Инновациялардың жіктелуі. Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері енгізіледі: технологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық. Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің сипатын теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады.
Теориялық инновациялар. Теориялық инновацияларға тұжырымдамаларды, болжамдарды, ыңғайларды, әдістерді, заңдылықтарды, бағыттарды, жіктеулерді, білім мен тәрбиедегі зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдарды жатқызады.
Тәжірибелік инновациялар. Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектептану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи объектілер, тәжірибелік инновацияларға жатады.
Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар енгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея, жаңа білімнің құрылуы іске асса, екіншісінде оны қолдану үрдісі іске асады.
Инновациялар уақыттық және сапалық параметрлеріне қарай ажаратылады. Жаңалықтар енгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарас бойынша, белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс басқа. Бұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді алғаш кім алса, сол мәселеге қоғамның назарын аударса, сол ие болады. Белгілі бір дәрежеде техникаға тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін. Идея әр оқу ұйымдарында белгілі болып, әр аймаққа таралып өз әсерін тигізгенімен, бірақ арнайы жаңа жағдайларда қаралмайтын болады. Әңгіме әр аймақтағы әдебиет, тарих, биология және тағы басқа пәндерде жоғары және кіші сыныптар оқушыларының еңбек, моралдық, экологиялық, саяси-идеялық тәрбиесі жөнінде болып отыр.
Білім беру саласында жаңалықтар енгізуді бағалау үшін сапалы талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді.
Нақтылау деңгейі. Бұл деңгейде инновация білім алу тәрбиеге байланысты жеке теориялық немесе тәжірибелік қағидаларды нақтылайды. Педагогика ғылымында бұл деңгейді жаңашылдықтың модификациялық типі деп атайды (М.М.Поташник). Оның мазмұнына ұқсас нәрсені тиімді ету, түр өзгерту (бағдарлама, әдістеме, құрамы) жатады. Өзгертуді белгілі әдістемені жаңа пәнді оқытуға көшіру деп те түсінеді. Оған мысал, П.М.Эрдниевтің математикалық материал негізінде жасаған дидиктикалық бірліктерді ірілендіру әдісін тарих және басқа да оқу пәндеріне көшіру мысал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |