Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек фиософияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч.Пирс (1839-1914), Ч.Джемс(1862-1910), Дж. Дьюи (1859-1952).
Прагматизмнің негізгі идеяларын бірінші айтушы Пирс, интуитивтік таным мен туа бітті идеяны теріске шығарды. Оның айтуынша таным көруге мүмкіншілік болған жағдайда ғана орын алады. Объект туралы ұғымға осы объектінің әрекетінен туындап отырған барлық тәжірибенің салдарын қарастыру арқылы жетуге болады. Объект туралы біздің білімдеріміз әрқашан аяқталмаған, жалған және болжаулы ғана болып келеді. Бұл тек қарапайым білімге ғана қатысты дүние емес, соңымен қатар математиканы да, логикалық қорытындылар тәрізді жаратылыстану ғылымдарын да мысалдар арқылы жалпылама теріске шығаруы мүмкін. Ақиқат, Пирстің түсінігінше – бұл білімнің даму барысына қарсы келмейтін айқындылық пен анықтылық. Білімнің ақиқаттылығы практика жемістерінің сенімді шарттары болып табылады. Пайдалылық ақиқаттың мәні мен сенімділігін анықтайды. Практикалық қызығушылық ақиқатты іздеудегі біздің қызығушылығымыздың себебінен келіп туындайды.
Джемс бойынша, философия өз қабілетін болмыстың алғашқы бастамасын іздеуден емес, адамдардың өміріндегі әрдайым кездесіп отыратын оқиғаларды шешуге жарамды жалпы методты қалыптастырудан бастау керек. Тәсіл бізге анықталған зат ретінде әуел бастан берілмеген. Танымның барлық объектілері танымдық құдіретіміз арқылы тіршілік мәселелерін шешу барысында қалыптасады. Ойдың мақсаты табысқа жету жолындағы таңдап алынатын қажетті құрал болып табылады.
Философияның фундаментальдік ұғымы Дж.Дьюи бойынша тәсіл, яғни адамзат өмірінің барлық қырларының байқалар тұсы. Философияның міндеті, Дьюи бойынша, өмірлік тәсілді ұйымдастыруға, алдымен әлеуметтік болмыстың шенберінде, яғни адамдардың өмірін жақсартуға, олардың әлемдегі болмысын табуға негізделмек.
Оның құралы ақыл мен ғылыми метод болып, біздің прагматикалық талпыныстарымызға құрал, инструмент ретінде қызмет ету керек. Дьюи бойынша, идеялар, теориялар мен концепциялардың ақиқаттылығын, прагматикалық мақсаттағы жетістіктерге жетудегі жұмыстарда пайдалы жемістерін бере алғандардан ғана көруге болады. Осыдан келіп проблеманы шешуге қолайлы талданып алынған құрал субъективті немесе өндіргіш болуында емес, қойылған мақсат пен мәселенің байыбына жетуге жауап беруі керек. Прагматизм принциптері американдықтардың практикасы мен өмір сүруіне, сонымен қатар саясаттарына да барынша ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |