№2 (30) сəуір-маусым 2022 issn 2710-3994 «edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата21.05.2024
өлшемі3.28 Mb.
#501659
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
ИСТОРИЯ ДЕПОРТАЦИИ ПОЛЯКОВ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Зерттеу нәтижелері. Алғашқы жер аудару шаралары арқылы жазалау «жаппай ауыл 
шаруашылығын ұжымдастыру жылдарынан» басталған болатын, бай-кулактар қатарына жатқан 
халық өкілдерін басқа мемлекеттер территориясына көшіру жағдайлары аз болмаған. Оны сол 
кезеңде «аса құпия» саналған құжаттардан біле аламыз, 1930 жылы 2 ақпанда ОГПУ №44/21 
«Шаруалар класын ликвидациялау шаралары туралы» бұйрығына сәйкес, контрреволюциялық 
қозғалыстарға қатысы бар шаруалар тобын тез арада ликвидациялау қолға алынды. Әсіресе, 
белсенді топ басшыларының мал-мүлкін тәркілеп, басқа одақтас мемлекеттер территориясына жер 
аудару процестері орын алды. Бай-кулактарды жер аудару қазақ жерінде де жүргізілді, 1930 жылы 
11 ақпанда Ақтөбе облысы бойынша Қазақ АКСР жер істері бойынша халық комиссары 
К.Д.Тоқтыбаевтың «құпия хаты» бойынша «біздің округіміз бойынша Шаған өзені, Ембі мен 
Ащысай өзендері аралығына 2000 шаруа отбасын; Шалқар өзенінен Қарақұм аймағына дейін 2000 
шаруа отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр. Барлығы 4000 отбасыны осы аудандарға 
орналастыру істерін ұйымдастыруға 7 күн уақыт қажет. Осы уақыт аралығында жер, тұрғын үй, 
азық-түлік пункттері туралы ақпарат болады» деген ақпаратты телеграмма арқылы жеткізеді 
(Айдарбеков, Актаева, Джагфаров және т.б., 2012: 91). 
Тоталитарлық Сталиннің билігі кезінде халыққа қарсы жазалау процестерінің арасында
терроризмнің барлық үш түрі қолданылды: депортациялау, жер аудару, күштеп қоныстандыру. 
Бұл процестер кез-келген кеңес тұрғыны үшін оңай соққан жоқ, себебі тұтқындалғандар арасында 
өз қылмысын түсінбегендер де болды немесе болмашы нәрсеге бола жер аударылып кетті. 
«Сталин қайтыс болғаннан кейін (1953 ж.) жасалған Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КСРО 
МҚК) мәліметтері бойынша, 1936–1951 жылдар аралығында 3 600 000-нан астам адам ұлттық 
белгілері бойынша қуғын-сүргінге ұшырады», 1935–1938 жж. соның ішінде Польшамен шекаралас 
аумақтардан «саяси өзгермейтін элемент» ретінде қудаланды (Алдажуманов, Алдажуманов, 
1997:16). Алдымен, Польшаның сол уақыттағы державалар арасындағы саяси рөліне назар 
аударсақ, бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Польша аумағы Австрия-Венгрия, Германия 
мен Ресей империясы арасында бөлініп, Бірінші дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданының 
көптеген операцияларының аренасына айналды. Соғыстан кейін Ресей, Германия және Австрия-
Венгрия империялары ыдырағаннан кейін Польша тәуелсіз республика болды.1934 жылдың 23 
қаңтарында Польша мен Германия он жыл мерзімге агрессияға қарсы, өзара шабуыл жасаспау 
келісіміне қол қойды. Германия алда орын алатын әскери операцияларға поляктарды пайдалану 
мақсатында ресми заң жүзінде қарастырылуы керек болатын. Польша өз кезегінде 3,5млн адамнан 
тұратын әскер жасақтай алды, енді ол Батыс Белоруссия мен Батыс Украина жеріне шабуылдай 
бастады. Оған жауап ретінде 1936 жылдың сәуір айында Кеңес өкіметі «сенімсіз 
элементтер»ретінде КСРО-ның Батыс шекаралас аудандарынан поляк, неміс және т.б. Қазақ КСР-
на 
көшіруді 
бастады 
(Этническая 
депортация, 
2014: 
http://my.krskstate.ru/docs/greatwar/etnicheskaya-deportatsiya-polyakov). 
1939 жылғы 28 сәуірде Гитлер неміс мүдделеріне қайшы келетін күш қолданбау туралы 
поляк-неміс декларациясын мойындады. Дегенмен, екі жақты келісім жасап, 1939 жылғы 23 
тамызда Германия мен Кеңес Одағы арасында агрессияға қарсы тұру туралы шартқа қол қойылды, 
оған қоса берілген құпия Қосымша хаттамада тараптар Шығыс Еуропада өзара мүдделердің 
салаларын бөлу туралы уағдаласты. Хаттамаға сәйкес Польшадағы мүдделер саласының шекарасы 
шамамен «Керзон сызығы»бойынша өтті (О «Пакте Молотова…», 2009). Молотов-Риббентроп 
пактісі – кеңестік-германдық агрессияға қарсы келісімнің үкіметтер мен мемлекеттері атынан 
В. Молотов пен И. Риббентроп қол қойған құпия қосымшасының атауы. Нәтижесінде 1939 жылы 
1 қыркүйекте Германия Польшаға басып кірді. 17 қыркүйекте Қызыл армия елдің шығыс 
аймақтарына кіргізілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет