Суреттер
Сабақтың ортасы
7 минут
|
1.Сөздікпен жұмыс. Жанды-живая
Жансыз-неживая
Өсімдік-растение
Өседі-растет
Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.
Т ыңдалым/Айтылым.
2. Тыңдалым
Әлібек атасымен баққа барды. Олар ағаштарға, гүлдерге су құйды.
Атасы Әлібекке:
- Табиғатты қорғау керек, -деді.
-Ата, табиғат деген не?- деп сұрады Әлібек.
- Балам,табиғат – бізді қоршаған орта. Біз суды, тамақты, қажет заттарды осы табиғаттан аламыз. Табиғат жанды және жансыз болады,-деді атасы.
-Ата, мен түсінбедім,-деп таңқалды Әлібек.
-Жанды табиғат су ішеді, қоректенеді. Олар: жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, балықтар. Адам да табиғаттың бір бөлшегі-деп түсіндірді атасы.
|
Оқушлар жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды. Берілген сұрақтарға жауап береді.
-Әлібек кіммен сөйлесті?
-Олар не туралы сөйлесті?
-«Табиғат» деген не?
-Табиғат қандай болады?
|
«Бас бармақ»
Дескриптор:
- мәтінді тыңдап, сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
Оқулық 8 бет
сөздік
|
5 минут
|
Айтылым:
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімеле.
Тірек сөздер:
Әлібек, ата, сөйлесті, табиғат, жанды, қоршаған орта, жансыз
Сергіту сәті
|
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Сергіту сәтін орындайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |