1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні



бет8/12
Дата17.09.2023
өлшемі111.25 Kb.
#477742
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
қазіргі заман экзамен жауап

V. Сот және билігі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу- тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би өәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
VI. Ел қорғау[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII. Салық[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
VIII. Жұмысшылар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод- фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)
IX. Ғылым – білім үйрету[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
Х. Жер мәселесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу: бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитетер кесу; сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; һзара әділдің жолмен пайдалану.
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көп байлықтары земство мүлкіне саналу.[1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет