126 ҚазҰУ хабаршысы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата28.03.2023
өлшемі0.84 Mb.
#471287
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
1269-1-2447-1-10-20151014

128 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
Морфологияға қатысты еңбектердің ішінде 
А. Ысқақовтың еңбегін айрықша атау керек. 
Ғалымның бұл еңбегі ғылыми құнды тұжырым-
дарымен ерекшеленеді. А. Ысқақов: «Шақ фор-
маларының сыртқы тұлға-түрлеріне қарай да, 
ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге 
(таптастыруға) болады. Бірақ, қашан да болсын, 
мазмұн түрге жетекші болатынын ескергенде, 
шақтарды да мағыналарына қарай жіктеу әрі 
олардың мазмұнын тану үшін, әрі баяндау жүйе-
сі ықшам болу үшін қолайлы да, ұтымды бо-
лады» [1, 328 б.] деген уәждеме айтып, семан-
тикалық сипаттарына қарай өткен шақты – анық 
(айғақты) өткен шақ, танық (айғақсыз) өткен 
шақ, неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ; осы шақ-
ты – жалпы осы шақ, нақ осы шақ, неғайбыл 
осы шақ; келер шақты – жалпы (анық) келер 
шақ, болжалды келер шақ, мақсатты (арнаулы) 
келер шақ деп топтастырады.
Ғалым Н. Оралбай шақ категориясын ашық 
рай тұлғаларының ішінде қарастырып, ашық рай 
мен шақ өте тығыз байланысты деген пікір біл-
діреді. Ашық райдың көрсеткіші жоқ, бірақ шақ 
көрсеткіштері ашық райдағы реалді қимылды 
білдіруге қызмет етеді деп есептейді.
Өткен шаққа – жедел, бұрынғы, ауыспалы
қатыстық өткен шақтарды жатқызса, осы шақ-
тың екі түрін көрсетеді: нақ, ауыспалы осы шақ. 
Келер шақты – ауыспалы, болжалды, мақсатты 
деп үшке бөледі [7, 297-304 бб.].
Н. Оралбайдың осы жіктемесімен Б. Қасым 
[8, 297-304 бб.] да, А. Салқынбай [9, 297-304 
бб.] да келіседі. Тек аталған ғалымдарда өткен 
шақтың қатыстық деген түрі жоқ.
Сонымен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістік-
тің шақ категориясы біршама зерттелгенімен,
әлі де шешуін таппаған мәселелер баршылық. 
Осы шақ пен келер шақты тануда үлкен ал-
шақтық болмағанымен, өткен шаққа келгенде 
басы ашылмаған жайттарға тап боламыз. Өткен 
шақтың ғалымдар еңбектерінде түрлі қырынан 
қарастырылып, әртүрлі мағыналық топтарға 
бөлініп, түрліше аталып жүргенін байқаймыз. 
Мысалы «жедел өткен шақ» деп атап жүрген 
шақтың түрі күмән туғызатыны рас. Себебі 
мұнда істің өту сапасы – тез өтуі, кенеттен өтуі, 
жай өтуі т.б. мүлде сөз болмайды. Ондай реңк-
тер амалдың өту сипаты категориясында қа-
растырылады.
Бұл аталған грамматикалық категорияның 
әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. 
_______________ 
1. Ысқақов А.Ы. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. – 
Алматы, 1991. – 385 б. 
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 
1992. – 446 б. 
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Ал-
маты: Ғылым, 1966. – 362 б. 
4. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі (Педучилищелерге 
арналған). – Алматы, – 220 б.
5. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ кате-
гориясы. – Алматы, 1953. – 116 б.
6. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі: Етістік. – Алматы: 
Мектеп, 1966. – 156 б. 
7. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.
– Алматы, 2007. – 388 б.
8. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., т.б. Қазір-
гі қазақ тілі. – Алматы, 2001. – 534 б. 
9. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2008.
– 462 б.
* * * 
В статье прослеживается история изучения категории 
времени глагола в трудах известных казахских ученых. 
* * * 
The article traces the history of studying the category of 
the verb in the works of well-known Kazakh scientists. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет