Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылар-ды түгендеу.
|
Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны.
Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/.
|
|
|
4. Топтастыру
|
«Мозаика» әдісі
Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.
|
1-топ: «Монитор»
2-топ: «Пернетақта»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.
5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
|
Миға шабуыл «Ой қозғау»әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
Интерактивті тақтадан төмендегі 1-сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады.
|
1-суретте не бейнеленген?
Суреттердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Компьютерді қай жерден сатып алуға болады?
2-суретте қандай құрылғылар бейнеленген?
Бұл құрылғылардың қайсысының қызметі басқаларынан өзгеше?
Компьютермен таныссың ба?
Компьютер құрылғылары-ның атауын білесің бе?
|
Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».
|
Интерактивті тақта
|
Жұмыс дәптеріндегі №2тапсырманы орында.
|
Құрылғылар қалай аталады? Жаз.
|
|