Шемонаиха ауданының құрылуына 85-жыл және Шемонаиха кентінің құрылуына 75-жыл



жүктеу 68.85 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі68.85 Kb.
Торқалы жыл...

(Шемонаиха ауданының құрылуына 85-жыл және Шемонаиха кентінің құрылуына 75-жыл)

«…Ты – песнь моя, ты - боль моя,

ты – счастье!

Отчизна предков, колыбель отца,

Хочу с тобой твоей дорогой мчаться

Сквозь день и ночь, до самого конца.

Хочу всегда твои встречать рассветы,

Что о счастливой жизни говорят…

Любимый мой! Единственный на свете!

Мой светлый город, колыбель моя!»

(«Мой город», Ю.М. Кобзев)


«Ты – песнь моя, ты - боль моя, ты – счастье! Отчизна предков, колыбель отца,…»…Ақын, «Ленинское знамя» газеті редакторының орынбасары Кобзев Юрий Михайлович Шемонаиха қаласы туралы шын жүрегімен, сүйіспешілікпен жазды.

Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы «Риддер қаласының Мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Риддер-Лениногор қаласының және қала аймағының құжаттарымен бірге Шемонаиха ауданының тұрақты сақталуына құжаттарын жинақтауда. Шемонаиха ауданы Риддер қаласынан алыс емес жерде орналасқан, ол жерде біздің туыстарымыз, таныстарымыз тұрады, және бүгін біз Шемонаиха ауылы/кентінің және Шемонаиха болысы/ауданының құрылуы мен дамуы туралы әңгімелейміз...

1928 жылғы 17 қаңтардан Қазақ АССР Орталық орындаушы комитетінің 2-сессиясының 6-шақырылымы әкімшілік-аймақтық аудандыру жобасын бекітті, оған сәйкес Семей губерниясы қысқартылып, Семей аймағы құрылды. Шемонаевский, Калинский, Убинский, Красно-Октябрьский болыстарының бөлігінен Семей аймағы Семей үйезі Шемонаиха ауданы орталығы Шемонаиха ауылы болып құрылды.

Қазақ ССР ООК Президиумының 1938 ж. 29 наурыздағы Қаулысымен Шемонаиха жұмысшы кенті құрылды.


19 ғасырдың аяғы... 1882 ж. «Алтай аймағы шаруалар болысының шаруашылық-статистикалық баяндауынан»... «айыл атауы – Шемонаевское, үйлер саны – 422, 1958 ж. 10 санақ бойынша санақ жаны - 840, сақтан кейінгі туғандар саны және 1882 ж. 1 шілдеде тізімде тұрғандар – 446, 1882 ж. 1 шілдеде тізімнен өлгендер саны – 253, 1882 ж. 1 шілдеде жандар саны – 1033, 1882 ж. 1 шілдеде санақсыз тұрып жатқандар, қоныс аударғандар саны – 2, 1882 ж. жұмысшылар саны – 557...

Шемонаиха кентінің атауы қоныстанушы, ескі дәстүрші, 18 ғасырдың бірінші жартысында патриарх Никонның шіркеу реформасынан Орталық Ресейден қашқан Шемонаев тегінен шықты.



Ауылдық және болыстық әкімшілік құрамы

Ауылдық старосталар бір жылға сайланады. Кейбір ауылдарда еңбекақы алады және жеңілдіктермен қолданылады, кейбіреулерінде ақысыз қызмет етеді. Ауылдық кеңсе хатшылары 15, ауылдық қоғамдарға еңбекақы алып жалданады.

Ақшалай жиындар ауылдық старосталармен жасалады, жиналған сома мәслихатшы-қазанашыға тапсырылады, ол Шемонаиха станциясының пошта бөлімшесіне тапсыра отырып, билік аумақтық қазынашылыққа жібереді.

1881 жылы болыстық сот шешімі 109 болды. Сотқарлық, ішімдік ішкені үшін, тау-зауыттық шеберханалардан «алым-салық төлемегені үшін» дене жазаларына 13 адам тартылды.

Сот үкімі болыстық старшиндердің тапсырмасы бойынша ауылдық старосталармен орындалады. Азаматттық және ұсақ қылмыстық істердің бір бөлігі жергілікті дәстүрлер негізінде ауылдық жиындарда шешіледі. Ауылдық жиындар толық құрамда сирек болады; жиынның талдауына жататын сұрақ көптеген қауым мүшесі қатысты болса, жиында үй үйелерінің көбі болады. Қалған жағдайларда жиынға қатысқан үй иелерінің саны заң нормасына сирек жетсе де іс талданады да, орындалады...

Білім беру

Убинский болысында бір училище бар. 1882 жылы оқушылар сан 20 болды. Емтихан бойынша куәлікпен бір оқушы шықты. 1879 жылдан Омск мұғалімдер семинариясында курсты аяқтаған Солодов Федор Иванович мұғалім болып істейді.

Халықтың сауаттылыққа, яғни училищеге қарасы немқұрайлы...

Фабрикалар, зауыттар, өндірістік және сауда мекемелері.

Убинский болысында фабрикалар жоқ, 4 шағын тері зауыттары, 18 ұстахан, 101 диірмен бар. Шарапты бөлшектеп сатумен ішімдік мекемесі – 2.

Шаруалар болашақта спирттік ішімдіктерімен болыс ауылдарында мекемелерді ашуға рұқсат бермеуді шешті.

Убинский болысында Патша Кабинетіндегі мыс кені бар: Чудак, Таловкий, Сугатский. Николаевский кеніші бірнеше жыл бұрын жабылып, жұмыстар жүргізілмейді...»



20 ғасыр басы... Самодержавиелік мемлекеттің ауылдары сияқты Шемонаиха кенті баяу, жоспарсыз, біржақты. Кентте тұрғын үйлер, малқоралар ғана салынды. Не өнеркәсіп, не клубтар, не саябақтар – осының бірі де болған жоқ. Бір бастауыш мектеп, медпункт, екі кабак, шіркеу, 6 көпестік лавка болды. Мектепте 100 бала оқыды, олар байлар отбасынан еді. Халықтың негізгі бөлшегі сауатсыз болып қалды. Болыстық басқару тізімі бойынша «Қоғымның үкіміне 1915 жылы» 32 адам қол қойды, қалған 238, сауатсыз, белгі ғана қойды. Кент көшесінде бір де бір тоғай өскен жоқ, көшелер күлмен, әртүрлі қоқыспен шашылған, ерте көктемде және жаңбырлы күзде көшелерде көлік арбалар жүрді, жүргінші жол қолайсыз еді.

Осындай Шемонаиха жас Кеңестік мемлекет қатарына кірді. Халық сауатсыз болса да, қазан төңкерісі мен шетелдік басқыншылық кезінде олар күшті партизан күресінің орталығына айналды. Шемонаихалықтар өз өмірлерін аямай, Колчак пен Анненков тонаушыларымен күресті. Осы туралы кенттің ортасындағы бауырластар зираты айтады.



1918 жылы бауырластар зиратына жерленген Шемонаиха көтерілісінің қызыл партизандарының тізімі

1. Агафонов Дмитрий Матвеевич

2. Андронов Ефим Матвеевич

3. Агафонов Самауил Михайлович

4. Агафонов Степан Александрович

5. Агафонов Фома Васильевич

6. Агафонов Семен Никонович

7. Борисов Константин Сеипович

8. Василенков Яков Иванович

9. Емельянов Пахом Фомич

10. Иванов Маркел Калинович

11. Исаев Иван Сидорович

12. Кузьмин Михаил Никитович

13. Кузьмин Родион Родионович

14. Павлов Ермолай Петрович

15. Степанов Павел Александрович

16. Степанов Кузьма Калистратович

17. Степанов Егор Викулович

18. Сидоров Павел Васильевич

19. Степанов Ульян Архипович

20. Федотов Савелий Прохорович

21. Худяков Кузьма Васильевич

22. Чернов Егор Степанович

23. Цикунов Василий Василистович

24. Цикунов Иван Василистович

25. Иванов Лазерь Екимович

26. Емельянов Ерофей Федосеевич

«Ешкімде ұмытылған жоқ және ештеңе де ұмытылған жоқ»... Қаза болған қызыл партизандардың бауырластар зиратына 1960 жылы қойылған ескерткіш пен мінбе сырланды. Бауырластар зираты шарбақпен қоршалды. Бауырластар зираты 1,5 га пішінделіп, ойып жазылды.

Шемонаиха Болыстық орындаушылық комитетінің 1926 жылғы ІІІ тоқсанға ақпараттық есебінен қызықты мәліметтер «Сем УФО Тура Салықтар Инспекторы Кулгариннің қолымен»

«1925 жылға дейін тек қана үш мектеп болды (Шемонаиха болысында ескі тұрғындардан, діні келіртпеден және басты кержактар болды. Ұлт аралық тұрмыстық жағдайларда маңызды рөл атқарады. Келемсектер саны аз. Болыс халқы келесі топтарға бөлінеді: великоростар – 19929 адам, осыларға ескі тұрғындарды қосқанда, 85 %, малоростар – 1491, немістер – 547, татарлар – 98, қазақтар /қырғыздар/ - 76, орыс-казактар – 1782 адам...



Сауда атаулары: манафактура тауарлары, ет, тері, темір-қапсырма, азық-түлік және бакалейлк, галантерия тауарлары, даайын аяқ-киім және бас киімдер, піскен нан, меншікті өндірістегі бас киімдер, үн мен бидай, қымыз, қарамай мен керосин, қонақ үйлер, шұжық өнімдері, шөп, ішімдіксіз асханалар мен буфеттер, мердігерлік пен жеткізу, темекі өнімдері, сауда моншалары, қайта сату үшін сатып алулар, сабын, мал, сыра, парфюмерия, гастрономиялық тауарлар, шикізат пен теріні сатып алу, елтірі, жүн мен киіз, тондар, шәй, басқа да ұсақ тауарлар.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар: өз материалынан ұсталық өндіріс, сабынқайнату, өз материалынан етік тігу, диірмендер, пима басу, темекі-махорка, тон-қой өндірісі, шұжық өндірісі, шаштараз, шырақ өндірісі, тасымал кәсібі, әртүрлі ұсақ заттар өндірісі...»

Ескі кенттің жаңа келбеті... 1960 жыл... (Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха кенті депутаттары жұмыс тәжірибесінен)

«Тұрмысқа жайлы әдемі аудандық орталық. Кент аумағының шекарасы 1,5-2 км-ге Березовка мен Шемонаиха өзендерінен асты. Орталықтан 5 км алыс 1934 жылы салынған теміржол станциясы кенттің батыс жағы болып саналады, қалалық түрдегі тура көшелерді, тұрғын кірпіш үйлерді қосады. Оңтүстік-батыс бөліктегі алаңқайдың орнында жұмысшылар үшін стандартты ағаш үйлер кварталы өсті. Осы сияқты алаңқайда тұрғын үйлер, өндірістік цехтар және басқа да Райпромкомбинаттың қызметтері, құрылыс бөлшектері комбинаты жайғасты.

Жаңа Шемонаиха ескіден 9-10 есе үлкен. Қазір тұтас аурухана қалашығы, екі кинотеатр, мәдениет сарайы, 16582 томды кітап қорымен аудандық және балалар кітапханасы, жалпы оқушылар саны 2582 4 бастауыш, бір жетіжылдық, үш орта мектеп, облысаралық ауылшаруашылық маектебі, ірімшік жасау республикааралық шеберлер мектебі бар. Бес асхана, колхоз базары және 31 сауда нүктесі, оның ішінде азық-түлік дүкені, шаруашылық дүкегні, аудандық дүкен, комиссиялық дүкен. Кент толық радиомен қамтамасыз етілген. Көтеріліске дейін 3 дана газетке жазылса, қазіргі уақытта Шемонаихаға 4040 дана газет, 2600 әртүрлі журналдар жіберіледі.

Аудандық орталықта меникаланған май зауыты мен ірімшік зауыты, инкубаторлық станция, типтік МТС, монша, қонақ үй, меникаланған наубайхана, 2 бөбекхана, 5 балабақша салынды. Тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының, типтік автобаза, бірнеше дүкендер, 20 су бөлетін колонкаларымен суқұбыры мұнарасы және тағы бір асхана құрылысы жүріп жатыр.

Жылдан жылға коммуналдық және жеке құрылыс есебінен тұрғын үйлер саны өсіп келеді. Соңғы үш жыл ішінде ғана жеке құрылыс салушылармен 514 жақсы үй салынды және қазір 243 пәтер құрылыс жүруде.

Аудындық орталықта мәдениет-тұрмыстық құрылысы ведомостік ұйымдар қаражатына салынып жатыр, күрделі құрылыс аудандық бюджет есебінен салынуда. Осы барлық үлкен және күрделі құрылысты Кент Кеңесі басқарады.

Көріксіз және тозаңды куентті көгалдандыру үшін 1938 жылы кент Кеңесі Березовка өзені бойынша тоған, 4 км Бас арық пен арық жолын салу керектігі туралы түсіндермелік жұмысы өткізілді. Кәрі адамдардан жас балаға дейін мыңдаған адам тоған мен арық салу үшін көшеге шықты. Күректер, сүймендер және қайлалар көмегімен тасты жерлерде арық қазып, тоған салынды. Есеп бойынша қоғамдық күш арқылы 200 мың сомның жұмыс істелінді.

Көктемде терек, үйеңкі, қараған отырғызылды. Пионе саябағы салынды, қазір Кеңес Обағының батыры Астафьевтің атында.



1960 жылы Шемонаиха үлкен баққа айналды: саябақта, стадионда, барлық көшелерде, тұйық көшелерде тоғайлар көшет қатарымен есептеліп салынған. Кентте 160 мың тоғай бар. Шемонаиха станциясында жаңа саябақ салынды, шемонаихашылардың демалыс орны – аралда тоғайлар отырғызылды.»

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президиумы Қаулысымен 1961 жылғы 23 қарашадан Шемонаиха кенті аудандық байланыстағы қалалар санынан жатқызылды. Ал ол басқа тарих...


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет