126 ҚазҰУ хабаршысы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата28.03.2023
өлшемі0.84 Mb.
#471287
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
1269-1-2447-1-10-20151014

 
С. М. Иманқұлова 
 
ШАҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ 
 
Шақ категориясы етістіктің ең басты, негізгі 
категорияларының бірі болып саналады. Айна-
ладағы қимыл-әрекеттердің барлығы да белгілі 
бір мезгілге қатысты жүзеге асырылады. Етіс-
тікті мезгіл ұғымына қатыстырмай, байланыс-
тырмай жеке сөз табы деп санауға да, анықтауға 
да болмайды. Шақ етістікті басқа сөз таптары-
нан ажыратып, ерекшелендіріп тұрады. Ол со-
нымен қатар тұлғалардың молдығымен де, күр-
делігімен де ерекшеленеді. 
Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде, 
одан бұрын немесе кейін өтуіне байланысты осы 
шақ, өткен шақ, келер шақ түрі барлық ғалым-
дарда бірдей анықталғанымен, оның түрін, 
көрсеткіштерін тануда зерттеуші ғалымдар ара-
сында пікірталастар туындайды.
Шақтың өзіне тән тұлғалары мен атқаратын 
қызметтері адамның сөйлеу кезінде айқын-
далады. Табиғи заңдылық бойынша, қимыл-әре-
кет сөйлеп тұрғанға дейін немесе сөйлеп тұрған 
кезде не сөйлеп болғаннан кейін болатыны 
анық. Бірақ сол кездегі амалдардың қай шақта 
орындалғандығын ажырату біршама қиындық-
тар тудырады. Оның себебі, біріншіден, шақ-
тардың өзара жігі жымдасып жатқанында болса, 
екінші жағынан шақ пен рай категориясының 
мазмұны мен формасының ажыратылмағанды-
ғында жатса керек. Мысалы, барар еді, бара-
тын еді, бармақ еді, барған еді, барып еді, барар
 
 
ма еді, жығылып қала жаздап еді, айтқысы 
келіп отыр екен және т.б.құрылымдарды бір 
шаққа немесе бірнеше шаққа қатыстыру қиын-
дық тудыратыны рас. 
Айтушы немесе сөйлеуші не нәрсені сөз 
етсе де, өзінің ойын, көзқарасын мезгілмен бай-
ланыстыра айтады. Сондықтан рай мен шақ 
ұғымдары бір-бірімен байланысты болып келеді. 
А. Ысқақовша айтқанда, «Шақ категориясы рай 
категориясына қарағанда, әлдеқайда кең кате-
гория. Өйткені адам сөйлегенде, қашан да бол-
сын, тек амал-әрекеттің тек жалаң өзін ғана 
емес, оның мезгілі мен орнын да дәйім ойда (кө-
ңілде) ұстаумен қатар, өзінің олар жайындағы 
көзқарасын, қатынасын да білдіреді. Әрине, бұл 
ерекшелік қашан да болсын, шақпен байланыс-
ты, ал шақ тек ашық райда ғана болады; амалды 
(әрекетті) тек индикатив қана реальді іс (про-
цесс) етіп, оны белгілі бір мезгіл аясында көрсе-
теді; өзге райларда бұл қабілет болмайды» [1, 
314-315 бб.].
Бүгінге дейін қазақ тіл білімі үшін маңызын 
жоймаған еңбектердің бірі А. Байтұрсыновтың 
“Тіл – құрал” оқулығы. Онда шақ көрсеткіштері 
ашық раймен байланысты қарастырылады. Ав-
тор осы шақтың екі түрін көрсетеді де, 4 қалып 
етістіктерінің жіктеулі түрін нағыз осы шақ деп 
бөліп айтады. Мысалы, жазамын, жазбаймын, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет