1916 ж. 9 қыркүйекте Жетісудың жетекшісі
Б.Әшекеев Боралдай жерінде дарға асылды.
Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов түрмеде у беріліп, өлтірілді.
Қорытындысы: 1917 ж. ақпанда Түркістан өлкесінде өлім жазасына – 347 адам өлім жазасы бойынша
жазаланды, түрмеге қамалған – 129, жер аударылғандар – 168, Жетісуда –
238 мың немесе 300 мыңға
жуығы Қытайға көшті.
Торғай ошағы
Хронологиясы: 1916 ж. қыркүйек-1917 ж. соңы
Ерекшелігі:
жақсы ұйымдасқан, табанды
және ұзаққа созылды
Жетекшілері:
ханы: Ә.Жанбосынов
(Орта жүз Нияз бидің немересі),
сардарбегі: Амангелді Иманов
(Кенесары көтерілісіне қатысқан Иман батырдың немересі), оған ықпал еткен – Ә.Жангелдин, мерген –
Кейкі батыр.
Көтерілісшілердің саны: қыркүйекте – 20 мың,
қарашада – 50 мыңға жетті.
Барысы:
1916 ж. 22 қазанда А.Иманов өзінің 15 мың әскерімен
Торғай қаласын қоршады. 10 күндік
қоршауды тоқтатып, кері шегінеді.
Көтерілісшілер
Батпаққара, Аққұм, Доғал-Үрпек
жерлеріне көшіп кетті.
Көтерілісті басуға генерал Макаров пен Лаврентьев отрядтары қатысты.
1917 ж. соңында көтерілісшілер Торғай қаласын басып алды.
Ақмола ошағы
Жетекшілері: Рақымжан Мәдин, украин Яков Латута (Жақып Жоламанов).
Ерекшелігі: көтерілістің ең ірі орталықтарының бірі
Көтерілісшілер саны: 30 000 адам
Барысы:
көтерілісшілер қару жасауды жолға қойды.
Мергендер отряды құрылды.
Ақмола көтерілісшілері бірнеше қақтығыстан
кейін Торғайға жетіп,
Амангелді Иманов
сарбаздарының қатарына қосылды.
Көтерілістің жеңілу себептері:
Бытыраңқылық;
Көтеріліс ошақтары арасында байланыстың болмауы;
Патшаның жазалаушы әскерінің қарулануы
Көтеріліске арналған шығармалар: С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқанов «Ботагөз»,
Б.Майлин «Қанды кек», Ж.Аймауытов «Қартқожа», М.Әуезов «Қилы заман».