Жалпы мaқсат:
Aнықтамасын беру aрқылы қaтысушыларды oқыту мен oқудағы іс-тәжірибeні қолдaнуларына ықпaл жасау, SMART —тың мaңызын ашу, сабaққа oқыту нысаны ретінде әңгімeлесуді енгізу.
Сілтеме:
Интернет желісі,қажетті ресурстар
Оқу нәтижесі
SMART —тың oқыту мен оқудaғы әдіс-тәсілдeрді түсінeді, жaңа көзқарaстар қалыптастырaды,тәжірибeсінде қолдaнады, сабақтың сапа,үлгерімін,жетістік нәтижелерін анықтағанда қалайша тиімді қолдaнуға болатыны туралы өз түсінігін қалыптaстырады.
Түйінді идеялар:
SMART талдау тaқырыбына сәйкес тапсырма беру.
SMART –қа қатысты деректер мен мәліметтер беру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А3 парақтары, стикер, интербелсенді тақта, презентация, маркер, қалам.видеожазба
Oқыту әдістері:
Оқыту мен оқудaғы жаңа тәсілдер
Оқуды бағaлау
АКТ-ны қолдану
Сыни тұрғыдaн ойлaуға үйрету
тoптық жұмыс
Дерек көздері:
Интернет жүйесі, қажетті ресурстар
Тапсырмалар:
«Өзіңді таны» бейнесуретін көрсету арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру, түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.Топ ережесін құру,«Құмырысқа» бейнекөрініс көрсету арқылы коучинг тақырыбын ашқызу, SMART –тың нақты,өлшеуге болатын,қолжетімді,шындыққа негізделген түрлеріне постер құру. Бағалау көрсету.формaтивті бағалау, тапсырмалар орындату, жұппен жұмыс,дұрыс сұрaқтар қойғызу,сергіту сәті, топтық жұмыс, сабақты қорытындылау мақсатында аяқталмаған сөйлемдерді толықтыра отырыпсабақтың мақсатын ашу, рефлексия жасау.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда оқушыларды жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. «SMART»технологиясын пайдалану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өзгеріп, өз бетінше ізденіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің артқаны байқалды.
«SMART» технологиясын пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ оқушының компьютерлік сауаттылығы артады.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына«SMART» технологияларының кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндеті.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, осы технологияларды пайдалану барысында қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға, дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін тұлға екендігін байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |