12-дәріс. Төлем балансы және валюта бағамы (1-бөлім) Дәрістің мақсаты – төлем балансының мәнімен, құрылымымен танысу



бет3/5
Дата26.04.2023
өлшемі264.79 Kb.
#472833
1   2   3   4   5
12-лекция

3. Валюталық резервтердің өзгеруі

(+) азаяды

(-) өседі

4. Таза қателіктер

Ағымдық операциялар есебі

  • Ағымдық операциялар есебіндегі тауарлық экспорт және экспорттық қызмет “+” таңбамен кредит бөлімінде жазылады, себебі бұл операциялар ОБ-гі шетел валютасының қорын қалыптастырады.
  • Тауарлық импорт және импорттық қызмет “-” таңбасымен дебет бөлімінде жазылады, өйткені бұл операциялар шетел валюталық қорын азайтады.

Шетелден келетін таза факторлық табыс

  • бұл уақытша жұмыс жасайтындардың еңбек ақысы, сонымен қоса несиелік, сақтандыру қызметтерін, кемелер фрахты, туризм т.б. қызмет көрсетуден түсетін табыстар.
  • Егер шетелге салынған ұлттық капитал елге салынған шетел инвестициясына қарағанда жоғары пайыз түрінде дивиденд әкелетін болса, «шетелден келген таза факторлық табыс» бөлімі «+», ал, керісінше жағдайда «-» таңбамен жазылады.

Таза ағымдық трансферттер

  • тауарлар мен қызметтердің ұсынылмағанына қарамастан, жеке және мемлекеттік қаржының шетелге аударылуы.
  • Бұл аударымдар зейнетақы, сыйлық, ақшалай аударым, қайтарымсыз гуманитарлық көмек түрінде болады.
  • Біржақты трансферттерді есептеу қиын. Бұл дебет бөлігінде «-» таңбамен «біржақты трансферттер» деп жазылады, өйткені бұл елдегі шетел валютасының қорын азайтады.

Ағымдық операциялар есепшотының сальдосы

  • Ағымдық операциялар есепшотының сальдосы
  • X – M = Xn = Y – ( C + I + G )

    Абсорбция

    Абсорбция – берілген елдің үй шаруашылықтарына,

    фирмаларына және үкіметіне сатылатын ЖІӨ бөлігі.

Ағымдық операциялар бойынша баланс тапшылығы

  • Нақты өмірде импорт пен экспорт көлемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.
  • Егер импорт экспорттан артық болса, ағымдық операциялар бойынша баланс тапшылығы орын алады.
  • Тапшылықты қаржыландыру үшін шетелден қарыз алу керек немесе активтің бір бөлігін шетелге бөлігін сату керек.
  • Бұл капитал қозғалысы есебінде көрсетіледі. Бұл мәміле таза шетел активтерінің қорын азайтады.
  • Ағымдық операциялар есебінің тапшылығы таза капиталдың сырттан келуі есебінен қаржыландырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет