1.«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі, дереккөздері, тарихнамасы. Пәннің мақсаты


Адамның шығу тегі теориясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі



бет2/4
Дата13.12.2023
өлшемі47.19 Kb.
#486458
түріСабақ
1   2   3   4
тарихи

2.Адамның шығу тегі теориясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Негізі адамзаттың шығу теориясының болжамдары өте көп.Бірақ ең танымал 3 болжамы бар.Олар 1.Креационизм - адамды Құдай немесе әлемдік ақыл жаратқан;
2.Биологиялық тұжырымдама - адам биологиялық өзгерістерді жинақтау арқылы маймылдармен ортақ ата - бабалардан шыққан;
3.Еңбек тұжырымдамасы - маймыл тәрізді адамның пайда болуында ата - бабаларды адамдарға айналдырған еңбек шешуші рөл атқарады;
Ертедегі адамның қалыптасу сатылары:
1. «Епті адам » (Homo habilis») ғалымдардың алғашқы адамға берген атауы. Қалдықтары ең алғаш рет Шығыс Африкадағы Кения, Виктория көлі мен Килиманджаронын арасында, Олдувай шатқалында табылды. 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрді.
2. «Тік жүретін адам» («Homo erectus»);
а. Питекантроп 1891 ж. оңт.-шығ. Азия, Индонезиядағы Ява аралында табылды. 1 млн жыл бұрын өмір сүрді.
6. Синантроп (лат. «сина» кытай, «антропус» адам) «қытай адамы» - 1927
* Кытай, Пекин каласынан 40 км. жерде Чжоу-коу-тянь үңгірінде табылды.
500-200 мың жыл бұрын өмір сүрді.
3.Неандертальдық адам. Германияда табылды. 100-35 мың жыл бұрын
өмір сүрді.
а.8-9 жастағы Неандертальдық баланың қаңқасы оңтүстік Өзбекістандағы Тесіктас үңгірінен табылды.Антрополог М.М.Герасимов бала бейнесінің реконструкциясын жасады.
4 Кроманьондық адам («Homo sapiens» - «Саналы адам») қазіргі кездегі адам. Францияның Кро-Маньон үнгірінен табылды. 40-35 мың жыл бұрын қалыптасты.


3. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің әлеуметтік құрылымы және
Шаруашылығы
Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі деп аталады. Оның бұлай аталу себебі алғашқы адамдар темір немесе басқа да металл түрлерін өндіруді әлі де меңгерген жоқ еді, олардың негізгі қарулары мен еңбек құралдарының барлығы дерлік тастан жасалды.
Тас дәуірі өз ішінен палеолит (ежелгі тас дәуірі), мезолит (орта тас дәуірі) және неолит (жаңа тас дәуірі) болып негізгі үш кезеңге бөлінеді. Неолит кезеңінен кейін келетін энеолит (мысты-тас дәуірі) кезеңі – тас дәуірі мен қола дәуірінің арасын жалғастырушы кезең болып табылады. Біз бүгінгі сабағымызда палеолит дәуіріне тоқталамыз.
Палеолит дәуірі адамзат тарихының өте орасан зор уақыт кеңістігін – осыдан 2,6 млн. – 12 мың жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтиды. Палеолит дәуірінің өзі ерте (төменгі) және кейінгі (жоғарғы) палеолит болып екіге бөлінеді. Ерте палеолит осыдан 2,6 млн. – 35-40 мың жылдар аралығын қамтиды. Ерте палеолиттің өзі үш кезеңге бөлінеді:
1. Олдувай (Дошель) кезеңі – 2,5-2,6 млн. – 700 мың жыл аралығы;
2. Ашель кезеңі – 700 мың – 150-140 мың жыл аралығы;
3. Мустье кезеңі – 140 мың – 40-35 мың жыл аралығы.
Кейінгі палеолит – 40-35 мың жыл – 12 мың жыл аралығын қамтиды.
Тас дәуірін археология ғылымы зерттейді. Сол дәуірде өмір сүрген ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмысын зерттеуде де археология ғылымына сүйенеміз.
Палеолиттен кейінгі келесі тарихи кезең – мезолит дәуірі б.з.б. 12–5 мыңжылдықтар аралығын алып жатыр. Дегенмен, Қазақстан аумағында мезолит ескерткіштері аз зерттелген. Алғашқы мезолит тұрақтары Қостанай маңы мен Торғай далаларынан табылса, қазіргі күнде бұл дәуір жәдігерлері Солтүстік, Палеолиттен мезолитке көшу климаттағы өзгерістермен де байланысты болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты еді. Табиғаттағы болған өзгерістер нәтижесінде флора мен фауна да өзгерді. Мамонт тәрізді жануарлар түрлері жойылып, нәтижесінде аң аулау тәсілдерін де өзгерту қажеттілігі туды, тамақ табудың бұрынғы әдістері жарамсыз болып қалды. Тіршілік етудің жаңа әдістерін іздестіру қажеттілігі туындады. Нәтижесінде бір аймақтарда егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болса, басқа өңірлерде балық аулау мен аңшылық кәсіптері қалыптасты. Мезолит дәуірінің ең үлкен жаңалығы – осы кезеңде садақ пен жебе ойлап табылды. Бұл аң аулау кәсібін барынша дамытты. Дегенмен, аңды қаумалап аулау тәсілі де кеңінен қолданылды.Оңтүстік, Орталық және Батыс Қазақстаннан табылған
Неолит дәуірі – б.з.б. 6 – 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл кезең тас құралдарының барынша көп қолданылған кезеңі болды, олардың түрлері молайып, сапалары да жақсарды. Еңбек құралдарын өндіру жетіле түсті. Жебе мен найза ұштары, балталар, пышақтар жасау жетілді. Тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келі мен келсаптар жасала бастады. Нефрит, яшма сияқты тастардан әшекейлер де жасалды. Неолит дәуірінің ең маңызды жаңалығы – мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды. Бұл дәуірдегі адамдар енді табиғаттың дайын өнімдерін пайдалана бермей, оларды өздері де өндіре бастады. Бұрын хайуанаттарды тек аулап келсе, енді оларды қолға үйретті. Бұл тағам қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, адамдар көктемде жерге түскен дәнді дақылдан жаңа дәндер өсіп шығатынын байқады. Енді олар қажетті дақылдарды еңбек құралдарымен қопсытылған жерлерге себе бастады. Бұлардың бәрі иемденуші шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа көшу болып табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет