3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау»)
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Роботты артқа жылжыту қозғалысы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.
1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Роботтың алға және артқа қозғалысын ұйымдастырады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Командалық блоктардың қызметіне қарай ажыратады.
Кейбір оқушылар үшін:
***. Роботтың алға және артқа қозғалысына берілген программаны сипаттайды.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурс-тар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Ширату тапсырмасы. «Керісіншілер елі» ойыны
Балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты. Осылайша балалар үш топқа бірігіп отырады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көтеріңкі көңіл күй сыйлайды/.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
Доп
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
«Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Балалардың қозғалыс жаттығуында қандай айырмашылық бар (1-сурет)?
Артқа қозғалыстың денсаулыққа пайдасы бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |