13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  Түркістан(Қоқан) автономиясының құрылуы.М. Шоқай қызметі



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
13-27 тарих

14. 
Түркістан(Қоқан) автономиясының құрылуы.М. Шоқай қызметі. 
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі 
халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 
қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. 


Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі 
уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің 
құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл 
кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап 
ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан 
өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік 
төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні 
Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын 
шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық 
билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі 
құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай 
жиналысына сайланған депутаттар еді.Съезд сайлаған автономия үкіметін 
көрнекті қоғамдық- саяси қайраткер Мұхаммеджан Тынышбаев, кейін Мұстафа 
Шоқай басқарды. Мұстафа Шоқан мұсылман халықтарының саяси және мәдени 
жағынан қайта өрлеуінде елеулі рөл атқарған осы құрылымның дем берушілері 
мен ұйымдастырушыларының бірі болды. Мұстафа Шоқай бүкіл Түркістанды Бір 
автономиялық республикаға біріктіріп, оны демкратиялық Ресейдің құрамына 
енгізу идеясын қозғайды. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен 
Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы 
жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. 
Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес 
үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет