№2 (30) сəуір-маусым 2022 issn 2710-3994 «edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата21.05.2024
өлшемі3.28 Mb.
#501659
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
ИСТОРИЯ ДЕПОРТАЦИИ ПОЛЯКОВ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
69
 
Сонымен, поляктарды депортациялау істері КСРО аумағында, 1936–1941 жылдары Қазақ 
КСР және Сібір аудандарына көрсеткен поляктарды жаппай көшірудің екі толқыны болып 
өтті:1936 жылдың сәуірінде және 1940–1941 жж. Бірінші толқын поляктар мен немістерді КСРО-
ның шекаралас аудандарынан шығару болды. Екінші толқын Батыс Беларуссия пен Батыс 
Украинаның жаңадан қосылған аудандарында тұратын поляктарды қамтыды.Сталин оларды 
ерекше қауіпті ұлт деп санады, өйткені, жаппай жер аударылғандардың саясаты поляктардан 
басталды.
1936 жылы Волынядан 49000 поляк және 15000 неміс жер аударылған. Украинадан шамамен 
69 293 (поляктар мен немістерді қосқанда) адамды жаппай депортациялау әрекеті жүзеге асты, 
кейбір авторлар болса поляктар саны 60 000 жоғары болды деп болжайды. 1947 жылғы 1 
қазандағы халық есебі бойынша Қазақстанда 1936 жылы интернаттарда қоныстанған 41 772 
поляк тіркелді, Көкшетау облысына (29 мыңнан астам адам) және Ақмола облысына (7700-ден 
астам 
адам) 
жіберілгендеген 
мәлімет 
бар 
(Этническая 
депортация, 
2014: 
http://my.krskstate.ru/docs/greatwar/etnicheskaya-deportatsiya-polyakov). 
Украинада КСР шекаралас аудандарының поляктары болды. 1936 жылғы 28 сәуірде КСРО 
ХКК «құпия» белгісімен №776-120 қаулы қабылдады. Онда, атап айтқанда «КСРО Халық 
Комиссарлары Кеңесі қаулысы бойынша, Қазақ АКСР аумағындағы Қарағанды облысындағы 
қоныс аударуы мен қоныстарын ұйымдастырылуы, КСРО-дан қоныс аударатын поляк және неміс 
шаруашылықтары үшін, саны 15000 шаруашылықтан 45000 адамнан тұратын қазіргі ауыл 
шаруашылығы еңбеккерлерінің типі бойынша, олардың азаматтық құқықтармен шектелмейді 
және қоныстандырудың әкімшілік ауданы шегінде жүріп-тұруға құқығы бар, бірақ қоныстану 
орындарының аумағынан шығуға құқығы жоқ» деп жазылған. Қабылданған қаулыға сәйкес 
шекара аймағында құқық бұзған «сенімсіз элементтер» ретінде поляк ұлтының 35820 
адамынҚазақстанның түрлі облыстарына депортациялау процестері орын алды (Спецпереселенцы, 
2007: 35). Күштеп қоныстандыру саясатына іліккен халықтар1934 жылға дейін – арнайы, еріксіз 
қоныс аударушылар, ал 1934–1944 жылдары – шаруалар тобы ретінде еңбек қоныс аударушылары, 
1944 жылдан бастап – арнайы қоныс аударушылар деп аталды. КСРО ХКК-нің 1937 жылғы 22 
сәуірдегі қаулысына сәйкес олар арнайы еңбекшілерге арналған кенттерге орналастырыла 
бастады. 
«Қазақстанға қоныс аударатын 15 мың неміс және поляк колхоздарын орналастыру 
барысында келесі тәртіп пен іс-шаралар белгіленген: 
1. 
Қоныс аударатын шаруашылықтардың 12 мыңы жұмыс істеп тұрған колхоздарда 
және 3 мыңы жаңадан ұйымдастырылған дербес колхоздарда ұйымдастырылсын; 
2. 
Оңтүстік Қазақстан облысына 7000 отбасы, Алматы облысына 3000 отбасы, Шығыс 
Қазақстан мен Қарағанды облыстарына 2000 отбасы, Ақтөбе облысына 1000 отбасы көшірілсін; 
3. 
БКП(Б) Орталық Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары кеңесінен қоныс 
аударушылардың жұмыспен және ауыл шаруашылығы машиналарымен, белгілі бір мөлшерде мал 
санымен, сондай-ақ қоныс аударатын колхозшыларды жаңа өнімдердің жеткілікті мөлшерімен 
(егін, бау-бақша өсіру жұмыстары) қамтамасыз етілуін белгілеуді сұрау; 
4. 
Әрбір отбасыға тұрғын үй берілгенге дейін уақытша шатырлармен қамтамасыз ету 
үшін комитеттер ұйымдастыру; 
5. 
Одақтың қоныс аудару комитетінен Қазақстанға қоныс аударушыларды 
орналастыру үшін жергілікті ұйымдарға көмек ретінде білікті әкімшілік-техникалық 
қызметкерлерден 20-25 адамнан тұратын ерекше топтарды жіберуді сұрау» (Айдарбеков, Актаева, 
Джагфаров және т.б., 2014:47). 
1936 жылы 19 шілдеде КСРО ХКК жанындағы кеңестік бақылау комиссиясы төрағасының 
орынбасары З.М.Беленскийдің КСРО ХКК төрағасы В. М. Молотовқа Украинадан Қазақстанға 
қоныс аударушыларды жөнелтуді ұйымдастырудағы кемшіліктерді тексеру нәтижелері туралы 
ақпаратта қазақ жеріне Батыс Украинадан қоныстандырылған шаруа отбасыларының әлеуметтік 
тұрмысы іс-шаралар тәрбіне сәйкес еместігі туралы жеткізеді. Әкімшілік билік органдары 
тарапынан уәде етілген істердің ешқайсысы орындалып жатпағаны шындық еді, барлық істер, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет