Ал сіз және сіз өмір сүретін ортада бұл қағидаларды ұстанатын жандар бар ма? Болса оларға берер кеңесіңіз қандай?
9.Қазақстан – тәуелсіз мемлекет ретінде және оның конституциялық – құқықтық дамуы жағынан біршама жетістіктерге жетті. Сіздің ойыңызша, мемлекетіміз осындай дәрежеге жетпес бұрын қандай тарихи кезеңдерді өтті?
1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.
1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Отыз жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады .
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. Оның тәуелсіздігің АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.
Осыдан отыздай жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады.
Жаңа Қазақстан мемлекеті жаңа ішкі саясат жүргізуі тиіс еді. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Біздің Республика этносаралық жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын бүкіл әлемге сенімді түрде дәлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің қазақстандық моделі қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасап келеді. Әрі оған басқа мемлекеттер де қызығушылықтарын білдіріп отыр. Бұл бір экономикалық формациядан басқа, үлкен экономикалық қиындықтар мен әлеуметтік проблемаларға өтудің кезіндегі кедергілерге қарамастан адамдар арасындағы бір—біріне деген сенімнің болғандығының жарқын көрінісі болып табылады»
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған.
Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен кейінгі екінші орында көрсетілген. Барлық қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принцип пен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Ол үшін Қазақстанда бірінші қазақ халқының түпкілікті ұлттық мүдделері дұрыс шешілгенде ғана өзге ұлттар мен этностық топтардың дамуына жол салынады. Әр бір азамат Қазақстан — менің Отаным, менің елім деген ұранның маңайына топтасуы керек.
2010—жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ—на табысты төрағалық етуіне жәрдемі тиген негізгі деректермен, дәйектердің арасында еліміздің ұлтаралық және дінаралық келісім тәжірбиесі болғаны құпия емес. Халқымыздың толеранттылығы мен даналығына негізделген салмақты мемлекеттік саясаттың нәтижесінде бізге өткен жылдар бедеріндегі қандай да бір қиындықтарға қарамастан, елімізде ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік берді және бұл сөз жоқ, біздің маңызды стратегиялық ресурсымыз. Тек бірлік пен тұрақтылық жағдайында ғана келешек дамуымызға қатысты кең ауқымды міндеттер қоя аламыз.
Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда «Қазақстан—2030» атты ұзақ мерзімді дамуы стратегиялық бағдарламасын қабылдады.
Елімізде индустриялдық—инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазақ елінің дәл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы әрі ұлттық жетістігіміз—Астана қаласы бой көтерді. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасын және оның Елордасы—Астананы бүкіл әлемге паш етті.
Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым—қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ЕҚЫҰ—ның 56 мемлекетінің басшылары елордамызда бас қосып, Астана доктринасының бірауыздан қабылдады
10.Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбек ақы төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады. Қазырғы мемлекеттің саясаты мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресуге болады деген саясат ұстануда. Сіздің ойыңызша бұл жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады ма? Өз пікіріңізді нақтылап деректермен дәлелдеңіз.
Шет елдің озық тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесінде, тиісінше мемлекетті к жоспарлауда және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар дегеніміз бюдже т қаражатын тиімсіз пайдалану және көптеген жағдайларда тек қаражатты игеруге бағдарлану б олып табылады. Сондайақ, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тууына себеп б олатын факторлар, жоспарлау процесінің күрделілігі, еңбек және қаржы ресурстарының шектеулігі, ақпараттардың қолжетімсіздігі және т.б. болып табылады. 2008 жылы 6 ақпанда ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «нәтиже лілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бойынша» ісшараларды жедел іске асыруды басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Атап айтқанда, Қазақс тан Республикасының Үкіметіне «бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігін а рттыру жүйесін жаңғырту мен жетілдіру бойынша жұмысты жеделдету» міндеті қойылды .Әкім шілік реформаны жүзеге асыру шеңберінде нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне к өшу іске асырылды. Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатт ы мәнге қол жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы төле у тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Менің ойымша , қандай шара қолданылғанмен сыбайлас жемқорлықты толықтай жою мүмкін емес. Тек қана оны азайтуға болады. Егер мемлекетік қызметші өз жұмысы үшін жоғары көлемде қаражат алса, ол оған аздық етуі мүмкін. Себебі , барлығы білетіндей адам ақшаға одан да көп ұмтылуға тырысады. Яғни , сол мақсатта жемқорлық шарасын қолданады, бұл оған ақша табудың жеңіл жолы болып көрінеді. Немесе өз жұмысын нақты , ұқыпты əрі дұрыс орындамауы да мүмкін. Сонымен қатар жалақыны көбейткеннің өзінде де , азық-тұлік, киім-кешек жəне т.б. адам өміріне қажет заттардың бағасы қосылады.
11.Бүгінгі күні отбасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны анық. Ең алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті жағдайларға қарау мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдық-адамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. Сіз қалай ойлайсыз? Бүгінгі күнде отбасы не үшін қоғамдық мәселелерді шешуге күші жетпейді?
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құлдырауға ұшырауына байланысты қоғамда бірқатар керітартпа әрекеттің пайда бола бастағанын байқауға болады.
Оның бірі қазіргі тұрмыс құрған жастардың ажырасуға деген бейімділігі. Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде «Жастарды жаңа әлеуметтік рөлдерге және отбасылық өмірдің шынайылығына дайындау қажет. Мұны орта мектептердің жоғары сыныптарынан бастау керек. Ана институтын қолдаумен бірге, әке институтын дамыту, жасөспірімдерде өз отбасына жауапкершілік сезімін қалыптастыру маңызды. Отбасылық қатынастардың барлық аспектілері бойынша қолжетімді психологиялық және консультациялық көмекті қамтамасыз ету қажет. Отбасылардың ажырасуы біздің ерекше алаңдаушылығымызды тудыруда. Ғалымдар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары бұл мәселеге елеулі назар аударуы тиіс», деп атап өткен еді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес 2016 жылы елімізде 140 840 неке тіркеліп, 51 775 неке бұзылған, 2017 жылы 141 785 неке тіркеліп, 54 948 неке бұзылған, ал 2018 жылы 138 876 тіркеліп, 54 859 неке бұзылған. Бұзылған некелер сәйкес жылы тіркелген некенің 2016 жылы 36,8%-ын, 2017 жылы 38,7%-ын, ал 2018 жылы 39,5%-ын құраған. Жыл сайын ажырасу санының ұлғаю үрдісі байқалады. Мәселенің күрделісі, 2018 жылдың ішінде шаңырақтары шайқалған 109 мыңға жуық адамның 80 пайызға жуығында балалары бар.
Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғашқы факторы. Толық емес отбасында, бұл процесс отбасының қалыпты құрылымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, кішкентай бүлдіршіндер ата-анасының ажырасуы салдарынан психологиялық зардап шегетіні анықталды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы туындаған кикілжіңдердің салдарынан балалар депрессияға ұшырайды және дамуының артта қалуына бейімді болып келеді. Осылайша ажырасу фактісі баланы ауыр психологиялық салдарға (құқық бұзушылыққа, суицидке, өз-өзіне сенімсіздікке) душар етеді. Толық емес отбасының проблемасы – баланың әлеуметтенуінің бұзылу проблемасы.
Қоғам ішін жегіқұртша кемірген бұл мәселе қатаң шаралар қабылданып, дер кезінде шешімін таппай, осылай жалғасын таба беретін болса, өте қиын. Сондықтан ұлттық құндылықтарды қастерлеудің заңдық жауапкершілік нормасын енгізу бүгінгі күннің талабы деп есептеймін.
Некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж салығының жоғарылауы ерлі-зайыптылардың ажырасуға деген ниетін төмендету шараларының бірі болары анық.
Мысалы, көрші мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ажырасу көлемі 10% шамасында ғана екендігіне қарамай, 2018 жылы некені бұзу туралы талап арыздардан алынатын мемлекеттік бажды төрт есеге ұлғайту туралы шешім қабылдағандары бар. Егер бұрын ажырасқысы келетін адамдар ең төменгі жалақы мөлшерінің 50%-ын төлеген болса, енді оларға 200%-ын төлеу керек. Сонымен қатар некені қайта бұзу туралы арыздардан мемлекеттік баж ең төменгі жалақы мөлшерінің 120%-нан 400%-ға дейін артқан.
Ал біздің елімізге келсек, Салық кодексінің 610-бабына сәйкес, некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан 0,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 757,5 теңге ғана мемлекеттiк баж алынады.
Сонымен қатар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3 тармағында ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке сот тәртібімен бұзылады делінген. Іс жүзінде соттар ерлі-зайыптыларға татуласуға қосымша уақыт беретін болса, неке бұзылу саны азаяры сөзсіз. Кеңес Одағы кезінде соттарда неке бұзу туралы талапты шешер кезде 6 айға дейін міндетті түрде татуласуға мерзім берілетін және ол тәжірибе отбасын сақтап қалуға едәуір мүмкіндік беретін.
Одан басқа Жоғарғы соттың бастамасымен «Отбасылық сот» қанатқақты жобасы 2018 жылдың қыркүйек айында жұмысын бастады. Аталған соттың судьялары ажырасу, алимент өндіру сынды тек неке-отбасылық істерді қарауға мамандандырылған. Судья істі қарап қана қоймайды, басты ұстаным ретінде ерлі-зайыптыларды қайта табыстыруға күш салады. Яғни, міндетті түрде сотқа арнайы тартылған психологтің көмегіне жүгінуге кеңес береді. Нәтижесінде, ерлі-зайыптыларды татуластырумен аяқталған істер саны артқаны байқалады. Осы жоба еліміздегі барлық сот жүйесіне енгізілсе, оң нәтижеге қол жеткізетініміз анық.
Біздің қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, ұрпақтар сабақтастығының жалғастырушысы болып табылатын ұлттық құндылық. Шаңырақтың шайқалуы, яғни ерлі-зайыптылардың ажырасуы – тек сол отбасы үшін моральдық зардап қана емес, ел демографиясына төнген қатер деп қабылдануы керек. Осы мәселенің заңдылық өлшемін, қоғамдық жауапкершілігін нақты айқындау қажет деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |