Тілдік білім
Фонетика бойынша:
-
қазақ тіліндегі төл дыбыстардың ерекшеліктерін біледі;
-
сөздерге қосымша жалғаудағы дыбыстардың ерекшеліктерін айырады;
-
қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын біледі;
-
қазақ әліпбиінің жүйесін таниды.
Лексика және фразеология бойынша::
-
лексикалық минимумда көрсетілген сөздерді меңгереді;
-
берілген сөздерге синоним, антоним таңдайды;
-
еркін сөз тіркестері мен өзіне таныс фразеологиялық тіркестерді таниды;
-
ғылыми стиль терминдерін біледі, оларды басқа пән (физика, химия, математика т.б.) сабақтарында пайдаланады.
Сөз құрамы. Сөзжасам бойынша:
-
сөз құрамын біледі;
-
сөзжасамның негізгі түрлерін айырады;
-
таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажыратады.
Грамматика бойынша:
-
сөз таптарының мағыналық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін біледі;
-
жалғау түрлерін таниды, оларды орынды пайдаланады;
-
сөз тіркесінде сөздердің өзара байланысын айырады;
-
сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табады;
-
шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, амал, мақсат бағыныңқылы сөйлемдерді мағынасы бойынша ажыратады;
-
етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдаланады;
-
төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, бөгде сөздегі үтір, сызықша, көп нүкте қою тәртібін біледі;
-
салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер байланысын анықтайды;
-
мәтіннің құрамдық бөлшектерін (кіріспе, ортасы, соңы) айырады;
-
негізгі емле және пунктуация ережелерін жазбаша жұмыстарда орынды пайдаланады.
«Қазақ әдебиеті» пәні
(өзге тілдерде оқытатан мектептерге арналған)
І. «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақ халқының көркем әдебиетін оқыту, оқу жолымен қазақ тілін меңгерген, көпмәдениетті, өзге ұлттар әдебиетін құрметтейтін, бойында қазақстандық патриотизм, рухани адамгершілік сезімдері қалыптасқан тұлға дамуына ықпал ету.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-
қазақ әдебиеті шығармалары негізінде мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;
-
қазақ әдебиеті үлгілерімен танысып, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу;
-
қазақ ауыз әдебиетінің, ІХ-ХV және XVI-XVIII ғасырлар әдебиетінің пән қызметі аясына сай үлгілермен педагогикалық-тілдік бейімделген нұсқада оқып тану;
-
ІХ және ХХ ғасырлар әдебиетінің классикалық озық үлгілерімен таныстыру;
-
көркем шығармалар негізінде коммуникативтік-модульдік тақырыптар аясында қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін (тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым) еркін орындау;
-
қазақстандық патриотизм, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық сапалары құндылықтарын дамыту;
-
қазақ халқының тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру.
ІІ. «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұны.
Халық ауыз әдебиеті: батырлар жыры, лиро-эпостық жырларынан үзінділер, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мысалдар.
Ежелгі дәуір әдебиеті: «Күлтегін» жыры, Қорқыт, әл-Фараби, «Құтты білік».
Жыраулар поэзиясы: Асан қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Доспамбет жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Шал ақын, т.б.
ХІХ ғасыр әдебиеті: Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, т.б.
ХХ ғасыр әдебиеті: С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Жабаев, т.б., М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, Қ.Мырза әлі, Т.Молдағалиев, М.Мақатаев, т.б.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті, олардың көрнекті өкілдерінің шығармалары.
Әдебиет теориясынан негізгі мағлұматтар. Портрет, тақырып, идея, сюжет, композиция, теңеу, эпитет, метафора, метонимия, ирония, гипербола, литота, ырғақ, ұйқас, аллитерация, ассонанс, параллелизм.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар
Әдеби білімі:
-
шығарманың жазылған кезеңі және оның авторын білу;
-
халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті және қазіргі әдебиет туралы түсінігінің болуы;
-
көркем әдебиеттің жанры, оның ерекшеліктері туралы түсінігінің болуы және т.б.
Оқушылардың әдеби-шығармашылық біліктілігі:
-
көркем мәтінді оқу, түсіну, оны айта алу;
-
кейіпкерлерді оның іс-әрекеті, мінез-құлқы, сөзі негізінде мінездей алу;
-
оқығанын айта алу;
-
нақты, қысқа түрде өз пікірін жеткізе алу;
-
негізгі мәселелерді сұрыптау, түйіндеме және жоспар құра алу;
-
оқырмандық қызығушылығының аясын кеңейту және т.б.
«Ағылшын тілі» пәні
І. «Ағылшын тілі» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытумен, шетел тілін тілін оқып жатқан елдің мәдениеті мен тұрмысын зерттеу-танысу құралы ретінде қолдана білумен, ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдармен еркін қарым-қатынас жасау білігімен, көпмәдениетті және көптілді тұлға тәрбиелеумен анықталады.
Оқытудың міндеттері:
-
оқушылардың шетел тілін өздігінен және үздіксіз меңгеруін, одан әрі өздігінен білім алуға қабілеті мен даярлығын қалыптастыру;
-
жаңа тілдік білімін, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
-
тілдің құралдарын (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық) және оларды қарым-қатынас жасауда қолдану әдістерін меңгеру;
-
оқушылардың әрекеттің төрт түрінде (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу) білім, білік, дағдыларын дамыту;
-
оқушылардың тілдік қорын жаңа лексикамен байыту;
-
оқушыларды оқу жағдайы арқылы әлеуметтік бейімдеу;
-
азаматтық және патриоттық қасиетін қалыптастыру.
ІІ. «Ағылшын тілі» пәнінің базалық мазмұны
Әлеуметтік-тұрмыстық сала. Менің Отаным. Менің құқығым және міндеттерім. Отбасындағы аға және кіші буын арасындағы қарым-қатынас. Мектептегі құрбылармен қарым-қатынас. Адамның сырқы келбеті мен сипаты. Бос уақыт және қызығушылықтар (спорт, музыкамен әуестену, саяхат, кинотеатр, концерт, көрме, мұражай, би алаңы, дәмханаға бару). Мен және менің әлемім. Мен және менің достарым. Менің отбасым. Менің үйім, пәтерім. Сатып алынған заттар. Салауатты өмір салты. Дұрыс тамақтану. Зиянды әдеттер және оның салдары. Қазақстанның және ағылшын тілді елдердің мәдениеті, тұрмысы мен өмірі. Қазіргі заман әлеміндегі медицина рөлі. Аурулар, олардың себептері және емдеу тәсілдері. Дәстүрлі медицина және халық емдері. Техникалық үдеудің қазіргі заман қоғамына әсері. Адамзат қызметіндегі ғылыми жетістіктер.
Оқу-еңбек саласы. Орта мектепте білім алу және мектеп өмірі. Мектебіңнің қандай болғанын қалайсың? XXI ғасырдағы өмір. Мектеп өмірі. Жақсы көретін пәндер. Мәдени іс шаралар. Қазақстандағы және ағылшын тілді елдердегі білім жүйесі. Халықаралық мектептер арасындағы қарым-қатынас. Мамандық таңдаудағы шетел тілінің маңызы. Халықаралық тест түрлері. Қазіргі заман мектебінің үлгісі. Осы күнгі университет моделі. Мамандық таңдаудағы шетел тілінің маңызы. Қазақстанда және шетелдегі білім тарихынан.
Әлеуметтік-мәдени сала (Қазақстанда және тілін оқып жатқан елдерде). Салауатты өмір сүру. Көпшілік айналысатын (ұлттық) спорт түрлері және ұлт денсаулығы. Атақты адамдар, олардың ғылым мен әлем мәдениетіне қосқан үлесі. Табиғат және қоршаған орта мәселелері. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Қоршаған орта және менің денсаулығым. Табиғат. Экология. Спорт. Денсаулық. Медицина. Саяхат. Көлік. АҚШ-на саяхат жасау. Менің елім. Ұлттық мейрамдар мен салт-дәстүрлер. Қазақстанның Ұлы адамдары. Бос уақыт. Қызығушылықтар. Қазақстан экономикасының негізгі даму жолдары. Қазақстан туризмінің жаңа бағыттары. Туристік агенттік ашайық. Заң сақтау - өте маңызды! Қазақстан және тілін оқып жатқан мемлекеттер азаматтарының құқықтары және міндеттері; Қазақстан және тілді оқытатын мемлекеттердің заңдары. Менің елімнің әлем мәдениетіне қосқан үлесі. Қазақстан және тілді оқытатын ел арасындағы мәдени тілдесу. Қазақстан және тілді оқытатын елдің әйгілі қайраткерлері. Қазақстан әлем қоғамдастығында. Қазақстанның саяси, экономикалық және іскерлік байланыстары. Қазақстан тарихының асулы кезеңдері. Бізді қоршаған әлем. Қазақстан және тілі оқытылатын ел арасындағы мәдени байланыс. Белгілі мәдени және тарихи қайраткерлердің портреттері. Менің Тәуелсіз Қазақстаным. Қазақстан Республикасының даму жетістіктері мен болашағы. Атаулы мерекелер. Қазақстанның және тілін оқып жатқан елдің көрікті орындары. Саяхат. Қазақстанның және тілі оқытылатын елдің өсімдік пен жануарлар әлемі. Экология. Экотуризм. Бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, теледидар, радио, Интернет). Ақпарат көздерінің шынайылығы.
ІІІ. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар.
Оқушылар:
-
меңгерілген лексикалық бірліктерді (сөздерді, сөз тіркестерін), сөзжасамның негізгі амалдарын (аффиксация, сөзжасам, конверсия);
-
шетел тіліндегі жай және күрделі сөйлемдердің құрылымдарының ерекшеліктерін; сөйлемнің коммуникативтік түрлерінің негізгі екпін ырғағын;
-
оқылған грамматикалық құбылыстарды (етістіктің шақтарын, модальдық етістіктер мен олардың баламаларын, артикльдерді, зат есімдерді, үстеу мен сын есімдердің шырайларын, есімдіктерді, сан есімдерді, шылау сөздерді);
-
тілін оқып жатқан елдерге тән сөйлеу этикетінің негізгі нормаларын (ілеспе сөз клише, жиі қолданыста болатын бағалау сипатындағы сөздерді);
-
оқыту бағдарламасында берілген тақырыпқа байланысты және қатынас жағдайына сәйкес жаңа лексикалық бірліктің, соның ішінде бағалау лексикасының мағынасын; тілін оқып жатқан елдің мәдени ерекшеліктерін білдіретін тілдік этикеттің реплика-клишелерін білуі тиіс;
-
кең көлемде оқытылған грамматикалық құбылыстардың мағынасын;
-
оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін байытатын аутенттік дереккөздерден алынған елтану ақпараты: оқытылған тілдің елі/елдері, олардың ғылымы мен мәдениеті, тарихи және қазіргі заман жағдайы, қоғам қайраткерлері, әлемдік қауымдастық пен әлемдік мәдениеттегі орны, Қазақстанмен қарым-қатынасы, оқытылған тіл елі/елдерінің және өз елінің салт-дәстүріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы мәліметті білуі тиіс;
-
оқытудың осы кезеңінің тақырыбына байланысты және қарым-қатынас жағдаятына, соның ішінде тілін оқып-үйренетін ел мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін бағалау лексикасына, сөйлеу әтикетінің реплика-клишесіне сәйкес жаңа лексикалық бірлік (130 ЛБ) мағынасын;
-
сөйлемдер құрудың ережелерін білу негізінде, ана тілімен ұқсастығы бойынша мәнін контекст бойынша аңғаруға болатын оқылмаған лексикалары бар немесе мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуге кедергі жасамайтын таныс емес сөздерді қалдырып кету арқылы қарапайым аутенттік мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінуге;
-
сөздікті, грамматикалық анықтамалықты, түсіндірмелерді пайдаланып, мәтін мазмұнындағы маңызды және қосымша фактілерді ажыратуға (зерттеп оқуға);
-
мәтіндегі қажетті ақпаратты табуға, оқыған мәтінге өз пікірін айтуға мүмкіндіктер беріледі.
Оқушылар:
-
сөз әдебі нормаларын сақтай отырып, әңгімені бастап, жүргізіп/қолдап, қажет болған жағдайда қайталап сұрақ қойып, анықтап және тілдесуді қалыпты жағдаяттарда аяқтай білу;
-
өткен тақырыптарға және меңгерілген лексикалық және грамматикалық материалдарға сүйене отырып, өзінің пікірін, өтінішін білдіру; сұхбаттасқа сұрақтар қойып, оның сұрақтарына жауап беру, әңгімелесушінің ұсынысымен келісу немесе келіспеу;
-
өзінің жеке басы, отбасы, жора-жолдастары, тілек-мүдделері және келешек жоспарлары туралы әңгімелеу, туған елі және тілін оқып жатқан ел туралы қысқаша баяндап бере білу;
-
қысқаша хабарлама жасау, оқиғаларды не құбылыстарды баяндау (өткен тақырыптар аясында), оқылған мәтіннің не тыңдалған әңгіменің негізгі мазмұнын, негізгі айтылатын ойды бере білу, оқыған немесе тыңдаған мәтін-әңгімеге байланысты өз пікірін білдіру, кейіпкерлерге сипаттама бере білу.
-
көлемі шағын қарапайым аутенттік прагматикалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну (ауа-райы болжамы, теледидар, радио бағдарламалары, аэропорт немесе сапаржайлардағы хабарландырулар) және қажет болатын маңызды ақпаратты ажырата білу;
-
сөйлемнің әр түрлі коммуникативтік түрлеріне (хабарлама, әңгіме) жататын қарапайым түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі фактілерді айқындай білу;
-
шетел тіліндегі мәтінмен еркін жұмыс жасау; оның мазмұнын тақырыбына қарап болжай білу;
-
мәтінді мағыналық жағынан өңдеу әдіс-тәсілдерін (тілдік тапқырлық, талдау, іріктеп аудару) қолдана отырып, әр түрлі жанрда жазылған қарапайым аутенттік мәтіндерді толық түсіне білу, алынған ақпаратты бағалау, мәтінде көтерілген мәселеге байланысты өз пікірін білдіру;
-
үлгіге сүйене отырып, жеке немесе құттықтау хаттар жазу (хат жолдаған адамның өмір-тіршілігі туралы сұрастыру, өзі туралы мағлұмат беру, алғыс, өтініш білдіру);
-
оқушылар меңгерген білім мен біліктерді күнделікті өмір тіршілігінде қолдана білуі керек;
-
әлеуметтік бейімделу; ағылшын тілі ана тілі болып келетін адамдармен ауызша және жазбаша тілдесім үрдісінде өзара түсіністікке қол жеткізу, шамасына қарай тұлға аралық және мәдениетаралық байланыс орнату;
-
көптілді және көпмәдениетті әлемді түсініп қабылдай білу, әлемдегі ана тілі және шетел тілінің алатын орны мен атқаратын рөлін ой елегінен өткізе білу;
-
шетел өкілдерін қазақ халқының мәдениетінен хабардар ету;
-
оқушы өзін туған елінің ұлтжанды азаматы және әлемнің қай елінде болса да өзін азамат ретінде сезіне білуі керек;
-
жай сөйлемнің барлық типтерін пайдалана отырып, сұрақтарға дәлелді жауап бере алу;
-
қысқаша хабарламаны түсіне және ақпараттың дұрыс/дұрыс еместігін анықтай алу;
-
қысқаша мәтіндерді іштей оқып, негізгі мазмұнын түсіне; түсінгенін сурет, сызбанұсқа түрінде көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, коммуникативтік міндетіне байланысты оқудың негізгі түрлерін пайдалана алу;
-
оқудың әртүрлі стратегияларын;
-
а) зерттеп оқуды (тілдік жұмбақ, екі тілді сөздікті пайдалану, алған ақпараттарын сөйлеу әрекетінің басқа түрлерінде пайдалану); ә) іздену-көз жүгіртіп оқуды (қажет ақпаратты алу); б) танысып оқуды (суреттері, тақырыбы, негізгі сөздері бойынша мәтін мазмұнын болжау, негізгі фактілерді іріктеу) пайдалана алулары керек.
-
стандартты жағдайда әңгімені тіл этикетін сақтау, қолдау және аяқтау және қажет кезінде қайта сұрау, дәлелдеу;
-
серіктесіне сұрақ қойып, оның сұрақтарына өз пікірін қосып жауап беру, көмек сұрау, сұхбаттасушының сұрағына өткен тақырып көлемінде жауап беру, көну / көнбеу;
-
өзі туралы, жанұясы туралы, дос-жараны туралы, өзінің жоспары, қызығушылықтары туралы айту; өз ауылы, қаласы, елі және тілін оқитын мемлекет туралы қысқаша баяндау;
-
қысқа хабарлама жасау, құбылыстарды, оқиғаларды (өткен тақырып шеңберінде) суреттеу, негізгі мазмұнын айту; оқылымның басты ойын табу, өз көзқарасын білдіру, бейнелерді сипаттау;
-
сөйлеуді дамытуда синонимдік құралдар қолдануын;
-
қысқа күрделі емес түпнұсқалық прагматикалық мәтіндерін түсіну (ауа райы болжамы, теле/радио бағдарламасы, әуежайдағы / вокзалдағы хабарламаларын) өзіне керек ақпаратты алу;
-
күрделі емес аутенттік әртүрлі коммуникативтік тілдік типке жататын мәтіндерді түсіну (хабар,әңгіме); мәтінің тақырыбын анықтау, мәтіндегі басты ойды табу, өз пікірін білдіруді білуі/түсінуі тиіс.
4.2 «Адам және қоғам» білім саласы
«Қазақстан тарихы» пәні
І. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
Оқытудың міндеттері:
-
оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
-
Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
-
оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап- қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
-
оқушылардың қазақ және елімізде тұратын басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;
-
оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
ІІ. «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық мазмұны.
Отан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі мен маңызы. Археологиялық ескерткіштер. Қазақстан аумағындагы археологиялық қазба жұмыстары. Қазақстан тарихынан деректер. Ертедегі жазулар. Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері. Жазбаша деректердің түрлері. Өлкетану. Тарихи уакыт. Біздің заманымызға дейін (б.з.д.). Біздің заман (б.з.). Хижра. Қазақ күнтізбесі. Тарихи жыл санау. Тарихи карталар. Қазақстан дүние жүзі картасында. Қазақстанның табиғаты. Тарихы мен табиғаты. Қазақстан халқы. Халықтың саны, ұлттық қүрамы. Әлеуметтік қүрамы. Халықтың тығыздығы. Тарихи көшіқон. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба. Әнұран. Теңге. Қазақстан тарихына саяхат. Қазақстан XX ғасырдың басында. Қазіргі Қазақстан. Болашаққа жол. Қазақстан Республикасының жариялануы. Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау. Астана — мемлекетіміздің Елордасы. «Ежелгі Қазақстан тарихы» ұғымы, оның мазмұны мен мәні. Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдері. Ежелгі Қазақстанның адамзат тарихындағы орны. Ежелгі Қазақстан. Қазақстанның алғашқы тұрғындары туралы білім көздері. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі. Неолит дәуірі. Металл өндірісі. Андронов мәдениеті. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың қоғамдық-мәдени өмірі. Ежелгі Қазақстан темір дәуірі қарсаңында. Қазақстан ерте темір ғасырында. Қазақстан аумағындағы ірі тайпалық бірлестіктер. Темірдің пайда болуы. Сақ-савромат тайпалары. Сақ-савромат тайпаларының қоғамдық-саяси құрылымы мен шаруашылығы. Сақ тайпаларының тәуелсіздік үшін күресі. Сақтар мәдениеті мен өнері. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Шаруашылық өмірдегі өзгерістер. Үйсін мемлекетінің қалыптасуы. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. Ғұн мемлекетінің құрылуы. Ғұндар және халықтардың Ұлы қоныс аударуы. Ғұн мәдениеті. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясы.
Қазақстан – Ұлы Дала өркениетінің мұрагері. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер. Археологиялық мәдениет туралы түсінік. Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті. Қазақстандағы патша қорғандары. Көшпелі өркениеттің қалыптасуы. Орта ғасырлар қарсаңындағы Қазақстан тарихы. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» туралы түсінік, оның мазмұны мен маңызы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері.
VI-XII ғғ. ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. Түрік қағанаты.
Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.
Қазақстан аумағындағы түркеш қағанаты.
«Түркеш» этнонимі. Түркеш тайпалары туралы жазба деректер. Түркеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған. Түркештердің этникалық және тайпалық құрамы. «Сары» және «қара» түркештер.
VI-XII ғғ. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті. ХІІІ – XV ғ. бірінші жартысындағы дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан. XIII-XV ғғ. Қазақстан қалалары мен сәулет өнері. XV ғ. екінші жартысы – XVІІ ғ. кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан. XVIII ғасырдың басы – 1917 жыл). Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847жж.). Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы (ХІХ ғ. 40 – 60жж.). Қазақстанның ХІХ ғасырдың І жартысындағы мәдениеті. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. Қазақстанның ХІХ ғ. екінші жартысындағы мәдениеті. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы (1917 – 1991 жж.). ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан 1917-1941 жж. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Қазақстан 1946-1991 жж.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
-
отандық тарихта болған маңызды кезеңдерді, ежелгі дүниеден казіргі заманға дейінгі аса маңызды оқиғаларды, көрнекті кайраткерлерді;
-
тарих пәні туралы мәліметтерді, тарихи деректерді, тарих картасын, тарихи уакыттарды;
-
әр ел халқының түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениеті, діни сенімдері, өмірі, тұрмысы мен кәсібін білуі қажет;
-
тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;
-
ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;
-
өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;
-
ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;
-
ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;
-
ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;
-
тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;
-
ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;
-
өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;
-
ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және оның халық шаруашылығына әсері туралы;
-
ежелгі Қазақстан халықтарының өмірі, шаруашылығы, кәсібі, діни, наным-сенімдері туралы;
-
ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;
-
орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін;
-
орта ғасырлар шеңберінде қазақ елінің тарихында болған маңызды оқиғалар желісін;
-
орта ғасырлардағы Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайының тайпалардың шаруашылық және тұрмыс-салт тіршілігіне тигізер әсерін;
-
қазақ даласында мемлекеттілік ұғымдардың қалыптасуын және оның даму ерекшелігін;
-
орта ғасырларда қазақ жеріндегі қалалар мен қала мәдениетінің даму ерекшеліктерін;
-
орта ғасырлардағы тайпалардың өмірі, тұрмысы, діни-нанымдары мен әлемдік діндердің таралу ерекшеліктерін;
-
орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасын;
-
зерттеу кезеңінің құбылыстарын, үрдістер мен негізгі фактілерді түсінуі;
-
сол кезеңдегі қоғамның белгілі саяси және мемлекет қайраткерлерін, ғылым мен мәдениет өкілдерін;
-
жаңа дәуірдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымдарды;
-
әкімшілік-территориялық құрылыс түрлерін және Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейінгі басқаруды;
-
Қазақстан халықтарының жаңа кезеңдегі салт-дәстүрлерін және мәдени мұраларын;
-
ХХ ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және әкімшілік-территориялық құрылымын;
-
ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің себеп-салдарлық байланысын;
-
ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлерді;
-
Қазақстандағы «әскери коммунизм», ЖЭС, «Кіші Қазан», индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріске сипаттама жасай алуы;
-
Қазақстанда ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси процестер: азамат соғысының негізгі оқиғаларын, «Алаш» ұлттық автономиясын құру, Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құру, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі кезең, тың эпопеясы, «тоқырау» кезеңі және «қайта құру», Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жағдайларын сараптай алуы;
-
кеңес дәуіріндегі қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы дағдарыс құбылыстарын анықтай білуі;
-
Қазақстанның ХХ ғасырда халыққа білім беру, ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы мәдени жетістіктерді, дінді сараптай алуы білуі тиіс.
Сонымен қатар:
-
Отандык тарихтағы негізгі маңызды оқиғалар мен көрнекті қайраткерлер туралы әңгімелеп айтуды;
-
жыл мен ғасыр ара қатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын анықтауды;
-
тарихтағы жыл санауды қолдана білуді;
-
тарихи картадан мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын, аса маңызды оқиға болған жерлерді дұрыс көрсету және оларды суреттеуді;
-
түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына сипаттама беруді;
-
түрлі кезеңдегі оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді өзара салыстыру жөне жалпы айырмашылықтарын анықтай білу;
-
оқыған мәтіннің жоспарын жасауды;
-
тарихтан алған білімін басқа пәндерді оқығанда, күнделікті өмірде қолдану біліуін меңгеруі қажет.
-
ежелгі Қазақстан тарихы пәніндегі аса маңызды оқиғалар мен бұрынғы өткен тарихи тұлғалар туралы әңгімелей білуі;
-
тарихи деректерді талдауды және салыстыруды, тарихи үрдістердің мәнді белгілерін бөліп көрсете алуы;
-
жылдар мен ғасырлардың ара қатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін, себептері мен салдарын баяндай білуі;
-
тарихи картадан тайпалар мен тайпа бірлестіктерінің, мемлекеттердің шекаралары орналасқан аумағын, аса маңызды тарихи оқиға болған жерлерді көрсетуі және оны мазмұндай білуі;
-
ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, киімдерін, баспанасын, сыртқы келбетін сипаттай білуі;
-
тарихты оқу барысында қосымша материалдарды пайдалана білуі;
-
оқыған мәтініне жоспар құра білуі;
-
өзге пәндерден және қосымша материалдардан алған білімді тарихи үрдістер мен оқиғаларға қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында пайдалануды;
-
орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы логикалық бірізділікпен суреттеп әңгімелеуді;
-
тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үрдістің маңызды белгілерін анықтауды;
-
тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;
-
тарихи картадан орта ғасырлық мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын және қазақ даласындағы Шыңғысхан және Әмір Темір жорықтарының барысын, Ұлы Жібек жолының негізгі тораптарын көрсетуді;
-
тарихты оқып үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;
-
орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар туралы қысқаша эсселер мен тарихи шығармалар жазуды;
-
тарих сабағынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды;
-
жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихи даму заңдылықтарын және тарихи оқиғалардың себеп – салдарын ашуды;
-
әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды тауып алуды;
-
тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін сараптауды;
-
өз көзқарасын қорғай білуді;
-
басқа оқушылардың жауаптарын сараптауды;
-
Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалай білуді;
-
тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;
-
жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп – салдарын анықтауды;
-
ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларна баға беруді;
-
әртүрлі дереккөздерінен тарихи ақпараттар алуды;
-
тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және талдауды;
-
Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалауды және сипаттай білуді;
-
тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;
-
өз көзқарасын құрастыруды;
-
өзге де оқушылардың жауаптарын сараптауды меңгерулері тиіс.
«Дүниежүзі тарихы» пәні
І. «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтардың мәдени-тарихи тәжірибелердің мәнін түсінетін, ізгілікті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Оқытудың міндеттері:
-
оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша маңызды оқиғалар мен үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;
-
тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;
-
алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу дағдысын қалыптастыру;
-
оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;
-
дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарау.
ІІ. «Дүниежүзі тарихы» пәнінің базалық мазмұны.
Тарих-халықтардың бұрынғы және қазіргі өмірінің сипаттамасы. Табиғатты зерттеу және адам қоғамын зерттеу. Клио - тарихтың пірі. Тарихтың даму жолы туралы түсініктер. Адамзат тарихы қалай дамып, ілгерілейді. Козғалыстың бейнелері: сызықтар, шеңберлер, спиральдар. Отан тарихы-дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі. Тарихи білімнің дерек көздері. Тарихи кеңістік туралы түсінік. Топонимика. Мекендер, өзен-көлдердің атаулары. Адамзат тарихының бастауы. Алғашқы қауым адамдары, олардың іс-әрекеттері мен еңбек құралдары. Тұрғын жайлары, тамағы, киімі және өнері. Үндістан түбегі. Үнді аңғарындағы ежелгі қалалар. Арий басқыншылары. «Ведалар». Касталар. Бабыр. Ұлы Монғол империясы. Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай өркениеті. Конфуций. Ұлы Қытай қорғаны. Скифтер. Еуразия көшпенділері. Шаруашылығы мен мәдениеті. Салт-дәстүрлері. Түркі әлемі. Әлемдік діндер. Славяндар және Киев Русі. Шығыс, батыс және оңтүстік славяндар. Киев. Славян мемлекеті.Алғашқы саяхатшылар. Теңізші Генрих. Африканы айналып өтетін жол. Жер шарын айналған саяхат. Американың жергілікті халқы. Америкадағы ежелгі адамдардың өмірі. Майя. Ацтектер. Инктер. Американың ашылуы. Үнді тайпалары. Жергілікті американдықтар мен еуропалықтар арасындағы соғыстар. Африка халықтарының мәдениеті. Африкадағы ежелгі адамдар. Африка тайпалары. Зулустар. Африкаға еуропалықтардың келуі. Жұмбақ Жапония. Күн құдайының ұрпақтары туралы аңыздар. Жатжерліктердің шапқыншылығы.
Қайта өрлеу дәуірі. Шығыс мәдениеті. Араб тілді әлемнің ғалымдары. Ибн Сина. Әл-Фараби. Батыстағы Қайта өрлеу. Леонардо да Винчи.
Ағарту. Энциклопедистер. «Адам өмірге азат болып келеді». Жан Жак Руссо. Вольтер. Парламент, азаматтық құқықтар, сайлау. Әлемдегі ең ежелгі парламент. Адам құқықтары. Сайлау. Империялар. Ресей. Осман империясы. Аустро-Венгрия. Империялардың ыдырауы.
КРСО. КСРО құрылуы. Коммунизм туралы армандар. КСРО-ның ыдырауы. Фашизм және Екінші дүниежүзілік соғыс. Фашизм. Концлагерь. Екінші дүниежүзілік соғыс.
Әлем және БҰҰ. Халықтардың өзара ынтымақтастығы. Бейбітшілікті сақтау мүмкіндігі БҰҰ. Жаңа заман дәуіріндегі әлем тарихы. ХVІІ ғасыр -ХХ ғасырдың басы.
ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі тарихындағы негізгі оқиғалар. индустриялық өркениет дәуіріндегі мануфактура кезеңі. ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдағы Англияда парламенттік монархия мен капитализмнің орнығуы.
Солтүстік Америкалық колониялардың тәуелсіздік жолындағы соғысы және АҚШ-тың құрылуы. ХVІІІ ғасырдағы Ресей.
ХVІІІ ғасырдағы Франция: классикалық абсолютизмнен Ұлы Революцияға дейінгі дәуір.
Наполеон соғыстары кезеңіндегі Еуропа. 1812 жылдағы орыс халқының Отан соғысы. Декабристер. Латын Америкасындағы отарлық езгіге қарсы революциялар. ХVІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың бірінші ширегі. ХІХ ғасыр - ХХ ғасыр басындағы әлем.
Дүниежүзі ХХ ғ. басында. 1918-1945 жж Еуропа және Америка елдері.
1918-1945 жж. Азия және Африка елдері. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы. Халықаралық қатынастар. Екінші дүниежүзілік соғыс.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
-
әртүрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын жөне шежірелерін;
-
әлемдік діндер тарихынан қарапайым мәліметтерді;
-
қоғамның адами құндылықтарықтарына, өз Отанының тарихы мен дәстүрлеріне, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін сезінуі;
-
өз халқының тарихы мен мәдениетінің дүние жүзі тарихына, адамзат тарихына қатыстылығын.
-
әртүрлі континенттерде болған өркениеттер мен мәдениеттер туралы;
-
тарихи зерттеулердің негізгі әдістерін, тарих ғылымының қарапайым лексикасын;
-
заттай, ауызша, жазба және басқа да тарихи деректер, тарихи уақыт және тарихи кеңістік, тарихи даму туралы;
-
азаматтық-қоғамдық және әлеуметтік-қызметтік саладағы іс-әрекеттің негізгі қағидалары туралы;
-
жанұялық қатынастардың негізгі қағидалары туралы, адамның, қоғамның және мемлекеттің өзара қатынастарынын негізгі қағидалары туралы;
-
қоршаған ортаға (коғамға) эмоционалдық-құндылықтық қатынастық тәжірибесін білуі/түсінуі қажет;
-
халықтар мен континенттердің тарихи даму заңдылықтарының капиталистік өркениет жолында, белгілі кезеңдер мен дәуірлерден өтетінін саналы түрде түсіне білуі;
-
капиталистік өркениеттің, бостандық пен үздіксіз прогресс идеяларына негізделген әлеумет пен қоғам формасының алғашқы мәні екендігін түсінуі;
-
капитализмнің дамуы мен қоғам дамуында туындайтын терминдер мен ұғымдарды игеруі. «Материалдық өндіріс», «экономикалық қатынастар», «капиталистік»,«саяси құрылыс», «өкілетті мекемелер», «билік тармақтары», «конституция» және «заңдылық» ұғымдарының мағынасы туралы нақты түсініктерді меңгеруі;
-
өнеркәсіптік дамудың мануфактурадан ірі өнеркәсіпке көшу кезеңдерін білуі;
-
революциялық және эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін және баламалы өзгерістер болу мүмкіндіктерін түсінуі;
-
Азия және Африка елдерінің өндірістік даму ерекшеліктерін, ол елдердегі дәстүрлі қоғамдардың құрылымдық айырмашылықтарын түсініп үйренуі;
-
оқу барысында оқушылар әлем халықтарының жаңа замандағы ғылыми-техникалық және мәдени жетістіктерімен танысуы және олардың ортақ белгілері мен ерекшеліктерін айыра білуі;
-
оқушылар ауыспалы кезеңдердің белгілерін және сол дәуірлердегі ұлы мемлекеттік және қоғамдық тұлғалардың рөлі мен орны туралы білуі, жеке тұлға мен халық бұқарасының тарихтағы орнын айыра;
-
дүниежүзі елдерінің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалары мен құбылыстарын;
-
маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін;
-
ХХ ғ. бірінші жартысындағы әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді;
-
ХХ ғ. бірінші жартысындағы азаттық, әлеуметтік және ұлттық қозғалыстардың сипатын;
-
ХХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген саяси режимдердің мәнді белгілерін;
-
жеке фактілер мен жалпы құбылыстардың арақатынасын;
-
тарихи процестер мен құбылыстардың пайда болу және дамуының бірізділігін, тарихи оқиғалардың себептік- салдарлық байланыстарын білуі тиіс.
Сонымен қатар:
-
шетелдердің ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және экономикалық дамуына сипаттама беруде тарихи картаның мәліметтерін пайдалануды;
-
қажетті ақпаратты деректерден іздей білуді;
-
тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелерін талдауда қолдануды;
-
ХХ ғ. бірінші жартысында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде әсер еткен саяси және қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға баға беруді;
-
шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғаларының бірізділігін анықтауды;
-
тарихи құбылыстарға тән белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен фактілерді салыстыру және жіктеуді;
-
ХХ ғ. бірінші жартысындағы шетелдердің тарихындағы оқиғалар, құбылыстар және процестерге жазбаша сипаттама жасауды, өзекті мәселелер бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды
-
мәтінді жеке бөлімдерге бөлу, жоспар кұру, оған сұрақтар қою;
-
материалды ауызша айтумен қатар картадан көрсету;
-
оқулықтың мәтінін және деректерден үзінділерді пайдалана отырып, өзіндік көзқарасын баяндайтын қысқаша шығарма жазу;
-
тарихи деректермен, картографиялық және хронологиялық материалдармен элементарлық деңгейде жұмыс жасау;
-
әр түрлі мәдениетті, әр түрлі этностарды, әртүрлі діндерді бейнелейтін қоғамда қарапайым қатынас жасау;
-
өзінің мінез-құлқын кәдуілгі және ерекше жағдайларға бейімдеп отыру білімін меңгеруі қажет;
-
жаңа замандағы тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін әңгімелеп айтуды;
-
тарихи оқиғалар туралы өз көзқарасын дәлелді көркем тілмен жеткізіп айта білуді;
-
тарихи тұлғаларға, оқиғаларға, үрдістерге салыстырмалы сипаттама беруді;
-
тақырыптық синхрондық кестелерді жасай алу, оқиғалар мен фактілерді, құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра алуды;
-
карталармен және картографиялық, хронологиялық материалдарды қолдана алуды;
-
тарихи құжаттармен, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу біліктіліктерін меңгеруі тиіс.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәні
І. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Оқыту мақсаты – оқушыларға адам, қоғам, құқық бойынша негізгі білім беру; түрлі өмірлік жағдайларда қолданатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгерген, өзіндік азаматтық көзқарасы мен ұстанымы бар, елін, ұлтын құрметтейтін, өз Отанын шын сүйетін азамат болып қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Оқыту міндеттері:
-
білімнің сапалы меңгерілуін, оқушылардың оларды өмір тәжірибесінде қолдана білуін және танымдық әрекеттерде басшылыққа ала білуін қамтамасыз ету;
-
оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен үдерістер арасында дұрыс бағыт-бағдар жасай алатын, өзіне лайықты кәсіп түрін таңдап, еркін еңбек ете білетін, әлеуметтік белсенді қоғам азаматы болып шығуына көмектесу;
-
құқықтық сауаттылықты меңгеру, әділетті, заңды, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін қасиеттерді дарыту арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу;
-
толерантты болуға, түрлі халықтар мәдениетін қабылдауға; Отанымыздың мәдениеті мен дәстүрі жайлы ұғымын кеңейту және мәдени құндылықтарға, өзі тұратын елдің тіліне деген құрметтеуге тәрбиелеу;
-
оқушыларды құқықтың жетекші салаларының: конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасы, еңбек және қылмыстық негізімен таныстыру, түрлі өмір жағдайында құқық негіздерін қолдана білуді, үнемі өзін-өзі дамыту мен өздігінен білім алуды қалыптастыру;
-
ынтымақтастық және ұжымдық құндылықтар арасындағы байланысты дамыту, дау-жанжалдарды шешуде бейбіт реттеу тәсілдерін меңгеруді қалыптастыру.
ІІ. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің базалық мазмұны:
Адам және оның сипаты. Қоғам туралы түсінік. Қоғамның әлеуметтік нормалары. Адам және экономика. Қоғамның әлеуметтік аясы Қоғамның саяси өмірі. Қоғамның мәдени аясы. Мемлекет және құқық. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Құқық бұзушылық туралы түсінік. Адамдар және жүздесу.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Оқушылар:
-
жалпы таным, дүниетаным, адамдар арасындағы сақталатын тәртіп нормалары, әдеп, тұлға, жеке адам, даралық терминдерін;
-
адамдар бойындағы табиғи және әлеуметтік қалыптарына, мүмкіндіктеріне, адамның психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беруді;
-
адамның топтардағы орны, адамның бақыты, өмірінің мақсаты мен өмірлік құндылықтарын талдап түсіндіруді;
-
адамның интеллектілік және тәндік мүмкіншіліктерін бағалауды;
-
қоғамның әлеуметтік нормалары, мораль түсінігі, оның сипаты, моральдің маңызы, мораль санаттары, оның құқықпен ұқсастығы және айырмасы, моральдің қоғамдағы әрекет ететін аялары ұғымдарын;
-
құқықтық нормалар, құқықтың қоғамдағы орнын, құқық тарихын, құқық және заңның арақатынасын, құқықтық жүйе түсініктерін салыстыру, талдап түсіндіру мен оны бағалауды;
-
экономика, техника және технология, сұраныс, ресурстар, таңдау, тауар, ақша, құн, баға, ұлттық валюта, монополия, жекешелендіру терминдерін;
-
экономиканың негізгі мәселелері, нарықтық экономика, меншік түрлері, тұтыным мен сатушы, бизнес және коммерциялық ұғымдарының негізгі санаттарын;
-
сыртқы критерийлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын, Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық реформаларын, мемлекеттің басты экономикалық саясатындағы дұрыс жақтарын таңдай;
-
әлеуметтік, әлеуметтену, балалық шақ, ересектік шақ, жастық шақ, кәрілік т.б терминдерін;
-
әлеуметтік бақылау, әлеуметтік нормалар, әлеуметтік санкциялар, девианттық, қоғамдағы адамдардың ұстанатын мінез-құлық ережелерінің тәртіптерін;
-
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымына, әлеуметтік дәрежесін мәніне, оның түрлеріне сипаттама беруді;
-
сайлауға қатысу шарттары, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қоғамдағы саяси өмірге қатысын, қоғамдық ұйымдардың саяси партиялардан айырмашылығын, олардың қызметі мен атқаратын міндеттерін салыстыруды;
-
мәдениеттілік, мәдени идеал, жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші, мәдениет жетістіктерін, білімді меңгеру, өздігінен білім алудың маңызы, рухани даму үрдісіндегі діннің рөлін бағалай алуды;
-
Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы орны, өркениетті елдерде қабылданған негізгі құқықтық құндылықтар, ұлттық және халықаралық құқық арасындағы байланыстардың негізгі ұстанымдарын;
-
Қазақстан Республикасының Президенті, оның өкілеттігі мен құқықтық құзыреті, Президенттің атқаратын міндеттері, Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық құзыреті, Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары, Парламент депутаты, Сенат пен Мәжіліс түсініктерін талдау;
-
Қазақстан Республикасының Үкіметі және оның қызметтері; Үкімет – атқарушы билік органы; сот және соттар төрелігі, ҚР сот жүйесі; ҚР Конституциялық кеңесі деген түсініктерін талдап түсіндіруді;
-
азаматтық құқық бұзушылық пен жауаптылық, әкімшілік құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық, қылмыстық құқықбұзушылық және ол үшін жауаптылыққа сипаттама беруді;
-
әлеуметтік-психологиялық бейімделу, қала мен ауыл әдебі, бейімделе алмау дерті, әлеуметтік-психологиялық құзіреттілікті;
-
тұлғаралық қатынастар, тұлғаралық қақтығыстар, олардың құрылымы және оны шешу жолдарын бағалау алуды білуі/ меңгеруі тиіс.
4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
«Жаратылыстану» және «География» пәндері
І. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің мақсаты мен міндеттері.
Оқытудың мақсаты: оқушыларға жаратылыстану ғылым туралы білімді, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы түсінік пен көзқарасты дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді сананы дамыту.
Оқытудың міндеттері:
-
табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарасты. қалыптастыру;
-
табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;
-
оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру.
ІІ. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің базалық мазмұны.
География – табиғат, халық және оның шаруашылығы туралы ғылым.
Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері. Жергілікті жердің планы. Масштаб, абсолют және салыстырма биіктіктер. Глобус және карта. Жер қабықтары: жердің сыртқы құрылысы. Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера. Географиялық қабық – жердің ерекше кешенді қабығы.Зоналылық. Жылу белдеулер. Климаттық белдеулер. Азоналылық (секторлық, биіктік, белдеулік).
Материктер мен мұхиттар географиясы қарастыратын нысандар.
Жалпы географиялық заңдылықтар: литосфера және Жер бедері. Атмосфера және климат. Жердің даму тарихының жалпы географиялық заңдылықтары.
Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі. Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Еуразия. Физикалық-географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климаты. Ішкі сулары. Табиғат зоналары. Халқы.
Планетадағы уақыт есебі және даталардың алмасу сызығы. Қазақстан Республикасының дүниежүзі және Еуразия картасындағы географиялық орны. Қазақстанның шекаралары.
Қазақстан Республикасы табиғатын зерттеу тарихы. Қазақстан табиғаты. Жер бедері. Геологиялық жыл санау. Негізгі тектоникалық құрылымдар және олардың жер бедеріндегі көрінісі. Пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтары.
Климат құрушы факторлар: географиялық орын және күн радиациясы, жер жамылғысы, атмосфера циркуляциясы. Ішкі сулары. Қазақстанның өзендері. Қазақстан көлдері. Жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары. Топырақтың пайда болуы. Топырақтың негізгі типтері, олардың Қазақстан территориясы бойынша таралуы.
Табиғат зоналары. Ендік зоналары мен биіктік белдеулердің көрінісі. Қазақстанның ірі табиғи-аумақ кешендері. Жазықтар. Аласа таулы аудандар. Биік таулы аудандар. Қорғалатын аумақтар.
Геосаясат және Қазақстанның геосаяси орны. Табиғат ресурстары. Қазақстанның халқы. Елді мекендердің типтері, кенттену процесі. Еңбек ресурстары.
Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама. Өндірістің мамандануы, шоғырлануы, кооперативтендіруі, құрамдастырылуы. Ауыр өнеркәсіп және құрылыс материалдар өндірісі. Отын – энергетикалық кешен. Электр энергетикасы. Металлургия кешені. Машина жасау кешені. Химия өнеркәсібі. Құрылыс материалдар өндірісі және ағаш өңдеу өнеркәсібі. АӨК құрамы және маңызы. Қазақстанның жер қоры. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу салалары. Халық кәсіпшілігі. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Инфрақұрылым, көлік кешені.
Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру. Орталық Қазақстан. Шығыс Қазақстан. Батыс Қазақстан. Солтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзіне жалпы шолу. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүниежүзінің халқы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары, жалпы сипаттама, минералдық, агроклиматтық, жер, су, биологиялық ресурстар.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.
Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сипаттамасы және орналасу географиясы. Отын-энергетика кешені. Электр энергетикасы. Машина жасау кешені. Дүниежүзінің химия және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Дүниежүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өсімдік, мал, балық шаруашылығы. Көлік және инфрақұрылым. Халықаралық экономикалық байланыстар.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері. Азия елдері.
Үндістан, Сингапур, Корей Республикасы, Жапония және Қытай. Еуропа елдері. Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия. Солтүстік Америка елдері. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) аймағы елдері және Канада. Латын Америкасы. Африка. Оңтүстік-Африка Республикасының (ОАР). Аустралия және Мұхиттық аралдар. Жаңа Зеландия.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Энергетикалық, шикізаттық, демографиялық, азық-түлік, экологиялық, Дүниежүзілік мұхит проблемалары және ғарышты игеру.
ІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
-
Жердің Күн жүйесіндегі орнын; пішіні мен мөлшерін;
-
глобустағы және географиялық картадағы градус торын;
-
экватор, меридиандар, параллельдер және географиялық координаталарды;
-
ірі, орта, ұсақ масштабты карталарды, олардың шартты белгілерін;
-
тауларды, жанартауларды, жазықтарды, ойпаттарды, мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, аралдарды, түбектерді, ағыстарды, өзендерді, көлдерді, мұз басу аймақтарын, сарқырамаларды,
-
жер халқының санын, ірі халықтарды;
-
негізгі нәсілдерді, негізгі үш нәсіл өкілдерінің сыртқы белгілерін атауы және көрсетуі тиіс.
-
жергілікті жерде күннің көкжиектен биіктігін; жергілікті жерде көкжиек тұстарын; бағыттарды, қашықтықтарды;
-
жер бетінің планы және географиялық карта бойынша картографиялық нысандарды, бағыттарды, қашықтықтарды, нүктелердің биіктігін, карта және глобус бойынша географиялық координаталарды;
-
туған өлкенің географиялық орнын және табиғатының ерекшеліктерін анықтауды және өлшеуді білуі тиіс.
-
Жердің пішіні мен мөлшері жайлы алғашқы түсініктерді;
-
климатқа байланысты қауіпті табиғи құбылыстарды, климаттың адам өмірі мен тұрмысына әсерін;
-
«Жер планетасы» ұғымының мәнін; жергілікті жердің планын жасау тәсілдерін;
-
картаның градус торын және глобуспен салыстырғанда картаның өлшеу мүмкіндіктерін; климат түзуші факторларды; мұхит суының қасиеттерін, қозғалысын және оның себептерін;
-
геологиялық жыл санауды; ірі литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын; платформалар мен қатпарлы аймақтарды; ірі сейсмикалық және жанартаулы белдеулерді;
-
құрлық және мұхит түбі жер бедерінің ірі формаларын; климат құрушы факторларды; ішкі сулар және олардың негізгі түрлерін; табиғат зоналарын;
-
материктер халқының ерекшеліктерін атап және көрсете білуі тиіс;
-
Қазақстанның географиялық орны мен жер көлемінің ел табиғатына әсері;
-
Қазақстан Республикасында қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғат ескерткіштерін ұйымдастыру қажеттігі; экологиялық проблемалардың себептері;
-
Қазақстанның аумағы, республика орналасқан дүние бөліктері, шекаралары;
-
климат құрушы факторларды; ішкі суларын; табиғат зоналарын, таулардағы биіктік белдеулерді;
-
елдің физикалық-экономикалық-географиялық жағдайы және оның Қазақстан экономикасының дамуына әсерін; Қазақстаннның саяси-әкімшілік картасын;
-
халықтың санын, халықтың табиғи өсімін, Қазақстан халқы санының өзгерісіне әсер ететін факторларды;
-
экономикалық аудандардың экономикалық-географиялық салыстырмалы сипаттамалары жайлы;
-
дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері, елдің саяси және геосаяси жағдайы; дүние жүзі елдерінің басқару түрлері, әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы;
-
елдердің типологиясы; дүниежүзі халқы: қозғалыс динамикасы; ұдайы өсуі, аумақ бойынша орналасуы, құрылымы туралы;
-
дүниежүзі табиғат ресурстарының түрлері;
-
дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы;
-
ҒТР түсінігі және оның құрамдас бөліктері, ерекшеліктері;
-
дүниежүзілік шаруашылықтың салалары және орналасу географиясы;
-
дүниежүзінің жекелеген елдерінің және дүние жүзі аймақтарының экономикалық-географиялық сипаттамасы;
-
Қазақстанның қазіргі дүниежүзіндегі рөлі, орны және маңызы жайлы түсінігі болу керек;
-
дүниежүзі аймақтары мен елдерінің географиялық және геосаяси жағдайын;
-
басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысы алуан түрлі елдерді;
-
халық санының ұдайы өсу типтерін; дүниежүзінің және аса ірі елдер халқының саны, олардың өзгеру үрдістерін; елдердің даму деңгейі бойынша типологиясын;
-
географиялық еңбек бөлінісін; халықаралық ынтымақтастықтарды;
-
өндірістің жекелеген салаларының орналастырылу факторларын;
-
аймақтар бойынша жекелеген елдердің сипаттамасын білуі тиіс.
«Физика» пәні
І «Физика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын, физикадан игерген білімдері негізінде олардың практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.
Пәнді оқыту міндеттері:
-
оқушылардың қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы;
-
оқу пәні және ғылыми таным әдістері арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабiлеттерiн, игерген білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алу дағдыларын дамытуға ықпал ету жатады.
ІІ. «Физика» пәнінің базалық мазмұны.
Табиғатты танып-білудің ғылыми әдісі. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика құбылысы. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, тәжірибе. Физикалық шама. Физикалық шамаларды өлшеу. Қателікті анықтау.
Механика. Механикалық қозғалыс. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдық. Үдеу. Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс. Денелердің еркін түсуі.
Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру мен жылдамдық. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен қозғалысы.
Инерция. Денелердің әрекеттесуі. Масса. Заттың тығыздығы. Күш. Күштерді қосу. Ауырлық күші. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс күші. Ньютон заңдары. Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалысы. Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.
Қысым. Паскаль заңы. Гидравликалық пресс. Қатынас ыдыстар. Манометрлер. Атмосфералық қысым. Сорғылар. Барометрлер. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Ауада ұшу.
Механикалық жұмыс. Қуат. Механикалық энергия (потенциялық және кинетикалық). Механикалық энергияның сақталу заңы.
Тепе-теңдiк шарттары. Жай механизмдер. Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.
Дене импульсі. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс.
Достарыңызбен бөлісу: |