18.Гимн – құдайларға арналған жыр.
19.Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.
20.Даосизм - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі
21.Даосизм - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі
22.Дүниежүзілік мәдениет — біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
23.Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз-міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.
24.Иероглиф – бірнеше белгілер қосылған әріп түрі.
25.Индра - Ежелгі Үндістанда Найза құдайы.
26.Индуизм — бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым.
27.Исида – Осиристің әрі әпкесі, әйелі, ана қамқоршысы.
28.Ка – Адамның, жануарлардың, заттардың, тәннің екінші жағы.
29.Киелі Кітап (Библия) — христиандықтағы киелі кітаптардың жиынтығы.
30.Колизей – Ежелгі Римдегі ең ірі амфитеатр.
31.Комедия - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драммалық шығарма.
32.Комедия сөзі "комос" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" — өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады.
33.Конфуций – ұлы философ және ұстаз.
34.Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім.
35. Қара жер – Египеттің ежелгі атауы.
36.Қосөзен – қатарласа аққан Тигр мен Ефрат өзендерін ежелгі халықтардың атауы.
37.Маат – шындық пен тәртіп құдайы.
38.Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |