Амангелді атындағы орта мектебі КММ психологиялық қызметі
Үлгерімі төмен оқушылар туралы мәлімет жинақтау жұмысының нәтижесіне қорытынды
Анықтама № 8
Мерзімі: қазан-қараша 2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: үлгерімі төмен оқушылар туралы мәлімет жинақтау.
Әдісі: пікірлесу,сұрақ-жауап Респонденттер: пән мұғалімдері, сынып жетекшілер.
Жұмыстың жүргізілуі:
1.Сыныбыңызда оқу бағдарламасын игере алмай жүрген оқушылар бар ма?
2.Оқушының үлгермеу себебі.
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша келесі көрсеткіштер анықталды: үлгерімі төмен оқушылар саны:18
- Ұзақ уақыттан бері барлық пәндерден үлгермейтін оқушы саны: 8
- Негізгі пәндерден үлгермейтін оқушы: 9
- Анда-санда үлгермейтін оқушы:1
Қорытынды: Оқушылардың үлгермеу себебі бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері екендігі байқалды, атап айтқанда ата-ананың қадағалауының аздығы , төменгі сыныптардан білімінің жеткіліксіздігі , оқушының денсаулығының нашар болуы,сабақтан жиі қалуы, оқу іскерлігінің қалыптаспауы ,оқушы өз міндеттерін саналы түсінбеуі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, өтілген сабақтың біраз жерін немесе тұтасымен бәрін түсіне алмай қалады, осының салдарынан оқушы сабақты меңгере алмайды,сонымен қатар танымдық қызығуының төмендігі және түрлі әлеуметтік мәселелердің болуы т.с.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін мұғалімдерге берілетін ұсыныстар:
1.Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып,оқушылармен қосымша жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып ,шығармашылықпен ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
2.Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым қатынас орнату.
3.Мектеп пен ата аналар арасындағы қарым қатынасты нығайту,балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу.
Мектеп психологы: Г.Ажибаева ,А.Марасилова
Амангелді атындағы орта мектебі КММ психологиялық қызметі
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген психологиялық дамыту-түзету тренингіне
Достарыңызбен бөлісу: |