1.Қоршаған орта факторлары мен денсаулық жағдайын гигиеналық диагностикалау түсінігі



Дата14.11.2022
өлшемі19.61 Kb.
#464811
7 тапсырма


1.Қоршаған орта факторлары мен денсаулық жағдайын гигиеналық диагностикалау түсінігі


Гигиена басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Қоршаған орта факторларын және олардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында, ол іргелік медицина пәндерінің – анатомияның, гистологияның, қалыпты және патологиялық физиологияның, патологиялық анатомияның, биохимияның, биологияның, микробиологияның, эпидемиологияның және климатология, метеорология, агрохимия, топырақтану, агрономия, математика, т.б. сияқты медициналық емес ғылымдардың мәліметтерін және зерттеу әдістерін қолданады.
Барлық клиникалық пәндермен өзара байланыссыз гигиенаның болуы, мүмкін емес, себебі, денсаулық жағдайын бағалау үшін өзінің зерттеулерінде гигиена, клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының сипаты туралы мәліметтерді кеңінен қолданады. Сонымен қатар, қоршаған орта факторларының гигиеналық сипаттамасы, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу- алдын алу іс-әрекеттері тұрғызылатын негіз болып табылады.

2. қоршаған ортаның ластануы экологиялық және гигиеналық мәселе ретінде


Қазіргі кездегі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы, әлеуметтік гигиена, радиациялық гигиена, әскери гигиена және басқалар кіреді. Бұл бөлімдердің әрбіреуі гигиена ғылымы мен практикасының өз алдына жеке салаларын қамтиды. Болашақ дәрігер-гигиенист мамандар үшін пропедевтикалық гигиеналық пән және болашақ емдеуші дәрігерді гигиеналық білімдермен қаруландыратын пән болып табылатын жалпы гигиена, олардың ішінде айрықша орын алады.
Гигиена өзінің міндеттерін шешу үшін, тек гигиенаның өзіне тән зерттеу әдістерін де және басқа да медициналық, медициналық емес пәндердің де, әдістерін қолданады. Гигиенаның өзіне тән әдістеріне санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау және гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің ішінде біреулері- қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік береді, басқалары- олардың адам денсаулығына әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі де спецификалық емес әдістердің кең спектрін: физикалық, химиялық, биологиялық, статисткалық, клинникалық әдістерді және басқаларды қолдануды қарастырады.
3. Атмосфералық ауаның адам денсаулығына әсерін талдау және бағалау
Корнель университетінің зерттеушілерінің қорытындысы бойынша әлемдегі өлім-жітімнің қырық пайызы ауа, су, топырақ ластануының кесірінен болады екен. Атмосфераға шығарылған улы заттар жыл сайын үш миллионға жуық адамды өлтіреді. Атмосфералық ауаның ластануынан болатын өлім-жітімнің негізгілері — қатерлі ісік, туа біткен патология және адам ағзасының иммундық жүйесі жұмысының бұзылуы.
Ауаны ластайтын заттар адамның денсаулығына әртүрлі әсер ете отырып, түрлі ауруларды тудырады. Мысалы, жану өнімдері (дизель қозғалтқышының сұйытылған газы) бар ауамен дем алу, (тіпті қысқа уақыт ішінде болсын) жүректің ишемиялық ауруын алу қаупін арттырады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөліктер ерте өлім қаупін арттыратын қара түтін мен жасыл-сары диоксиді бөліп шығарады. Тіпті атмосферадағы осы заттардың салыстырмалы түрдегі төмен концентрациясы қырық жасқа дейінгі өлімнің 4-тен 22 пайызына себепші болады. Автомобиль көліктерінің түтінімен, сондай-ақ көмір жағатын кәсіпорындардың шығарындыларымен ауаға қан ұйығыштығының жоғарлауына және қанайналым жүйесінде тромбтардың пайда болуына әкеп соғатын ұсақ лас бөлшектер таралады. Ластанған ауа қан қысымының жоғарлауының бірден-бір себепшісі. Атмосфераның ластануы қан қысымының деңгейін бақылайтын жүйке жүйесіне әсер етіп, оның өзгеруіне себеп болады. Ірі қалаларда емдеуге жатқызуға тура келіп жататын жағдайлардың шамамен бес пайызы дәл осы ауаның ластануына байланысты орын алады.
Ірі өнеркәсіптік қалаларды қалың тұман — тұмша (смог) басады. Бұл ауаның өте қатты ластануы, яғни түтін мен газ қалдықтары немесе улы газдар мен жоғары концентрациялы аэрозольдер қоспасы бар қалың тұман. Бұл құбылыс әдетте желсіз, тынық ауа райында байқалады. Бұл адам денсаулығына зиян келтіретіндіктен, ірі қалалардың күрделі мәселесіне айналған. Әсіресе балалар мен ағзасы әлсіз, жүрек-қантамыр, сонымен қатар, тыныс алу жүйесінің ауруларымен ауыратын қарт адамдар үшін қауіпті. Ол тыныс алудың қиындауына, ауыр жағдайда тіпті оның тоқтауына себеп болуы мүмкін. Шырышты қабықтың қабынуын тудырады. Ауадағы зиянды заттардың жерге жақын шоғырлануы таңертеңгі кезде байқалады, ал күндіз ауаның жоғары ағынының әсерінен жоғары қарай көтеріледі. Бронх демікпесі ауаның ластануымен тікелей байланысты.
Ауаның ластануы даму кемістігі бар балалардың туу ықтималдығын арттырады. Атмосферадағы зиянды заттардың мөлшерден тыс концентрациясы ерте босануға, жаңа туған нәрестелердің салмағының аз болуына, кейде тіпті нәрестелердің өлі тууына сепепші болады. Егер жүкті әйел озон концентрациясы мен көміртегінің жоғары концентрациясы бар ауамен дем алса, әсіресе жүктіліктің екінші айында, оның қоянжырық, жырық таңдай, жүрек қақпақшасының ақаулары сияқты дамуында ақауы бар баланы туу ықтималдығы үш есе артады.
4. Су объектілерінің, ауыз судың адам денсаулығына әсерін талдау және
Бағалау.
Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге болады:
- судың биологиялық құрамына байланысты аурулар тобына;
- судың химиялық құрамына байланысты аурулар тобына.
Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі айтылды.
Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес ауруларды) екі топқа бөледі:
- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;
- судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты ауруларға.
Микроэлементтердің (йод, бром, фтор, селен, стронций, молибден, кобальт және басқалардың) биологиялық белсенділігі жоғары болғандықтан, олар адам ағзасында көптеген физиологиялық және зат алмасу үрдістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды, минералдық заттардың алмасу үрдістеріне қатысады және түрлі биохимиялық реакциялардың катализаторы ретінде ағзадағы жалпы зат алмасуына әсер етеді.
Бірақ, ағзадағы микроэлементтердің мөлшері олардың қоршаған орта нысандарының құрамында (оның ішінде суда да) болуына тікелей байланысты болғандықтан, кез келген микроэлементтің суда немесе басқа орталарда жеткіліксіздігі, не артық мөлшерде болуы, адам ағзасының әртүрлі функцияларының бұзылуына немесе аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Микроэлементтер жер қыртысында біркелкі тарлмағандықтан, белгілі бір аудандардағы су, топырақ және өсімдіктер құрамында олардың мөлшері жеткіліксіз немесе артық болады. Бұндай аудандар биогеохимиялық провинциялар деп аталады, олар табиғи және антропогендік болуы мүмкін, ал осы аудандардағы тұрғындар арасында микроэлементтердің жеткіліксіз немесе артық болуы себебінен пайда болған аурулар геохимиялық эндемиялар деп аталады. Бұндай аурулардың көбі су факторымен байланысты .
Ауыз судың сапасы жөніндегіНұсқаулықтың 4-ші басылымын дайындау барысында (2003 ж.) БДДҰ сарапшыларының Римдегі мәжілісінде судың химиялық құрамымен байланысты, оның ішінде, суда анықталған заттардың адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне әсері жөніндегі, көптеген мәселелер қарастырылды. Ең жақсы зерттелген геохимиялық эндемияларға фтордың жетіспеушілігімен немесе артық болуымен және йод, стронций, кобальттің жетіспеушілігімен байланысты геохимиялық эндемиялар жатады.

5. Топырақтың адам денсаулығына әсерін талдау және бағалау.


Топырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор.Топырақ көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Ірі совет ғалымы-медик, географ А.И.Павловский зерттеулері бойынша табиғатта жұқпалы және паразиттік аурулар «ошактары» бар.Бұл ошактар ауру тудырушылардың тіршілік етуіне қолайлы орта. Сондай орта – топырақ болып саналады. Мысалы: гистоплазмоз тудырушы грибоктар тек қызыл-сары күл топырақты жылы климатты аймақта жақсы дамиды да, басқа топырақта дамымайды.Индияда соңғы кезге дейін холера (тырысқақ) ауруы сақталып келді. Оның кең тарап, адам өліміне жие әкелетінтарауы аймағы – гидроморфы топырақты (аллювиал, атыраулық, батпақты) аймақ холера дамуына өте қолайлы.
Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады.
Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.Адамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпейқоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі.Әсіресе, өмірлік маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді.
Мұндай аурулар эндемиялық деп аталады. өсімдіктер мен жнуарлар арасында ауытқулар болатын аумақты А.П.Виноградов биогеохимиялық провинция деп атаған. Шаруашылықты жоспарлы түрде дұргізгенде эндемиялық ауруларды жоюға болады. Мысалы: топырағында йод жетіспейтін таулы аудандарда ас тұзына әдейі йод араластыру арқылы зобтың ауыр түрлері жойылады.

6. Қоршаған ортаны ластайтын заттарды нормалау және жіктеу


Адам организімі ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір мөлшерге, немесе деңгейге дейін ғана төзе алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға душар болады.
Қоршаған ортамен, табиғатпен адам өмірі тығыз байланысты. Егер онда кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат та одан зардап шегеді, одан айналып өте алмайды. Өзімізді қоршаған сыртқы орта (ауа,су, топырақ) адам өміріне зор ықпал жасайды. Ал денсаулығымыз осыған байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бұлдірмей таза сақтау, қолдан келсе оны жақсартуға тазартуға ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік парыздарының бірі болып қала бермек. “Табиғат – біздің туған бесігіміз” деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты сақтап, оны бұзбай сулар мен топырақты, атмосфералық ауаны таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру – бізге үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.
7. Зиянды заттарды нормалау
Қоршаған ортаға зиянды заттарды бөлу көздері болып табылатын технологиялық процестері бар кәсіпорындарды, сондай-ақ шу, діріл, ультрадыбыс, электромагниттік толқындар, радиожиіліктер, статикалық электр және иондаушы сәулелер деңгейінің жоғары көздері болып табылатын кәсіпорындарды қоныстану аймағынан санитарлық қорғау аймақтарымен бөлу қажет. Өндірістік кәсіпорындардың санитариялық сыныптамасы абаттандырылуы және көгалдандырылуы тиіс санитариялық-қорғаныш аймағының көлемін көздейді. Жасыл кеңістіктер ауланың микроклиматына жағымды әсер етеді, адам ағзасына және оның денесіне, жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Сонымен қатар үй-жайларды да (жұмыс үй-жайларының, цехтардың, сауда залдарының, кеңселердің интерьерлерін және т.б.) көгалдандыру қажет. Көгалдандыру үлкен санитарлық-гигиеналық және эстетикалық мәнге ие, өйткені ол ауа құрамын жақсартады, ыстық маусымда температураны төмендетеді, ылғалдылықты арттырады. Жапырақтардың иісі, түсі, шуылы адамның жұмыс қабілетіне жағымды әсер етеді.
8. Зиянды заттардың жіктелуі.
Қоршаған табиғи ортада зиянды заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шоғырлану нормативтері адамға жəне белгілі бір кезеңге орташалануға жататын жəне мезгіл-мезгіл ықпалы жағдайында немесе бүкіл адам өмірі бойында оған жəне қоршаған ортаға тұтастай алғандазияндыықпалетпейтінзияндызаттардың барынша шоғырлануы ретінде анықталады. Нормативтер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағыңда бірегей болып табылады. Оларды Денсаулық сақтау министрлігі əзірлейді. ЖШШ нормативтерін белгілеген кезде табиғаттың ластануының екі түрі – ең көп бір жолғы жол берілетіншектішоғырланужəнеорташатəуліктік жол берілетін шоғырлану ескеріледі. Біріншісі, адам организмінің қалыпты жұмыс істеуіне зиянды заттардың қысқа уақыттық ықпалының деңгейін анықтайды. Екіншісі, қоршаган орта ластануының жол берілетін деңгейін анықтайды, ол ұзақ кезең жағдайында адам организміне ықпалы оның денсаулығының жай-күйіндегі өзгерістердің пайда болуын туғызбайды. ЖШШ зиянды заттарының нормативтерін топтастыру негізі үшін біздің республикамызда қоршаған орта ластануының төрт деңгейі ескеріледі – олар ылғалдың болмауы, тітіркену, созылмалы ауру, өткір ауру. Аталған деңгейлерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы əзірлеген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет