15. Махмұд Қашқари сөздігіндегі аңыз-әңгімелерінің тарихилығы



Дата02.01.2022
өлшемі22.94 Kb.
#454411
15-17 ДОТ


15. Махмұд Қашқари сөздігіндегі аңыз-әңгімелерінің тарихилығы.
Махмұд Қашғари сөздігінде Зұлқарнайынның түркі даласына жорыққа шығуына байланысты тарихи аңыз-әңгімелерді қатыстырады. “Алтысқан” атты оқиғасындағы Тутмаш есімді тағам түрін ойдан шығаруы, ұйғырлар тегіне байланысты тұжырымдары Ескендірдің атына қатысты дәлел келтіреді. “Шегіл” ұғымына тоқталғанда “Тараз маңына жақындары осылай “Шігіл” аталады деген. Ескендір сұлу қыздар қаласына жеткен кезде жаңбыр сіркіреп жауып, лай-батпақ болғаны соншалық адымдап аяқ баса алмаған. Бұнысы несі?– деп қиналып, сонда түнейді. Содан кейін сондағы түріктер “Шегіл” атанып кетеді екен.

Ал “ұйғыр” сөзіне түсінік бергенде Ескендір туралы былай деп аңыз қалдырған: “Ескендір ұйғырлар өлкесіне таяп қалғанда түркі жұрты төрт мың адамын жібереді. Ол жібергендер атқан оғын алға қарап қалай атса, артқа қарап та осылай асқан шеберлігімен ататын болған. Ескендір оларға көз қадап: мыналар өзгеге кіріптар емес, өздерінің азықтарын өздері табатұғын халық; олардан аң да қашып құтыла алмас, қалап тұрса қай кезде болмасын атып жейтіндер” деген екен. Осыдан кейін бұл халық ұйғыр аталыпты.



Бұл сөздікте тағам атауларының шығуына қатысты да аңыздар мен әңгімелер кездеседі. Мұндағы жоғарыда айтып кеткенімдей, “тутмаш” атауы түріктердің танымал тағамының бірі екен. Ол тағам Ескендір заманында пайда болыпты. Себебі, ол қараңғыда әскерімен келе жатқанда азықтары азайып қалады. Содан ол өз кеңесшілерімен кеңесе келе “ашпыз” деген мағынада осы тағам атауын ойлап жасап шығарады.

Жыл қайыруға қатысты аңызда Іле өзені бойында түріктің билеушісі алдыңғы болған соғыс мерзімдерін талдағысы келіп, соғыстардың болған жылдарын білмей шатасады. Осы жыл санауды жануарлар арқылы ретке келтірмек болады. Содан аңға шығып әуелі көзіне көрінгенін Іленің арғы бетіне айдай жөнеледі. Сөйтсе арғы бетке бірінші болып тышқан шығады. Осымен рет-ретімен жануарларға байланысты жыл қайыру туыпты деген аңыз бар.
16. Әл-Фараби еңбектерінің отандық зерттелуін қарастырыңыз және қортыныды жасаңыз
Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектерін аудару, жинақтау, үгіттеу жұмысы мен әрекеттері ХХ ғасырда басталды. Еліміз фарабитанудан әлемдегі ең көлемді отанына айналды. Мемлекеттік фарабитанушы, басты ұйытқы, хикметтерін алғаш дәріптеп-аударушы А. Машани болды. Одан кейін «еңбектерін зерттейтін арнайы шығармашылық топ» құрылған болатын. Топтың басы-қасында А. Қасымжанов болды. Әл-Фарабидің ғұмыры мен хикмет-еңбектері, көркем әлемі көзі тірісінде-ақ өз заманындағы ғалымдар назарын аудартты. Ғұламаның дүниеден озған соң зерттеу жұмыстары қазіргі таңда әртүрлі тілдерде жазылған шығармалармен толысып, “Фарабитану” деген бүтін ғылым саласына айналды.

Отандық фарабитанушылардың сіңірген еңбегіне келсек, әйгілі фарабитанушылар бастамасымен “Әлемнің екінші ұстазының” туындылары қазақ-орыс тілінде жарыққа шықты. А. Қасымжанов құрастырған шығармашылық топ құрамында И.О.Мұхаммед, Б. Ошерович, А.Көбесов, тіпті арабтанушы А.Иванов пен Н. Караевтар үлес қосты. Осынау ғылыми топтың бастамасы ғұламаның еңбектерімен таныс болуға жетеледі. Тұңғыш ғалымның «Философиялық трактаттары», «Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалық трактаттары», «Птоломейдің «Алмагестіне» түсініктеме» деген мұралары қазақ тілінде, сондай-ақ орыс тілінде шығарылды. Ғалымның әдеби-тарихи мұралары қазіргі таңда мәнін жоймады.

Ойымды қорытындылайтын болсам, ғұлама ғалымның еңбектеріне мұқият көңіл қойсақ, өз дәуірінің тұлғасы тұрғысында сол дәуірдің айқын бейнесі іспеттес. Отырар қаласында дүние есігін ашып, түркі халқының әдебиеті мен мәдениетін бүкіл ғаламға әйгілі еткен ойшыл адам баласының даналыққа құлшынысының ерекше екендігін сипаттайды. Ғаламдық мәдениетте ойып тұрып орын алатын ойшылдың туған жер топырағынан шыққанын ойға ала отырып, оның хикметіне назар салып тұшыну, қоғам қажеттілігіне пайдалану – біздің адамгершілік борышымыз. Ғалымның әрбір сөзі – бір хикмет, сарқылмас байлықпен тең құндылыққа толы кеніш.

17. Ахмет Яссауи хикметтеріндегі дидактикалық сарынды анықтау.
«Диуани хикмет» адамзатты иман жүзділікке, инабаттылыққа, адами құндылықтарға баулитын рухани азық. Қожа Ахмет Ясауи әр пенденің тұлғалық қасиетін, өмірдегі орнын өз жан-түйсігінің саналылығымен бағамдайды. Бұл еңбекте әр адамзатқа керекті қанағатшылдыққа аса назар аударып, нәпсіге ерік бермеу нағыз мұсылманның орындайтын  негізгі шарты деп қалың жұртшылыққа қатты ескертеді. Бұл «Ақыл кітабы» адамзаттың сыртын емес, жан дүниесіндегі лас ойлардын аулақ болып, пәк болмаққа үндейді.

Ғалым  «Диуани хикмет» еңбегінде Аллаға жақындау үшін әр пенде өмірінің барысында мынадай төрт текшеден өту қажеттілігін жазады. Біріншіден, шариғат басқышы. Шариғат – хақ діннің қағидаттары мен шартын ақылдылықпен қалтқысыз орындап Аллаһқа шынайы иман келтіруді мақсат тұтады. Екіншіден, тариқат шәкірт бола отырып, дүнияуи алдамшы ләзаттардан аулаш болу. Аллаһқа деген махаббатты арттыру. Үшіншіден, мағрифат анығында діни жолды ұғыну басқышы десек қателеспейміз. Мұндағы баспалдақтың басты шарты – әлемдегі барлық болмыстың жаратушысы хақ Аллаһ екенін ұғынып-түйсіну. Төртіншіден, хақиқат басқышы Раббыға адымдап, Жаратушымыздың жалғыз әрі хақ екенін түсіну басқышы. Софылық ұғымға баса назар салсақ, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқатқа» жету әсте мүмкін болмайды. Яғни, басқыштарды ретімен баспалдақша жүріп өтуіміз шарт.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет