1.Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары



бет22/61
Дата03.01.2022
өлшемі395.67 Kb.
#450828
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Қазіргі заман тарихы АБ 1

Қазақстандағы өнеркәсіптердің дамуы экономикалық жағынан қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей империясының монополиялық иелігін орнатты.

2.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес.

Қазақ жастарының тәуелсіздік үшін күресі - толық зерттелмеген тақырып. Сондықтан да бұл еңбектің айтар мәнді ойы, көтерген тың идеясы, арқалған елдік жүгі бар деп ойлаймын. Мызғымайтындай көрінген Кеңес Одағының шаңырағының ортасына түсуіне, социалистік жүйенің ыдырауына қазақ жастарының қосқан үлесі зор. XX ғасырдың басындағы Алаш қозғалысынан 40 жыл өткеннен кейін, Кеңес Одағында көптеген өзгерістер орын алды. 1953-1964 жылдардағы «Хрущевтік жылымық» кезеңін пайдаланып, Мәскеуде оқитын қазақтың студент жастары алғаш «Жас тұлпар» қозғалысын ұйымдастырды. Кітаптағы «Жас тұлпар дүбірі» повесінде 60 жылдардағы «Жас тұлпар» қозғалысының пайда болуы, жұмыс істеуі, өркендеуі жан-жақты қамтылып жазылған. Ол кезде Қазақстаннан тысқары жерде, тек ғана Мәскеудің өзінде 10 мыңнан астам қазақ жастары білім алып жатты. Сол сияқты Кеңес Одағының басқа да қалаларында қаншама жастар оқып жүрді. Міне осылардың көбісі «Жас тұлпар» ұйымына қосылды, ықпалында болды. Жастар ұйымның көтерген идеялары мен үндеуіне құлақ түрді. «Жас тұлпар» қозғалысы мәдени мақсаттарды басты бағдар тұтқанымен, шындап келгенде қазақ тарихы, ашаршылық азабы, ұлт болашағы, білімді жастарды өсіріп шығу секілді ұлтымызды рухтандыратын, еңсе көтертетін түрлі мақсаттарды да қатар алып жүрді. «Жас тұлпар» дүбірі қазақ жастарының санасын біржолата серпілтіп, азаттық күресіне жетеледі. Дүбірден оянған жастар Қазақстанның барлық аймақтарында жасырын үйірмелер ұйымдастырып, өз шама-шарықтарына қарай тәуелсіз ел болуға талпыныс жасады. Қарағандыда «Жас қазақ», Қостанайда «Жас түлек», Өскеменде «Ұлттық мамандарға әділеттік тобы», Семейде «Тайшұбар», Гурьевте «Ұшқын», Павлодарда «Жас ұлан», Целиноградта «Тың тұлпар», «Оян қазақ», Шымкентте «Адыр қасқырлары», Алматыда «Сарыарқа» ұйымдарының болғаны соның айғағы. Кітаптағы «Азаттық аңсаған Сарыарқа» осы Алматыдағы 70 жылдары құрылған «Сарыарқа» ұйымы туралы жазылған. Мен «Жас тұлпар» қозғалысының мүшесі болдым және Алматыда жүріп, «Сарыарқа» ұйымының жұмыстарына да атсалыстым. Алаш идеясын жалғастырушы, мұрагерлері болған бұл ұйымдардың көбі кейіннен күштеп жабылды. Белсенді жастар қудалауға ұшырады. Ал, кітаптағы «Қашқын суыр» повесім өзім қатысқан Желтоқсан көтерілісін баян етеді. Бұл шығарма - көтерілісті жан-жақты сипаттаған, сонымен бірге көтерілістің қазақ жастарына тигізген әсерін талдаған психологиялық повесть.

«Жас тұлпар» ұйымын құрып, қазақ жастарының басын біріктіріп, соңынан ерткен азаматтар білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан. Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатхан Тайжан, Мақаш Тәтімов сынды ұлтшыл жастар сол тұстарда көзге түсті. Олардың жақындары кезінде қызыл империя қуғынына ұшырап, текті болғаны үшін түрмеге қамалып, атылған болатын. Қазақтың қайсар ұл-қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттердің өздері де білімді, талапты болды. Сондықтан алдарына үлкен мақсат, міндет қоя білді. Бұл студент жастардың жай ғана құра салған ұйымы емес еді. «Жас тұлпар» өзінің эмблемасын, туын жасады. Жастұлпарлықтардың үш түстен тұратын (қара, қызыл, көк) туына тұлпардың суреті салынған болатын. Онда Патшалық Ресейдің боданынан құтылып, қара түнектен шықтық, қызылды аттап, көкке жетеміз деген көкейдегі армандары жасырынып жатты. Тудағы тұлпардың басы көк түске қарап, бүгінгі тәуелсіздікке қарай шауып келе жатқан бейнесі әсерлі шыққан. 1963 жылы құрылған «Жас тұлпар» ансамблі мәдени іс-шаралар өткізуге жолдама жеңіп алады. Олар Ресейдің Омбы облысындағы қазақтар тұратын мекендер мен Қазақстан жерлерінде мәдени-ағартушылық іс шараларымен айналысты. Тек бір Жамбыл облысында 90 концерт беріп, 50 дәріс оқыды. Осы кезде «Жас тұлпарлықтар» өздерінің осы туын бірге алып жүрді.

Тарихшы-ғалым ретінде Бөкейханов халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің орасан зор маңызын түсінді. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылғы  мерейтойына  арнап,  «1916–1926» атты  еңбек  жазып  шығарды. Онда  қазақ көтерілісінің Ресей Империясының қоластындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас көтеруіне үлкен себеп болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы патшаны тақтан құлатудағы елеулі ролін айтады, ол қазақ көтерілісінің қаналушының қанаушыға қарсы «таптық» сипатта емес, отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық бағытын көрсетеді. Қарусыз бейбіт халықты қырған, патша əскерінің қинаяттық іс-əрекеттерін сынайды. Ə. Бөкейханов қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған. Ол Павлодар мен Қарқаралы уездерін мекендеген қазақтардың жəне төле мен төлеңгіттердің шежіресін жазып, оны Ф.А. Щербина экспедициясы «Материалдарының» IV (1903) жəне IV (1905) томдарында жарияланған.Ə. Бөкейханов жазған «Аңқау елге — арамза молда», немесе «О киргизских поминках», атты мақаласы өте қызық. «Би һəм білік» атты мақаласында қазақтың заң мен билік мəселелері баяндалады. Қазақ халқының тəуелсіздікке қол жеткізуінің бір жолы — ол Мемлекеттік думаға қатысуы арқылы қазақ халқының құқығын қорғауға болады деп сенді. Ол Орыстың география қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде қоғамның ғылыми мəжіліс-жиналыстарында қазақтың мəдениеті, тұрмыс салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дəрістер оқыған. Сол арқылы өз ұлтының басқа ұлттармен қатар тəуелсіз өмір сүруге болатындығын дəлелдеуге ұмтылған. Ол орыстың ғалымы Г.Н. Потанинге қазақ халқының əн-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-сайманын жинасып, Томск, қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға көмектеседі. Оның əрбір іс-əрекеті Қазақстанның дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру мақсатына арналады.



Ə. Бөкейханов Ф.А. Щербина бастаған «Жер жөніндегі министрліктің ғылыми экспедициясына» қатысады. 1896–1901 жылдары аралығында бұл экспедициясы сол кездегі Қазақ өлкесінің Ақмола жəне Семей облыстарының 12 уезіне жұмыс жүргізді. Əлихан Бөкейханов бұл экспедицияға дейін Тобыл губерниясында жүргізілген санақ жұмыстарына қатысып, тəжірибе жинақтаған. Сондықтан да Щербина экспедициясына жеке зерттеу тобын басқарған. Экспедицияның негізгі мақсаты — ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей үкіметінің қоныстандыру саясатының объектісіне айналған қазақ даласын жан-жақты зерттеу. Қазақ шаруашылығын үйді-үй қора-қора басымен есепке алу, жайлау, қыстау, егіндік, шабындық жерлердің көлемін анықтау арқылы, қазақтың жер-суын, орман тоғайын, шөл-даласын есепке алу керек болды. Экспедиция жұмыстары біткеннен кейін жиналған бай материалдарды іріктеп, белгілі тəртіпке келтіріп өңдеп, ғылыми қорытындысын жазысады. Қажетті деген ғылыми есеп кестелерін жасайды. Жер-судың карталарын сызады. Қазақтың шаруашылығына, егіндік, шабындығына, қыстау, жайлауына ғылыми сипаттама береді. Жиналған деректерге сүйене отырып, Павлодар, Қарқаралы, Семей, Омбы уездеріндегі «байырғы тарихи аудандарын» анықтап, оны картаға түсіреді. Қазақ шаруашылығының экономикалық тиімділігін есептеп шығарады. Экспедицияның қорытындылары 1903–1905 жылдары аралығында 13 том болып жарыққа шыққан. Ғалымның «Павлодарский уезд», «Родовые схемы киргиз Каркаралинского уезда», тағы басқа еңбектері жарық көрді. Осы еңбектерінде Ə.Бөкейханов қазақ халқының мүддесін қарапайым мысалдар келтіре отырып қорғағаны байқалады.

Осы кезеңде құрылған Түркістандық Ерік партиясын да назардан тыс қалдырмаған жөн, өйткені 1919 жылдың көктемінде құрылған партяи ұлт мәселесіне көп көңіл аударды. Бұл партияның құрылуына қазақ Жанұзақов, башқұрт Вавилов, өзбек Әріпов бас—көз болды. Партияның құрылу үрдісі 1926 жылға дейін созылды. Бұл партияның ерекшілігі оның бағдарламасында бір емес, бірнеше ұлттар мен халықтардың алдындағы көкейкесті мәселелерінің көтерілуінде жатыр, яғни оның жетекшілері ұлттық мүдделерден гөрі ұлтаралық мәселелерді көре білді, жалпы халықтық мақсаттарды саралауға жеткізді.

1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. " Қазақтарға, жаңарған Ресей азаматтарына" деген мәлімдеде Ә. Бөкейханов былай деді: " ... Ресейдің барлық халықтары үшін бостандықтың, теңдіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа қоғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет...Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз демократяилық республиканы және жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан, басқадан қорықпаңыздар...Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министрліктің азық—түлік жөніндегі өкілдермен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетуіміз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..."



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет