1.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар


біріншіден, жеке тұлғаның (жәбірленушінің) заңды өкілдері



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата13.12.2023
өлшемі1.47 Mb.
#486457
1   2   3   4
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу

 біріншіден, жеке тұлғаның (жәбірленушінің) заңды өкілдері
ғана емес, өкілдері де болуы мүмкін екені ескерілмеген. ӘҚБтК-
нің 753-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған не
өзінің дене немесе психикалық жай-күйі бойынша өз
құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау
мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау үшін процеске міндетті түрде
қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
 Екіншіден, заңды тұлғаның (жеке тұлға сияқты) заңды өкілі -
заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы болуы мүмкін
екені ескерілмеген (ӘҚБтК-нің 747-бабының 2-бөлігі).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
бойынша іс жүргізуге қатысушылар


Қазақстан Республикасының портына тiркелген және
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда
немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық
бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан
Республикасының халықаралық шартымен өзгеше
көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк
жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан,
Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе
әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк
жауаптылықта болады. 
Әкімшілік жауаптылыққа
тартылатын адам


Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін
қолданылатын жазалар
ескерту жасау;
әкімшілік айыппұл салу;
әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты,
өтемін төлеп алу;
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған
затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау
салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
әкімшілік қамауға алу;
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен
әкімшілік жолмен кетіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет