негізгі деректерін үш категорияға бөлінеді: материалдық (археологиялық, архитектуралық, өнер шығармалары ж.т.б.), жазбаша және ауызша. Өлкетану деректері: баспа, статистикалық, картографиялық, мұрағат, ауызша, өлкетану библиографиясы, тарих және мәдениет ескерткіштері, өлкетану білімінің деректемелері ретінде табиғат процестері мен обьектілерін бақылау болып табылады.
Баспа деректемелері - өлке мәліметінің негізгі деректемелері болып табылатындар кітаптар, мерзімдік және үздіксіз басылымдар (ғылыми қоғамдар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары т.б еңбектер жинағы және ғылыми жазбалары). Әдеби деректемелер әртүрлі: монографиялар және жинақтар, очерктер және мемуарлар, ғылыми және ғылыми көпшілік әдебиеттер, публицистика және анықтамалық сипаттағы басылымдар.
Мұрағат деректемелері. Мемлекеттік архивтер халықтың ұлы игілігі ретінде көп ғасырлық құжатты мүраларды сақтаушы болып табылады. Орталық мемлекеттік архивке жататындар ҚР мемлекеттік орталық архиві, облыстық архивтерде революциядан бүрынғы қорлары, бұлар бұрынғы губерниялық мекемелердің, губернатор кеңсесінің, губернатор, жандарм басқармасының, бақылау палатасының қылмыс және азамтық сот палатасының, округтың сот т.б қорлары.
Өлкетану библиографиясы –жалпы библиография секілді бұрынғы шыққан және қайтадан шыққан әдебиеттер ақпараты туралы маңызды құралы. Оның міндетіне өлкетану әдебиетін анықтау, есепке алу, сипаттау және насихаттау кіреді.
Өлкетану библиографиялары әрқилы 1) басылым түріне орай 2) арнаулы және әдебиеттерді таңдау толықтығы бойынша 3) шығарылуы мерзімділігі және кезеңдігі қамтуы бойынша 4) тақырыбы бойынша .
Басылымдардың түріне орай ерекшеленеуі Библиографиялық көрсеткіштер (жеке кітап немесе брошюра ретінде басылып шыққандар мысалы Алматы облысының көрнекті жерлері өлкетану библиографиялық көрсеткіштер);
Жергілікті кітапханалардың баспа каталогы ( Өлкетану жүйелік каталогі)
Кітап ішіндегі библиографиялық тізімдер: қолданылған әдебиеттер немесе кітап тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімі
Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді. Ағымдағы өлкетану библиографиясы (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы» , «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық корсеткіш» республикалық обылыстық кітапханаларда шығарылады. Ретроспективті өлкетану библиографиясы - белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды әдебиеттердің Республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері
Құжаттар тобының сипаттаммасы ғылыми мақала - ғылыми басылымға арналған теориялық немесе экспериметтік зерттеулер нәтижелері бар мақала
диссертация – ғылыми дәрежені қорғауға үсынылған баспалық немесе қолжазба шығарма
ғалымдар шығармалар жинағы – автордың барлық немесе шығармаларының бірер бөлігін береді, оның шығармашылығын толық көрсететін бір томдық немесе көп томдық басылым
библиографиялық көрсеткіштер - көмекші көрсеткіштері бар, қажет жағдайда басқа элементтері, құжаттарды жеке шығару сипатындағы, күрделі құрылымдарды библиографиялық оқу құралы (алғысыз, тарау басы ж тб)
Өмірбаяндық сөздік – белгілі адам, кісінің шығармасын көрсететін , әрі әдебиет және ол туралы библиографиялық мәліметті көрсететін сөздік. Анықтамалар, жол көрсеткіштер, естелік кітаптар, табиғатқа, тарихи этнографияға тұрғын тіршілігіне арналған монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған «Нижегород губерниясы бойынша Палата жолбасшы» (1896); «Нижгородтық Волга бойынның адамдары: библиографиялық очерктер» (1886), жаратылыс-сынаушылар, қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім, антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар.
Өлкетану библиографиялық көрсеткіштер, каталогтар және тізімдер, анықтама- ақпараттық сипатта, ересек оқырмандардың кең тобына арналған. Өлкені зерттеушілерге арналған өлкетану библиографиясы, балаларға арналған «Оңтүстік Қазақстан өлкесі туралы не оқуға болады?» библиографиясы болады.
2.Тарихи өлкетанудың ерекшеліктері, деректері және әдістемелік негіздері