1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні


билет. 8. Алаш қозғалысының Алаш партиясы болып құрылуы. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламалық ұстанымдары



бет6/12
Дата17.09.2023
өлшемі111.25 Kb.
#477742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
қазіргі заман экзамен жауап

8 билет. 8. Алаш қозғалысының Алаш партиясы болып құрылуы. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламалық ұстанымдары.
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды қазақ халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды.
Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының орындалуы деп білді.
1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Сөйте тұра ол шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
Партия жетекшісі Ә. Бөкейханов болды, партияны құруға А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, Х. Ғаббасов, М. Тынышбаев және т.б. алаш зиялылары атсалысты.
Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.
арих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты. Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды. Алаш партиясының сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Үш жүз партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы: Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.
Алаш партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру. Үш жүз партиясының мақсаты – түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын, Түркістан Федерациясын құру. Партия өкілдері Алаш автономиясын «контрревоюциялық автономия» деп сынады.
«Алаш» партиясының баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Үш жүз партиясының баспасөз органы болған Үш жүз газеті, 1917 ж. желтоқсаннан бастап Петропавл қаласында шыға бастады.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметі жарияланды.
Оған Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Б. Құлманов, Ж. Досмұхамедұлы. Ғ. Қараш, Х. Досмұхамедұлы, М. Шоқай және т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Съездің төралқасына Б. Құлманов (төраға), Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, Ә. Кенесарин, Ғ. Қараш сайланды.
Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлттық кеңес, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мүфтилік, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
Съезд Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х. Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды.
Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ. Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М. Шоқай да сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сьезд аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Ол бойынша «Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені «Алаш» мүлкі болсын» делінді.
Алаш облыстарын бүліктен қорғау мақсатында Алашорда аталған Ұлт кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халық өкілдеріне қалдырылды. Алашорданың уақытша тұратын орны болып Семей қаласы белгіленді.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет