1197 шығарылым – Сәрсенбі, 26 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



жүктеу 231.75 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі231.75 Kb.



1197 шығарылым – Сәрсенбі, 26 қаңтар, 2011






  • Номер мақаласы

    • ҚР дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған қаражаттың жалпы сомасы, 3 трлн.теңгеден асты – К.Мәсімов



  • Қазақстанда

    • Назарбаев Ресей Президентіне адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айтты



  • Мұнай-газ секторы

    • Бейнеу-Бозой газ құбырының құрылысы 2011 жылдың II тоқсанында басталады

    • КРО табиғатты қорғау нормаларын бқзғаны үшін 4 млрд.теңге айыппұл төледі

    • «Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының өткізу мүмкіндігі жылына 20 млрд.текше метр газға дейін арттылатын болады

    • БҚО Березовка ауылында екі метеостанция орнатылатын болады –ҚР ҚОҚМ



  • Қаржы және инвестициялар

    • «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және AsiaCredit Bank АҚ рейтингтері бойынша болжам «Тұрақты» рейтингісінде қайта қаралып, бекітілген

    • Қазақстан делегациясы Сауд Арабиясындағы бәсекелестік жөніндегі 5-ші ғаламдық форумға қатысты

    • Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттарСредства антикризисной программы использовались по цмақсатқа жұмсалды – ҚР ҚБА басшысы

    • Қазақстандық ЕДБ сыртқы қарызы 2007 жылдан бері қарай үш есеге кеміді – Ұлттық банк



  • Тау-кен әне металлургия саласы

    • Қазақстанда уранның бағасы өсуі мүмкін



  • Жылжымайтын мүлік

    • «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ-ның 2010 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2011 жылға арналған жоспарлары

    • «Самұрық-Қазына» ЖМҚ салушылар мен отандық құрылыс материалдарын жеткізушілермен арадағы ынтымақтастықты жөнге салуда



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • 2010 жылғы ҚР республикалық бюджетінің табысы Гарвард университетінің табысынан 3,2 есе төмен

    • «АтаМекен» депутаттарытау шыңына В.Путиннің атын беруді жөнсіз деп есептейді

    • Түркменстан 2012 жылы шарттық-жинақтау зейнеткерлік жүйесіне өтетін болады

    • Мәскеу және Мәскеу облысында Домодедово әуежайындағы лаңкестік құрбандары туралы қаралы күн болды



  • Бағалар мен статистика

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



ҚР дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған қаражаттың жалпы сомасы, 3 трлн.теңгеден асты – К.Мәсімов


Дамир байманов, ҚазАқпарат

Бүгінгі таңда дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған қаражаттардың жалпы сомасы 3 трлн.теңгеден астам көлемді құрайды, деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Ол Үкімет, Ұлттық банк және реттеу және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау жөніндегі ҚР Агенттігі бес бағыттағы іс-әрекеттерді шоғырландырды деп нақтылады. Бұл қаржылық секторды тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту.

Қазақстанда



Назарбаев Ресей Президентіне адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айтты


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі сілтемесінде Kazakhstan Today агенттігі.

- «Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім.Қазақстан халқы және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын,- делінген көңіл айту жеделхатында.

Бұрын хабарланғандай, Домодедово (Мәскеу, РФ) әуежайында 24 қаңтарда халықаралық рейстердің ұшып келу аймағында 16.37 мск (Астана уақытымен 19.37) сағатта өте қатты жарылыс болған. Осы сәттерде ресми тұрде 35 адамның қайтыс болуы мен 180 жарақат алғандардың 40 адамы ауыр халде жатқаны туралы хабарланды. Зардап шеккендерді астана ауруханаларына, сонымен қатар, Домодедово ауданы мен Видное ауданындағы ауруханаларға орналастырған.

Жарылыс жанкешті-лаңкес іске қосқан бомбаның салдарынан болған. Куәгерлердің айтуынша, ол халықаралық рейстер залына жолаушыны күтіп алушы ретінде келген. Жарылыс кезінде оқиға болған орында көптеген күтушілер мен таксистер болған, деп айтады қайғылы оқиға куәгерлері, РосБизнесКонсалтинг хабарлайды.


Мұнай-газ секторы



Бейнеу-Бозой газ құбырының құрылысы 2011 жылдың II тоқсанында басталады


Бейнеу-Бозой газ құбырының нақты құрылысы 2011 жылдың 2 тоқсанында басталады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Қайргелды Қабылдин. «Біз СNPC (қытай – ҚазТаг) бірлескен кәсіпорынды тіркедік. Бірінші тоқсанда инвестициялық шешім қабылдауды күтіп отырмыз, ал екінші тоқсаннан бастап келісім-шарттарға қол қойылады, ол аталмыш газ құбырының басталуы дегенді білдерді», - деді Қабылдин дүйсенбіде өткен баспасөз конференциясында. Ол туралы «INFOLine»АА (www.ADVIS.ru) хабарлайды.

Осы ретте, ол бірінші кезектегі газ құбыры 2012 жылға қарай беріледі, оның өткізу мүмкіндігі 6 млрд.текше метр газды құрайды, ал екінші сатысында 10 млрд. текше метрге дейін жететін болады.

«Жобаның құны 3,4 миллиард долларды құрайды, ол қытай тарапынан қаржыландырылатын болады. Қазіргі кезде екі жақ БК жарғылық капиталын 50-де 50 пайызбен қалыптастырды, деп қосты ол.

Еске сала кетсек, жобаның жүзеге асырылуы елдің оңтүстігін батыс кен орындарынан келетін қазақстандық газбен қамтамасыз етеді. Газ құбырының ұзындығы 1475 км құрайды, ол Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстары аумақтары бойынша өтетін болады. Батыс Қазақстандағы мұнай газ кен орындарынан табиғи газды республиканың оңтүстік аймақтарына Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарын отынмен ұдайы қамдау үшін, сонымен қатар Қазақстан – Қытай газ құбырына экспорттық газ жеткізу үшін тасымалдау жоспарланып отыр. Жобаның құны 3,6 млрд.долларды құрайды.

Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбыры құрылысының басталуын 2010 жылдың 21 желтоқсанында елдің аймақтарымен Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев тікелей телекөпір барысында іске қосқан болатын.

Газ магистралы құрылысының ұйымдастырушы-орындаушылары – мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ. Добаға қатысушылар – қазақстан жағынан – «ҚазТрансГаз» АҚ, қытай жағынан - Trans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd.

Қараша айында «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғалиев, газ құбырының құрылысы ресми түрде 2010 жылдығ 20-25 желтоқсанында басталады деп хабарлаған болатын. Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, газ құбырының құрылысының басталуы 2010 жылдың қазан айында жүзеге асырылады деген.

Газ құбырының құрылысы ОҚО жердің бөлінуі кезіндегі қиындықтармен байланысты кейінге қалдырылып келген. Осыған байланысты ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің орынбасары Өмірзақ Шүкеевке газ құбырына жер телімінің бөлінуі мәселесін жеделдетуді тапсырған болатын. Жақын күндері мәселенің реттелгені туралы баяндалды, деп INFOLine - Advis.ru. хабарлайды


КРО табиғатты қорғау нормаларын бқзғаны үшін 4 млрд.теңге айыппұл төледі


Қазақстан бюджетіне Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) Консорциумы қалдықтарды нормадан тыс жайластырғаны үшін шамамен төрт миллиард теңге төледі, деп хабарлайды республиканың қоршаған ортаны қорғау министрлігі.

«2010 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін Бас прокуратура, мұнай және газ министрлігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік өкілдерінің қатысуымен КРО қызметінің жоспардан тыс кешенді тексеруі жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар экологиялық заңнамалардың бұзылуы анықталды. 1,996 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген 25 қаңтарда өткен ведомство алқасының хабарламасында.

Ведомство акпараты бойынша, Астананың арнайы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған айыппұл мемлекет кірісіне өндірілген. Сонымен қатар, компанияның қоршаған ортаға эмиссияға рұхсат етілген нормативтен артық анықталған 2,463 мың тонна қалдықтардың «кәріптастық» қауіпті деңгейінде орналастырылғаны анықталды.

Хабарламада көрсетілгендей, 2009 жыл ішінде КРО рұхсатсыз және белгіленген лимиттен тысшығарылған қалдықтар мөлшері «кәріптас» тізімі бойынша 17,278 мың тонна, «жасыл»

Тізім бойынша 1,218 мың тоннаны құраған.

КРО өз қызметін 1997 жылы қарашада Қазақстан үкіметі мен консорциум бойынша серіктестер қол қойған өнім туралы тараудың қорытынды мәмілеге сәйкес атқарып келеді. Мәміле шарттары бойынша, КРО Қарашығанақ жобасын 2038 жылға дейін басқаратын болады.

1,2 миллиард тонна мұнай мен конденсаты бар, 1,35 триллион текше метрден астам газ қоры бар Қарашығанақ әлемдегі жұмыс істеп тұрған мұнайгазконденсатты кен орнының бірі болып табылады. Қарашығанақта Қазақстанның 49 пайыз газы мен 18 пайыз мұнайы шығарылады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

«Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының өткізу мүмкіндігі жылына 20 млрд.текше метр газға дейін арттылатын болады


Қазіргі кезде аталмыш газ құбырының 3-ші тармағы құрылысының ТЭН жасалып жатыр, деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз» қазақстанның ұлттық компаниясының басшысы Қ.Қабылдин. Ол туралы «INFOLine» АА (www.ADVIS.ru)хабарлады.

«Біз үшінші тармақ құрылысының техникалық, экономикалық аспектілерін қарастыратын ТЭН жасау үсіндеміз. ТЭН аяқталған соң коммерциялық келіссөздер жүргізіледі және Қазақстан аумағы арқылы өтетін үшінші тармақ құрылысына құқық беретін соңғы шарттар анықталатын болады», - деді Қабылдин дүйсенбіде Астанада өткен баспасөз конференциясында.

«ҚазМұнайГаз» басшысы атап өткендей, қазіргі кезде Азия газ құбырының бірінші тармағы іске қосылған, 2-ші тармақ аяқталып, қолданысқа берілді, оның өткізу мүмкіндігі жылына 8 млрд.текше метрге дейін қамтамасыз етілген.

«Бүгінгі таңда компрессорлық станциялар соғылып жатыр. Олар аталған екі тармақтың қуатын 30 млрд.дейін Қытайға түркмен газы транзитіне мүмкіндік береді. Алайда қытай жағы Түркменстан мен Өзбекстаннан келетін транзит көлемінің әрқайсысын 10 млрд.текше метрден барлығы 20 млрд. текше метрге дейін арттыруға ұсыныс жасады», - деп толықтырды Қабылдин.

Оның айтуынша үшінші тармақ қазіргі кездегі тасымалдау дәлізі бойымен өтетін болады. Қ.Қабылдин атап өткендей, бұл «газ құбырлары үшін әдеттегі тәжірибесі» дей отырып, 5 тармақтан тұратын «Орталық-азия – Орталық» газ құбырын мысалға келтірді, деп хабарлайды INFOLine - Advis.ru.

БҚО Березовка ауылында екі метеостанция орнатылатын болады –ҚР ҚОҚМ


Серік Сәбеков, ҚазАқпарат

Батыс-Қазақстан облысының Бүрлен ауданының Березовка ауылында екі метеостанция орнатылатын болады.

Ол станциялар жергілікті халықтың айтуы бойынша, үйлерінің астындағы жердің мұнай өндіруге байланысты опырылып жатқаны растығын анықтайтын болады.

Ол туралы ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов журналистерге берген сұхбатында айтты.

Н.Әшімов, Березовка бойынша тиесілі шаралар қабылдау үшін, нақты мәліметтер болуы керек.

Ауыл Қарашығанақ мұнай газ конденсатты кен орнына жақын орналасқаны белгілі.

«Сондықтан да КРО B.V. компаниясының есебінен, Березовка ауылында орнатылатын екі метеостанция сатып алынады. Егер метеостанция шығарынды бойынша нормативтердің аздаған болса да жоғарылығын көрсететін болса, онда Қазақстан Республикасының заңы бойынша ауыл тұрғындарына жергілікті атқарушы органдар, Үкімет, жер қойнауын пайдаланушы өмір сүру үшін басқа ауданда, мүмкін Оралдан жер беруге тиісті», - деп мәлімдеді ҚР ҚОҚМ ведомство алқасынан кейін.

Әшімовтың айтуынша, қажетті жабдықтарға тапсырыс беріліп, жинақталуда. Ол «Қазгидромет» РМК балансына берілетін болады, яғни, жабдықты КРО B.V. компаниясы бақыламайды деген білдіреді.

«Аталмыш жабдық бірден барлық мәліметтерді Ғаламторға шы,аратын болады. Яғни, жергілікті халық, соның ішінде Березовка ауылының тұрғындары онлайн режимінде барлық мәліметтерді күн сайын көріп отыратын болады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, өткен аптада қазақстан БАҚ, Батыс-Қазақстан облысының Березовка ауылындағы тұрғын үйлер фундаменті астында шұңқырлар пайда болғанын хабарлаған болатын.


Қаржы және инвестициялар



«Қазкоммерцбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және AsiaCredit Bank АҚ рейтингтері бойынша болжам «Тұрақты» рейтингісінде қайта қаралып, бекітілген


Standard & Poor"s несиелік рейтингтер қызметі қазақстандық қаржы ұйымдары - «Қазкоммерцбанк» (ККБ) АҚ, «Нұрбанк» АҚ және AsiaCredit Bank АҚ рейтингтері бойынша өзінің болжамын «Негативті»-ден «Тұрақты»-ға өзгертті. Осы банктерге тағайындалған контрагенттердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін бекіттік. Нұрбанкке ұлттық шкала бойынша "kzBB+"тағайындалды.

Рейтингтерді бекіту төмендегі рейтингтерге қатысты:

* ККБ және Нұрбанк контрагенттерінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтері "В/С" деңгейінде.

* AsiaCredit Bank АҚ контрагенттерінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтері "В/В" деңгейінде.

Болжамдарды қайта қарауҚазақстан Республикасы экономикасының сенімді түрде қалпына келумен байланысты (шетел валютасындағы міндеттемелер бойынша рейтинг: BB/Тұрақты/A-3; ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша рейтинг: BBB+/Тұрақты/A-2; ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzAAA).

Біз алдағы 2011-2013 жылдары ЖІӨ- -нің өсуі жылына орта есеппен 7% құрайды. Қалыпқа түсуге елдің экономикасына тікелей шетел инвестицияларының таза құрылымды тұрақты түсімдер әсер етеді, сондай-ақ 2020 жылдарға қарай болжамдық мұнай өндірудің еселенуі де әсерін тигізеді («Қазақстан Республикасының шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді несиелік рейтингтер бір сатыға жоғарылайды - "ВВВ"-дан "ВВВ+" –ға дейін, болжам – бұрынғыша "Тұрақты", 2010 жылдың 23 желтоқсанында жарияланған пресс-релизді қара).

Біз қарастырылып отырған банктер активтерінің сапасы қысқа- және ұзақ мерзімді көрсеткіштері тұрақты түрде жоғарылайды деп күтеміз, өйткені, капитал нарығында өндірілген және салымшылардың осы банктерден өз салымдарын алу кезінде (ең алдымен мемлекетпен байланысты барлық ұйымдар) төлемдерді жүзеге асыруда олардың төлемпаздық қорлары қарыздарын жабу кезінде 2010 жылы өзінің ең төменгі нүктесіне жеткен болатын. Сонымен қатар, банктердің барабар капитализациясын сақтап қалады деп болжаймыз, себебі, Қазақстанның экономикасы мен банк секторына тән қауіптерге төтеп бере алады.

2011 жылдың қаңтарында BICRA Қазақстанның болжамдық бағалауы (елдерджің банктік секторларын бағалау) 9 ретінде анықталған(«23 елдің банк секторларының мемлекеттік қауіптерін балдын ала бағалау» RatingsDirect2011 жылдығ 6 қаңтарында жариялаған мақаласын қара) . Шкала бойынша 1-ден (ең төменгі қауіп деңгейі) 10-ға дейін (ең жоғарғы қауіп деңгейі).

Барлық рейтингтер осы банктердің меншіктік несиеге қабілеттілігін сипаттау және негізгі топ немесе мелекет тарапынан ешқандай жедел көмек ретінде ешбір «қосымша» мүмкіндіктерді қоса алмағанда бағалауға негізделеді.

Рейтинг-парақ

С-ға дейін

"Қазкоммерцбанк" АҚ

"Нұрбанк" АҚ

Контрагенттің несиелік рейтингі

В/Тұрақтый/С В/Негативті/С

AsiaCreditBankАҚ

Контрагенттің несиелік рейтингі

В/Тұрақты/В В/Негативті/В

жаңа рейтинг

"Нұрбанк" АҚ

ұлттық шкала бойынша kzBB+

Standard&Poor"s


Қазақстан делегациясы Сауд Арабиясындағы бәсекелестік жөніндегі 5-ші ғаламдық форумға қатысты


22-25 қаңтарда Сауд Арабияның Королі Абдаллы бен Әбдел Әзиздің қолдауымен Рияд қаласында бәсекелестік жөнінде ғаламдық 5-ші форум өтуі (Global Competitiveness Forum) туралы, ҚР САК Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталмыш шара жыл сайын өткізіледі және әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін талөылау мен түрлі мемлекеттердің бизнес-құрылымдары үшін бәсекелестікке қабілеттілік жағдайын құруға арналған алаңға айналдыруға шақырылады. Форумға жетекші және дамыған мемлекеттердің делегациялары келді, соның ішінде, түрлі елдердің бұрынғы үкімет басшылары, ДжСҰ , ірі корпорациялар мен әлемнің басқа аймақтары мен Араб шығанағы мемлекеттерінің алып компанияларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Канаданың жиырмасыншы Премькер-министрі Ж.Критьен, БАЭ сыртқы сауда министрі Любна бинт Халед аль-Касими, САК индустрия және сауда, еңбек пен әлеуметтік қорғау, мұнай және минералдық қорлар мимнистрлері, ҚХР Пекин конгресінің депутаты, Канада сенаторлары, «Ролс Ройс», «Алкоа», «Google», «Armex», «UBS Global» және басқа да әлемге танымал алып компаниялардың бас директорлары мен негізін қалаушылар қатысты.

Форумға араб Шығанағы елдерінің басшылары және бизнес-қоғамдамдастығы өкілдерімен конференция аясында келіссөздер жүргізген ҚР Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг Бөлімінің меңгерушісі Д.Ысқақов, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг Бөлімінің макроэкономикалық талдау секторының меңгерушісі Ө.Қанапиянов, сонымен қатар,Алматы Аймақтық қаржы орталығының (ААҚО) қызметін реттеу жөніндегі ҚР Агенттігі төрағасының орынбасары Д.Нүрпейісов бастаған Қазақстан делегациясы да қатысты. Кездесулер барысында әлеуетті инвесторлар арасында Қазақстандағы исламдық қаржыландыру жүйесінің енгізілуі мен осыған байланысты ААҚО мүмкіндіктерін пайдалануға байланысты материалдар мен жобалар таратылды. 2010 жылдың 29 қаңтарында мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауында біздің республикамызда исламдық қаржыландырудың аймақтық орталығын құру қажеттігін атап өткен болатын.

Конференцияға қатысушылар, бәсекелестікке қабілеттілікті дамытуға, экономикалық қауіпсіздіктің ғаламдық режимін ары қарай нығайтуға, әлемдік энергетика жүйесін дамытуға, бизнесті жүргізудегі қолайлы жағдайлар тудыруға, әлемдік экономиканы сауықтыру мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері базасындағы, жетекші және дамыған елдер бастамасындағы менеджмент пен экономиканы басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге байланысты бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АА.


Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттарСредства антикризисной программы использовались по цмақсатқа жұмсалды – ҚР ҚБА басшысы


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

Дағдарысқа қарсы бөлінген қаражат өз мақсатына жұмсалды. Ол туралы Үкімет отырысында реттеу және қаржы мен қаржылық ұйымдарды бақылау жөніндегі ҚР Агенттігінің (ҚБА) төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді.

Ол 2009 жылдың қаңтарында ҚР Президентінің бұйрығымен экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша бірлескен әрекеттермен қамтамасыз ету жоспарлары (Дағдарысқа қарсы бағдарлама) үшін бөлінетін Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын бақылауға алу жөнінде жұмыс тобы құрылған болатын деп еске сала кетті.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс тобы бақылау механизмін жасаған, соның қатарында – құқық қорғау органдарының тексеру жүргізуі мен бағдарлама операторларының ақпараттар беруін жүзеге асырылған.

«Негізінен, дағдарысқа қарсы қаражаттар өз мақсаттары бойынша жұмсалғанын айтып өткен жөн», - деп нақтылады Бахмутова.

«Бірлескен тексерулер барысында банктер мен қарыз алушылар тарапынан анықталған бұзушылықтарға қарсы заңнама аясында іс-шаралар қабылданды», - деп қорытты төрайым. Бұрын хабарланғандай, бүгінгі таңда 1,87 трлн.теңге немесе Ұлттық қор дағдарысқа қарсы кұрес үшін бөлген қаражаттың 91% игерілген.


Қазақстандық ЕДБ сыртқы қарызы 2007 жылдан бері қарай үш есеге кеміді – Ұлттық банк


Қазақстандың коммерциялық банктердің сыртқы қарызы соңғы үш жарым жылда үш есеге дейін кеміді, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.

Үкімет отырысында Ақышев, 2007 жылдың орта шенінен бастап республиканың барлық банк жүйесінің сыртқы қарыз көлемі 46 миллиард доллар немесе ЖІӨ 50% құрайтын деп еске салды.

«2011 жылдың 1 қаңтарында алдын ала есепетеу бойынша, банктердің сыртқы қарызының көлемі 17 миллиард долларды құраған, абсолютті көрсеткіште ол 29 миллиард долларға, үш есеге таяу кеміген», - деп нақтылады ол.

ЖІӨ қатысты Қазақстанның ЕДБ сыртқы қарызы, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қазіргі кезде 20% кем болып отыр.

Ақышев бұл төмендеуді үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырумен байланыстырды, себебі, «осы сомада болған негізгі төмендеу, банктердің сыртқы қарызын қайта қарау нәтижесінде болды», деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Тау-кен әне металлургия саласы



Қазақстанда уранның бағасы өсуі мүмкін


Сәуле Ынтықбаева, Business Resource - Profinance.kz

«Арзан» уран үлесі (өзіндік құны 1 фунт 40 доллар) төмендеуін жалғастыруда, ол ұзақмерзімді келешекте бұдан «қымбатырақ» кен орындарын игеру қажеттігіне әкеліп тіреуі мүмкін.

Бұл, өз кезегінде, уранның бағасының жоғарылауына әкеледі. Ол туралы Еуразиялық Даму Банкінің «Ресей мен Қазақстанның атом-энергетикалық кешеніндегі ынтымақтастық» шолуында айтылған.

Жалпы, соңғы бірнше жыл ішінде уран мен уран өнімдерінің нарығына қатысты тшұрақтылықпен сипатталып келеді. Өндіру артқан сайын уранның бағасы тоқтаусыз арзандаған болатын. ЕДБ талдаушыларының пікірі бойынша, соңғы 10 жылда екі есеге өскен уран байыту қызметтері 23.11.2010 жылға бағасының өсуі сол қалпында – БЖБ 153 долл.деңгейінде ( бөлу жұмысының бірлігі, уран байыту бойынша жұмыс өлшемінің бірлігі) сақталып келеді.

Уран байыту – ядролық циклдың қымбат сатыларының бірі, тұрлі бағалау бойынша, ол отынды дайындаудың жалпы шығынының 40% құрайды.

Қазақстанның энергетикалық үлесі көмірге – 34%, мұнайға – 8,8%, газға – 6,6%, минералдық қорларға – 4,2%, уранға – 46% тиесілі болады. ҚР уран өндіру 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында 8452 тоннаны құраған, ол өткен осы мерзімімен салыстырғанда 42% артық. Өткен жылдың 2-ші жартыжылдығындағы уран өндірісінің түзету енгізілген жоспарына сәйкес, 9700 тоннада астам көлемді құрайды.


Жылжымайтын мүлік



«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ-ның 2010 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2011 жылға арналған жоспарлары


«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ 2010 жылғы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Экономиканы тұрақтандыру бойынша, соның ішінде, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге бағытталған Үкімет, Ұлттық банк пен ҚБА бірлескен әрекеттер Жоспарын жүзеге асыру аясында қойылған міндеттері орындалуда. Салушыларға қажетті қаржыландыру іске асырылып, құрылыс қайта жанданды, ипотекалық несиелеу мөлшерлемесі төмендетіліп, жылжымайтын мүлік құны тұрақтандырылу (2010 жылы өсу 3,1%) нәтижесінде нарыққа деген сенім қайта қалпына келді.

Жылжымайтын мүлік Қорының қызметі 2009-2010 жылдары тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталуы бойынша 1910 үлескердің мәселесі шешімін тапты.

2010 жылдың аяғына құрылысы аяқталмаған 27 нысанды жалпы сомасы 90,5 миллиард теңге болатын, 707 мың шаршы метр жылжымайтын мүлік көлемі, соның ішінде 491 мың тұрғын аумақтарын қаржыландыру туралы келісімден жасалған. Осы келісімдер аясында 3 312 үлескердің мәселелері шешілетін болады.

2010 жылдың сәуірінде жылжымайтын мүлік Қорының тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы жұмысы бастады. Бұл құрал халық үшін тұрғын үйлерге жетімділігіне мүмкіндік береді. Есептік кезеңде осы бағдарлама бойынша 471 пәтер сатылған, соның қатарында, 2,3 мың кв.м коммерциялық аумақтар, 177 – көлік орындары сатылған.

2010 жылы КPMG тәуелсіз консалтинг компаниясы корпоративтік басқару диагностикасын жүргізген болатын. Диагностика нәтижесінде бағалай 52,7% құрады.

Алдын ала есептеу бойынша 2010 жылғы таза кіріс 830 млн,теңге болған.

2011 жылы мемлекеттің жылжымайтын мүлік нарығында тұрақтандыруға қолдау көрсету аясында бірлескен әрекеттер Жоспарына сәйкес жалпы құны 101,5 млрд.теңге болатын нысандар құрылысын қаржыландыруға келісімдер жасауды жоспарлап отыр, Қордың жылжымайтын мүлік сатып алу көлемі 850 мың кв.м (соның ішінде, 6,5 мың пәтер және 250 мың кв,м, кем емес коммерциялық жылжымайтын мүлік) құрайды.

782 үлескердің мәселесін шешу жоспары да бар. Тұрғын үй нарығында 2 158 пәтер ұсынылатын болады.

15 нысанның 2-ші кезектегі 1 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ.


«Самұрық-Қазына» ЖМҚ салушылар мен отандық құрылыс материалдарын жеткізушілермен арадағы ынтымақтастықты жөнге салуда


Жанна Корқытова, ҚазАқпарат

25 қаңтарда Астанда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарды өндірушілерді қолдау жөніндегі «дөңгелек» үстел өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, «дөңгелек» үстелдің басты мақсаты – жылжымайтын мүлік Қорының құрылыс нысандарында қазақстандық маңызды арттыру. Сол үшін қор басшылығы отандық құрылыс материалдары мен жабдықтар өндірушілерді, «Самұрық-Қазына ЖМҚ» АҚ, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуші кәсіпкерлерді пікір алмасуға шақырды.

«Дөңгелек үстелге» келген отандық өндірушілердің 15 өкілі, жиналыс барысында өз өнімдерін көрсетті. Егер салушы ұсынылған материалдарға қызығушылық танытатын болса, жеткізуші мен ссалушы арасында ары қарай ынтымақтастық орнату талқыланатын болады. «Дөңгелек үстел» аясында алғашқы келісімдер жасалатын болады.

Аймақтық іскерлік жаңалықтар



2010 жылғы ҚР республикалық бюджетінің табысы Гарвард университетінің табысынан 3,2 есе төмен


Қырғызстанның 2010 жылғы республикалық бюджетінің кірісі Гарвард университетінің 2008 жылғы табысынан 3,2 есе төмен.

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, ҚР 2010 жылға белгіленген республикалық бюджет жобасында кіріс 51,5 млрд. сомды (1 млрд.84,6 млн доллар) құрайды.

Осы ретте, Гарвард университетінің ресми сайтында жариялданған соңғы мәліметтерге қарағанда, оқу орнының табысы 2008 жылы 3 млр.482,3 млн. долларды құраған, деп хабарлайды Business АКИpress.

«АтаМекен» депутаттарытау шыңына В.Путиннің атын беруді жөнсіз деп есептейді


«АтаМекен» фракциясының депуттатары Тянь-Шань тауының шыңын В.Путин есімін беруді дқрыс емес деп есептейді.

Осы мәселе 26 қаңтарда фракция отырысында талқыланды. Оның көшбасшысы Өмірбек Текебаев, географиялық нысандарға атаулар тағайындау туралы ведомство аралық комиссияның ережесіне сәйкес, атаулар, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің еңбегіне қарай тағайындаплады, деп хабарлады.

Текебаев, Мәскеу ауданының әкімі 2010 жылждың желтоқсанында аудандық кенеште Шу облысындағы тау шыңына Владимир Путиннің атын беру туралы ұсыныс білдірген.

Үкімет аппаратының басшысы төрағалық ететін ведомство аралық комиссия бірден осы мәселені қарастырып, бір аптаның ішінде шешім қабылдаған. Алайда, ережеде атаулар қайтыс болғандардың есімімен тағайындалатын болғандықтан, үкімет бұл мәселені ережеге географиялық нысандарды тірі адамдардың да есімімен атауға болатындай түзетулер енгізуге байланысты тоқтатып қойды.

Депутат Жоомарт Сапарбаев сайлаушылармен кездесіп, осы мәселелні қозғағанда, олардың бұл бастаманы аса құртамай отырғанын айтты.

Депутат Тұратбек Мадылбеков, бұл байсалдылыққа жатпайды, себебі, үкіметтің осы ісі Ресей басшылыған жағыну үшін жасалғандай болып қабылдауы мүмкіндігін айтты. «Егер біз Путинге деген өз құрметімізді дәлелдегіміз келсе, онда 4 мың метрден жоғары шыңдарды қарастырайық», - деп өз ұсынысын айтты.

Фракцияда да Қырғызстандағы әрбір аудың өзіндік тарихи атауы бар екендігін атап көрсетті. Путиннің есімімен атауға ұсынылып отырған шыңның «Жарташ» деген атауы бар, деп хабарлайды CA-News.

Түркменстан 2012 жылы шарттық-жинақтау зейнеткерлік жүйесіне өтетін болады


2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы» Түркменстан Кодексіне сай елде шарттық-жинақтық зейнеткер жүйесі енгізіліп, Зейнеткерлік Қоры құрылатын болады. Ол туралы «Нейтральный Түркменстан» газетінде Түркменстанның әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі министрліктің төрағасы Сердар Базаров мәлімдеді.

«Түркменстандағы шартты жинақтық зейнеткерлік жүйесі объективті түрде қажетті болы саналады», - деді ол. С.Базаровтың айтуынша, қайта құру «әр тұлғаға жұмыс беруші және жеке өзі төлейтін зейнеткерлік сақтандыру есебінен зейнеткерлік капитал жиналады, сол соманың көлеміне байланысты зейнетақы көлемі қандай да бір шектеусіз тағайындалатын болады». «Осылайша, кім бүгін жұмыс істеп, өз болашағы туралы қам жейтін болса, сол зейнетақы алатын болады. Зейнетақы көлемі әр тұлғаның жеке есебінде есепке алынатын зейнетақылық жарналар суммасына барабар болады», - деп нақтылады ол.

Зейнетақы жүйесінің осы үлгісін енгізген шет елдердегі әлемдік тәжірибені зерттеу және БҰҰ сарапшыларының кеңестері қорытындылары бойынша таңдау жасалды, деп хабарлайды Turkmenistan.ru.

Мәскеу және Мәскеу облысында Домодедово әуежайындағы лаңкестік құрбандары туралы қаралы күн болды


Мәскеу мен Мәскеу облысында 35 адам қайтыс болған Домодедово әуежайында лаңкестік әрекетінің құрбандары туралы қаралы күн болды. Мұндай шешімді Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин және Мәскеу облысынығ губернаторы Борис Громов қабылдады.

«24 қаңтарда болған Домодедово әуежайындағы террорлық әрекет құрбандарын еске алу туралы Мәскеудің мэрі Сергей Собянин 2011 жылдың 26 қаңтарында Мәскеу қаласында қаралы күн деп жариялауға шешім қабылдады», - деп хабарлады мэрдің баспасөз хатшысы Гүлнара Пенькова.

Ресей телеарналары мен радиостанциялары ойын-сауық бағдарламалары мен жарнамалардан көрсетпейтін болады. Олардың орнына Домодедоводағы қайғылы оқиға туралы ақпараттар таратылады.

Қайғылы оқиға болған жерге таңертеңнен бері қарай келіп жатқан мәскеуліктер мен астана қонақтары гүл шоқтары мен шырақтарды қойып , әуежай шіркеуінде қоштасу жүргізілді. Еске алу рәсімдері көптеген шіркеулерде, мешіттер мен синагогаларда да өтті.



Лаңкестік әрекетінің құрбандарын еске алу рәсімі тек Мәскеу мен Мәскеу облысында ғана емес, бүкіл елде және одан тысқары да өтеді. РФ СІМ ақпарат және баспа департаментінде қабарлағандай, Домодедово әуежайында Қырғызстан, Германия, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Ұлыбритания елдерінен 8 азамат қайтыс болған. Сырттан келетін қонақтарды күтетін залда болған лаңкестік әрекет 24 қаңтарда мәскеу уақытымен 16.32 болған. Алдын ала болжамдар бойынша жанкешті-лаңкестің беліне байланған 5 кг тротила эквивалентіндегі жарылғыш қондырғы лаңкестің қолымен жүзеге асырылған. Жарылыстан 35 адам қайтыс болды, ауруханада жатқан 117 жарақат алғандардың арасында Тәжікстан, Нигерия, Германия, Словения, Словакия, Молдавия, Франция, Италия азаматтары бар, деп хабарлайды ПРАЙМ-ТАСС.

Бағалар мен статистика




Мұнай мен газ құны
Дата: 26 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

86.42

.23

.27

00:57

Dated Brent Spot

94.98

.36

.38

01:01

WTI Cushing Spot

85.14

-1.53

-1.77

01/25

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

261.05

1.76

.68

00:51

Nymex RBOB Gasoline Future

235.60

1.33

.57

00:32

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.46

-.01

-.29

00:27

Henry Hub Spot

4.45

-.28

-5.92

01/25

New York City Gate Spot

5.81

-1.17

-16.76

01/25

Commodities
Дата: 26 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

426.100

3.500

0.83

01:29

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1333.300

1.000

0.08

01:30

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

26.940

0.135

0.50

01:29

Металл құны
Дата: 26 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

26.95

+0.08

Platinum

1780.00

-3.00

Palladium

783.00

+3.00

Rhodium

2,400.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 26 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 146.81

1 CHF

KZT 154.33

1 CNY

KZT 22.30

1 TRY

KZT 94.07

10 JPY

KZT 1.78

1 EUR

KZT 200.20

1 AUD

KZT 146.16

1 KGS

KZT 3.09

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 233.77

1 CAD

KZT 147.77

1 RUB

KZT 4.93

100 KRW

KZT 13.12







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет