Идеал сұйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Сұйықтағы дененің қозғалысы. Ұшақ қанатының көтеруші күші.
Механикалық тербеліс және оның сипаттамалары. Математикалық маятник. Серіппедегі жүктің тербелісі. Резонанс.
Көлденең және қума толқындар. Толқынның сипаттамалары. Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы, үннің биіктігі. Дыбыстың қаттылығы, тон биіктігі. Жаңғырық.
Молекулалық физика. Жылу құбылыстары. Заттың құрылысы. Атомдар және молекулалар. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Температура. Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілі.
Iшкi энергия және оны өзгерту тәсiлдерi. Жұмыс және жылу берілу. Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.
Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю. Булану және конденсация. Қайнау. Жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы.
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы.
Қатты денелер мен материалдардың механикалық қасиеттері. Жылу қозғалтқыштары. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.
Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтардың өзара әрекеттесуi. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрiсi. Электр өрісінің элекрт зарядына әсері. Электр өрiсiндегі өткізгіштер және диэлектриктер.
Тұрақты электр тогы. Ток көздері. Ток күшi. Кернеу. Электр кедергiсi.. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Джоуль-Ленц заңы. Шала өткізгіштер. Конденсаторлар. Конденсаторларды қосу.
Магниттік өзара әрекеттесу. Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Эрстед тәжірибесі. Токтың магнит өрісі. Электромагнит. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электроқозғалтқыш. Электромагниттiк индукция. Фарадей тәжірибелері. Трансформатор. Электр энергиясының алыс қашықтыққа жеткізілуі.
Электромагниттiк тербелістер. Электромагниттiк өріс. Электромагниттiк толқындар. Радиотелефон және теледидар байланыс принципі.
Жарық – электромагниттік толқын. Жарықтың шағылу және сыну заңы. Жазық айна. Линзалар. Оптикалық аспаптар. Жарықтың дисперсиясы. Электромагниттi сәулелердің түрі және оның тірі ағзаға әсері.
Радиактивтік. Радиактивті ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактор. Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары. Термоядролық реакциялар. Радиактивті сәулеленуден қорғану. Адамзаттың энергетикалық проблемалары. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті және оның болашағы.
Кванттық физиканың элементтерi. Квант туралы түсініктің дамуы. Планк гипотезасы. Фотоэффект. Столетов тәжірибелері. Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы. Фотоэффектіні техникада пайдалану. Фотондар. Рентген сәулелері. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.
Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер. Ядроның байланыс энергиясы. Радиактивтiк. Радиактивтi ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиоактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлiнуi. Тiзбектi ядролық реакциялар. Атаом энергиясы. Ядролық реактор. Радиоактивтi сәулелерден қорғану.
Жасанды радиоактивтiк. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар. Адамзаттың энергетикалық мәселелерi.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
-
фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, түсініктер, заңдар, теориялық қорытындылар - ғылыми білім санатын білуі қажет;
-
бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру - ғылыми таным әдістерін білуі қажет;
-
физикалық құбылыстар, физикалық заң, заттар, материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, лездік жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тогы: токтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, ток көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі – ұғымдарын білуі қажет;
-
жол, жылдамдық, масса, тығыздық, үдеу, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық ара қашықтығы, тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі, толқын ұзындығы – шамаларды білуі қажет;
-
Паскаль, Архимед, Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және импульстің сақталу, молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз, радиоактивті ыдырауды - заңдарын білуі қажет.
-
табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалауда пайдалана алуы;
-
физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында, өмірде қолданыстарын білуі;
-
бірқалыпты түзусызықты қозғалыс, сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі. физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы - физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру;
-
кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;
-
Ньютонның динамика заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдарын қолдану негізінде әр түрлі механикалық қозғалыстар, денелердің өзара әрекеттесуі;
-
атомдардың энергия шығаруы және жұтуы; жылулық сәулелену және Планктың кванттық гипотезасы, фотоэффект, кванттың энергиясы, рентген сәулелері;
-
ядролық реактордың әрекет ету принципі, тіршілік иелеріне иондаушы сәулелердің әсері; ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар; ядролық физика саласындағы отандық және шетел ғалымдарының жетістіктері;
-
элементар бөлшектер, нанотехнологиялар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді.
-
ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым; температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогы; ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш - физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану;
-
суыған дене температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі зат температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына, шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі; уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі, серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі, үйкеліс күшінің нормал қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі, жүктің тербеліс периодының серіппеге ілінген жүктің массасына және серіппенің қатаңдығына тәуелділігін өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсете білуі тиіс.
«Биология» пәні
І. «Биология» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Пәнді оқытудың мақсаты:
-
өсімдіктер әлемінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;
-
эволюциялық теорияның негіздері туралы пікір қалыптастыру;
-
өсімдіктердің табиғаттағы рөлін, өсімдіктер дүниесінің табиғаттағы және адам өміріндегі өзіндік ерекшелігін және жалпы алғанда тіршіліктің аса мәнділігі туралы білімнің құндылығын ұғыну;
-
нәтижелі практикалық әрекет ету мүмкіндігіне қол жеткізу;
-
оқушыларда тірі организмдердің жасушалық құрылысы туралы, сонымен қатар организм мен биоценозды тіршілік құрылымының ерекше формалары ретінде және Жер табиғатындағы биологиялық әртүрлілік тұрақты дамудың бейнесіі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-
оқушыларда органикалық дүниені оқып-білуге танымдық қызығушылықты дамыту;
-
тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;
-
оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;
-
оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру,
-
оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;
-
тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;
-
оқушыларда география, химия, физика, математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып-меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;
-
оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру.
ІІ. «Биология» пәнінің базалық мазмұны.
Ботаника. Өсімдіктер: жасушалық құрылысы. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіндегі негізгі процестер. Табиғи бірлестіктер. Жер бетіндегі алуан түрлі өсімдіктердің даму тарихы. вирустар патшалығы. бактериялар патшалығы. саңырауқұлақтар патшалығы. қыналар - ерекше симбиотикалық ағзалар.
Зоология. Жануарларды жіктеу. «қарапайымдылар немесе біржасушалылар» патшалығы тармағы. Жер бетіндегі жануарлар әлемінің дамуы. табиғи бірлестіктер.
Адам: анатомия, физиология және гигиена. Адам организміне жалпы шолу. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі, жүйке жүйесі, сезім мүшелері – анализаторлар. Тірек-қимыл жүйесі. Қан және қан айналым. Тыныс алу. Ас қорыту. Зат алмасу және энергия айналымы.
Зәр шығару. Тері және жылу реттелу. Организмнің жеке дамуы. Мінез-құлық және психика. Жасуша және ағзаның жеке дамуы.
Жасушаның құрылысы мен қызметі, химиялық құрамы. Зат және энергия алмасу. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуы. Ағзалардың көбеюі және дамуы. Генетика және селекция негіздері. Тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтары. Адам генетикасы. Микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлардың селекциясы.
Эволюциялық ілім. Дарвин кезеңіне дейінгі биологияның дамуы. Чарльз Дарвиннің теориясы. Жер бетінде тіршіліктің дамуы. Тірі ағзаның қоршаған ортамен байланысы. Экология негіздері. Биосфера – жердің ғаламдық экожүйесі. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мен табиғатты тиімді пайдалану.
ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
-
тірі ағзалардың жалпы белгілерін; өсімдік жасушаларының, өсімдік ағзаларының құрылысын; көп тараған өсімдіктердің түрлерін; өсімдіктер бірлестігіне адамның іс-әрекетінің әсерін білуі тиіс
-
өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметіне; бөлінуіне; тыныс алуға, қозғалуына; көбеюіне, өсуіне және дамуына; өсімдіктердің тіршілік ету ортасына; бірлестіктегі тіршілікке өсімдіктердің бейімделуіне; адамның табиғи бірлестіктердегі рөліне; өсімдіктердің алуантүрлілігін, табиғи бірлестіктерді қорғаудағы және биосферадағы тепе-теңдікті сақтаудағы рөліне сипаттама бере білуі керек;
-
өсімдіктер өсіру, қорғау шараларын белгілеуге; өсімдіктер тіршілігінің маусымдық өзгерістеріне; тәжірибе қорытындыларына бақылау жүргізуге қорытынды жасай білуі тиіс;
-
микропрепараттар дайындап, оларды микроскоп арқылы көру; өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді, адамның іс-әрекетінің әсерінен тіршілік ортасының әсерін бақылау; өсімдіктердің тіршілік әрекетін зерттеуге қарапайым тәжірибелер жүргізу; ағзаларға, түрлерге, табиғи бірлестіктерге ұқыптылықпен қарау; табиғаттағы мінез-құлық ережелерін сақтай білуі керек.
-
бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, өсімдіктер ағзаларын; өзіңнің тұрғылықты жеріндегі ең көп таралған өсімдіктерді, әртүрлі тұқымдастар, класс, бөлім өсімдіктерін; жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды ажырата білулері тиіс;
-
прокариотты және эукариотты, автотрофты және гетеротрофты ағзаларды; тұқымдастарды, кластарды, жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктерді; тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білулері керек;
-
тірі табиғаттың шығу тегінің бір екендігі; органикалық дүниенің туыстығы мен біртұтастығы; өсімдік және жануарлар әлемінің эволюция барысында күрделенуі туралы қорытынды жасай алулары тиіс;
-
тірі организмдердің жалпы белгілерін; жануарлардың негізгі жүйелік топтарын, түр белгілерін, тірі табиғат Патшалықтарын, Типтерін, Отрядтарын, Кластарын, Тұқымдастарын; жануарлар эволюциясы процестерін атай білуі тиіс;
-
зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдануды; денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін тыңғылықты орындауды біледі;
-
зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын;
-
жасушалар мен ұлпалардың құрылысы мен қызметін; жасушалардың бөлінуін; адам организмінің құрылысы мен тіршілік әрекеттерін; зат алмасу және энергия айналымын; организмде ферменттер мен витаминдердің рөлін; тамақтанудың ерекшеліктерін; тыныс алуды, заттар қозғалысын, тіршілік әрекеттерінің соңғы өнімдерін шығаруды; иммунитет және оның адам өміріндегі маңызын; ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) алдын алуды; адамның жай-күйіне және қасиеттеріне әсер ететін экологиялық факторларды сипаттайды.
«Химия» пәні
І. «Химия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Пәнді оқытудың мақсаттары:
-
қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру;
-
талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту;
-
өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Пәнді оқыту міндеттері:
-
әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
-
заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
-
химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
-
заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
-
заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
-
адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
-
көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
-
өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
-
мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
-
негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
ІІ. «Химия» пәнінің базалық мазмұны.
Бастапқы химиялық ұғымдар, заңдар, теориялар. Заттар, қоспалар және олардың тазарту әдістері, қасиеттері. Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар. Химиялық теңдеулер. Молекулалар мен атомдар. Химиялық элементтер, сипаттамасы, топшалары. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесі. Атом құрылысы. Салыстырмалы атомдық салыстырмалы молекулалық, мольдік массалар. Химиялық формулалар. Атом-молекулалық ілім. Зат мөлшері. Авогадро саны. Катализатор. Металдар, бейметалдар – химиялық элемент, олардың атом құрылысы ерекшеліктері және химиялық жай заттар сипаттамасы. Оттек. Жану. Сутек. Су. Ерітінді. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Оксидтер, қышқылдар негіздер, тұздар: атаулары, құрамы, жіктелуі, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, алу жолдары. Химиялық байланыс. Зат құрылысы. Электролиттік диссоциациялану механизмі. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Тұздар гидролизі. Қазақстандағы метал және бейметал, олардың қосылыстарының табиғи қорлары. Қоршаған ортаның қосылыстарымен ластануы және онымен күрес. Қазақстанда химиялық заттарды өндіру. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Минералды тыңайтқыштар. Құймалар. Металдар мен құймаларды қазіргі техникада пайдалану. Металдардың коррозиясы және оны алдын алу шаралары бойынша жалпы түсініктер. Қазақстандағы металл кен орындары. Металлургия туралы түсінік. Қазақстан металлургиясының дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |