2- топ Тапсырма: Дүниежүзі тарихы пәні бойынша 5-11 сыныптардың оқу бағдарламаларынан «Әлемдік тарих барысына әсер еткен әлемдік соғыстар»



бет4/4
Дата08.04.2024
өлшемі27.71 Kb.
#497993
1   2   3   4
2-топ тапсырма

Крест жорықтарының себептері


VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Араб басқыншылығы – мұсылман қауымы басшылары мен халифтер бастаған Арабия түбегіндегі тайпалардың VII – VIII ғасырдағы жаугершілік жорықтары. Арабтың феодалданған ақсүйектерінің Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік Батыс Еуропа елдерінде едәуір заман үстемдік етуімен аяқталды. Араб басқыншылығына себеп болған негізгі факторлар – алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, таптық қоғамның қалыптасуы, Арабияның көшпелі халқы санының едәуір көбеюімен тұспа-тұс, бір мезгілде мемлкеттің құрылуы.
Араб жаулап алушыларының шабуылынан Ирандағы алып Сасаниттер мемлекеті құлады. Гассанидтер мемлекеті, Вестгот патшалығы, Кавказ Албаниясы, Хорезм, Согдиана және Синд арабтардың соққысына ұшырады. Византия Мысыр, Сирия, Месопотамия, Крит, Мальта, Сицилия, Родос, Лазика және Қасиетті жерлерден айырылды.
Франктерге қарсы соғыстар кезінде арабтар Пуатиеге, хазарлармен соғыстарда «Славян өзеніне» (Дон, Еділ немесе Днепрге) жетті, ал шығысқа қарай жорықтарында Раджастан мен Таласқа дейін еніп кетті.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Крест жорықтары және Араб жаулап алу жорықтары http://historic.ru/books/item/f00/s00/z0000032/st022.shtml






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет