Сабақ: №2 Сыныптар: 11 а күні: Тақырыбы: Халқы. Еңбек ресурстары Мақсат-міндеттер



жүктеу 85.75 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі85.75 Kb.
Сабақ: №2

Сыныптар: 11 А

Күні:

Тақырыбы: Халқы. Еңбек ресурстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінің халқы, еңбек ресурстары туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел,, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулықтағы сандық көрсеткіштер мен тақырыптық карталардың материалдарын пайдаланып, ұлттық құрамындағы арасалмағына, Еуропада таралған тіл әулеттеріне, халық саны ең аз және ең көп елдеріне, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, урбандалу дәрежесінің жоғары болуы, халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы сипаттама беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсатыЭкологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Осы материалды талдау барысында халқы туралы толық мәлімет береді. Еуропа дүние бөлігінде халық ең соңғы санағы бойынша 730 млн адам (2004ж).

Одан соң өмір жасының ұзақтығы, туу, өлім-жітім көрсеткішін анықтайды. Табиғи өсімі өте төмен елдерді мысалға келтіріп, себебін айтады.Көшіп-қон мәселесіне тоқталады. Одан кейін халықтың ұлттық құрамына тоқталады. Еуропа халқының үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының бірі – протестант кең тараған. Православие – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көбі ислам, кейбіреулері иудаизм, будда діндерін ұстайды.

Сосын д.ж.-де халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі – Еуропа, орташа тығыздығы 100 адам, бірақ олар әркелкі таралған, мысалы Исландия 2 адам, Бельгия, Нидерландыда 350-380 адам.

Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мысалы, Бельгия урбандалу – 97%, Исландия – 92, Ұлыбритания – 89, Франция – 74. Қалалар бірігіп,қала агломерауияларын түзеді. 40-там астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн-Рур, Лондон (10 млн адамнан).

Қорытыта келгенде, еңбекке жарамды адамдардың саны жоғары екендігін айтады.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды.


Мұғаліммен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Қысқаша конспект жазып отырады.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

2. Ең көп тараған тіл әулеті?

3. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?



Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді.

ІV

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Табиғат ресурстарына сипаттама беру.

3. Мәтіндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, жер ресурстары үлесін бейнелейтін диаграмма құрастыру.



4. «Еуропа халқының ұлттық құрамы» деген картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты елдерді анықтап, Еуропадағы тіл әулеттері мен топтарды сипаттайтын кесте құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: №3

Сыныптар: 11 А

Күні:

Тақырыбы: Шаруашылығы. Ішкі аймашылықтары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропаның шаруашылығы және оның басты бағыты, қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Еуропа шаруашылығының жалпы сипаты, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығы, шаруашылығын дамытудың алғышарттары, даму кезеңдері, шаруашылығының басты салалары, олардың орталықтары, көлік жүйесінің түрлері, жол тораптары, өндірістік емес салалары, экономикалық ынтымақтастық, ішкі айырмашылықтары туралы білік-дағдыны қалыптастыру, туристік орталықтардың басты ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсіптің шоғырлану аймақтарына, Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларының басты ерекшеліктерін, аса ірі аудандары мен басты орталықтарын анықтап, олардың қалыптасу жағдайларын түсіндіру. Оқулық пен атлас карталарын, Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендер ірі теңіз порттарын анықтауға, Еуропалық Одаққа мүше елдер шаруашылығының маманданған салаларына баға беруді үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кесте мен диаграмманы салыстырып, табиғат ресурстарының сипаттамасын сұрайды.

1.Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

2. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

3. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

4. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

5. Ең көп тараған тіл әулеті?

6. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?


Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын

және дәптерлерін тексеруге береді.



ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді шаруашылығының жалпы сипатынан бастап, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығына: 1) Еуропа жерінде игерілмеген бөліктің қалмауына; 2) жерінің шағын болуы мен елдердің жақын көршілік жағдайына тоқталады.

Одан кейін Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне шолу жасайды.

Келесі кезекте Еуропа өнеркәсібіне талдау жасайды. Соның ішінде: машина жасау, химия, отын-эгергетикалық, қара металлургия т.б. Өнеркәсібі туралы мәлімет береді. Мысалы, машина жасаудың электроника, электротехника, автомобиль, авиазымыран-ғарыш т.б. салалары басым тараған. Одан соң химия саласында тек осы аймақта ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел – Германия алатын орны ерекше екенін айтады. Ал ағаш өнеркәсібінен халықаралық маманданған аймақтағы елдер: Швеция, Финляндия, Румыния, Югославия, Италия.

Осы аймақтағы дамыған өнеркәсіптің бірі – жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп орталықтарын кесте түрінде береді.



frame1Сонымен қатар, колөнердің дәстүрлі түрлері де сақталғанын айтады.

Өнеркәсіпке толық сипаттама берілгеннен соң, ауыл шаруашылығын, оның қалыптасуын, даму кезеңдерін, өнімдернің негізгі түрлерін, белгілерін сипаттайды. Еуропада ауыл шаруашылығының үш аймақтық түрі қалыптасқан: 1) Солтүстік Еуропада интенсивті сүтті мал шаруашылығы. Исландия, Норвегия, Дания елдері балық аулау маманданған саласы болып табылады. 2) Орта Еуропа ауыл шаруашылығы сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы, сондай-ақ шошқа мен құс өсіруге маманданған. 3) Оңтүстік Еуропа өсімдік шаруашылығына маманданған.Ал көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптарына талдау жасауды және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарына мұғалім оқушыларға өз беттерінше талдауға бөліп береді.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.

Оқушылар кестені көшіріп алады, естеріңе сақтайды.

Сосын көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптары және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарын оқушылар өз беттерінше талдауға бөліп береді.



ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағыты қандай?

2. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?

3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?

4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?

5. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.



Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет