1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен категориялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет52/85
Дата27.02.2023
өлшемі0.5 Mb.
#470133
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
1Та ырып. Философияны пайда болуы ж не дамуы Философияны п ні

Катарсис


Катарсис (грекше "тазару") — адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық және ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.
Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған. Олардың түсінуінше, музыка — ғарыш үндестігінің жердегі көрінісі болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның айтуынша, катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрын адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Дереккөзі

  1. Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы параграфтардағы мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш салатын) тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика, тарих, поэзия және т.б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына айналып кетті.[2][3]

  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

  3. ↑ Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2

  4. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет