Ақиқат мәселесі. Таным теориясы ақиқат мәселесімен тығыз
байланысты. Жоғарғы ізгілік болып табылатын ақиқат пен әсемдікке
ұмтылу
Платон
бойынша
ғашықтық,
сүйсінушілік
және
долданғандылықпен тең. Көптеген ғалымдар ақиқаттылықтың мазмұнында
моральдық және эстетикалық мән бар екенін баса айтты. Әдетте ақиқатты
объекті мен білімнің арасындағы сәйкестікті айтады.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі
субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп
отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай
ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.
Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы,
адам
ойының өмір
шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл
бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген
қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана
емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат —
білімінің адамға да,
адамзатқа
да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат —
салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып,
тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты
толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес
мызғымас
ілім
.
Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат
диалектикалық
байланыста.
Салыстырмалы
ақиқатта
абсолюттік
ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың
жиынтығы негізінде құралады
Ақиқат өзінің даму кезеңдерінде тұрақты серігі болып келе жатқан
қарама-карсылығы - адасумен тығыз байланысты. Бұл ақиқатқа жетудің
күрделілігі мен қиындығын керсетеді.
Адасу — өзінің пәніне сәйкес келмейтін, оған сай емес білім.
Мысалы, мәңгілік козғалтқыш жасауға тырысу энергияның айналу және
сақталу заңының ашылуына мұрындық болды. Эфир, жылу тегі идеялары
толқындық оптиканың және электродинамиканың, сонымен қоса жылу
үдерістері туралы
физикалык
ілімнің шығуының алғышарты болды. Кейде
бұлардан да қатал ақиқатты іздеу оған альш келмейтін, адастырып әкететін
ахуалдар болады. Нағыздықты тану үдерісінде адасудан аулақ болу оңай
емес. Адамның ақиқатқа тырысуы әрқашан адасусыз болмайды. Адасудан
аулақ болу онай емес, кейде киындап кетуі мүмкін. Адасу өзінін мәні
жағынан танымның жеке жақтарыньщ нәтижелерін абсолюттендіру ретінде
туындайтын нағыздықтың қате бейнеленуі. Әрине, адасу ақиқатқа жетуді
қиындатады, бірақ одан күтылу мүмкін емес. Таным қозғалысының
қиындығының да қажетті сөті бар. Мысалы,
алхимия
секілді "ұлы
адасудың" формасында химия ғылымының қалыптасуы жүріп жатты.
Танымдағы ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады.
Жалған
дегеніміз - алдау мақсатында нағыздықты сатлы бұрмалау.
Адасудың қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады,
"сахнадан түсіп қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған
ақиқатка дейін өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда
айтылғандай, адасу білімнің сипаты болып табылады, ал қате болжау,
адамның түрлі салалардағы дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс
береді. Адамдар айғақтық, логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті
өмірде түрлі қателерге ұшырап отырады.
Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлық объективті мазмұнымен
аякталмағандығы, толық емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан әрі
дәлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтқанда,
салыстырмалы ақиқат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак
толык емес акиқат.
Салыстырмалы ақиқаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық,
сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары
болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уақытқа дейін
танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне
толық сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың
жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде
салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толықтырылуы мүмкін. Сондықтан
ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыққа
толық сәйкестігіне орай — бұлжымайтын білім. Элементтері өзінің
объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай
қарағанда, абсолютті және салыстырмалы ақиқаттар бір-бірін жоққа
шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен
қарама-қайшылықта емес, байланыста болады. Таным үдерісінде адамдар
абсолюттік және салыстырмалы акиқаттарды қатар қолданады. Абсолютті
ақиқат салыстырмалы ақиқаттардың қосындысынан тұрады. Қосынды деп
бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің қарапайым
қосындысы емес, абсолютті білімнің кұрылымындағы салыстырмалы
акиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз.
Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен
шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше
епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте
олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным - адам санасын
дамытудың негізі болып табылады.
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп
атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге
байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік)
қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін
жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.
Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге
топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз
табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның
объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау
қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және
ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект
- объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы
практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін
көреміз.
Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде
өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен
мәңгі дами беретін объективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-
теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің
білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның
үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп
алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны
танымның субъектісі мен объектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді.
Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда
болып отырады.
Сондай - ақ таным процесінің диалектикасы адамның танып білуінің
субъективтік формасы мен объективтік мазмұны арасындағы бірлік пен
қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз,
түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар объективтік
дүниенің субъективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.
Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған
шындықты белсенді, творчестволық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен
өзара байланысы болып табылатын әр түрлі формалар кіреді.
Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және
басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері
дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер
санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады.
Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық
заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден
басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар
және елестету арқылы жүзеге асырылады.
Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен
ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі
әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып
қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын
қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз
болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.
Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және
логикалық формалары «таза» түрі де, жеке, бір - бірінен оқшау түрі де
көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп
тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік,
эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер
де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың
диалектикалық бірлігі. Танымның эмпириялық және теориялық
деңгейлерінің бір - бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда
зерттеліп отырған объект әр түрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі
әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логикалық формалар.
Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы
байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей
индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы
ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім жаңа теорияны
құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс
дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші
реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп, таным
заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді. Ал теориялық деңгейде
біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен
заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу,
белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық
білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған абстракциялар
жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру
және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық
білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясы өте кең. Танымның
эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста.
Дүние және онымен ұдайы қатынастағы адам үнемі дамуда,
қозғалыста болатыны белгілі. Оның заңдылықтарын дәлірек және
толығырақ бейнелеу үшін ғылыми таным да үнемі даму мен қозғалуда
болуы қажет. Ал материялық дүниенің дамуы белгілі бір заңға бағынады
және қайшылықты сипатта болады. Сондықтан таным процесі де
қайшылықты және дамуда. Қайшылықтың пайда болуы, шиеленісуі және
шиеленісуі - даму процесі дегеніміз осы. Қайшылық проблемалық ситуация
дегенді тудырады, ал оны шешу ғылыми танымды одан әрі дамытады.
Ақиқат - танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі
субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп
отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым
мен философияда ақиқат проблемасы күн тәртібіне қойылады. Шын
мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс
негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол
объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі
субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің
мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен
ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диалектикалық бірлігі.
Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз
тереңдей түседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім
объектіге дәлірек сәйкес келеді. Дегенмен білімнің объективтік және
субъективтік жақтары ылғи бірлікте болады.
Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын
адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті
түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Бұл
жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын
көреміз.
Зерттеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді
салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп
атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат әлеуметтік, тарихи
процесс ретіндегі объективтік ақиқаттың көрініс сәттері. Объективтік
ақиқат салыстырмалы-абсолюттік формада ғана өмір сүреді.
Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты ақиқаттың
нақтылығы объекті жөніндегі барлық түсініктердің, абстракциялардың
синтезінде, бірлігінде. «Құбылыстың, шындықтың барлық жақтарының
жиынтығы және олардың (өзара) қатынастары осылардан құралады»
Қазіргі заманғы идеалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра
өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына мыналар жатады: Мах пен
Авенариус дейтін эмпириокритиктердің «ойды үнемдеу» принципіне үнемі
ойланатын болса сол ақиқат қолайлылық пен пайдалылық принципі.
А.Пуанкеренің, Э. Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге
сай келсе, сол ақиқат пікірлердің ақиқаттығы тек тілдің қалай болса солай
таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейтін
неопозитивистер де бұл мәселеде, шынына келгенде, конвенционализмнің
позициясын ұстайды. Олар сол сияқты тексеру принципін де ұсынып оны
біздің айтқандарымыз бен пікірлеріміздің сезімдік мәліметтерге,
түйсіктерге сәйкес келуі деп түсінеді.
Ақиқаттың өлшемі жөніндегі осы көзқарастың негізгі келістігі мынада:
олар образдың санадан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объектімен
үйлесуі жайында мәселе көтермейді.
Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип –
адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы
қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың
арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең
болса, адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді.
Ақыл-парасат, сана-сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің
бірі – өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам
айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында
олардың ішкі құпиясына үңіледі, қасиеттерін анықтайды, даму
заңдылықтарны біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын
анықтайды. Түйсіктердің, қабылдаудың, ақыл-ойдың арқасында біз
заттарды, оладың қасиеттерін танып білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, таным
дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының
адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің
қайшылыққа толы күрделі процесі.
Философядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені
таныпбілуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Р.Декарттың,
Г.Лейбництің, Г.Гегельдің жүйелі ой-пікірлерін атап өтуге болады. Алайда,
Гегель дүниені танып-білуде «абсолюттік идеаның» өзін-өзі танып –білу
жолындағы бір сатысы ретінде қарастырады. Ал субъективті идеалистер
дүниені түйсіктермен ой-өрістің әртүрлі жиынтығы деп қарайтын
болғандықтан, олардың дүниені танып –білуі туралы субъектінің өзін-өзі
танып –білуіне келіп соғады.
Сондай-ақ , кейбір философтар дүниені танып –білу мүмкіндігін
мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқат, заттардың ішкі мәніне таным
арқылы жетуді мойындамайды. Философияда агностицизмнің көрнекті
өкілдері Д.Юм мен И.Кант болып табылады. Бұлардың қорытынды
пікірі: агностик пікірден ары аспайды, олар құбылыстың бер жағында
тоқтап қалады, түйсіктердің ар жағында қандай да болсын «анық» нәрсе
бар деп танудан бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |