1.ғаламтор шолушыны баптау Ғаламтор шолушылар туралы



жүктеу 181.64 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі181.64 Kb.

1.ғаламтор шолушыны баптау




1.1.Ғаламтор шолушылар туралы


19 болжамадан төмен емес FireFox немесе 25 болжамадан төмен емес Google Chrome ғаламтор шолушыларында жұмыс істеу ұсынылады.

1.2.Шолушының қасиеттері


Шолушының қасиетінде келесі баптауларды жасау қажет (шолушының қасиеті «Сервис» мәзірінде орналасқан):

  1. «Қауіпсіздік» салымындағы «Тораптар» батырмасында, бұдан әрі «Қосымша» батырмасында http://www.reginfo.kz мекенжайын қосу;

  2. «Қауіпсіздік» салымындағы «Тораптар» батырмасында, бұдан әрі «Қосымша» батырмасында http://www.reginfo.kz мекенжайын қосу;

  3. «Сервис/Құлама терезелерді бұғаттау» мәзірінде құлама терезелерді бұғаттауды қосу.

Егер осы мәзірді таңдау кезінде «Құлама терезелерді бұғаттауды қосу» жазылған болса, бұғаттау қосылмағандығын білдіреді.

Егер «Құлама терезелерді бұғаттауды өшіру» жазылған болса, бұғаттау қосылғандығын білдіреді, бұл жағдайда бұғаттауды өшіріп, осы опцияны таңдау қажет. Егер бұғаттауды өшірмейтін болса, онда шолушы бағдарламаға кірген кезде терезенің жоғарғы жағында құлама терезелер бұғатталғандығы және бұғаттан шығаруға рұқсат сұрау туралы ескерту шығады. Осы сәтте рұқсат бере аласыз.



  1. «Шолушы қасиеттеріндегі» «Қауіпсіздік» салымының «Осы аумақтағы қауіпсіздік деңгейі» тарауында «Жүктеу» өлшемдерін тауып, барлық «Қосу» тармақшаларында орнатыңыз. Сізде орнатылған деңгейде баптау қажет. Қауіпсіздік деңгейіңізді браузер терезесіндегі төменгі панелде көре аласыз. Онда келесі нұсқалардың бірі шығады, олар: «Ғаламтор», «Жергілікті ғаламтор желісі», «Сенімді тораптар», «Шектелген тораптар».


Ескерту:

«с» тармақта сипатталған баптауды орындау, егер «с» тармағының жұмысын қамтитын «а» тармағын баптау орындалса, баптау міндетті емес. Алайда, қандай да бір себептерге байланысты «а» тармағын баптауға болмайтын болса, онда «с» тармағының баптауын орындау міндетті.
Барлық шығарылым үлгілері «Word» немесе «Excel» бағдарламасында шығарылады. Деректерді баспаға шығару тікелей жоғарыда аталған бағдарламалардан жіберіледі. Егер шығарылым үлгілері оларға шықпайтын болса, онда Internet Explorer баптауларын тексеріңіз.

1.3. Java туралы


Егер Сіздің компьютеріңізде Java бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылмаса, онда жүйеге алғашқы кіру кезінде ғаламтор шолушы келесілер туралы сұрайды:

    1. Сіздің компьютеріңізге Java бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату туралы. Келісіп, орнату қажет. Java ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қою кезінде пайдаланылады.

    2. Java орнатқаннан кейін жүйе қол қою кезінде IOLA технологиясын пайдалануға келісетіндігі туралы растауды сұрайды. "Always trust content from this publisher" өлшеміне белгі қойып, Run" басу қажет.




2.жүйенің қашықтағы пайдаланушысының жұмыс істеу технологиясы

Мемлекеттік органдарға «Бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийі» ақпараттық жүйесіне

бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы мемлекеттік тіркеу үшін депониттеуге тіркеу өтінімдерін толтыру;

депониттеу объектісіне депониттеу бойынша жыл сайынғы тіркеу өтінімдерін толтыру;

депониттеуге тіркеу өтінімдерін басып шығаруға беру;

Жүйеде дайындалған депониттеуге тіркеу өтінімдерін ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторға бұдан әрі өңдеуге жіберу;

Тіркелімде тіркелген ақпараттық ресурстар мен жүйелер, сондай-ақ, ақпараттық-есептеуіш құралдары туралы мәліметтер бойынша шығарылым құжаттарды қарау және беру үшін қашықтан қолжетімділік беріледі.

Бұл кезеңде депониттеу бойынша тіркеу өтінімдерін электрондық жіберу Жүйеде оларды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға-Қазакстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне қағаз түрінде беруді алып тастамайды.

Тіркелімнің ақпараттық жүйесіне қолжетімділік алу үшін Жүйеде тіркелу, яғни Жүйе әкімшісінен пайдаланушының аты мен логинін алу қажет. Ол үшін МТҚ мекенжайына сұраныс жіберу қажет, ол үшін келесі тәсілдердің бірін таңдалады:

а) дәстүрлі тәсіл (дәстүрлі пошта),

б) электрондық пошта (d_atayeva@sts.kz, a_zhienbayeva@sts.kz электрондық пошталарға),

в) Тіркелім сайтынан (www.reginfo.kz «АРЖАЖ иесінің тіркеу» бөлімінде).

Ғаламтор шолушыны іске қосыңыз. Internet-те сайттың мекенжайын www.reginfo.kz жазыңыз. «АРжАЖ тіркеуге өтінімді толтыру және депониттеу» гиперсілтемесін басыңыз.

Ақпараттық жүйемен жұмыс істеу үшін Тіркелім сайтының «Депозитарий» тарауына өтіңіз. «Авторизациялау» терезесінде пайдаланушының аты мен паролын енгізіңіз. Аты мен паролын енгізгеннен кейін «Кіру» батырмасын шертіңіз.


Ойдағыдай авторизацияланғаннан кейін Жүйе Тіркелімге интерактивті қолжетімділік режиміне өтеді:


1 сурет. Тіркелімге интерактивті қолжетімділіктің бас терезесі
Жүйеден шығу үшін «Шығу» батырмасын пайдаланыңыз, ол оң жақ жоғары бұрышта орналасқан пайдаланушының тегіне қолтетіктің меңзерін апарған кезде құлама мәзірде орналасқан.

Дұрыс шықпағаннан кейін Жүйеге Сіздің Login-мен қайта кіру тек 30 секундтан кейін немесе Жүйе әкімшісінің қатысуымен ғана мүмкін болады. 30 секунд ішінде Сіз Жүйеде ешқандай әрекеттер жасамайтын болсаңыз, Сіздің жұмысыңыздың сеансы автоматты түрде үзіледі.

Жүйенің бас терезесі келесі бүйір жақ мәзірден тұрады:


  • «Үдерістер» - үдерістерді басқару үшін;

  • «Электрондық сақтау орны» - өзекті және тарихы деректерді қарау және қажетті есептілікті шығару үшін мұрағат;

  • «Анықтамалықтар» - анықтамалық жүйесі қарау үшін


Құрал-саймандар панелі



Енгізілген деректерді сақтайды және қателер терезесін ашады



Жұмыс интерфейсінде пайдаланушы жасаған барлық өзгерістерді болдырмайды



Үдерісті келесі қадамға көшіреді



Жүйеден шығуға мүмкіндік береді, пайдаланушының тегіне қолтетіктің меңзерін апарған кезде (оң жақ жоғары бұрышта) құлама мәзірде орналасқан.



2.1.Жүйеде жұмыс істеудің жалпы принциптері




2.1.1.Паролды ауыстыру


1. Оң жақ жоғары бұрыштағы пайдаланушының тегіне қолтетіктің меңзерін апарған кезде құлама тізімде орналасқан «Толығырақ» батырмасы шертіңіз.

2. Бұдан әрі «Ағымдағы паролды өзгерту» сілтемесін басыңыз, «Паролды ауыстыру» терезесі ашылады.

3. «Бұрынғы пароль» алаңына Сіздің қолданыстағы паролыңызды енгізіңіз.

4. «Жаңа пароль» алаңына жаңа пароль енгізіңіз.

5. «Растау» алаңына Сіз енгізген жаңа паролдың мәнін қайта енгізіңіз.

6. «Өзгерту» батырмасын басыңыз. Қосымшадағы келесі сеанс кезінде жаңа паролыңызды пайдаланыңыз.



2.1.2.Бизнес-үдерісті орындау

Жүйенің бизнес-үдерістері бар мәзір бүйір жақтағы мәзірде орналасқан. АР және АЖ туралы мәліметтерді тіркеу мен өзектілеу үшін арналған «Үдерістер» мәзірі депониттеуге тіркеу өтінімдерін толтыру мен бақылау бизнес-үдерісін қамтиды. Алғашқы тіркеу үшін бизнес-үдеріс «Депониттеуге өтінім қалыптастыру» сөзінен басталады.

Бизнес-үдерісті бастамалау үдерістің атауын қолтетікпен шерту арқылы орындалады.

Жүйеде кез келген үдеріс жеке қадамдардан тұрады. Бастамалау кезінде үдеріс тапсырмалар аймағында белгілі бір, жоспарланған оның ішіндегі қадамға тиісті тапсырмалар қатарын шығарады.

Егер пайдаланушы Жүйеге бірінше рет кірген болса, онда үдерісті іске қосу кезінде «Жүйені баптау» аттас салымда жүйеге баптау жүргізу өтініші бар хабарлама шығады.

1) Үдерістер мәзіріне – қолжетімді үдерістер тізіміне көшіңіз;

2) «Жүйені баптау» үдерісін іске қосыңыз;

3салымдардағы алаңдарды толтырыңыз: Ағымдағы пайдаланушының деректері, Ұйымдар (жоба қатысушыларының) анықтамалығы, өтінімге келісуге қатысатын ұйымдар және қызметкерлер басшыларының деректері.

«Өтінімге келісуге қатысатын ұйымдар және қызметкерлер басшыларының деректері» салымында – мұнда сіз өтінімге келісуге қатысатын барлық қатысушыларды анықтайсыз.

4) құрал-саймандар панелінде деректерді сақтау үшін «Сақтау» батырмасын шертіңіз. Одан кейін деректерді «Жіберу» батырмасын басып, мұрағатқа жіберіңіз.



2.1.3.Тапсырмалар қатары және оларды басқару құрал-саймандары

Тапсырма қатарларының жеке басқару құрал-саймандары бар.





Тапсырмалар қатары келесі бағандардан тұрады:



«Бағдаршам»

Жасыл түс тапсырманы келесі қадаға көшіру қажеттігін білдіреді. Сары түс – пайдаланушыдан деректерді енгізу әрекеттерін күту немесе пайдаланушыдан әрекеттерді талап етпейтін жіберілген хабарламаға пассивті жауап күту. Қызыл түс – тапсырманың қадамын орындау мүмкіндігі кезінде іркіліс оқиғасының туындауын немесе тапсырманың осы қадамын орындауға тағайындалған уақыт шектелімінен асуды білдіреді.

«Кезең»

Орындалатын тапсырманың сипаттамасы: тапсырма тиесілі үдерістің аты, тапсырмадағы өңделетін объектінің аты

«Күні»

Үдерісті іске қосу күнін қамтиды

«Үдерісті бастамалаушы»

Үдерісті бастамалаған пайдаланушының атынан тұрады

2.1.4.Енгізілген деректердің тұтастығын және қарама-қайшылықсыздығын тексеру

Әрбір кіріспе үлгілердегі деректердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығын Жүйе бақылайды. Кез келген атрибут, егер оны пайдаланушы толтырмай қалдырса, «толтырылмаған» қатесін көрсетіліп, енгізу қателерінің тізілімінде пайда болады. Толтырылуы міндетті сипаттағы атрибуттың атауы енгізу үлгісінде «*» символымен белгіленеді.

Міндетті атрибуттар бойынша кез келген қателіктер қызыл түсті мәтінмен қателіктер туралы хабарлама терезесінде шығарылады. Жүйе енгізілген деректердің шектелуін қанағаттандыруды бақылау кезінде анықтаған енгізу қателері қателер сұхбатында жасыл түспен көрсетіледі. Егер енгізу қателерінің терезесі қызыл және жасыл түсті қателіктерді қамтыса, тапсырманың келесі қадамын орындау пайдаланушыға қолжетімді емес.


2.2.Бизнес-үдерісті орындауды тоқтату, сақтандыру және ескерту

Үдерісті орындауды «Үдерісті жою» батырмасын шерту арқылы тоқтатуға болады. Үдерісті бастамалап, объектісін таңдағаннан (құрғаннан) кейін үдерісті жою Жүйеде ешқандай зардаптар әкелмейді. Егер үдеріс деректерді енгізу тапсырмасының қадамын орындау кезінде жойылса, барлық енгізілген деректер Жүйеден жойылады.

Пайдаланушы бастамалаған үдерісті қайта жаңарту жаңа үдерісті бастамалаумен жүргізіледі. Пайдаланушы үдерісті қайта жаңартусыз, оны жоюға жауапты болады.

2.3.Бизнес-үдерісті орындауды аяқтау

Үдерісті орындауды аяқтауды Жүйе автоматты түрде үдерістің барлық тапсырмаларын (қадамдарын) орындағаннан кейін жүргізеді. Үдерісті аяқтағанда оның тапсырмаларын орындау уақытында енгізілген барлық деректер «МТҚ» РМК-ға өңдеуге жіберіледі.



2.4.Қателіктер туралы хабарламалар

Жүйенің интерфейстеріндегі енгізу қателіктері туралы хабарламалар ерекшеленген және түсінікті түрде деректерді толтыру қателіктері туралы хабарламалардың терезесінде шығарылады. Интерфейстердің қателіктері үш топқа бөлінген:

Міндетті енгізу қателері. Жүйенің міндетті түрде ақпарат болуы қажет деп санайтын, ал пайдаланушы оны бос қалдырған енгізу алаңдары бойынша шығады (қателер туралы хабарлама терезесіндегі қызыл түсті мәтін);

Шектеу қателері. Ақпараты кейбір шектеулерді қанағаттандырмайтын енгізу алаңдары бойынша шығарылады (қателер туралы хабарлама терезесіндегі жасыл түсті мәтін);

Ескерту. Жүйенің міндетті түрде ақпарат болуы қажет деп санамайтын, ал пайдаланушы оны бос қалдырған енгізу алаңдары бойынша шығады (қателер туралы хабарлама терезесіндегі көк түсті мәтін);

Жүйені жүктеу және үдерістерді бастамалау кезінде пайдаланушыға хабарлама мәтіні бар құлама терезелер ретіндегі хабарламалар берілуі мүмкін. Болуы мүмкін хабарламалардың тізімі, олардың туындау себептері мен осы жағдайда қабылдау қажет әрекеттер 1 кестеде берілген.

1 кесте

Жүйенің хабарламалары




Хабарлама

Себебі

Әрекет

              Пайдаланушының аты немесе паролы дұрыс емес

              Авторизациялау сұхбат терезесінде пайдаланушының аты немесе паролы дұрыс емес енгізілмеген

Пайдаланушының дұрыс аты мен паролын енгізу қажет

Жүктеу қатесі

Клиенттік қосымша құрауыштардың дұрыс бапталмауына байланысты графиктік интерфейстің баптауын жүктей алмайды.

Қате туралы әкімшіге хабарлау қажет

Сервермен байланыс үзілді

Жүйелік ақауларға байланысты клиенттік қосымшаның қосымша серверімен байланысы жоғалды

Қате туралы жүйелік әкімшіге хабарлау қажет

Объект

атауы үдерісімен бұғатталған

Пайдаланушы өңдеу үшін таңдаған объект осы немесе басқа үдерісте өңделуде. Осы үдерістің атауы Жүйенің хабарламасында көрсетілген

Үдерістерді орындау мониторингі кестесінде тиісті тапсырманы тауып, объектінің өңделуін аяқтау қажет. Бұдан кейін басқа өңдеу үшін аталған объектіні алуға болады.

Объект

атауы үдерісімен; login пайдаланушы бұғатталған

Пайдаланушы таңдаған объектіні басқа пайдаланушы өңдеуге алған. Бұл пайдаланушының аты және осы объекті өңдеп жатқан үдерістің атауы Жүйенің хабарламасында көрсетілген

Жүйенің бір объектісін бір уақытта өңдеуге тырысып жатқан Жүйенің екі пайдаланушысының әрекеттерін үйлестіру қажет

Үдерісті орындау барысында туындайтын барлық қателер қарапайым пайдаланушыға берілмейді, себебі олар серверде жүреді және жүйелік журналға жазылады. Олардың туындағандығы туралы пайдаланушы өзінің қосымшасындағы тапсырманы қатарының «іркілуінен» ғана байқай алады. Бұл жағдайда ол Жүйенің әкімшісіне проблеманы шешуге өтініш білдіруі тиіс.



3.депозитарий бойынша тіркеу өтінімдерін қалыптастыру ережесі

Депониттеуге өтінімдерді тіркеу бизнес-үдерістерді орындау жолымен іске асырылады. Келесі бизнес-үдеріс топтары қолжетімді:



  • Тіркеуге өтінім қалыптастыру;

  • Өзектілеуге өтінім қалыптастыру;

  • Депониттеуге өтінім қалыптастыру;

  • Құжаттарды басып шығару.

3.1.Анықтамалықтар дайындау

Жұмысты бастамасы бұрын Жүйеде қызметтердің иесі туралы және жеткізушілер: әзірлеушілер мен делдалдар туралы мәліметтері бар анықтамалық деректерді дайындау қажет:

1) «Анықтамалықтар» мәзірін таңдаңыз

2) «Иесінің контрагенті» қатарын таңдаңыз

3) жеткізушілерді қосыңыз

4) «Сақтау» батырмасын басыңыз.



3.2. Жалпы мәліметтер

«Депониттеуге өтінім қалыптастыру» тобы Жүйеде:



  • депониттеуге өтінім қалыптастыруды мемлекеттік есепке алуға тағайындама бойынша рәсімдерді Жүйеде орындау үшін арналған бизнес-үдерісті қамтиды.

Бизнес-үдеріс келесі кезеңдерден өтеді:



  • мемлекеттік орган пайдаланушысымен өтінім деректерін енгізуі;

  • АР және АЖ иесі ұйымында өтінімге келісу;

  • Автоматты түрде анықтама дайындау және оны келісуге жіберу;

  • Уәкілетті органда куәлікке келісу;

  • Анықтамаға қол қойғаннан кейін оны мемлекеттік орган пайдаланушымен қарау және басып шығару.


Уәкілетті орган (УО) АР және АЖ тіркеу туралы куәлікті беруге уәкілетті ұйым болып табылады.

Уәкілетті ұйым (УҰ) АР және АЖ тіркелуін есепке алуды жүргізуге уәкілетті ұйым болып табылады.
Ескерту:

Осы нұсқауды дайындау кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланысты және ақпарат агенттігі, ал уәкілетті ұйым – МТҚ РМК.


«Депониттеуге өтінім қалыптастыру» бизнес-үдерісінің жұмыс істеу принципі мен тіркеу бизнес-үдерістерінің жұмыс принципі АР және АЖ барлық түрлері (ДҚ, БҚ, интернет-ресурс, ДЖЖ) үшін бірдей қолданылады. Бұдан әрі депониттеуге өтінімді тіркеу кезінде жұмыс істеу ережелерін қарастырамыз.


3.3.Тіркеу өтінімінің деректерін енгізу


1. «Депониттеуге өтінім қалыптастыру» үдерісін іске қосыңыз.

Кіріспе үлгілердің интерфейстеріндегі атрибуттардың құрамы тіркеу өтінімдерінің бекітілген үлгілеріне сәйкес келеді. Келесі суретте депониттеуге тіркеу үшін деректерді енгізу интерфейсі берілген.

Тіркеу өтінімінің деректерін енгізу интерфейсінің терезесі екі көлденең аймаққа бөлінген. Жоғары терезеде объектінің сәйкестендіру деректері орналасқан, оның атауы мемлекеттік және орыс тілінде болуы тиіс. Төменгі терезеде тақырыптық салымдар берілген:


  1. Сақтау жинағы;

  2. Әзірлеуші;

  3. Авторлар;

  4. БӨ туралы мәліметтер;

  5. Қаржыландыру;

  6. Иесі;

  7. ЭЦҚ.

Деректер Тіркелімнің тіркеу өтінімдерін толтыру ережесімен сәйкес енгізіліп, бақыланады. Деректерді сақтау үшін терезенің жоғары жағында орналасқан «Сақтау» батырмасын пайдаланыңыз. Сізде байланыспен болуы мүмкін проблемаларға байланысты деректердің жоғалуын болдырмса үшін енгізілген деректерді жиі сақтаңыз.



Сәйкестендіру деректері

Осы блоктың барлық алаңдары енгізу үшін міндетті болып табылады.

Мәтіндік деректері бар енгізу алаңдарында Жүйе !;@;#;$;%;^;&;*;_;+;=;\;|;<;>;?;:;';№ сияқты арнайы символдарды енгізуге жол бермейді.

Егере деректер қорында ДҚ болжамасы жүргізілмейтін болса, онда «-» символын енгізуге жол беріледі. Шығару күнінің ағымдағы күннен аспауы бақыланады және объектіні құру күнінен төмен немесе тең болуы тиіс.



Есепке алу объектісінің түріанықтамалықпен таңдау арқылы толтырылады. Егер бағдарламалық кодтар жобалық құжаттармен бір уақытта сақтауға берілетін болса, онда «Бағдарламалық өнім» мәнін таңдаңыз.

Толық атауы - енгізу алаңына Жүйе !;@;#;$;%;^;&;*;_;+;=;\;|;<;>;?;:;';№ сияқты арнайы символдарды енгізуге жол бермейді. Депониттеу объектісінің атауы бағдарламалық өнімнің (ақпараттық жүйенің, тапсырмалар кешенінің, бағдарламалардың және т.б.) толық атауын қамтиды. Егер нормативтік-техникалық құжат депониттелетін болса, онда осы құжаттың толық атауы. Депониттеу объектісінің атауында жұмысты немесе жобалау кезеңін білдіретін етістікті қолдану ұсынылмайды. Мысалы, «...жүйесін құру», «...техникалық тапсырмасын әзірлеу». Егер депониттелетін объект АР және АЖ тіркелімінде тіркелген болса, онда Депозитарий мен АР және АЖ тіркеліміндегі атаулары бір-біріне қарама-қайшы болмауы тиіс.

Егер өтінімде иесі болжама көрсетілмесе, онда «болжама» және «бастап» енгізу алаңдары толтырылмайды. Шығару жылының ағымдағы жылдан аспауы, болжаманың күні ағымдағы күннен аспауы бақыланады.

Қалған деректер блоктары тиісті салымдар бойынша орналастырылады:

«Сақтау жинағы» салымы

Салымда сақтау жинағы және Депозитарийге сақтау жинағы даналарының саны сипатталады.

Даналар саны – сақтау жинағы даналарының саны көрсетіледі, әдетте, 2 (екі).

Сақтау бірлігінің кестесі – кестеде сақтау жинағы данасының деке сақтау бірлігі сипатталады.



Сақтау бірлігінің түріқұлама тізімнен таңдалады.

Дисктің/кассетаның сериялық нөміріэлектрондық тасығыштар үшін сериялық нөмір көрсетіледі.

Көлем сипаттамасыөлшем бірлігімен бірге енгізіледі (бұл электрондық ақпараттың Мгб саны, беттер саны немесе қағаздағы құжаттардағы парақтар саны). Мысалдар: 25 Мгб; 120 стр.; 56 лист.

Сақтау бірлігінің атауы сақтау бірлігінің атауы енгізіледі. Әдеттегідей, бұл жобалық құжаттамадан алынған құжаттардың ресми атауы. Сақтау бірлігінің атауын енгізу кезінде депониттелетін объекті (ақпараттық жүйе) атауын сақтау материалымен қайталауға болмайды.

«Әзірлеуші» салымы

Әзірлеушінің атауын толтыру әрекеттері иесі жөніндегі мәліметтерді толтырумен ұқсас. Ведомство атауы мемлекеттік органдар үшін міндетті түрде толтырылуы тиіс. «Иесінің мәртебесі» алаңына әзірлеуші-ұйымның мәртебесін міндетті түрде енгізу қажет. таяу шетел елдерінің мемлекеттік кәсіпорындары немесе мекемелері болып табылатын әзірлеушілер үшін «Коммерциялық емес құрылым» мәртебесінің мәнін пайдаланыңыз.


«Авторлар» салымы

В закладке приводятся фамилия, имя, отчество разработчиков программного продукта, если описываемый программный продукт защищен авторскими правами.


«Құжаттандыру» салымы

Қаржыландыру көздері - қаржыландыру көздерінің атауы кестеге қатарды қосқаннан кейін мәндердің тізімен таңдау арқылы енгізіледі.

Әрі қарай өңдеу үшін ЭЦҚ енгізу керек.

1) «ЭЦҚ кілтіне жол» бағаннан оң жағына қарай орналасқан батырманы басыңыз. ЭЦҚ файлын атңдау терезесі пайда болады.

2) «Таңдау» басып, ЭЦҚ бар файлды таңдаңыз, паролды енгізіп, ОК басыңыз.

3.1.Өтінімді, анықтаманы келісі

АРжАЖ иесін ұйымдастыру кезеңіндегі құжат АР және АЖ тіркеуге немесе депониттеуге өтінім болып табылады. Өтінім УО-ға түскеннен кейін келісу құжаты АР және АЖ депониттеу туралы анықтамасы (бұдан әрі соңғы құжат) болады.

Келісуге қатысушылар келесідей үш санатқа бөлінеді:


  1. Өтінімді келесі келісу кезеңіне көшіруге немесе өтінімді бастамалауға өтінімді қайтаруға құқығы жоқ қатысушылар (виза қоюшылар),

  2. Өтінімді келесі келісу кезеңіне көшіруге немесе өтінімді бастамалауға өтінімді қайтаруға құқығы бар қатысушылар (орынбасарлар). Қатысушылардың бұл санаты төрт деңгейге бөлінеді:

    1. 1-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға,

    2. 2-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға

    3. 3-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға,

    4. 4-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға.

  3. Өтінім бойынша соңғы шешім қабылдап, қолтаңбасын қоятын қатысушылар (бірінші басшы).

Келісуді төменгі деңгейдегі басшы, яғни «4-ші санаттағы шешімді қабылдауға жауапты тұлға» бастауы тиіс.

Ескерту:


Мемлекеттік органда «N-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға» санатына бірінші басшының орынбасары жатуы мүмкін.

Төменгі деңгейдегі басшының өтінім бойынша қанағаттандыратын шешімінен кейін Жүйе өтінімді жоғарырақ деңгейдегі басшыға жібереді және т.с. бірінші басшы толық келісілген өтінімді алып, өзінің қолтаңбасын қояды. Алайда, басшылардың әрқайсысы, бірінші басшыны қоса алғанда, міндетті түрде өтінімді қайтару себебін көрсету арқылы өтінімді қабылдамауға құқылы.

Өтінімді жасаудан бастап, соңғы құжатпен аяқтайтын АР және АЖ тіркеуге келісу келесі сызба бойынша орындалады:


  1. АР және АЖ иесі-ұйымның қызметкерімен өтінімді бастамалау және оның барлық деректерін енгізу;

  2. МТҚ РМК операторымен өтінімді тексеру;

  3. Өтінімді мақұлдағаннан немесе бас тартқаннан кейін деректер өтінімді бастамалаушыға оларды әрі қарай өңдеу үшін жіберіледі;

  4. Бастамалаушы мақұлданған немесе оператор бас тартқан деректерді қабылдап, АР және АЖ басшысына келісуге жібереді немесе бас тартқан жағдайда деректерді түзетіп, операторға тексеруге қайта жібереді;

  5. Бастамалаушы мақұлданған немесе оператор бас тартқан деректерді қабылдап, өтінімнің деректерін келісуге жібереді;

  6. Басшыға келісуге жіберген жағдайда өтінімнің деректері төменгі деңгейдегі басшыға түседі. Бір уақытта өтінімге барлық виза қоюшылар да хабарлама алуы тиіс. Әрбір виза қоюшының өтінімге өзінің келісімін немесе қарсылығын беруге мүмкіндігі болуы тиіс. Қазіргі басшы виза қоюшының кез келген шешімі туралы хабардар болуы тиіс.

  7. Барлық виза қоюшылардың шешімін алып, басшы қанағаттандыратын шешім қабылдап, өтінімді келесі келісу кезеңіне жібере алады, яғни жоғарырақ деңгейдегі орынбасарға жібере алады. Қанағаттандырмайтын шешім болған кезде қайтару себебін бар қарармен өтінімді қайтаруы мүмкін.

  8. Соңғы болып бірінші басшы қабылдайды, ол өтінімнің деректерін тексеріп, барлық келісу тарихын қарап, өзінің қолтаңбасын қояды.

  9. Бірінші бас қол қойғаннан кейін Жүйе АР және АЖ қорытынды құжатын жасап, келісудің келесі кезеңі – УО-да келісуді іске қосады.

  10. УО-да келісуде де АР және АЖ иесі-ұйымында келісу кезіндегі логика іске асырылуы тиіс. Осылай, бірінші кезекте төменгі деңгейдегі басшы және одан әрі қарай қабылдайды.

  11. Барлық қатысушылар қорытынды құжатқа келіскеннен кейін құжат УО бірінші басшысына қол қоюға беріледі.

  12. УО бірінші басшысы қол қойғаннан кейін қорытынды құжат Жүйенің бірінші қатысушысына, яғни өтінімді бастамалаушыға қолжетімді болады. Осылай, өтінімді бастамалаушы УО-да құжатты ойдағыдай келісу алғаннан кейін қорытынды құжатты қарап, оны баспаға шығара алады.

Құжатты келесі келісу кезеңіне әрбір жылжытуды Жүйе қатысушының электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарландырылады.

Құжатты қайтарған кезде өтінімге келісу қайта басталады. Бұл ретте, барлық алдыңғы келісу мүмкіндіктері келісу тарихында тіркеледі.

Келісуді жүргізу үшін Жүйеде келісуге қатысушылар тізімін құру қажет. Бұл тізімді Жүйенің әкімшісі қалыптастырады.

Мемлекеттік органда (АР және АЖ иесінде) мұндай әкімші өтініштің бастамалаушысы, яғни өтінімнің деректерін енгізуге жауапты тұлға болады. Уәкілетті органда «Уәкілетті органның әкімшісі» қолжетімділік құқығы бар арнайы құрылған пайдаланушылар болады.



4.депониттеу туралы анықтама алуға сұраныс. депониттеу туралы соңғы сұралған анықтаманы басып шығару

«Құжаттарды басып шығару» тобы Жүйеде анықтамалар мен куәліктерді басып шығару үшін арналған келесі бизнес-үдерістерді қамтиды:



  • ДҚ куәлігін басып шығару;

  • БӨ куәлігін басып шығару;

  • Интернет ресурс куәлігін басып шығару;

  • ДЖЖ куәлігін басып шығару;

  • Депониттеу туралы анықтама алуға сұраныс;

Депониттеу туралы анықтама алуға сұраныс

Бұл үдеріс келесі кезеңдерден тұрады:



  1. Объектіні таңдау

  2. Мемлекеттік органның басшысына қол қоюға автоматты түрде жөнелту;

  3. Оң шешім кезінде Агенттіктің басшысына автоматты түрде жөнелту;

  4. Оң шешім кезінде басып шығару үшін пайдаланушыға анықтама қолжетімді.

«Депониттеу туралы анықтама алуға сұраныс» үдерісін іске қосыңыз. Сұхбат терезесінде анықтамаға алғыңыз келетін депониттеу объектісінің атауын белгілеп, «ОК» батырмасын шертіңіз.



Агенттікте сұранысты растағаннан кейін қашықтағы пайдаланушының тапсырмалар мониторы терезесінде сұраныс қатары белсенді болады. Үдеріс қатарын басып, депониттеу туралы анықтаманы қалыптастырыңыз.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет