Зерттеуәдістері Зерттеуде әдістемелік негізі принциптер: объективтілік пен тарихи анализ, психология- педагогикалық ғылыми әдебиеттерді, интернет материалдарын теориялық талдау, синтездеу т.б әдістері басшылыққа алынды. Отандық және ресейлік ғалымдардың өлкетану, педагогикалық негізде оқыту жүйесіне қатысты әдістемелік-педагогикалық ғылыми еңбектеріне талдау жасау арқылы, тарихи зерттеу әдістері қолданылды.
Ғылыми әдебиеттерді талдау әдісі: бұл әдіс арқылы мынадай міндеттер шешілді: жоғары оқу орындарында туризм мен өлкетану жұмысының даму тарихын зерттеу, мәселенің зерттелу деңгейін ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау. Ақпаратты зерттеу және қорытындылау әдісі арқылы келесідей негізгі міндеттер шешілді: туризм мен өлкетану қызметінің тиімді түрлерін анықтау, студенттерді археологиялық және тарихи-мәдени маңызы бар туристік орындармен таныстыру негізінде пәнге деген қызығушылығын ояту.
Нәтижелері мен оларды талқылау Қазақ жері бірнеше ғасырлық тарихы бар көне мекен, түркі халықтарының мәдени астанасы, сақ, ғұн тайпасынан бастап қанша ұлттың шығу бесігі болған тарихи орталығы екенін ескерсек, еліміздің тарихи-мәдени ескерткіштерге бай болуы да негізгі бір артықшылықтарымыздың бірі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бөлімін іске асыру мақсатында білім беру жүйесінде, оқу- тәрбие ісінде тәжірибе тұрғысынан көңіл бөлуді, соның ішінде «Өлкетану» сияқты пәнді мектептерден жоғары оқу орындарына дейін оқытуды тапсырған болатын.
Бүгінде Қазақстан Республикасының білім заңы аясында өлкетану пәні мектепте және мемлекеттік жоғары оқу орындарында тарих факультеттерінде арнайы «Тарихи өлкетану» курсы да оқытылады.
Өлкетану — Отан тарихының құрамдас бөлімі ретінде көлемі бойынша шағын белгілі бір аумақтың (аудан, облыс, өлкелер т.б.) тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени дамуын, табиғи жағдайларын зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы, жан-жақты сараланған зерттеу жұмыстарының жиынтығы .
Пәнді оқыту әдістемесі де ерекше, өлке тарихын ғана зерттемей, қоғам мен қоршаған тарихи ортаның географиялық, топонимикалық, экологиялық жағымен байланыстыра зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Білім және ғылым туралы» заңында «Өлкентану» пәніне ерекше басымдық берілгенін айқын байқауымызға болады. Атап айтсақта заңда:
«Өлкетану пәні туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді. Пәннің негізі мақсаты мен міндеттері — туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру;туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады. Пәннің басты мақсаты: ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту; туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту; туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру»деп пәннің маңыздылығын ашып, айқындап көрсеткен болатын.
2.Туризм саласы мамандары арасында туризм мен өлкетанудың ұқсас тұстары өте көп болғандықтан бірге қарастыру керек деген пікір ұсынушылар да бар.
Алайда өлкетану өз алдына ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері мен формалары (өлкетану экспедициялары, ғылыми этнографиялық және археологиялық экспедициялар, мұражайлар жұмыстары) бар жеке ғылым саласы.
Туризмнің өлкетанудан бір ерекшелігі немесе артықшылығы қоғам өмірінде туризмнің алатын орны мен рөлі жоғары, көп векторлы болып табылады
Туризмді экономиканың бір саласы, спорт түрі, демалыс сауықтыру құралы, оқу тәрбие, танымдық маңызды құрал ретінде де қарауға болады. Сонымен қатар, екі саланың өзара ұқсас жақтары біріншіден, екеуі де тәрбие білім беру құралы ретінде тануға болады, екіншіден жұмыс істеу формалары ұқсас болып келеді (экскурсия, жорықтар)
Өлкетанудың ішкі туризмнің дамуына тигізер ықпалының зор екенін жоғарыда айтып өткеніміздей, тәрбиелік маңызы да ерекше қосымша пәндердің ішіндегі өзектісі болып табылады. Өлкетану бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі ― туристік өлкетану. лкетану пәні арқылы мәдени—тарихи туризмді оқыту негізінде студенттердің тарихи орындарға, қоршаған ортаға деген көзқарастарын оң бағытқа өзгерте аламыз. Осы бағыт арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткіземіз:
өз елді мекенінің табиғатымен, мәдениетімен, тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен танысуға мүмкіндік алады, осы арқылы студент жастардың бойында рухани байлыққа, ұлттық санаға, туған елге деген сүйіспеншілік артады;
тарихи маңызы бар мәдени орындарды көру арқылы туған өлкенің табиғиғатына деген қызығушылығы артады және қоршаған ортаны қорғауға, танып білуге ұмтылыс пайда болуы мүмкін, осы арқылы студенттің жеке дамуын жүзеге асыра аламыз;
тарихи орындарды, тарихи жәдігерлерді танып, зерттеу негізінде тарихпен іргелес ғылымдар археология, Отан тарихы пәндерінен алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік болады;
өлкетану мұражайларымен жақын танысу арқылы өлке тарихы туралы тың деректер ала алады;
студент жастардың денсаулығын жақсартуға және дене дайындығының деңгейін көтеруге ықпал ете аламыз;
студент экскурсия барысында алған білімін табиғатқа зиянын тигізбей, ұтымды пайдалануға қол жеткізіп ғана қоймай, ақпаратты сараптама жасай отыра, құнды материалдарды, коллекцияларды жинап, зерттеу жұмысын жасау арқылы біліктілігін арттыра алады
Өлкетану негізі арқылы туризмді оқыту екі бағытта жүзеге асады (аудиториялық және топтық немесе клубтық туризм). Аудиториялық оқыту жүйесі аты айтып тұрғандай, теориялық оқытуға көп басымдық беріледі, ал клубтық туризм ― географиялық алаңда немесе оқу экскурсиясы кезінде жүзеге асырылады. Аудиториялық оқытуға студенттің барлығы дерлік қатысу міндетті болса, ал аудиториядан тыс, топтық (клубтық) туризмде, экскурсиялық оқуға студенттер ерікті түрде қатысады (туристік саяхаттар, өлкетану экспедициялар). Топтық туризмді (клубтық туризм) саяхаттауды ұнататындар үшін, хобби сабағы ретінде қосымша да өткізуге болады . Бұл туризмнің екеуі де көптеген белгілер бойынша ерекшеленеді: саяхаттардың көлемі, қызмет түрлерінің жүйелілігі, күрделілігі т.с.с. Алайда, туризмді терең зерттеу үшін екінші тобы ең тиімдісі болып табылады, себебі аудиториядан тыс басқа іс-шаралар өлкені тануға мұндай мүмкіндік бермейді.
Өлкетану пәнінде осы әдістерді қолдана отырып, экскурсия барысында туристік іс-әрекеттің барлық түрін қолдануға тырысу керек, осы бағыт арқылы ғана студенттердің қызығушылықтары артып, олардың көп бөлігін өлке туризмін дамытуға бағыттай аламыз.
Өлкетану пәні арқылы мәдени тарихи туризмді оқыту үшін аймақ туралы толыққанды білім, таным түсінік болмаса зерттеу мүмкін емес. Туризм — өлкетану қызметін толық атқара алуы мүмкін, бірақ өлкетану — туризм саласын толық зерттей алмайтыны ақиқат. Осы түсініктен-ақ, туризм көп векторлы екенін көруімізге болады.
Студенттердің аудиториядан тыс, яғни далалық зерттеулерге қатысу туристік техникалар мен тактиканы игеруді қажет ететіндігін ұмытпаған жөн, сондықтан туризм өлкетанудың ажырамас бөлігіне айналуда.
Өлкетану студенттердің танымдық белсенділігі мен интеллектуалды дамуын арттырса, ал туризм — техникалық және тактикалық дайындықты, даладағы қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді, алайда, білім беру процесінде туризм және өлкетану біртұтас бір бағытта қызмет етеді [8; 11]. Осы негізде жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер үшін туризм мен өлкетану дайындығының тұтас тұжырымдамасын әзірлеуіміз қажет.
3.Тарихи және мәдени ескерткіштердің жүйелері.
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған.Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді.Киелі Түркістан аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында және Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан. Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған.Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді.Киелі Түркістан аумағында сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында және Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан. Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Оның баға жетпес ескерткіштері - қазақ халқының көне тарихының куәсі жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.Жетісу өлкесінің өткен кезеңдері мен археологиялық ескерткіштерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, қаттау ісі Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда кешірек қолға алынғанмен, ежелден-ақ жиһанкездердің, зерттеушілер мен ғалымдардың назарына іліккен. Қзақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтан кейін, белгілі шығыстанушы ғалым, академик В.В.Бартольдтің қосқан үлесі зор. Сондай-ақ П.П.Румынцев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.И.Левшин, В.В.Радлов т.б көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеу еңбектері өткен тарихымыздан сыр шертед
Шойтөбе қалашығы
Жоғарыда атап өткендей “Әзірет Сұлтан” қорық мұражайының құрамында типтік құрамына қарай археологиялық және діни-рухани ескерткіштер көптеп саналады. Олардың басым бөлігі Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан. Қорық мұражай жыл сайын ескерткіштерді тиімді қорғау мақсатында бақылау-барлау жұмыстарын жүргізе отырып, жаңадан табылған археологиялық мұраларды есепке алып, оларды жоюдан, бүлдіруден қорғау мақсатында іс-шаралар атқарып келеді. Тізімге алынған әрбір ескерткіш орналасқан аумағына қарай, қалада мейлі елді-мекен болсын сол жердің өткен тарихынан хабардар ететін, ұлт байлығының рухани қазынасы екенін өкінішке орай жергілікті халық жете түсіне алмай отыр.
Ескерткіштерді түпнұсқа қалпында сақтау қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ескерткіштерді қорғау мен пайдалануды айқындау және олардың қорғау аймақтарын анықтау мақсатында Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін және пайдалану режимін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1218 қаулысында көрсетілгендей Сәулет және қала құрылысы ескерткіші жерден оның биік нүктесіне дейінгі арақашықтық көлеміне тең, бірақ 20 метрден кем болмайтын қорғау аймағымен қоршалуы тиіс, ал археология ескерткіші50 метрболатын қорғау аймағымен қоршалуы тиіс деп көрсетілген. Ауылдық округ аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұралар жеке тұлғалардың жауапсыздығынан өзгерістерге ұшырап, кейбір жағдайда жойылып кету қаупі төніп отырады. Осы орайда жергілікті халық аталған тарихи мәдени мұраларымызды бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттап, мектептерде өтілетін тәрбие жұмыстарына енгізсе келешек ұрпақты өз елінің мәдениетіне, өткен тарихына жанашырлықпен қарайтын, ұлтжанды етіп тәрбиелеудің маңызы зор.
2.Өлкетану бастапқы түсініктері: өлке (түсінігінің мәні) – жер, жақ, ел, өлке; өлкетану әдебиет, жергілкті басылымдар, аймақ – белгілі бір елге, облысқа я бірнеше мемлекетке тиісті, өлкетану библиографиясы, тарихи библиографиясы, аймақтық әдебиет.
Өлкетану дегеніміз – бір территорияны ғылыми негізде жан-жақты зерттеу.
Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихи, әдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді
«Өлкетану» түсінігі пайда болғаннан бері (1761 ж. М.Ломоносов жергілікті тұрғындар және балалардың көмегімен өлкені зерттеуге әрекет жасады) әртүрлі мазмұнда болды.
ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.
1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.
Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу.