Ақтаудан оңтүстікке қарай 30 километрде Каспий теңізінде орналасқан. Оның аумағы 8 184 шаршы метрді құрайды және мұнайдың болуымен қатар, газ да бар деген болашақ жоспарлар бар, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ.


Қаржы және инвестициялар



Премьер-министр Мәсімов, Қазақстан шикізат бағасының құлдырауы мүмкіндігін ескеретін сценарийді қажет


Қазақстан экономикасы шикізат бағасының құлдырауы мүмкіндігін ескеретін сценарий қажет. Ол туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ алқа отырысында сөз сөйлеген кезінде мәлімдеді.

Шикізаттық елдердің, соның ішінде Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткішін анықтайтын негізгі шикізаттық тауарларға баға тұрақтандырылған сияқты, бұл – алдымен, экономикалық толыққанды қалыпқа келуі нәтижесі емес, ең бірінші, АҚШ, Еуропалық одақ және басқа елдер ірі әлемдік экономика жүргізген қаржылық сипаттағы сол бір шаралардың қорытындылары болар», - деп айтты К.Мәсімов.

«Сондықтан да біз әлемдегі жағдайларды қалт жібермеуіміз қажет, себебі, шикізат бағаларының, еі бірінші мұнайдың, металл, т.б. құлдырау мүмкіндігі ескерілетін сценарийді де қарастырған дұрыс. Яғни, бізде осы мәселеге қатысты түрлі әдістер болу керек, бәрінен бұрын консервативті саясатты негізге алған жөн», - деп тоқталды премьер.

«Мәселен, жеке басым, 2009 жылы туындаған дағдарыс себептері әлі де шешімін тапқан жоқ, бар болғаны әлемдік экономиканы ақшамен «басып» тастады, деп түсінемін. Жүргізіліп жатқан хабарламалардан әлі күнге дейін әлемдік көшбасшылардың бірде-бірінің ары қарай қалай болатыны туралы нақты түсінік бергенін көрмей отырмын», - деп жалғастырды үкімет басшысы.

«Қазақстан – шағын экономика, ол әлемдік экономикада жүзіп келеді. Мемлекет басшысының басқаруымен, өз бөлігімізді реттеген болдық, алайда, біз келе жатқан ағынның анықталуының ауылы алыс», - деп түйәндеді К.Мәсімов, BNews.kz. хабарлайды

Давосс форумда Қазақстанды премьер Мәсімов көрсететін болады


Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Давосс форумына қатысатын болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, кейбір экономикалық даму мәселелері талқыланатын Давосқа баратын болдым», - деді Мәсімов «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының алқа отырысында.

Форум басшылары, келіссөздердің биылғы жылғы зәру мәселелері, азық-түлік пен жанармай бағасының қымбаттауы, ауыз су жетіспеушілігі мен коррупциямен күрес мәселелдері және мемлекеттік басқаруды жақсарту проблемалары болатынын айтты.

Келіссөздер алдында форум мен McKinsey кеңесшілері басқару саласында талқыланатын есеп шығарды: онда таяудағы онжылдықта ғаламдық экономикалық дамуға қолдау көрсету үшін тағы да 103 триллион доллар несие қажеттігі туралы айтылған. 1971 жылдан бері қарай жүргізіліп кеде жатқан Давостағы жыл сайынғы экономикалық форум – экономика тақырыбында пікірталастар жүргізуге арналған әлемдік ірі алаңдардың бірі. Дәстүр бойынша, мұнай мен қаржылық компанияларынан бастап, медия компанияларға дейінгі әлемнің ірі компанияларының басшыларының басы Давоста қосылады. Давосс кездесуі аясында оншақты пленарлық отырыстар, семинарлар мен «дөңгелек» үстелдер, сондай-ақ мемлекеттік қайраткерлердің екіжақты және жан-жақты форматтағы кездесулері өткізіледі. 2010 жылы 40-шы торқалы Давосс форумына 90 елден саяси және бизнес-бетке ұстарларының 2500 өкілдері қатысқан болатын. Биылғы жылы Давосс форумы 26 қаңтарда ашылады, деп хабарлайды РИА Новости.


Қазақстан: Көңіл-күй өзгерісі - доллар арзандап, еуро қымбаттайды


Қаңтарда өткен аукциондарда Испания мен Португалияның қарыздық құнды қағаздарының басым бөлігін Қытайдың сатып алуы арқылы еуропалық елдердің қарыздық мәселелерінің уақытша жібуі, валюта нарығына қатысушылардың еуропалық валютаға қатысты кері күйін жағымды етті.

Еуропалық Орталық Банктің басшысы Ж.К.Тришеның, қарқын алып келе жатқан инфляцияға қатысты алаңдаушылық себебі бойынша, ЕОБ пайыздық ставкаларды көтеруге дайындығы туралы сөздері нарыққа оптимизм мөлшерін қосқандай болды. Ал, оның еуропалық валютаның тартымдылығын көтеретіні сөзсіз.

Осыған қарағанда, еуроаймақтан сырттағы елдердің қарызымен байланысты жағдай бойынша қауіп кейінге қалып бара жатқандай. Осындай өзгерістер екі апта қатарынан бірыңғай еуропалық валюта жағымды әсерін тигізіп, өткен он сауда күнінде АҚШ доллларына қарсы 1,3616 бағасына жетіп, 5,4% қымбаттады.

АҚШ долларына қосымша қысымдыекі жылғы максимумда сатылуын жалғастырып келе жатқан мұнайдың жоғары бағасы әсер етуде.Өткен апта ішінде Brent маркалы мұнай баррель құны 96-99 доллар көлемінде тербеліп, аптаның соғында 97,50 АҚШ долларын құрады.

АҚШ доллары

Өткен аптада, бүкіл әлем бойынша қысымда болған және мұнайдың жоғары бағасы салдарынан АҚШ доллары теңгеге қарсы арзандаған. Америка валютасының ресми бағамы 0,04% төмендеп, 1 доллар 147,01 теңгені құраған. Қолма-қол нарықтағы сатылымның орташа құны 0,15% түсіп, 147,42 теңгені құраған. Америка валютасы төмендеуге қарамастан, аптаның ортасында Қазақстандағы доллардың ресми бағамы 2010 жылдың маусымынан бері қарай өткен апта қорытындылары бойынша 147,00 деңгейінде төмендеуі сақталды.

Алдағы аптада әлемде америка валютасына түсірілген қысымның сақталуымен және Қазақстандағы мұнайдың жоғары бағасымен байланысты АҚШ долларының ары қарай арзандауы мүмкін.

Дегенмен, америка валютасының құны тыс төмендейді деуге болмайды, өйткені, доллардың бағамы Қазақстан ұлттық банкінің бақылауында, ол америка валютасыныңы күрт арзандауына жол бермейді. Қолма-қол нарыөта доллардың орташа құны 147,00 теңге мағайында болады, ал ресми бағам белгіленген деңгейден төмендейді. Жалпы, аталған бағамдардың төмендеуі 0,2-0,3% аспайтын болар.

Еуро

FOREX әлемдік валюта нарығында еуропалық валюта үшін жағымды жағдай теңгеге шаққандағы өз позициясын нығайтты. Сонымен еупоның Қазақстандағы ресми бағамы өткен аптада 1,04% 199,29 теңгеге дейін өсті. Еуроның қол-қол сатуының орташа бағамы осы мерзім ішінде 1,56% 200 теңгеден асып, 200,23 теңгені құраған.



Келесі аптада еуро, FOREX нарығында АҚШ долларына қарсы бірыңғай еуропалық валютаға қатысты жағымды басымдылық жағдайында өз позициясын нығайта түседі. Еуро/доллар жұбы бойынша баға белгілеуі 1,3700 – 1,3750 деңгейіне жетуі ықтимал. Мұндай жағдайда Қазақстанда еуроның қолма-қол сатылым бағамы 203-204 теңгеге дейін арта түседі.

Рубль


Өткен аптада рубль ресми бағамы 0,2% төмендеп, 4,9 теңгені құрады. Қолма-қол нарықта ресей валютасының орташа сатылу бағамы 0,2% -өсіп, 4,93 теңгеге дейін жеткен. Еуроның ресми және қолма –қол бағамы динамикасының алшақтығы банк аралық валюта нарығындағы сауда сессияларының уақытының шектелуіне байланысты. Қазақстан рубльдің ресми бағамының төмендеуі өткен аптадағы рубльдің теңгеге шаөөандағы құнының 0,14% төмендеуімен түсіндіріледі. Ресей валютасы мқнай баға белгілеуімен қатар өзінің өсуіне тоқтатып тұр.

Мүмкін, келесі аптада қара алтынның бағасы қайтадан екі жылдық максимумнан кейін жаңаратын болар, себебі, шикізатқа деген сұраныс доллардың төмендеуі мен қыстың суықтығын ескерсек, жоғары деңгейде болып отыр. Алдағы аптаның соңына қарай АҚШ-тың 2010 жылдың төртңншң тоқсанындағы ЖІӨ бойынша жағымды статистиканың шығуы мұнай бағаларына қолдау жасауы ықтимал. Егер жағымды болжамдар анықталса, ол әлемдегі ірі экономикалардың дағдарыстан шығуы мен мұнай тұтынуының артуының кезекті дәлелі болады және өз ретінде, ресей валютасының АҚШ доллары мен теңгеге қатысты құнының өсуіне әкеліп тірейді. Мұндай жағдайда Қазақстандағы рубльдің қолма-қол сатылуының орташа бағамы 4,95 теңге деңгейіне дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды Финмаркет АА.


2010 жылдың қорытындылары бойынша "Самұрық- Қазына " ҰӘҚ 400 млрд. теңге шамасында шоғырланған пайда алуды жоспарлап отыр


Қанат Күльшманов, ҚазАқпарат

2010 жылдың қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры 400 мрлд.теңге көлемінде жинақталған пайда алуды жоспарлап отыр. Ол туралы Қордың басқарушы директорларының бірі Нұрлан Рахметов алқа отырысында мәлімдеді.

«Екінші деңгейлі банктердің (БТА Банк пен Альянс Банк) жағымсыз әсер етуі мүмкіндігін ескере отырып, қор 2010 жылдың қорытындылары бойынша шамамен 400 млрд теңге шоғырланған кіріс аламыз деп күтідеміз», - деді Рахметов.

Оның айтуынша, бұл жоғарыда аталған банктердің қарыздары қайта қарау нәтижелеріне, сондай-қор топтары компаниялары мен екінші деңгейлі банктердің қаржылық тұрақтылығы тиімділігін арттыру бойынша қордың жүйелі жұмыстар жүргізуімен байланысты.

Жалпы, 12 топтық компаниялар бойынша таза кірістің сомалық жоспары орындалған, алдын ала болжамдар бойынша, 169% өскен және 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ халықаралық стандарттар бойынша шоғырланған таза кірісіне қатысты, оның бүгінгі таңда қордың 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығына қаржылық есебі бойынша 282 млрд.теңге пайда алуына сәйкес сыртқы аудитордың белгілеуі бар. 2009 жылмен салыстырғанда, шығын 17 млрд.теңге болатын.

Рахметовтың мәліметтері бойынша, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2011 жылы 340 млрд,теңге сомалық кіріс алуды жоспарлап отыр. Көрсеткіштің төмендеуі мұнай бағасыныңы арзандауымен байланысты.

ҚР Премьер-министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ дағдарысқа қарсы қызметінің аяқталуы туралы жариялады


Дамир Байманов, Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Қордың алқа отырысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының» дағдарысқа қарсы қызметінің аяқталуы туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, «негізінен, қордың даңдарысқа қарсы қызметі 2010 жылмен аяқталады. 2011 жылы жыл соңына дейін жеткізуге қажетті міндеттерге көшеді. Мәселен, құрылыс секторы бойынша...».

ҚР Министрлер кабинетінің басшысы атап өткендей, қазіргі кездегі басты міндет – қордың банктер капиталынан шығу жолдарын, мемлекет салған қорларды қайтаруды қарастыру.

Сонымен қатар, ол тиісті корпоративтік басқаруды жүргізу ашықтығы мәселелері – қордың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Қор жұмысы қоғамға ашық және есепті болуға тиіс, барлық азаматтар шешімдер қалай қабылданып, қаражат қайда жұмсалғанын біліп отыруы керек, деп нақтылады премьер.

Кәрім Мәсімов Қордың өткен жылғы жұмысына қанағаттандырарлық баға берді.

Министрлер кабинеті басшысының сөзіне қарағанда,

Карим Масимов положительно оценивает работу Фонда в прошлом году. Жылы қордың компаниялар тобы Президент пен Үкімет тапсырған міндеттерді барынша тиімді орындаған. Осы ретте, нақты ескерпелер де бар, оларды ескеріп, «қателермен жұмыс істелуі» тиіс.

Жалпы, қаржылық және құрылыс секторларын тұрақтандыру сияқты маңызды мәселелер қордың болуы арқасында шешілді, деп есептейді Кәрім Мәсімов.

Мәсімовтың айтуынша, Үкімет пен қордың алдында әлі де шешімі табылмаған мәселелер жеткілікті. Жақын арада мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдайтын кезекті үндеуінде жаңа міндеттер туралы айтатын болады.


ҰӘҚ алдағы екі жылда еншілес компаниялардың IPO жоспарламайды – Келімбетов


Қазақстанның «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры өзінің еншілес компанияларының активтерін таяудағы екі жыл ішінде қаржы нарығына шығару жоспары жоқ, деп хабарлады Қор басшысы Қайрат Келімбетов.

«Жақын арада біз ұсыныс дайындаймыз, тек қаржы нарығына шығару мүмкіндігі бойынша ұсыныс, яғни, сөз 2011 және 2012 жылдар туралы болмайды, өйткені, осмыған сәйкес Қазақстан үкіметі мен мемлекеттік органдар дәрежесінде саяси шешімдер болуы тиіс», - деп айтты Келімбетов баспасөз-конференцияда.

«Екіншіден, біз, біздің активтерге деген бағаның өзі тартымды болмай отыр деп есептейміз, бір жағынан – қор үшін және біздің ұлттық компаниялар үшін де шеттен алып пайдалану жағдайлары жеткілікті де санаймыз», - деп түсіндірді ол.

«Келесі аптада экономикалық саясат жөніндегі кеңеске сіз ІРО, ең алдымен, халықтық ІРО мәселелері жөнінде ұсыныс жасайтын боларсыз», - деді премьер-министр Келімбетовке.

Ол, бұл Қазақстан азаматтары үшін, олардың «біздің компанияларда акционерлер ретінде қатыса алаты» ішкі қор нарығын дамыту бағдарламасы болуы қажет деп түсіндірді.

«Осы мәселе турасында мемлекет басшысы әр кезеңдерде бірнеше рет көтерген болатын, бірақ, ол толыққанды орындалмай келеді. Меніңше, көптеген активтерді не себеппен алғанымызды ескере отырып, оны жүзеге асырудың қолайлы сәті түсіп тұрған сияқты. Қазір оларды қор нарығына толығымен шығаратын кез келді», - деп қорытты премьер-министр, Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.


«Қазақстанның даму Банкінің» АҚ-ы қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және 2011 жылғы мақсаттары туралы


«Қазақстанның даму Банкі» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін негізгі ұлттық институт және Қазақстанның ірі қаржылық ұйымы (2011 жылдың 1 қаңтарында активтері 6,5 млрд долларды құраған) болып табылады. Банк қазақстандық банктердің арасында Қазақстанның тәуелсіз рейтинг деңгейінде несиелік рейтингтерге ие.

2010 жылдың қорытындылары бойынша, ҚДБ Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индуриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламаларын (бұдан кейін – ЖИИМБ) жүзеге асыру аясында жобаларды несиелеу көлемінің өсуін, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін көрсетіп, экономиканың шикізаттық емес саласына ірі шетелдік инвестиция тартуға әсер етті.

2011 жылдың 1 қаңтарына ҚДБ несие портфелі 2,9 млрд. доллардан асып, жылдың басынан 968 млн. доллар немесе 48% арттырылған. Несие портфелі құрылымында инвестициялық жобалар үшін несие үлесі басым (82%), ол Банктің инвестициялық бағыттылығын көрсетеді.

2010 жылы Банк қаржылдандыруға 6 жаңа инвестициялық жобаны мақұлдаған, оның жалпы құны 1,35 млрд.доллар, олардың ішінде Атырау мқнай өңдеу зауытын қайта құру, Алматы облысындағы Мойнақ ГЭС құрылысының үшінші сатысын, Шардара ГЭС қуатын ұлғайту жобасы, Маңғыстау облысындағы мұз жарғыш кемелер құрылысы бойынша жоба, Екібастұз қаласындағы және басқа жүк вагондары өндірісін ұйымдастыру сияқты стратегиялық жобаларға 1,26 млрд.доллармен қатысуын мақұлдады.

2011 жылдың 1 қаңтарында Банктің қорландыру базасының көлемі 5,2 млрд.долларды құрап, жылдың басынан 34% артқан. Банк 2010 жылы Қазақстан экономикасына барлығы 1,150 млрд. шетелдік инвестициялар (Export-Import Bank of China, JBIC, BNP Paribas, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Еврооблигациялар) және 43 млрд.доллар ішкі инвестициятартты.

Сонымен қатар, Банк 1,5 млрд доллар сомаға (банк аралық қарыздармен байланысты еурооблигациялар шығару, Қазақстанның ішкі нарығында теңгелік облигациялар орналастыру) қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Таяудағы бес жылда ҚДБ инвестициялық қызметі 2010-2014 жылдарға арналған ЖИИМБ міндеттерін мемлекеттік маңызға ие ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы орындауға бағыттайды. Қазақстан бойынша ЖИИМБ жүзеге асырылуы мерзімі ішінде шикізаттық емес салаға өнеркәсібіне және инфрақұрылымға 10% инвестициялық салымдармен қамтамасыз етуді және несие портфелін 2015 жылға қарай 7 млрд.долларға дейін, ал 2020 жылға қарай – 10 млрд. долларға дейін арттыруды көздеп, Банк өз алдына мақсатына алып отыр. Сонымен қатар, Standard & Poor’s агенттігінен коропоративтік басқару рейтингін 2015 жылға қарай GAMMA-6 төмен емес, 2020 жылдары GAMMA-7+ төмен емес деңгейге жеткізбек, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Тау-кен әне металлургия саласы



"Тау-Кен Самұрық" 2010 жылғы жұмысын қорытындылады


«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау руда компаниясы» АҚ (Компания) – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ еншілесі – 2010 жылы атқарған жұмысын қорытындылады.

Өткен жылы Компания алтынның тазартылған өндірісі, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсету операторын құру, қыштопырақ-алюминий тау-металлургиялық кешені, фольфрам және молибден өндірісінің металлургиялық кешенін, ТМО өңдеу бойынша орталық құру кіретін инвестициялық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырды.

Сонымен қатар, активтерді дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне қатты пайдалы қазбалар бойынша басымдылықтар (темір рудалық өнімдер мен кокстық көмір, қорғасын-мырыш, мыс рудалары, сонымен қатар, ферроқорытпалар жасалуда.

Осы бағдарламалар, Компанияның 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясына енгізілген. Ол «қажетті» жобалар ретінде Қазақстанның жеделдетілген индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы бойынша Салалық бағдарлама қатарына жатады.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу саласындағы бір ғана ұлттық оператор ретінде қарастырылады. Барлық стратегиялық бағдарламалар бойынша бизнес-жоспарлар жасалып, компанияның келісімінен өтеді де, «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық комитеттің мақұлдауынан өтеді.

Олардың екеуі – аффинаждық өндірісін құру мен оның минералдық –шикізаттық базасымен қамтамасыз ету (Тау-Кен-Алтын ЖШС) жөніндегі бағдарлама және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша қызмет көрсету операторын құруы жөніндегі бағдарлама – «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық комитетінің шешімімен мақұлданған.

Аффинаждық өндіріс құру мен оның минералды –шикізаттық базасын қамтамасыз ету бойынша инвестициялық бағдарлама жылына 25 тонна алтын және 1200 тонна күміс өндіретін аффинаждық зауыт құрылысын және оның минералдық-шикізаттық базасын құруды қарастырады.

Компания жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасау бойынша қызметтер сатып алуды қалыптастырып, сонымен қатар, Қапшағай қаласының маңында аффинаждық зауыт құрылысы үшін қолайлы жер телімін де анықтаған. Қазіргі кезде қала әкімшілігімен бірге жер телімін құрылыс жүргізу үшін бөлу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылы келесі жер қойнауын пайдалану құқын алу үшін Құзырлы органдармен тікелей келіссөздер жүргізілді.

1. Қостанай облысының Чениговка кен орнында қоңыр көмірді барлау мен өндіру;


2. Қарағанды облысының яяябатыс Саяқ кен орнында титан магнетиттік руда барлау мен өндіру;

3. Қарағанды облысының Ала айғыр кен орнында жартылай металл аралас руда өндіру;


4.Ақмола облысының Ешкіөлмес кен орнында алтын, мыс барлау мен өндіру;

5. Алматы облысының Бөктерлі Кетпен бөлігінде алтын өндіру;

6. Ақмола облысының Жақсылық кен орнында марганец рудасын барлау;
7. Қарағанды облысының Спасск мыс руда аймағында мыс, алтын барлау;
8. Алматы облысының Тұйық Темірлік руда ауданында мыс, қорғасын, барит барлау.
Осы аталған жобалар бойынша келісім-шарттар жобалары мүдделі мемлектттік органдар қарауында жатыр.

Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық

Қазіргі кезде «Тау-Кен-Самұрық» АҚ мен Rio Tinto корпорациясы арасында бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында акционерлер келісімінің Ережесі дайындалуда. Осыңан қоса, 2010 жылдың маусымында Жапония ұлттық мұнай газ және металлургия компаниясымен (JOGMEC) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Соның негізінде бүгінгі таңда JOGMEC таңдау жасаған ауданда жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу туралы Келісім жасалып жатыр.

Сонымен қатар DUBAL (БАЭ) компаниясымен де Қазақстан Республикасы аумағында ықпалдастырылған алюминий өндіру мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізіліп келеді.

2011 жылға қойылатын негізгі мақсаттар туралы

1) жер қойнауын пайдалану жобаларын жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

2) Алтынның аффинаждық өндірісі жобаларын жүзеге асыру мен геологиялық барлау жөніндегі қызмет көрсету операторын құру жобаларын ары қарай жалғастыру.

3) «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық комитеті мақұлдауына жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялық жобалар құру мен оны жүзеге асыру мақсатында бірқатар инвестициялық жобалар дайында, делінген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметінде.


Транспорт және коммуникациялар



"Эйр Астана" авиакомпаниясы 2010 жылды қорытындылап, алдағы жоспарлары туралы айтты


Қазақстанның Ұлттық авиа тасымалдаушысы жұртшылыққа компанияның 2010 жыл ішіндегі операциялық қызметтері қорытындыларын көрсетті. 2008 және 2009 жылдармен салыстырғанда, 2010 жылы жолаушылар ағымының артуы байқалған. Авиакомпания 2010 жылы 2 568 286 жолаушы тасымалдаған (2009 жылы – 2,2 миллион, 2008 жылы – 20,3 миллион). 2010 жылы орташа тиеу коэффициенті 68% болған барлығы 27 787 рейстер жүзеге асырылған. 2009 жылмен салыстырғанда тиеу 5 пайызға артқан.

2010 жылы «Эйр Астана» аймақтық авиа қатынасты дамыту шеңберінде жаңа Алматы-Үрімші-Алматы-Душанбе, Алматы – Ташкент, Алматы – Санкт-Петербург, Астана – Екатеринбург. бағыттары бойынша рейстер ашты. Авиакомпания флоты Фоккер-50 турбиа винттік ұшақпен толықтырылды. Бүгінгі таңда авиа паркте 22 қазіргі заманға лайық ұшақтар бар. Реактивті әуе кемелерінің орташа жылы 7 жылды құрайды. 2010 жылы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Еуропалық агенттіктің Part – 66 лицензиясын алу мақсатында инженерлерді оқыту бағдарламасы басталды. Қазір «Эйр Астана» компаниясы Part -145 стандарттары бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету сертификатына ие. 2011 жылы авиакомпания техникалық қызмет көрсету жөніндегі цехтар ашып, онда дөңгелектер, батарея, ұшақтық күштік құрылым элементтеріне жөндеу жұмыстары жасалатын болады, сонымен қатар, үзіліссіз бақылау зертханасын жасалатын болады. Бұл қадам авиакомпанияға ТМД кеңістігіндегі ірі техникалық орталық құруға мүмкіндік береді.

Ұлттық авиакомпания The Skytrax 2010 World Airline Awards беделді сыйлықтар аясында «Шығыс Еуропаның үздік авиакомпаниясы» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды. Соның ішінде «Эйр Астана» Орталық Азия мен ТМД арасындағы осы рейтингте аталып өткен жалғыз авиакомпания болды. Ол осы аймақтағы көшбасшы компания екендігін білдіреді. Жеңімпаздар әлемнің 100 елінің 17,9 миллион саяхатшыларна сауалнама жүргізу арқылы анықталған.

Авиакомпанияның тағы бір жетістігі, Standard & Poor"s агенттігінің халықаралық корпоративтік басқару рейтингісі бойынша GAMMA-6 дейін көтерілуі болды. 2009 жылы ол 5+ деңгейінде бағаланған болатын. «Эйр Астана» АҚ тағайындалған S&P’s бүгінгі таңдағы рейтингісі Қазақстандағы ең жоғарғы болып саналанады. Мұндай рейтингті бұрын құнды қағаздары халықаралық қор биржаларында айналатын Қазақстанның мұнай өндіруші компанияларының біріне берілген болатын.

2010 жылы тек корпоративтік басқару ғана жақсарып қоймай, сонымен қатар авиакомпания бортында қызмет көрсету сапасы жақсарды. Енді халықаралық рейстердегі бизнес-класс жолаушыларына KCTV ойын-сауық портативті плейерлері ұсынылатын болады, ол арқылы аудио және видебағдарламалар, жаңа кинофильмдер көруге болады. «Эйр Астана» авиакомпаниясы Boeing 757 ұшақтарындағы бизнес-класс салондарында,ы креслолар жаңартып, әжетхана бөлмелерін жақсартты. Бұл жолаушылардың бір тетікті басуы арқылы креслоның ыңғайлы жатын орынға айналуына мүмкіндік береді. 2011 жылы Boeing 767 ұшағының бортында «жатын бизнес-класс» жетімді болады.

Құрамында 3 155 қызметкері бар авиакомпания жоспарында, ұшқыштарды жаңадан дацындау бойынша жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру, аспан мен жердегі қызмет көрсету дәрежесін көтеру, сонымен жаңа рейстер ашу. 2011 жылы «Эйр Астана» Алматыдан Самараға, Тбилисиге әуе қатынастарын бастауды жоспарлап отыр. Аталмыш рейстер осы жылдың көктемінде авиа парк қатарын толықтыратын Embraer E-190 ұшақтарымен жүзеге асырылатын болады.


Жылжымайтын мүлік



Астанада үлескерлердің банктердегі кепілдік пәтерлерін «ұрлаған» құрылыс компаниясының басшысына үшін 12 жылға үкім шығарылды


Банктерден кепілдіктерді заңсыз түрде алып, өз үлескерлерінің пәтерін иеленген «Жаңа Жол Құрылыс» ЖШС құрылыс компаниясының басшысын 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, деп хабарланған Қазақстанның экономикалық және коррупциялық қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) сайтында.

«Астана қаласы бойынша Қаржы полициясы 2008 жылдың 21 сәуірінен 19 мамырына дейін аралықта құзырлы тіркеу органдарына, үлестік құрылысқа қатысушы иелері бар, пәтер түрінде кепілдікке берілген меншіктерді кепілдіктен алу туралы жалған банктік хаттарды тапсырған «Жаңа Жол Құрылыс» ЖШС директоры Омарғазинге қатысты 18-эпизодты қылмыстық істі тексеру жұмысын аяқтады», - делінген хабарламада.

«Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде Омарғазин және басқа да қатысы бар тұлғалар азаматтарға 2,3 миллиард теңге көлемінде зиян келтірген», - деп нақтылады қаржы полициясында.

Астана қаласының Алматы ауданының №2 сотының үкімімен Омарғазин «өзінің қарауындағы бөтен мүлікті меншіктенуі мен ысырап етуі», «алаяқтық», «несиені заңсыз алуы мен мақсатқа жұмсалмауы», «мекеменің салықтық төлемдерден бас тартуы» баптары бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


ҚР құрылыс лицензиясы үш күрделі санат бойынша беріледі - С.Нокин


Мұратбек Мақұлбеков, ҚазАқпарат

Құрылыс лицензиясы күрделі нысандар құрылысы тендерлеріне кәсіби емес ұйымдарды жібермеу үшін үш күрделі санат бойынша берілетін болады. Ол туралы ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі ҚР агенттігінің төрағасы Серік Нокин ҚР Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда кез-келген тендерге қатысып, түрлі күрделіліктегі нысандарды соғуға ынталылар лицензия ала алады. Осы жағдайға байланысты біз екінші жыл жетекші құрылыс және жобалық компаниялардың басын қосып, мәселелерді талқылап келеміз. Олардың көбісі, тәжірибесі болмаса да, тендерлерді жеңіп шығатын мердігерлердің қосалқы мердігерлігінде болады», - деді С.Нокин.

Оның айтуынша, Агенттік құрылыс жасау лицензиясына үш басты санатты: бірінші – ерекше күрделі жұмыстар үшін, күрделі нысандарда 10 жылдан кем емес құрылыс тәжірибесі бар компаниялар үшін; екінші – 5 жылдан кем емес құрылыстық тәжірибесі бар компаниялар үшін; қалға құрылыс компаниялары үшін енгізуді қарастыратын заңнамалық түзетулер жасаған. С.Нокин, санаттық лицензия енгізуде, жобалаушы нысанның құрылысын қандай құрылыс компаниялары жүргізе алатынын нақтылап көрсететін болады.

Осыған байланысты, тендерлерге бір күндік-компаниялардың қатысуына шек қойылады. Құрылысшылар үшін де бір нысанға бола компания құрудың қажеттігі болмай қалады, себебі, олардың жқмыс өтілі болмаса, күрделі нысандар құрылысына лицензия да ала алмайтын болады.

Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Қытай Қырғызстанмен шекараны уақытша жабады


Қытай Қызғызстанмен арадағы мемлекеттік шекараны уақытша жабатын болады.

Қырғызстанның ҰҚМК Шекаралық әскері хабарлағандай, шекараның қытай тарапынан жабылуы, «Көктем» ұлттық мерекенің (шығыс күнтізбесі бойынша) тойлануына байланысты. Сонымен, 2011 жылдың 31 қаңтарынан 8 ақпанға дейінгі аралықта «Торугарт-автожолдар» және «Иркештам – автожолдар» өткізу пункттері уақытша жабық болады, деп хабарлайды дан CA-News.


БҰҰ Түркменстан экономикасының 2011-2012 жылдары 10 пайызға өсуін болжап отыр


Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әлемдік экономикалық жағдай және 2011 жыл жоспарлары» атты болжамдық баяндамада, 2011-2012 жылдары Түркменстанда әлемдегі ең қарқынды экономиканың өсуі белгіленіп отыр, деп хабарлады.

Turkmenistan.ru Ашхабад тілшісі хабарлағандай, баяндаманы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі (БҰҰ ЭӘМД), БҰҰ сауда және даму Конференциясы және БҰҰ бес аймақтық комиссиясы дайындаған.

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, 2011 жылы түркмен экономикасының өсуі 10 пайызды құрайды және осы қарқынды келесі 2012 жылы да сақтап қалады, деп хабарлады Turkmenistan.ru.

Еурокомиссия және НАТО басшылары қарсылықтарға қарамастан, Кәрімовпен кездесті


Дмитрий Вачедин, Неміс арнасы - DW

Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов құқық қорғаушылардың қырсылықтарына қарамастан, Брюссельде Еурокомиссия басшысы және НАТО бас хатшысымен кездесті. Онымен кездесуден тек бельгия үкіметі ғана бас тартты.

Құқық қорғау ұйымдарының қарсылықтарына қарамастан, Еурокомиссия төрағасы Жозе Манэул Баррозу Брюссельде Өзбекстан Президентін қабылдады, деп хабарлады DAPD агенттігі 24 қаңтарда.

Кездесу аяқталғаннан кейін, Баррозу, Кәрімовпен сөйлесу барысында, ол ең алдымен, Өзбекстанда «еуропалықтардың адам құқықтары мен басты саяси еркіндіктерге қатысты қауіптенетінін білдірді» деп мәлімдеді. Екі жақ энергетика саясатында тығыз ынтымақтастыққа келісіп, сонымен қатар, Ташкентте Еуроодақтың өкілдігін ашу туралы келісім жасағаны айтылды. Сол күні Кәрімов НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесті. Осы ретте, Бельгия үкіметі Кәрімовпен кездесуден бас тартты. Дағдарыстардың алдын алу жөніндегі Халықаралық топ директорының орынбасары Эндрю Штройлян Баррозу мен Кәрімовтің кездесуін,Өзбекстанды басқарып отырған «режимді заңды етті» деп мәлімдеп, қатаң сынады. Өз кезегінде, Германия бундестагындағы «жасылдар» фракциясы істерін басқарушы Фолькер Бек (Volker Beck)Handelsblatt Online ғаламтор-порталында берген сқхбатында, ЕО Өзбекстанға қарсы санкциясы алынғаннан кейін Ислам Кәрімовтің Брюссельде қабылдануын, «әлемдегі адамды жек көретін барлық режимге берілген кезекті қате дабыл» деп бағалады. Бек ЕО-ты «Өз елдерінде адам құқын аяқ асты ететін Кәрімов сияқты үстемшілдердің барлығына Брюссельде олардың ұнамсыз екендігі ашық көрсетуге» шақырды.



EPDАгенттігі, Ислам Кәрімовке 2005 жылғы Андижанда болған толқуларда халықты күшпен басу кезінде бірнеше жүздеген адамдардың өлімі үшін басты жауапты артып отырғанын, еске сала кетті. Сол қантөгіс оқиғалардан кейін Еуроодақ Ташкентке қарсы, ЕО-қа өзбек шенеуіктерінің бірқатарына кіруіне қоса санкция және қару-жарақ жеткізуге эмбарго енгізген болатын, бірақ, кейіннен бұл шаралар алына бастаған. «Осыған қарамастан, өзбек өкіметі ештеңе жасамады», - деп нақтылады Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Рот, деп хабарлайды Deutsche Welle - dw-world.de.

Бағалар мен статистика




Мұнай мен газ құны
Дата: 25 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

87.50

-.37

-.42

00:43

Dated Brent Spot

95.81

-.15

-.15

00:48

WTI Cushing Spot

86.67

-1.29

-1.47

01/24

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

261.58

-.35

-.13

00:19

Nymex RBOB Gasoline Future

240.60

-.72

-.30

00:31

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.58

.00

.11

00:43

Henry Hub Spot

4.73

.00

.00

01/24

New York City Gate Spot

6.98

-9.79

-58.38

01/24



Commodities
Дата: 25 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

431.200

-3.650

-0.84

00:57

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1332.000

-12.500

-0.93

00:59

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

26.825

-0.496

-1.82

00:58



Металл құны
Дата: 25 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

26.85

-0.10

Platinum

1798.00

-15.00

Palladium

798.00

-12.00

Rhodium

2,400.00

0.00



Валюталар бағамы
Дата: 25 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 146.86

1 CHF

KZT 152.80

1 CNY

KZT 22.32

1 TRY

KZT 93.32

10 JPY

KZT 1.77

1 EUR

KZT 199.3

1 AUD

KZT 145.22

1 KGS

KZT 3.10

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 234.56

1 CAD

KZT 147.49

1 RUB

KZT 4.92

100 KRW

KZT 13.09







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет