16-шығарылым «Медициналық құралдар, аспаптар мен жабдықтар өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе


§ 21. ПУЛЬПОЭКСТРАКТІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі445.5 Kb.
#131181
1   2   3   4   5   6
§ 21. ПУЛЬПОЭКСТРАКТІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,8 мм дейін пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігін автоматта абразивтік шеңбермен ажарлау және жартылай автоматта арнайы жонғыштармен шиыршық тістерін керту. Ажарлау шеңберлерін орнату және түзеу. Жартылай автоматты баптау және кесетін құралды қайрау.

Білуге тиіс: пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігін ажарлау және тістерді керту үшін қолданылатын жабдықтардың құрылғысын, оны баптау және реттеу әдістерін; абразивтік шеңберлер орнату және түзеу тәсілдерін; пульпоэкстрактілердің жұмыс бөлігіне және кертілетін тістерге қойылатын техникалық талаптар; ақау себептері мен алдын алу шараларын.
§ 22. ПРОТЕЗ – ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ СЫНАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген әдістеме бойынша түрлі жағдайларда протез-ортопедиялық бұйымдарды сынақтан өткізу. Сынаудағы бұйымдардың конструкцияларын зерттеу және оларды кигізу. Бұйымдарды сынақтан өткізуге дайындау: бөлшектеу, жинау және қажет болғанда протез-ортопедиялық заттардың тораптарын реттеу; әртүрлі тораптар мен механизмдердің функционалдығын және бір бірімен әрекеттесуін тексеру. Сынақтан өткізіліп жатқан бұйымдардағы ауытқулар мен кемшіліктерді анықтау. Белгіленген тәртіп бойынша сынақтан өткен бұйымдарды техникалық жағдайларға сәйкес тапсыру. Сынақтар хаттамасын рәсімдеуге қатысу.

Білуі тиіс: протез-ортопедиялық бұйымдардың және олардың модульдерінің, бақылау-өлшегіш аппаратураның және сынақ құрал- жабдығының қызметі мен конструкциялық ерекшеліктерін; бұйымдарды сынақтан өткізуге дайындау ережелерін және сынақ әдістемесін; сынақтан өткізілетін бұйымдардың барлық бөлшектерінің қызметі мен бір – бірімен әрекеттесуі; бұйымдарды жинау сапасына қойылатын шарттар мен талаптарды; сынау барысында ауытқудың пайда себептерін және оларды жою тәсілдерін; адамның қозғалу анатомиясы мен биомеханикасының негіздерін.

Әдеттегі протездеудің сирақ, табан, қол, білек протездік- ортопедиялық бұйымдарын және өзге де бұйымдарды сынақтан өткізу кезінде – 3-разряд.

Әдеттен тыс протездеудің протездік - ортопедиялық бұйымдарын, содай-ақ сыртқы энергия көздері бар бұйымдарды сынақтан өткізу кезінде – 4-разряд
§ 23. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көзбен шолып бақылау және пульпоэкстрактілерді жемірілуге қарсы ерітіндімен өңдеу. Бақылау-өлшеу құралдарымен өлшемдерді тексере отырып, бөлшектің сыртқы түрі бойынша жарамдылығын айқындау.

Білуге тиіс: бөлшектерді тексеру ережесі мен әдістерін; қарапайым бақылау-өлшеу құралдардың міндеті мен қолдану шарттарын; бөлшектерді дайындаудың технологиялық жүйелілігі мен оның міндетін; жемірілудің пайда болу себептерін және оны алдын алу шараларын.
§ 24. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пульпоэкстрактілерді, бөлшектердің дайындамаларын немесе медициналық құралдардың түйіндерін, бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып, жабдықтар мен аспаптарды бақылау және қабылдау. Бақылап қабылдау құжаттамаларын ресімдеу. Дайындамалар мен бөлшектердің дұрыс тасымалдануын және салынуын бақылау.

Білуге тиіс: Қабылданатын дайындамалардың, түйіндер мен бөлшектердің техникалық шарттарын және мемлекеттік стандарттарын; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және қолдану ережелерін; тексерілетін дайындамалар мен бөлшектерде кездесетін ақау түрлерін.
§ 25. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі қарапайым және орташа медициналық құралдар мен бұйымдарды бақылау және қабылдау. Бақылау-өлшеу пайдалана отырып, қарапайым электронды және наркозды-тынысалу аппараттарын, оптикалық аспаптарды, рентген және басқа да медициналық жабдықтарды бақылау және қабылдау. Зертхана анализдерінің деректері бойынша бөлшектердің жарамдылығын айқындау. Ақау түрлеріне сыныптама жүргізе отырып, жарамды және жарамсыз өнімдерге есеп жүргізу.

Білуге тиіс: Қолданылатын құралдардың, бұйымдардың, аппараттардың, жабдықтар мен аспаптардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын; жабдықтардың, аппаратуралар мен аспаптардың паспорттық деректерін; қолданылатын жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратуралардың жұмыс принципін; электротехника мен механиканың негіздерін; бөлшектердің негізгі ақау түрлерін.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау

1. УВЧ-терапияға арналған аппараттар.

2. Қолмен басқарылатын жасанды тынысалу аппараттары.

3. Тасымалданатын рентген аппараттары.

4. Электр қозғалтқышы бар бормашиналар.

5. Сүмбілер

6. Қол бұрғылар, бұрғылар мен түбірі бар инелер – бақылау және ақаусыздандыру.

7. Түтік сүңгілер.

8. Тіс дәрігерінің, гинекология, отоларингология креслолары гидрожетегі мен электр жетегі бар.

9. Көзілдірік линзалар.

10. Бактерицидті сәулеге түсірушілер.

11. Көзілдірік оправалары.

12. Массалық міндеті бар көзілдіріктер.

13. Пульсотахометрлер.

14. Гидроэлектрлік құрылғысы бар операциялық үстелдер.

15. Шприцтер.


§ 26. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыста әмбебап және арнаулы бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалана отырып, сызбалар, техникалық шарттар немесе басқа да регламенттеуші құжаттар бойынша күрделі медициналық құралдар мен бұйымдарды бақылау және қабылдау. Аппаратқа есірткі заттарды құю кезінде герметикалығын тексеріп және оларды төккеннен кейін жүйені үрлеп тазалап, күрделілігі орташа оптикалық және электронды аспаптарды, рентген және басқа да медициналық жабдықтарды, наркозды-тынысалу аппараттарын бақылау және қабылдау. Ақау бойынша ведомость жасау және паспорттар мен аттестаттар толтыру.

Білуге тиіс: күрделі құралдардың және күрделілігі орташа аспаптар, аппараттар мен басқа да медициналық жабдықтардың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын; бақыланатын бұйымдардың конструктивтік және пайдалану ерекшеліктерін; құрастыру, монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету кезіндегі ақаулар түрі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және пайдалану ережесін; аспаптарды, аппараттар мен басқа да медициналық жабдықтарды бақылау және дайындау әдістерін; рентген жабдықтарын бақылау үшін қажетті көлемде физика курсын; техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін; есірткі заттармен қауіпсіз жұмыс ережесін.

Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау

1. Анальгезия аппараттары.

2. Жартылай жабық типтегі өкпелерді жасанды желдетуге арналған аппараттар.

3. Электрмен ұйықтату арқылы емдеуге арналған аппараттар.

4. Тігісерді тігуге және басуға арналған аппараттар.

5. Трилонды-ауалы анальгезияға арналған аппараттар.

6. Ультрақысқа толқынды диатермияға арналған аппараттар.

7. Электрофорезге арналған аппараттар.

8. Түктерді жұлуға арналған аппараттар .

9. Ингаляциялық наркоз аппараттары.

10. Пневможетек пен электржетектен шағын жасанды тынысалу аппараттары.

11. Жасанды жөтел аппараттары.

12. Бір жұмыс орны бар рентген-диагностикалық жылжымалы және стационарлы аппараттар.

13. Турбиналық пневматикалық бормашиналар.

14. Фотоэлектрлі гемоглобинометрлер

15. Жүрек, өкпеге арналған ректалды айналар.

16. Есірткілерді буландырғыш .

17. Фторотанды буландырғыш.

18. Тіс дәрігерінің, гинекология, отоларингология креслолары автоматты.

19. Оқу микроскоптары;

20. Жеке тапсырыс бойынша жасалған көзілдіріктер.

21. Жеке рецепт бойынша жасалған медициналық жиынтыққа арналған және ерекше күрделі астигматикалық, бифокальді көзілдірік линзалары.

22. Офтальмометрлер.

23. Жараны кеңейтушілер

24. Автоматты, булы және ауамен кептіретін зарарсыздандырғыштар.

25. Пневмоэлектрлік құрылғысы бар операциялық үстелдер.

26. Сүйек операцияларына арналған қысқыштар.
§ 27. МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР МЕН БҰЙЫМДАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аппаратқа есірткі заттарын кезінде герметикалығын тексеріп және оларды төккеннен кейін жүйені үрлеп тазалап, күрделі және ерекше күрделі оптикалық, электрондық аспаптарды, рентген және басқа да медициналық жабдықтарды, наркаозды-тынысалу аппараттарын бақылау және қабылдау. Тексерумен байланысты есептерді орындалуын бақылау үшін аспаптарды теңшеу; техникалық шарт талаптарына сәйкес әмбебап стендтерде сынақтар жүргізу. Ақауларды анықтау және оның пайда болу себептерін жою. Техникалық құжаттаманы ресімдеу және сынақтар журналын толтыру.

Білуге тиіс: бақылау кезінде пайдаланылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды; бақыланатын аспаптардың, аппараттар мен жабдықтардың конструктивтік және пайдалану ерекшеліктерін; техникалық параметрлерді тексеруге қажетті есептеулердің әдістерін; бақылау және сынау әдістері; техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Жұмыс үлгілері

Бақылау және қабылдау

1. Адаптометрлер.

2. Анальгезияға арналған шағын аппараттар “АП-I”.

3. Ингаляциялық наркозға арналған тасымалданатын аппараттар “Наркон-2”.

4. Кішкене үстелде тұратын үзік-үзік ағынды ингаляциялық наркозға арналған аппараттар.

5. “Жасанды бүйрек” аппараттары

6. Жабық типті өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар.

7. “Наркон-II” аппараттары.

8. Электронды-оптикалық түрлендіргіші мен жүйелері бар рентген-диагностикалық стационарлы аппараттар.

9. Екі жұмыс орны бар рентген-стационарлы аппараттар.

10. Бронхоскоптар.

11. Наркоз қоспаларының газ анализаторлары.

12. Стоматологиялық гарнитуралар.

13. Доуденоскоптар.

14. Ми биотоктарының интеграторлары.

15. Офтальмологиялық комбайндар

16. Монокулярлы саптамасы бар электронды микроскоптар.

17. Периметрлер.

18. Офтальмологиялық рефрактометрлер.

19. Бағдарламалық басқаруы бар булы және ауамен кептірілетін зарарсыздандырғыштар.

20. Стериоофтальмоскоптар.

21. Фотостимуляторлар.

22. Электрокардиоскоптар.

23. Эндоскоптар.


§ 28. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ МЕХАНИГІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Протездеудің кәдімгі жағдайлары үшін стандартты жартылай дайын өнімдерден білек пен білезіктердің косметикалық және жұмыс протездерін жасау, қиыстырып келтіру, өлшеу, өңдеу және жөндеу. Стандартты бөлшектер мен түйіндері белгілеу. Өлшегеннен кейін протездік-ортопедиялық бұйымдарды бөлшектеу және құрастыру. Құралдарды, аспаптарды және әмбебап метал өңдейтін станоктарды пайдалана отырып, қолмен металл бұйымдарының пішінді сұлбаларын үстіртін өңдеу және тазалау.

Білуге тиіс: адам анатомиясының негіздерін; протерздік-ортопедиялық бұйымдардың, модульдер мен жартылай дайын өнімдердің, номенклатурасын, оларды жасау үшін пайдаланатын материалдардың атауы мен қасиеттерін; протездік-ортопедиялық бұйымдардың құрылғысы мен конструктивтік негіздерін; оларды жасау үшін өлшемдерін алу ережелерін; бөлшектеу, протездік-ортопедиялық бұйымдарды жөндеу тәсілдерің; протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау әдістерін; жұмыс, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, міндетін, қолдану ережесін; бұйымдарға қойылатын технологиялық талаптар.

Жұмыс үлгілері

Жасау, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу

1. Қабатты пластиктен жасалған ортездер – металл шиналармен бекіту.

2. Былғары, полиамидті қабылдағыш гильзасы бар сан протезі – бір жақты кәдімгі ампутация кезінде өлшегеннен кейін құрастыру.

3. Протездердің барлық түрі, аяқ-қол ортездері – өлшегеннен кейін бөлшектеу.

4. Былғары қабылдағыш гильзасы бар сирақ протездері – бір жақты кәдімгі ампутация кезінде өлшегеннен кейін құрастыру

5. Білезік протездері, косметикалық.

6. Былғары және қабатты пластикадан жасалған қабылдағыш гильзалары бар білек протездері.

7. Жұмыс істейтін білек протездері.


§ 29. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ МЕХАНИГІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кәдімгі біржақты ампутация кезінде арнайы станоктар мен аспаптарды пайдалана отырып, протездеуде қолданылатын барлық материалдардан (ағаштан жасалғаннан басқасы) протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау, қиыстырып келтіру, өлшеу, өңдеу және жөндеу. Қабылдағыш гильзаларды қиыстырып келтіру.

Білуге тиіс: адам анатомиясының негіздерін; протездік-ортопедиялық бұйымдар мен жартылай өнімдердің номенклатурасын; кәдімгі бір жақты ампутация кезінде аяқ-қол протездерін жасау үшін негатив пен позитивтерді жасау ережесін; Мәскеу қаласының ЦНИИПП әзірлеген құрастыру сұлбасын қолдана отырып, барлық протездік-ортопедиялық бұйымдардың құрылғысы мен конструктивті ерекшеліктерін; бұйымдарды жасауға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

Жасау, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу

1. Бір жақты ампутация кезінде былғардан, полиэтиленнен және қабатты пластикадан жасалған қабылдағыш гильзалары бар қол ортездері.

2. Былғары, қабатты пластикадан, полиэтилен және басқа да материалдардан жасалған қабылдағыш гильзаларды пайдалана отырып, тізе-табан буындарына, сираққа, тізе буынына арналған ортездер.

3. Бір жақты деформация кезінде білектартқыш басқару жүйесімен, былғарыдан, полиэтиленнен, қабатты пластикадан жасалған қабылдағыш гильзалармен иық және иықты мүшелеудің косметикалық, жұмыс протездері.

4. Бір жақты ампутация кезінде тартқыш басқару жүйесі бар білек протездері.

5. Табан протездері.



Өлшегенге дейін құрастыру:

6. Бір жақты ампутация кезінде былғары, металл, полиамидті, полиэтиленді, ағаш қабылдағыш гильзалары бар сан протездері.

7. Былғары, полиамидті, былғары-полиамидті қабылдағыш гильзасы бар сирақ протездері.

Өлшегеннен кейін құрастыру:

8. Қолдардың протезіне арналған гипстік негативтер мен позитивтер, бір жақты ампутация кезінде табан мен сирақ протездері – дайындау.

9. Протездік-ортопедиялық бұйымдардың барлық түріне арналған былғары бөлшектер – пішу және блоктау.

10. Ағаш қабылдағыш гильзасы бар сан протездері.


§ 30. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ МЕХАНИГІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бір жақты ампутация және аяқтардың деформациялануы кезінде жабдықтарды пайдалана отырып, арнаулы станоктарда, аспаптарда стандартты жартылай өнімдерді қолданумен барлық қолданылатын материалдардан протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау, қиыстырып келтіру, өлшеу және өңдеу. Вакуумдық қалыптау әдісімен қабылдағыш гильзалар жасау.

Білуге тиіс: өлшеу ережесін, вакуумдық қалыптау әдісімен бұйымдар, қабатты пластиктерден корсеттер жасау кезінде сирақ протездері мен қол протездері үшін негатив пен позитив дайындау; вакуумдық қалыптаумен қабылдағыш гильзалар жасау әдісін; аяқ-қолдың модульдық протездерінің құрылғысы мен конструктивтік ерекшеліктерін; бұйымдарды жасауға қойылатын технологиялық талаптарды.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Жұмыс үлгілері

Жасау, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу

1. Тұтас аяққа және жамбас-сан буындарына арналған былғары, термопластикалық және қабатты пластикадан жасалған қабылдағыш гильзасы бар аппараттар.

2. Сирақ пен сан протездерінің қолмен және фрезерлі-көшіргі станоктарда жасалған ағаш қабылдағыш гильзалары.

3. Жарық белбеуіндегі жеке скротальді пелот.

4. Қабатты пластикадан жасалған шина-былғары корсеттер.

5. Вакуумдық қалыптау әдісімен, материалдардың барлық түрінен жасалған қабылдағыш гильзасы бар сирақ пен санның модульдық протездері.

6. Вакуумдық қабылдау әдісімен, термопластикалық материалдардан жасалған сирақ пен сан протездерінің қабылдағыш гильзалары.

7. Тұтас ағашты сан протездері.

8. Вакуумдық қалыптау әдісімен жасалған қабылдағыш гильзасы, басқарудың тартқыш жүйесі бар білек, иық протездері, иықты мүшелеу, косметикалық
§ 31. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ МЕХАНИГІ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және қалыпты жағдайларда, қос ампутация кезінде протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді қоса, барлық қолданылатын материалдардан протездік-ортопедиялық бұйымдарды, стандартты емес жартылай дайын өнімдерді пайдалана отырып, аяққа арналған ағаш протездерді жасау, өлшеу, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу, Жоғары білікті маманның басшылығымен эксперименталды және көптізбекті түйіндерді құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: протездік-ортопедиялық көмек көрсету кезеңдерін, оларды орындау әдістері мен құралдарын, оларды орындау әдістері мен тәсілдерін, аяқ-қолдардың туа біткен жетілмеуі кезіндегі протездеу әдістері мен протездерді жасаудың ерекше тәсілдерін қоса, стандартты және стандартты емес жартылай дайын өнімдер мен материалдарды пайдалана отырып, балаларға арналған протездер жасауды; бұйымдарды жасауға қойылатын технологиялық талаптар.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Жұмыс үлгілері

Дайындау, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу

1. Вакуумдық қалыптау әдісімен шайырдан жасалған қабылдағыш гильзасы бар сан протездерге арналған гипстік негативтер мен позитивтер.

2. Пирогов бойынша дайындалған ағаш протездері.

3. Аяқтардың туа біткен жетілмеуі кезінде ағашты қабылдағыш гильзасы бар сирақ пен сан протездері.

4. Балаларға арналған протездер.

5. вакуумдық қалыптау әдісімен термопластикалық материалдар мен құйылған шайырдан жасалған жартылай корсеттері бар санды мүшелегеннен кейін салынатын протездер


§ 32. ПРОТЕЗДІК-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ МЕХАНИГІ

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көкірек пен омыртқа жотасының қабысуы, қалыпты ампутация және деформация кезінде проетздік-ортопедиялық бұйымдарды дайындау, өлшеу, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу. Күрделі және қалыпты жағдайларда протездік-ортопедиялық көмек көрсету. «Протез-адам» немесе «Ортез-адам» биотехникалық жүйелерін жасау тұрғысынан протездік-ортопедиялық көмек көрсету кезінде жүйелік жолды пайдалану. Сыртқы энергия көздерімен қол протездерін (биопротездер), эксперименталды және көптізбекті түйіндер жасау. Түйіндер мен жартылай дайын өнімдердің конструкциясындағы ақауларды анықтау, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Білуге тиіс: протездік-ортопедиялық көмек көрсету кезеңдерін, оларды орындау, қол жеткен оңалту нәтижесін объективті бағалау әдістері мен құралдарын.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Жұмыс үлгілері

Дайындау, қиыстырып келтіру, өңдеу және жөндеу

1. Петерс сырқаты кезінде тұтас аяққа арналған аппараттар.

2. Омыртқа жотасы доғасының қисықтық бұрышын есептеумен гипстік негативтер, позитивтер және Шено корсетін жасау.

3. Термопластикалық материалдардан жасалған түзетуші корсеттер.

4. Энергия көздері бар қол протездері.

5. Аяқ-қолдардың қабысқан және қалыпты протездері.


§ 33. МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ҚАПТАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Полиэфирлік тоқымалармен жүректің жасанды қақпақшаларын қаптау. Полиэфирлік кенептен жүректің жасанды қақпақшалары үшін манжеттер дайындау. Ксеноартериялық жиынтықты қаптау. Полиэфирлік кенептен тірек шығыршықтарын жасау. Жасалатын бұйымдарды термостаттау. Жасалған бұйымдарға ілеспе құжаттамаларды ресімдеу.

Білуге тиіс: жүректің жасанды қақпақшаларын қаптау технологиясын; бақылау-өлшеу аспаптары мен сынақ жабдықтарының құрылғысын; қолданылатын шикізат пен дайын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттарды; медициналық бұйымдардың міндеті мен оларды термостаттау принципін.
§ 34. МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ҚАПТАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүректің қаңқасын, биологиялық қақпақшаларын күрделі геометриялық пішіндерді тоқыма кенеппен, фторопластикалы пленкамен және биологиялық тінмен қаптау және оларды термостаттау. Қақпақшаның биологиялық бөлігін тігу үшін қаңқалардың өлшемі бойынша іріктеу. Биологиялық қақпақшаның сапасын көзбен және бақылау-өлшеу аспаптарымен тексеру, биологиялық қақпақшаларға бақылау сынақтарын жүргізу. Биоқақпақшаларды зарарсыздандыру. Жасалған бұйымдарға ілеспе құжаттамалар ресімдеу.

Білуге тиіс: бейнелі пішудің технологиясын және биологиялық тінді өңдеуді; қолданылатын химиялық заттардың қасиетін және оның адам организміне әсері; жүректің анатомиялық құрылысын және жүрек қақпақшаларының физиологиялық функцияларын; бақылау-өлшеу аспаптары мен сынақ жабдықтарының құрылғысын және оларды реттеу, дайындау ережесін; жасалған биоқақпақшаларды сынау әдісі.

Жұмыс үлгілері

1. КСБ үлгідегі қаңқа қақпақшасы - қаптау.

2. Биологиялық тін элементі – пішу және өлшем бойынша іріктеу.

3. Жүректің биологиялық қақпақшасы – бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен тексеру және сынау.



4. Жүректің биологиялық қақпақшасы – зарарсыздандыру.
§ 35. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИК

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көздің көруінің күрделі түзетуге арналған көзілдірік оптикасын дайындау: екі фокусты және сфероцилиндрлі линзаларды желімдеп жабыстыру немесе жентектеу, оларды оправалардың пішіні бойынша кесу, дәрігердің нұсқамасына сәйкес көздің көруін түзету үшін әртүрлі конструкциялы бір-екі қисық жеке осесимметриялық мүйіз тәрізді жанаспалы линза дайындау. Дайындалатын оптиканы есептеу. Науқастың бет-әлпетінің анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған оптиканы түзету және жөндеу. Арнаулы жабдықтарда арнайы жарақтарды қолдана отырып, әртүрлі полимерлі материалдардан жасалған жанаспалы линзаларды қайрау, ажарлау және жылтырату. Жанаспалы линзалардың параметрлерін өлшеу және олардың үстіңгі бетінің сапасын арнаулы бақылау-өлшеу аспаптарымен және құралдарымен тексеру. Көздің көруін күрделі түзетуге арналған оправалары бар оптиканы жөндеу. Линзаларды, оларды өлшегеннен кейін дәрігердің тағайындауы бойынша түзеу.

Білуге тиіс: анатомия туралы негізгі мәліметтерді, көру мүшесінің және клиникалық рефракцияның физиологиясын; көздің көруін күрделі түзету әдістерін; науқастың көруін түзету жөнінде дәрігер тағайындаған нұсқауларды оқу ережесін; көру мүшесі рефракциясының ауытқуы және патогоиялық процестері кезінде жасалатын жанаспалы линзаларды іріктеу және бейімдеу принципін, жанаспалы линзаларды жасау үшін органикалық, силикат шыныны, полимерлі және технологиялық материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін және оларға қойылатын технологиялық талаптарды; жанаспалы линзалардың үлгілері мен конструкцияларын, арнаулы токарлық, ажарлау-жылтырату және жетілдіру станоктарының құрылғысы мен оларды жөндеу әдістерін; линзаларды өңдеу режимдерін таңдау ережесін, аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен жұмыс істеу тәсілдерін; линзаларды тексеру әдістерін және оправа пішініне сәйкес оларды өңдеу тәсілдерін; шектеу және орнықтыру жүйесін; квалитеттерді; кедір-бұдырлық параметрлерін.
§ 36. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИК

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі конструкциялы үш және көп қисықты жеке мүйіз тәрізді осесиммитриялық жанаспалы линзалар дайындау. Көздің көруін түзету үшін дәрігердің нұсқамасына сәйкес склералық, "косметикалық", сфероторикалық, орталық, биторлық, кератоконустық және басқа линзалар дайындау. Изокондық немесе сферопризматикалық линзалары бар көзілдіріктер жасау. Полимерлі материалдардан жасалған жанаспалы линзаларды ыстықтай престеу үшін шыны матрицаларды және пуансондарды жасау. Арнаулы жабдықта арнайы жарақтарды қолдана отырып, әртүрлі полимерлі материалдардан жасалған жанаспалы линзаларды ыстықтай престеу, қайрау, ажарлау, жылтырату.

Білуге тиіс: көру мүшесі рефракциясының ауытқуы және патогоиялық процестері кезінде жасалатын жанаспалы линзаларды іріктеу және бейімдеу принципін; арнаулы токарлық, ажарлау-жылтырату және жетілдіру станоктарының кинематикалық тәсімдерін; қажетті көлемде оптикалық бұйымдарды жасау технологиясын.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет