1.Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары



бет42/61
Дата03.01.2022
өлшемі395.67 Kb.
#450828
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Қазіргі заман тарихы АБ 1

Халыққа білім беру

Жоғары мектеп. Соғыс кезіндегі орасан зор қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық жасалынды. 1943 жылғы қаңтардан басып барлық мектептерде, техникумдар мен жоғары оқу орындарында оқитын қазақтарды, басқа да шығыс халықтары өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын айғақтарының бірі болды. Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесін кеңейту, оқушы кадрларды даярлау, тиісті мақсатында пайдаланылмай келген мектеп үйлерін қайтарып беру тәртібі жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылды.  Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде, ғылым мен мәдениеттің дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқу орындары-Алматы шетел тілінде, Шымкент технологиялық, Дене тәрбиесі институттары, Алматы консерваториясы, Педагогикалық қыздар институттары ашылды. Студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді.  Республикада білікті кадрлар даярлауда эвакуацияланған оқу орындары (20-дан астам жоғары оқу орындары мен 16 техникум еді, олардың 11-і Алматыда болатын) едәуір жұмыс атқарды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары кадрлар даярлаумен бірге қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының заказдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізді. 
  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер   


Ұлы Отан соғысның алғашқы айларынан  бастап Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның  шығармашылық топтары Қазақстанға келе бастады. 1943 жылдың басында республикаға көшіп келіп орналасқан театрлардың саны жиырмаға жетті. Алғашында Шымкентке қоныс ау дарған Моссовет атындағы театр кейін Алматыға келіп орналасты. Украинаның И.Франко атындағы театры Г.Юраның басшылығымен Семейде жүмыс істеп жатты. Киевтің Леся Украинка атындағы театрының актерлері Республикалық орыс театрының құрамына келіп косылды. Мемлекеттік Беларусь театры Орал кдласында өнер көрсетіп жатты. Бұлардан басқа Қазақстанға Днепропетровскінің Луганскінің, Днепродзержинскінің, Полтаваның, Артемовскінің жөне басқа қалалардың театрлары көшіп келді. 
Алматыға Мәскеу мен Санкт-Петербург киностудиялары да қоныс аударды. Қазақстанда Г.Уланова, С.Прокофьев, С.Эйзенштейн, Д.Михайлов, Ю.Завадский, В.Морецкая сияқты көптеген орыс мәде-ниетінің ірі кайраткерлері қызмет істеді. 
Ұлы Отан соғыс жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жаткдн пьесалармен қатар әскери тақырыпқа арналған М.Әуезовтің "Сын сағатта" (1941), М.Әуезов пен Ә.Әбшевтің (Намыс гвардиясы) (1943), С.Мұкановтың (Жеңіс жыры) (1942), Ф.Вольфтің "Профессор Мамлок" және Ө.Әбішевтің "Қырағылық" (1941) атты драмалық шығармалары орын алды. Бұл уақытта Қазақ драма театрының актерлік өнермен катар режиссура саласында біршама тәжірибе жинақтағаны байқалды. Оған дәлел — осы театрда қойылған "Профессор Мамлок" спектаклі. Бұл кездері театрда көбіне актерлердің рөл үстінде жұмыс істеуіне, сахна сырын меңгеруіне, орындаушылық шеберлігінің жетілуіне баса назар аударылды. Осы жылдары қойылған спектаклъдер қызғылықты режиссерлік шешімімен, сахналық жинақтылығымен ерекшеленді. 
Тікелей әскери тақырыпты қозғайтын М.Өуезовтің (Сын сағаттар) спектаклін режиссер А.Тоқданов сахнаға шығарды. Бұл — қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үгіт көтерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес өкіметі адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек етіп алды. Ұлы шайқас кезінде кеңес адамдарының патриоттык. сезімінің артуы, Отан алдындағы азаматтық борышъш терең сезінуі спектакль режиссурасының негізгі ой-түжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс майданындағы адамдардың үлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет