§ 60. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті электромеханиктің басшылығымен қарапайым оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және тораптарын сынау. Қарапайым қосу жүйелерін монтаждау. Құрастыру алдында бөлшектерді тазалау және жуу.
Білуге тиіс: жөнделетін оптикалық тораптар мен аспаптардың құрылғысын және міндетін; құрастыру алдында бөлшектерді тазалау және жуу тәртібі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техникасы мен механикасының негіздерін; бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдарының міндетін және қолдану ережесін.
§ 61. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды монтаждау, жөндеу, реттеу, түзету және техникалық қызмет көрсету. Орташа күрделі электрлік жүйелерді оқу, құрастыру және монтаждау. Оптикалық жүйелерді орталықтау. Бақылау-түзету аспаптары мен құрылғыларын қолданып, параллаксты және басқа да ақауларды жою.
Білуге тиіс: жөнделетін және түзетілетін аспаптардың құрылғысын, міндетін, жекелеген аспаптарды сынауға және тапсыруға техникалық шарттарды; телескопиялық объектілерді орталықтауды және оларды көрсету сапасына мұқият тексеруді; бақылау-өлшеу құралдары мен бақылау-түзету аспаптарының құрылғысын; оптикалық шынылардың қасиеті туралы негізгі мәліметтерді; ток өткізгіш және оқшаулағыш материалдардың электрлік қасиеттерін; шектеу және орнықтыру туралы негізгі мәліметтерді.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, реттеу және түзету.
1. Диплоскоптар.
2. Саңылау лампалары.
3. Офтальмоскоптар.
4. Склеролампалар.
§ 62. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындар мен медициналық мекемелерде орташа күрделі оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды монтаждау, жөндеу, реттеу, сынау, түзету және техникалық қызмет көрсету. Тісті және иіртпе механизмдерді келтіру. Күрделі электрлік жүйелерді оқу, құру және монтаждау. Ақау аспаптардың ведомстволарын құрастыру және аспаптарға арналған паспорттар мен аттестаттарды толтыру. Аспаптарды тексеру және сынау кезінде болған қателіктерді анықтау.
Білуге тиіс: техникалық қызмет көрсетудің құрылғысын, ережесін және жөнделетін және түзетілетін оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды реттеу әдістерін; талшықты оптика туралы жалпы түсінік; бақылау-өлшеу және бақылау-түзету аспаптарын қолдану ережесін; аспаптарды градуирлеу әдістерін және оларды сынау кезінде сипаттамаларды түсіру ережесін; кедергіні есептеу ережесін; шектеу және орнықтыру жүйесін; орындалатын жұмыс көлеміндегі механика мен электроника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және түзету
1. Диоптриметрлер.
2. Конвергестренерлер.
3. Оқулық микроскоптар.
4. Мускулотренерлер.
5. Офтальмометрлер.
6. Шағын поляриметрлер.
7. Рефрактометрлер.
§ 63. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Нұсқаулықта көрсетілген дәлдікке дейін жеткізіп, күрделі оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды монтаждау, жөндеу, реттеу, техникалық қызмет көрсету, түзету.
Білуге тиіс: жөнделетін аспаптардың конструктивтік және функционалдық ерекшеліктерін; оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды реттеу және түзету әдістерін; аспаптар жұмысында туындайтын ақаулықтардың себептерін; алдын алу және оларды жою шараларын; эндоскопиялық аспаптарды жуу, зарарсыздандыру және техникалық күту әдістерін; оптикалық аспаптар, қолданбалы оптика теориясы жөнінде негізгі мәліметтер; қосалқы материалдардың қасиеттерін және олардың өңдеу сапасына әсері.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және түзету
1. Адаптометрлер.
2. Аномалоскоптар.
3. Доуденоскоптар.
4. Колоноскоптар.
5. Монокулярлық саптамасы бар микроскоптар;
6. Проекциялық периметрлер.
7. Талшықтың ірі ұяшық секілді құрылымы бар эндоскоптар.
§ 64. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, сирек және тәжірибелі оптикалық және эндоскопиялық аспаптарды монтаждай, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, сынау, реттеу және түзету. Аспаптарды тексеру. Оптикалық бөлшектерді ажарлау. Призмалар мен линзалардың бетін жылтырату, жетілдіру. Бөлшектер мен тораптардың тозу дәрежесін айқындау.
Білуге тиіс: оптикалық және эндоскопиялық аспаптардың конструкциясын, міндетін және қолданылуын; шыны бұйымдарының жылтыратылған бетіне қойылатын техникалық талаптар; кедір-бұдырлық квалитеттері және параметрлері; әртүрлі ілу бейіндері мен оптикалық жүйелерін есептеу теориясы жөніндегі негізгі мәліметтер.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
Техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және түзету
1. Аномалоскоптар.
2. Бронхоскоптар.
3. Коллиматорлар.
4. Офтальмологиялық комбайндар.
5. Биологиялық инвертирленген және бинокулярлық саптамасы бар микроскоптар.
6. Домалақ периметрлер
7. Офтальмологиялық рефрактометрлер.
8. Синоптофорлар.
9. Стериоофтальмоскоптар.
10. Талшықтың ұсақ ұяшық секілді құрылымы бар эндоскоптар.
11. Эхоофтальмографтар.
§ 65. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті электр механиктің басшылығымен тазалағыштардың тораптарын, креслоларды, кереуеттерді, түзету гимнастикасына арналған аппараттарды және басқа да медициналық жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жалғама резеңкелі шлангтарының тығыздатқышын ауыстыру.
Білуге тиіс: жөнделетін аппараттардың міндетін; оларды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру әдістерін; электр техникасы мен механика жөніндегі жалпы мәліметтерді, бақылау-өлшеу аспаптарды, құралдарды және құрылғыларды қолдану ережесін.
§ 66. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тазалағыштардың тораптарын, креслоларды, кереуеттерді, түзету гимнастикасына арналған аппараттарды және басқа да медициналық жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Қарапайым стоматологиялық, зертханалық, дәріханалық, зарарсыздандырушы және операциялық жабдықтарды Монтаждау, техникалық қызмет көрсету және реттеу. Тораптарды бөлшектеу, құрастыру және сумен жабдықтау жүйесі құрылғысын қосуды реттеуіш, гидравликалық және ауа жүйелерінің бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру.
Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың міндетін, құрылғысын, бөлшектеу әдістерін, құрастыруды, жөндеуді және реттеуді, оны реттеуге және сынауға арналған медициналық-техникалық талаптарды; бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратуралардың жұмыс принциптерін; электр техника мен механиканың негіздерін; қарапайым электрлік жүйелерді құрастыру тәсілдері мен ережесін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету,жөндеу және реттеу
1. Электрлік қозғалтқышы бар бормашиналар.
2. Судың деңгейін автоматты бақылаусыз тазалағыштар.
3. Су қайнатқыш.
4. Мембраналық компрессорлар.
5. Гидрожетек пен электр жетегі бар, тіс дәрігерінің, гинекологиялық, отоларингологиялық креслолар.
6. Бактерицидті сәулелендіргіштер.
7. Сорғыштар.
8. Бутүзілткіштер.
9. Рефлекторлық шырағыдандар.
10. Гидроэлектрлік құрылғысы бар операциялық үстелдер.
11. Медициналық центрифугалар.
§ 67. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарына және медициналық мекемелерге арналған орташа күрделі стоматологиялық, зертханалық, зарарсыздандыру, дәріханалық, операциялық, ингаляциялық және балшық-сумен емдеу жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу. Қарапайым және орташа күрделі эскиздер мен электр тәсімдерді құрастыру және оқу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін аппараттардың құрылғысы мен қондырғысын; бөлшектеу, құрастыру және монтаждау әдістерін; шектеулер мен орнықтырулардың кестесін, тәсімдер мен сызбаларды қолдану ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және оларды пайдалану ережесін; орташа күрделі тәсімдерді құру әдістері мен ережесін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. Фаллопий құбырларын үрлеп тазартуға арналған аппараттар.
2. Жасанды жөтел аппараттары.
3. Турбиналық пневматикалық бормашиналар.
4. Судың деңгейін автоматты бақылау тазалағыштар
5. Ауа ағынды аэрозольдық ингаляторлар.
6. Тіс дәрігерінің, гинекологиялық, отоларингологиялық креслолар, автоматты.
7. Бестенді шырағыдандар.
8. Автоматты пар айдағыш және кептіргіш зарарсыздандырғыштар.
9. Пневоэлектрлік құрылғысы бар операциялық үстелдер.
10. Термостаттар.
11. Бордың айналу жылдамдығы 30000 айналым/мин дейінгі стоматологиялық қондырғылар
12. Ультрацентрифуга.
13. Кептіргіш шкафтар.
§ 68. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі стоматологиялық, зертханалық, дәріханалық, зарарсыздандырғыш және операциялық жабдықтарды монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу. Күрделі электрлік тәсімдерді құру және оқу.
Білуге тиіс: Қызмет көрсетілетін аппараттар мен қондырғылардың конструктивтік және функционалдық ерекшеліктері; күрделі медициналық жабдықтарды реттеуге және сынауға қойылатын техникалық талаптарды; күрделі электрлік тәсімдерді құрау және қолдану ережелері; жабдық жұмыстарының есебін, режимдерін тексеру әдістерін және пайдалану диаграммаларын және сипаттамаларын түсіру.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. Тіндерді гистологиялық өңдеуге арналған әмбебап автоматтар.
2. Спидометрлер.
3. Бір бағдарламаға арналған бағдарламалық басқаруы бар, пар айдағыш және кептіргіш зарарсыздандырғыштар.
4. Автоматты операциялық үстелдер.
5. Жоғары айналмалы центрифугалар.
6. Зарарсыздандырғыш қондырғылар.
7. Бордың айналу жылдамдығы 30000 айналым/мин жоғары стоматологиялық қондырғылар.
§ 69. МЕДИЦИНАЛЫҚ ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ЖӨНДЕУ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, сирек және тәжірибелі стоматологиялық, зертханалық, дәріханалық, зарарсыздандырғыш және операциялық жабдықтарды монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу.
Білуге тиіс: сирек әрі тәжірибелі медициналық жабдықтардың конструктивтік және функционалдық ерекшеліктерін; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радиотехниканы, күрделі электр және радио тәсімдерді құрастыру ережесін; бақылау-өлшеу аппаратураларын қолдану ережелерін; пайдалану диаграммаларды түсіру және анықталған ақаулардың сипаттамасын құру ережесін..
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. "Жасанды бүйрек" аппараттары
2. стоматологиялық гарнитуралар.
3. Спироанализаторлар.
4. Бір бағдарламадан жоғары бағдарламалық басқармасы бар пар айдағыш және ауа зарарсыздандырғыштары.
5. Ара қашықтықта басқарылатын операциялық үстелдер.
6. Рефрижераторлы центрифугалар.
7. Сублимациялық қондырғылар.
§ 70. МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕНТГЕН ЖАБДЫҚТАРЫН
ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орнындағы ауыстырып қосқыш желісінің тораптарын, аппараттарын, коммутаторларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, жоғары вольтты кабельді қайта зарядтау, қарапайым медициналық рентген жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету. Жоғары білікті электр механигінің басшылығымен жабдықтардың бақылау сынақтарын жүргізу. Жөнделген аппараттарды медициналық мекемелерде реттеу.
Білуге тиіс: жөнделетін медициналық рентген жабдықтардың міндетін және функционалдық ерекшеліктерін; оның бөлшектеу, жөндеу, құрастыру әдістерін; орындалатын жұмыс көлемінде рентгендік сәулелендіру физикасының және қолданылатын қорғаныс құралдарының негіздерін; бақылау сынақтарын жүргізу ережесін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және құрастыру
1. Тасымалданатын рентген аппараттары.
2. Рентгенограммаларды өңдеуге арналған бактар-танкілер.
3. Негатоскоптар.
4. Рентген суреттерін кептіруге арналған электр шкафтары.
§ 71. МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕНТГЕН ЖАБДЫҚТАРЫН
ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарында және медициналық мекемелердегі рентген кабинеттерінде қарапайым және орташа күрделі медициналық диагностикалық және терапевтік рентген жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және бақылау тексеру. Бақылау рентгенограммалар мен томограммаларды алу және оларды талдау. Жөнделген аппараттарды медициналық мекемелерде жоғары кернеуге қосқан кезде және ионды сәулелендіру кезінде сынау, реттеу. Медициналық персоналға рентген жабдықтарын пайдалану ережесі бойынша және рентгендік сәулелендірумен жұмыс істеген кезде талап етілетін сақтық шаралары туралы нұсқама беру.
Білуге тиіс: жөнделетін рентген жабдықтарының құрылғысын, техникалық деректерін, жұмыс режимін; орындалатын жұмыс көлемінде рентгендік сәулелендірудің электротехникасы мен физикасын; нақтылық және монтаждау сұлбасын оқу ережесін; электр вакуумды және жартылай сымды аспаптардың міндетін, құрылғысын және қолдану ережелерін.
Жұмыс үлгілері
Рентген аппараттарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу
1. Жақын фокустық стационарлық.
2. Диагностикалық қозғалмалы.
3. Бір жұмыс орны бар стационарлық.
§ 72. МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕНТГЕН ЖАБДЫҚТАРЫН
ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі диагностикалық және терапвтік рентген жабдықтарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және бақылау тексеру. Реттелген жабдықтарды электрондық вакуумметрлерді, миликулонометрлерді, милисекундометрлерді пайдалана отырып сынау.
Білуге тиіс: жөнделетін рентген жабдықтарының конструктивтік ерекшеліктері және техникалық параметрлері; рентген техникасының негіздерін, рентген сәулелерінде суретке түсірудің теориясын және тәжірибелік тәсілдерін; жөнделетін рентген жабдықтарының нақтылық, электрлік және монтаждау тәсімдерін; жабдықтарды теңшеу және реттеу кезінде есептеу кестелерін қолдану ережелерін; пайдалану құралдары мен ережесін және рентгендік сәулеленуден қорғануды.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сынау және реттеу
1. Диагностикалық стационарлық рентген аппараттар.
2. Екі жұмыс көпірі бар стационарлық рентген аппараттар.
3. Терапевтік стационарлық рентген аппараттары.
4. Флюорографиялық рентген аппараттары.
5. Рентгенографиялық аппараттар.
6. Томографиялар.
7. Флюорографияға арналған қозғалмалы қондырғылар.
8. Электрондық-оптикалық күшейткіші бар теледидар қондырғыларсыз диагностикалық қозғалмалы рентген қондырғылар.
§ 73. МЕДИЦИНАЛЫҚ РЕНТГЕН ЖАБДЫҚТАРЫН
ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі және тәжірибелі жабдықтарды монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, реттеу және бақылау тексеру. Бақылау кипограммаларын және и антиографияларды алу және талдау. Рентген қондырғыларының электрлік қосылуының күрделі тәсімдерін, рентген жабдықтарының тораптарын сынау тәсімдерін және оларды қосу тәсімдерін. Көру каналдарының және кинокамералардың оптикасын түзету. Доңғалақ киловольтметрлерді, фантомаларды, генераторларды, күрделі нысанды импульстерді пайдалана отырып, рентген кабинеттерінде, рентген сәулелерінің аймағында жөнделген жабдықтарды сынау.
Білуге тиіс: жөнделетін рентген жабдықтарының конструкциясымен техникалық параметрлерін; флюорография негіздерін, фотокинооптика негіздерін; уақыт электрондық релелерінің күрделі тәсімдерін және оларды тексеру әдістерін; ерекше күрделі рентген жабдықтарының нақтылық, электрлік және монтаждау тәсімін; пайдалану құралдары мен ережесін және рентгендік сәулеленуден қорғануды.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сынау және реттеу
1. Жақын фокусты рентгенотерапияға арналған автоматтар.
2. Экспозициялық рентген автоматтары.
3. Электрондық-оптикалық түрлендіргіші және жүйелері бар диагностикалық, стационарлық рентген аппараттары.
4. Үш және одан көп жұмыс орны бар стационарлық рентген аппараты.
5. Фотоэлектрометрі бар фотографиялық электрондық рентген аппараттары.
6. Электрондық-оптикалық күшейткіші бар теледидар қондырғыларысыз диагностикалық қозғалмалы рентген қондырғылар.
7. Микроэлектроника элементтері және микротәсімдерді басқаруы бар диагностикалық рентген қондырғылары.
§ 74. HAРKOЗДЫ-тынысалу аппаратУРАЛарын жөндеу және қызмет көрсету ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті механиктің басшылығымен ингаляциялы наркоз және өкпелерді жасанды желдету аппаратураларының тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Газ өткізгіш және қосу шлангтарын ауыстыру. Адсорбердың, соплоның, диффузордың, ниппелдің, дозиметрдің, эжектордың, көлем мөлшерлегіштің торын және дозиметр дизблогының тесігін тазалау.
Білуге тиіс: газ өткізгіш қосу және арматуралау шлангтардың құрылғысы мен міндетін; аппаратты ашу тәртібі; аппараттың тораптарын тазалау тәртібі; газдардың физикалық-химиялық қасиеттерін: жұмыс құралдарын қолдану ережесін.
§ 75. HAРKOЗДЫ-тыныс алу аппаратУРАЛарын жөндеу және қызмет көрсету ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ингаляциялы наркоз және ашық және жартылай ашық контур өкпелерін жасанды желдету, мембраналық компрессорлар, есірткілерді буландырғыш аппараттарының тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және түзету. Қарапайым наркозды-тыныс алу аппаратураларын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу. Аппараттарды жуу, және есірткілерді буландырғыштарды тазалау.
Білуге тиіс: жөнделетін наркозды-тыныс алу аппаратуралардың құрылғысын, орындалатын жұмыс көлемінде электр механиканың негіздерін; наркозды-тыныс алу аппаратураларын пайдалану ережелерін; жөнделетін аппараттарды бөлшектеу, құрастыру, жөндеу, монтаждау, реттеу ережесін; қолданыстағы бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларын пайдалану ережесін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. Тыныс алу аппараттары.
2. Жасанды тыныс алу және қол аппараттары.
§ 76. HAРKOЗДЫ-тыныс алу аппаратУРАЛарын жөндеу және қызмет көрсету ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс орындарында және медициналық мекемелерде наркаозды-тыныс алу аппараттарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу. Ауа үрлегіштерді, есірткілерді буландырғыштарды жөндеу. Техникалық құжаттар бойынша аппаратты герметикалығына, дозиметрлердің дұрыс көрсетуіне, ауа, дымқыл сорғыш, крандарды тексеру.
Білуге тиіс: наркозды-тыныс алу аппаратураларының құрылғысын, міндетін, бөлшектеу және құрастыру әдістерін, жөндеу, монтаждау және теңшеу; нақтылық, кинематикалық электр-газ тәсімдерін; газдың физикалық-химиялық қасиеттерін; қолданылатын майлау және жуу материалдарының қасиеттерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларының міндеті мен құрылғысын; аппаратураның жұмысы кезінде туындайтын ақаулардың себептерін және олардың алдын алу әдістерін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. Пнево- немесе электр жетектерден шағын тыныс алу аппараттары.
2. Жартылай жабық типтегі өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттар.
3. Иингаляциялық және эфир-ауа наркозының аппараттары.
4. Оттегі станциялары.
§ 77. HAРKOЗДЫ-тыныс алу аппаратУРАЛарын жөндеу және қызмет көрсету ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі наркозды-тыныс алу аппаратураларын монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу. Аппарат жұмысының режимдерін автоматты реттеудің құрылғыларын жөндеу және түзеу. Жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды жою. Техникалық құжаттама бойынша буландырғыштардың герметикалығын, буландырғыштардың нөлге кемуін, көлем көрсетудің дұрыстығын тексеру.
Білуге тиіс: жөнделетін наркозды-тыныс алу аппаратураларының әртүрлі аппараттары мен аспаптарының конструктивтік және функционалдық ерекшеліктерін; тексеру және теңшеу әдістерін; электр тәсімдерін құрау және пайдалану ережесін; монтаждау өндірісінің және арнайы бақылау-өлше аспаптары мен құрылғыларын қолдану ережесін; аппаратураларды өлшеудің және реттеудің негізгі әдістерін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. Пневмо- немесе электр жетектен стационарлық жасанды тыныс алу аппараттары.
2. Жабық типтегі өкпені желдетуге арналған аппараттар.
3. Наркоздық қоспалардың газ анализаторлары.
4. Респираторлар.
§ 78. HAРKOЗДЫ-тыныс алу аппаратУРАЛарын жөндеу және қызмет көрсету ЭЛЕКТР МЕХАНИГІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Наркозды-тыныс алу аппаратураларының ерекше күрделі, тәжірибелі сирек және эксперименталды аппараттарын монтаждау, жөндеу, реттеу. Қызмет көрсетілетін аппаратуралардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау, жою.
Білуге тиіс: наркозды-тыныс алу аппаратураларының конструкциясын; орындалатын жұмыс көлемінде электр және радио техниканы; ерекші күрделі, сирек және эксперименталды аспаптары мен аппараттарының жұмыс тәсілдерін және монтаждау әрі жөндеу кезінде операциялардың жүйелілігін; пайдалану диаграммаларын түсіру және сипаттама жазу ережесін; есірткі заттарын ұстау және пайдалану тәртібін.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
Өкпені жасанды желдетуге арналған ингаляциялық наркозды енгізу блогы, тыныс алудың бұзылғанын автоматты сигналдандыру, қосалқы тыныс алудың электрондық блогы бар аппараттар.
§ 79. Электрондық медициналық аппаратураларды жөндеу және қызмет көрсету ЭЛЕКТР МЕХАНИгі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Медициналық электрондық аппаратураның тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Қарапайым электрондық аппаратураларды монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және реттеу. Жоғары білікті электр механигінің басшылығымен бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен медициналық электрондық аппаратуралардың электрлік параметрлерін тексеру. Қарапайым және орташа күрделі сынап аспаптарын жөндеу, реттеу әрі сынау.
Білуге тиіс: жөнделетін қарапайым электрондық жабдықтардың міндетін, құрылғысын, жөнделетін электрондық медициналық аппаратураларды бөлшектеу, құрастыру, реттеу және тексеру әдістерін; қолданыстағы бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғыларын қолдану ережесін.
Жұмыс үлгілері
Монтаждау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реттеу
1. Гальванизация мен массажға арналған аппараттар.
2. УВЧ-терапия арналған аппараттар.
3. Хирургиялық диатермияға арналған аппараттар.
4. Сынаптық-кварцтық лампалар.
5. ультракүлгінді және инфрақызыл сәулелі лампалар.
6. Сынаптық-кварцтық және ультракүлгінді сәулелендіргіштер.
7. Люминесцентті диагностика жарықтандырғыштары.
8. Парафин қыздырғыштар.
9. Пульс-тахометрлер.
10. Сфигма манометрлер.
11. Электр термометрлер.
Достарыңызбен бөлісу: |