№14 тақырып: липидтер алмасуы. Ыдырау үрдістері тірі ағзалардағы липидтер алмасуының негізгі кезеңдері. Майлардың ас-қорыту



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі279.62 Kb.
#483278
1   2   3
Дәріс 14. Липидтер ыдырауы

2. МАЙЛАРДЫҢ СІҢІРІЛУІ 
Майлар ащы ішекте сіңіріледі. Ас майының біраз бөлігі ыдырамаған күйінде 
сіңіріледі. Майлардың басым бөлігі глицерин, май қышқылдары күйінде, ал шамалысы β-
моноглицеридтер күйінде сіңіріледі.
Глицерин мен төменгі молекулалы май қышқылдары (көміртек атомдарының саны 
10-ға дейін) суда еритіндіктен жеңіл сіңіріледі. ЖМҚ мен β-моноглицеридтер суда 
ерімейді. Олар ішек қуысында өт қышқылдарымен байланысып, суда еритін холеин 
қышқылдарына айналады. Холеин қышқылдары ішек қабырғасына өткен соң қайтадан 
жоғары май қышқылдары, β-моноглицеридтер мен өт қышқылдарына ыдырайды.
жоғары май
қышқылдары,
өт 
ішек қуысында холеин 
β- моноглицеридтер + қышқылдары 
қышқылдары 
(суда ерімейді)
ішек қабырғасында 
(суда ериді) 
Астың құрамында сыртқы ортадан ішек қуысына келіп түскен бөгде майлардың 
құрамдас бөліктерінен (глицерин мен жоғары май қышқылдарынан) ішек қабырғасында 
майдың қайта түзілуі (ресинтез) жүреді. Бұл май – жануардың белгілі бір түріне тән майы 
деп аталады.
Сіңірілген және қайта түзілген майлар лимфа жүйелерінің тамырлары және көкірек 
тармағы арқылы қанға келіп түседі. Бейтарап майлардың қандағы тамшыларын 
хиломикрон деп атайды. Бұдан кейін майлар қанмен әрбір ұлпа мен органдарға 
тасымалданады. Майлардың бір бөлігі май депосына (қоймасына) қор ретінде жиналады 
(тері асты талшықтары, ішкі органдардың төңірегі, т.б.). Өкпеге жеткізілген майлар 
энергетикалық материал ретінде тыныс алу кезіндегі ауаны жылытуға жұмсалады. 
Майлардың бір бөлігі пластикалық материал ретінде жасушаішілік липидтерді құруға 
жұмсалады. Ағза ұлпаларында майлардың аралық алмасуы жүреді.
3. МАЙЛАРДЫҢ АРАЛЫҚ АЛМАСУЫ 
Майлардың аралық алмасуы майлардың ағза ұлпаларындағы тотығуы мен 
биосинтезінен құралады. 
Майлардың ағза ұлпаларындағы гидролиздік ыдырауы
Майлардың ағза ұлпаларындағы гидролиздік ыдырауы барлық дерлік ұлпаларда, аса 
қарқынды түрде бауыр мен май ұлпаларында жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет