Беляев И. А. Ценностное содержание целостного мироотношения / И. А. Беляев // Вестник Оренбургского государственного университета. — 2004. — № 2. — С. 9-13.
Гуляихин В. Н., Серова Н. В. Агональные паттерны в системе политико-правовых ценностей российского общества // Вестник Волгоградского государственного университета. Серия 7: Философия. Социология и социальные технологии. 2009. № 2. С. 180—183.
Қасымбеков М. Б., Пралиев С. Ж., Жампеисова К. К. Мәңгілік ел // Учебник для вузов. 2015. С. 38, 95-96.
Философиядағы құндылықтар мәселесі.
Сабақтың мақсаты:
Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, алдымен төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
Студенттерге құндылықтардың мән жайын және олардың адам, қоғам өмірінде алатын орнын ашып көрсету; Философия тарихында көтерілген құндылық мәселесіне шолу жасай отырып, құндылықтардың философиялық мазмұнын ашу; Студенттердің ғылыми дүниетанымының, тұлғалық мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылықтардың қызметін түсіндіру;
Студенттерге бүгінгі таңда тәуелсіздікті нығайту жолында, ұлттық құндылықтардың қажеттілік негіздерін, жанжақтылығын айту; Студенттерді құндылықтар философиясы бойынша алған білімдерін, әлеуметтік ортада, зерделі - тәжірибелік жолда жүзеге асыра білуге үйрету.
Семинар сабағының жоспары:
Философиядағы құндылық түсінігі.
Құндылықтар типологиясы.
Құндылық сананың табиғаты, генезисі және статусы.
Философиядағы абсолютті және салыстырмалы жалпы адамзаттық индивидуалды құндылықтар мәселесі.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Құндылық дегеніміз не?
Қоғамдық қатынастар мен құрылымдар жүйесінде құндылықтардың алатын орыны қандай?
Құндылық пен бағалаудың мәні.
Құндылықтар бағдарын қалай түсінесіз?.
Адам өміріндегі құндылықтардың атқаратын рөлі қандай?
Құндылықтар иерархиясын қалай түсінесіз?
Антикалық философияда, құндылық мәселесін философия тұрғысында қарастырған қандай ойшылдар болды ?
Дәстүрлі қоғам дамуындағы ұлттық құндылықтардың ерекшелігі неде?
Материалдық құндылықтар деген ұғымды қалай түсінесіз?
Рухани құндылықтарға не жатады?
Құндылық пен қажеттіліктің адам өміріндегі ажырамас бірлігі неде?
Негізгі ұғымдар:
Аксиология - құндылық жаратылысы туралы, яғни құндылықтардың адам өміріндегі орны мен құрылымын, әлеуметтік - мәдени қызметтерін зерттейтін философиялық ілім.
Құндылық - адамның дүниеге қатынасы мен дүниедегі алатын орнын, қоғамдық қызметінің мәдени ерекшеліктерін түсіндіретін философиялық ұғым.
Құндылықтар - адамның өмірдегі рухани және материалдық қажетіліктерді өтеу жолындағы қалыпты мәндер.
Рухани құндылықтар – адам өмірінің рухани мәнін көрсететін ақыл - парасат, білім және т. б. мақсат болып табылатын игіліктер.
Қайырымдылық - адам мүдделерінің ортақтығын, бірлігін, алға қойған ізгі мұратқа жетуін (соған ұмтылысын ) білдіретін аксиологиялық ұғым.
Бақыт - идеалдылық, шынайылық, игілік секілді рухани және материалдық қажеттіліктердің жүзеге асуы, адамның тұлғалық қасиеттерінің өлшемі.
Игілік- адамның белгілі бір қажеттіліктерінің жүзеге асуын, адамдардың ортақ мүдделеріне, мақсаттары мен ниеттеріне сәйкес келетін нәрселер мен құбылыстарды белгілейтін аксиологиялық ұғым.
Идеалдылық- адамның белгілі мақсатты көздеген іс- әрекетінде пайда болатын обьективттік нақтылықтың субьективтік бейнесі.
Иерархия - тігінен алғанда жеке деңгейлер араларындағы тәртіптілікпен , жүйелілік пен және өзара іс- қимыл мен, байланыстар мен сипатталатын көп қатпарлы күрделі жүйелердің құрылымдық қатынастар типі.
Дәстүр - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын әдет- ғұрыптар, салт- сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез құлық қалыптары және т. б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік- мәдени мұра құндылықтарының элементтері.
Материалдық құндылықтар - адамның өмір сүруіне қажетті игіліктер ( тұрмыс, материиалдық өндіріс , киім және т. б. ).
Құндылықтар бағдары дегеніміз - адам іс- әрекеттері мен адамдардың қоғамдық ынтымақтастығын нығайту ( оған рухани, ұлттық-дәстүр құндылықтары мен материалдық, саяси құндылықтар бағдарын жатқызуға болады).
Бағалау субьектісі дегеніміз - тұлға, әлеуметтік топ, қоғам.
Мәнжазба тақырыптары:
Құндылық түрлері және олардың иерархиялық баиланысы.
Ақиқат және құндылық.
Тұлғалық қатынастардың, топтық және жалпы адамзаттық құндылықтары.
Адам іс-әрекетін реттеу: нормалар, идеалдар,құндылықтар.
Рухани құндылық адам өмірінің басты мағынасы ретінде.
Ұлттық болмыс және дәстүр құндылықтарының баиланысы.
Экзистенциалдық философиядағы адам және өмір құндылықтары.
ХІХ- ХХ ғ. ғ.Батыс философиясындағы құндылықтар теориясы.
Дәстүр құндылықтарының ұлтық мәдениеттің дамуындағы ролі.
10. Прагматизм философиясындағы құндылық бағдары.
Тест сүрақтары:
1. Төмендегі ілімдердің қайсысы құндылық түсінігін ашады?.
1) Аксиология; 2) Гносеология; 3) Онтология; 4) Антропология ; 5) Мәдениеттану ;
2. Көне Грек философиясында, құндылықтардың жиынтығы " ізгілік" ұғым қалай аталады ?
1) агатон; 2) аллегория; 3) филия; 4) аксиома; 5) агносия;
3. Тұлғалық құндылықтар қалай қалыптасады ?
1) тәрбие - білім беру, өмірлік тәжірибе жинақтау негізінде;
2) табиғатты игеру арқылы;
3) әлеуметтік дағдарыс жасау арқылы;
4) алдау, арбау арқылы;
5) зорлық зомбылық арқылы;
4. Сократтың түсіндіруінше ең басты рухани құндылық.
1) түсінік, білім, әділеттілік; 2) билік; 3) байлық; 4) лауазым; 5) ләззат;
5. Рухани құндылықтарға не жатады?.
1) игілік, ақиқат, әсемдік… 2) саяси…3) материалдық; 4) денсаулық; 5) әлеуметтік;
6. Философия тарихында құндылықты қайта бағалау проблемасын қойған кім ?
1) Ницше; 2) Аристотель; 3) Спиноза; 4) Декарт; 5) Маркс;
7. « Адам -- барлық заттардың өлшемі» деген қанатты сөздің авторы:
1) Протагор; 2) Сократ; 3) Демокрит; 4) Платон; 5) Аристотель;
8. Құндылықтық қатынастар жағдайындағы басты құндылық:
1) іскерлік; 2) билік; 3) идеология; 4) көзқарас; 5) шыншылдық;
9. Философия тарихында құндылыққа қатысты социологиялық концепцияның негізін салушы: 1) Вебер; 2) Аристотель; 3) Фейербах; 4) Кант; 5) Гегель;
10. Идеал ұғымы нені білдіреді ?
1) адам мұраты; 2) әдептілік; 3) қызмет ету; 4) тіршілік; 5) өнер;
Достарыңызбен бөлісу: |