E)Тыныс естілмейді+
64.Қарау кезінде дененің жоғарғы бөлімдерінде медуза басы, асцит пен тамырлы жұлдызшалар симптомдарының анықталуы қандай ауруға тән?
A)Гастрит
B)Холецистит
C)Бауыр циррозы+
D)Жара ауруы
E)Панкреатит
65.17 жасар колледж студенті К. аязды және желді ауа райында коньки тепкен.Көмекке 10 сағаттан кейін жүгінді.Екі бетінің,қолдарының,құлақ қалқандарының ауырсынып,күйдіру сезіміне шағымданды.Қарау барысында бет және қол терісі тығыз,ісінген,қызарған.Құлақ қалқандарында ашық түсті сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер бар.Көмек көрсетудің тактикасы:
A)Қармен немесе қолғаптармен ысу
B)Алкоголі бар ыстық кофе ішуге беру
C)Спиртпен өңдеп стерильді таңғыш салу
D)Көпіршіктерді ашып,Вишневский жақпамайымен таңғыш салу+
E)Зақымдалған жерлерге жылытқышты қою
66.43 жасар жұмысшы К.,зауыттың медициналық пунктіне келді,абайсызда оң қолына концентрацияланған тқз қышқылын төгіп алды.Науқас қатты күйдіру сезіміне және ауырсынуға шағымданады.Қараған кезде қол терісі ісінген,бұлыңғыр сұйықтықпен толтырылған көпіршіктермен жабылған.Бірінші көмекті көрсетудің тактикасы:
A)Антисептиктің әлсіз ерітіндісімен жуу
B) 10-15 минут бойы ағынды сумен жуу
C)Жараны асқын тотықтың 3% ерітіндісімен жуу
D)Кальций перманганатына малынған дәкені салу
E)Қышқылды бейтараптандыру үшін жараға құрғақ соданы себу
67.Травматологиялық пунктте тайып,сол аяғына құлаған 55 жасар әйел адам әкелінді.Сол жақ тобық аймағын қараған кезде 15х8см көлемінде терең емес жара бар,топырақпен ластанған,қан кету жоқ,жара шеттері тегіс.Медбике жараның біріншілік хирургиялық өңдеуін жүргізді:ластануларды алып тастады,жараны асқын тотық ерітіндісімен өңдеді,құрғатты,стерильді дәкені салып,оны бекітті.Жараны өңдеудің қандай кезеңі жасалмады?
A)Жара шеттерін өңдеу
B)Тегіс емес шеттерді қайшымен қию
C)Тігістерді салу
D)Жараны дренирлеу
E)Фурациллинге малынған дәкені салу
68.Науқас З.,25 жаста, 8 күн бұрын ауру басталған:дене температурасы 38C көтерілген,мұрыны бітіп қалған,тамағы жыбырлайды,тамаққа тәбеті қашқан,диарея,жүрегі айниды,іш қуысында өзгерім барын сезінеді.Өздігімен емделген дене температурасы қалпына келген,бірақ қал жағдайы нашарлап кеткен,әлсіздігі күшейген,зәр түсі қоңырлаған.Кешке қарай көздің склерасы сарғайғанын байқаған,сондықтан дәрігер шақырды,науқасқа жұқпалы ауруханға жолдама берді.Науқас өз ауруын екі апта бұрын даладағы дәмханада қолдарын жумастан тамақтанғанымен байланыстырады.Обьективтік тексеруде:терісі мен көздің склерасы сарғайған,шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған,тыныс алуы везикулярлы,жүрек қағысы мен тоны қалыпыт,ритмі дұрыс,АҚ 120/80мм.с.б.,іші жұмсақ,ауырмайды,бауырықабырға доғасы шетінен 2см шығып тұр,ауырмайды,жұмсақ тегіс консистенцияда,шеттері тегіс.Кіші дәретінің түсі қоңыр.Науқаста қандай ауру дамыған?
Достарыңызбен бөлісу: |