1.Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Cіздің ойынызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті?


Сіз «қоғамдық бақылау» ұғымының мазмұнын қалай түсінесіз



бет7/16
Дата23.03.2023
өлшемі113.96 Kb.
#471026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Құқық

15.Сіз «қоғамдық бақылау» ұғымының мазмұнын қалай түсінесіз
Қоғамдық бақылау - қоғамдық бақылау субъектілерінің "Қоғамдық бақылау туралы" және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен нысандарда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерін талдауға және қоғамдық бақылауға, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеуге бағытталған қызметі.
«Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдаланылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады. Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет, жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс ретінде түсінік береді.
Қоғамдық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асыратын бақылау мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды білдіреді. Қоғамдық қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне басқарушыларды тартуды немесе қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы болып табылады.
Қоғамдық бақылаудың мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық бақылаудың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоғамдық бақылау процесане тарту;
2) қоғамдық бақылау объектілері шешімдер қабылдаған кезде қоғамдық пікірді ескеруді қамтамасыз ету;
3) қоғамдық бақылау объектілері қызметінің бүкпесіздігі мен ашықтығын қамтамасыз ету;
4) қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) қоғамдық бақылау объектілері қызметінің тиімділігін арттыру;
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бақылау объектілерінің қызметіне деген сенім деңгейін арттыру;
7) қоғамда құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет