13 хаттама Түркістан қаласы



бет1/3
Дата25.12.2022
өлшемі25.86 Kb.
#467916
  1   2   3
15-16-17


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР" КАФЕДРАСЫНА ҚАРАСТЫ ППП– 111 ТОБЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ
13 хаттама
Түркістан қаласы 7.12.2021

Қатысқандар: Топ тәлімгері –Шынпейіс Г және ППП-111топ білімгерлері.


Күн тәртібінде:

1) Топ білімгерлеріне елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.


2 ) Топ білімгерлеріне патриоттық тәрбиені қалай бала бойына сіңіруге болатынын үйрету.


Тыңдалды: Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата- бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген. Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы.
Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық. Сол қиындықпен келген тәуелсіздігіміз – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған, асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
«Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып кекілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»,- деп, тәуелсіздігіміздің 15 жылдығында Tлбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанымызды бүгінде бүкіл әлем таныды. Еліміз дүниежүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Бүгінгі 25 жылдық мерейтойымызға орай неше түрлі іс-шаралар жасалды. Алыстан емес, өзімнің туған жерім Таразымда осы мерекеге арналған көрменің ашылуы – оның бір дәлелі. Сондай-ақ, осы себеппен өткен Алматы облысындағы «Мәңгілік елдің тұғыры» атты форумын, Ақтөбеде болған «Қазақстан – достықтың мекені» атты мәдениет фестивалін, ақындар айтысын, т.б. үлкен іс-шараларды атап өтуге болады. Алайда, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен келген бұл тәуелсіздігімізді, мерейтойымызды өз деңгейінде тойлап жүрміз бе?! Жоғары билік өкілдері дейміз бе, қарапайым халқымыз дейміз бе, тәуелсіздігіміздің арайлап атқан күнін Жаңа жылдық мерекенің көлеңкесіне, қараңғы тасасына жасырып қойған секілді. Атап өтетін болсақ, бір-екі көріністі сомдасақ болғанымыз деп, «жетім қыздың тойындай» өткізе салатынымыз жасырын емес. Мен тек үйдегі кішкентай бауырларымыз Жаңа жылды күткендей, Тәуелсіздік мейрамын да асыға күтіп, ол күннің қаншалықты қымбат, қастерлі күн екенін түсінсе деймін. Қазақ жұрты үшін қасиетті саналатын, тәу ететін ұлық күніміздің өз деңгейінде өткенін қалаймын.Бір күні әлеуметтік желіде отырғанымда, Н.Нұрмағанбетов деген кісінің мына бір пікірін көзім шалды: «Ол – ақ түйенің қарыны жарылып, құлдықтың қамытынан сытылған Алаш жұрты азат ел болған күн емес пе еді, айналайындар-ау? Қазақтың басына бақыт құсы қонған тарихи күннің құны көк тиындай көрінбеуі тиіс еді ғой? Тәуелсіздік мерекесін өз деңгейінде атап өтіп барып, Жаңа жылға дайындалсақ та, жайымен үлгерер едік.Ар жағында екі апта бар.Бірақ құлдық сана дегенің дедектетіп барады...Қорқыныштысы сол, бүйте берсек, қазақ үшін ең ұлық күн – Тәуелсіздік мерекесі ұмыт болатын түрі бар.Түйсігі барға бұл күннің бағасын түсіндірудің өзі артық.

Шешім: Қазақ тумысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен туыстасып, еркін өмір сүре білген батыр, ержүрек, намысшыл халық. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хансұлтандар мен батырлар тарихқа өлшеусіз үлес қосқан, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жетті. Бұл-қасиетті шежіре бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін жерден қорғаған халықтың ұрпағы ретінде бабалар көрген жаугершілікті балалар көрмеуі тиіс. Бейбітшілікті сақтау үшін ішкі және сыртқы жағдайлармен, мемлекетіміздегі ынтымаққа тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет