1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен категориялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет51/85
Дата27.02.2023
өлшемі0.5 Mb.
#470133
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
1Та ырып. Философияны пайда болуы ж не дамуы Философияны п ні

Эстетикалық ой  тарихы.


Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір көңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің әлемге деген таза танымдық қатынастан өзінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" және "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз жүгіртіп кетейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі — оның космологизмі.

Космологизм


Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктің адамзат әлемінен орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның өнері макроғарыштың, үлкен ғарышқа ұқсап бағуынан, еліктеуінен, яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші — "еліктеу") туады. Осылайша грек ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Грек эстетикасын сонау грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік (Гомердің "Илиада", "Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен бастаса да болады. Антикалык эстетиканың орталық категориясының бірі болып табылатын "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің бастапқы нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған ағаш кесінділерін біріктіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал "Илиадада" "гармония" қосымша мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз бірте-бірте философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген.
Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері ііпінде әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады. Тіпті, онымен қоймай, адам жанын да, тәнін де ауру-кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы — катарсиске тоқталып кету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет