Капиталдың сырттан келу формалары: - халықаралық қарыздар. Шетел үкіметінен, ХВҚ-нан, Дүниежүзілік Банктен т.б. коммерциялық банктерден алынатын қарыздар.
- активтерді шетелдік инвесторларға сату. Ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсім төлем балансының ағымдық операциялар бойынша тапшылығын қаржыланжыру үшін қолданылады;
- жаңа өнім түрлерін шығаратын кәсіпорындарды құруға бағытталған тікелей шетел инвестициялары;
- резервтерді қолдану. Ел өзінің ресми резервтерінің бөлігін төлем балансын реттеу үшін қолданады.
Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебінде - Мұнда активтермен болатын халықаралық мәмілелер: акция, облигация, жылжымайтын мүлік сатудан түскен табыс және сатып алу шығындары көрсетіледі.
- Біздің еліміздің шетелден алған қарызы капитал импорты (валютаның келуі) болып табылады, сондықтан олар кредитте көрсетіледі. Ал, еліміздің басқа елге берген қарызы капитал экспортын, яғни валютаның сыртқа кеткенін білдіреді, сондықтан бұл операция дебетте көрсетіледі.
- Қазақстандық активтерді шетелге сату (мысалы, «Қазақмыс» компаниясы акциясының пакетінің бір бөлігін) кредит болып саналады, өйткені бұл мәміледен соң елге ақша қаражаты келіп түседі.
Капиталмен және қаржылық операциялар есебі - Капитал қозғалысы балансы = активтерді сатудан түскен түсім – шетелден актив сатып алуға кеткен шығындар.
- Егер капитал қозғалысы сальдосы «+» болса, бұл таза капиталдың елге келуін, ал, «-» болса, таза капиталдың сыртқа кетуін білдіреді.
- Түсім мен шығындардың балансы болу үшін ағымдық операциялар есебінің тапшылығы қаржылық есеп артықшылығына сәйкес келуі керек немесе, керісінше.
Таза шетел активтері осы ел резидентінің қолындағы шетел активтері сомасынан шетелдіктер қолындағы ұлттық активтердің сомасын шегеру арқылы анықталады. - Таза шетел активтері осы ел резидентінің қолындағы шетел активтері сомасынан шетелдіктер қолындағы ұлттық активтердің сомасын шегеру арқылы анықталады.
- Макроэкономикалық түзету – бұл экспорттық табысты арттыру немесе импорттық шығындарды азайту шарасы.
- Импорт экспорттан кіші болып, оң сальдо орын алған кезде, ел шетелге несие береді немесе шетелдік активтерді қорландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |