2)
ғылыми таным күнделікті, қарапайым танымнан өзіндік
бойынша ерекшелінеді. Ғылым үдерістер мен құбылыстардағы қажетті
болып табылатын жалпы заңдылықтарды зерттейді, сонымен қатар,
ғылымның негізгі пәні ретінде заңдылықтарды білу болып табылады.
Ғылыми білім әрқашан жалпы түсініктерге негізделген, яғни ғылымда
көбінесе логикалық және түсініктерді білу басым.
Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның
тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше
белгіге ие танымның түрі болып табылады.
3)
күнделікті қарапайым таным: ғылыми танымның түрі болып
атбылады, бірақ екі маңызды сәтпен ерекшеленеді: бұл білімнің пәні
қарапайым жалпылық емес, әмбебаптылық ортақ болып атбылады.
Философиялық білім әрқашанда дүниетанымдық көзқарас болып
табылады, сондықтан ол өзіндік танымдық бағалауды сақтамайды.
Танымдық бағалау– бұл таным түрінің міндетті элементі.
4)
көркемдік таным: өз негізінде бейнелі және көрнекілі,
сондықтан ол қараайым білімге жақын. Алайда ол өз пәні бойынша ортақ
және қажеттілікті
сақтайды, яғни типтік болғандықтан ғылымға жақын,
осы сала пәні – адам мен адамдық қатынас болып табылады.
Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін
білдіретін субстанция түсінігімен мәндес ұғым болды.
Философия
тарихында субъект және объект ұғымының мағынасы түбегейлі өзгеріп,
онтологиялық
ауқымнан шығып,
гносеологиялық
мәнге ауысты.
Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн
тигiзедi. Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi.
Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани
қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық
сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау
объектiсi.
Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге
бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және
рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның
субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi
субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.
Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда
танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара
әрекеттесуі болып шығады.
|