№2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары



бет4/8
Дата07.02.2024
өлшемі1.48 Mb.
#491260
1   2   3   4   5   6   7   8
ТЕСТЫ-ОМ-4-К.-хирургия-каз

ӨТА, холецистит

538. Өт қуығының бөліктерін атаңыз:


а) басы, денесі, құйрығы
б) басы, мойны, денесі
в) мойны, денесі, түбі
г) басы, денесі, түбі
д) мойны, денесі, құйрығы

539. Гартман қалтасы мына ағзада орналасқан:


а) өңеште
б) асқазанда
в) өт қуығында
г) тоқ ішекте
д) ұйқы безінде

540. Өт қуығының қызметі:


а) өтті жинақтау және концентрациялау
б) өт қышқылдарын синтездеу және бөлу
в) бауырдан тыс орналасқан өт жолдарында гипертензия қалыптастыру
г) холестеринді және өт қышқылдарын белсенділендіру
д) байланысқан билирубинді қалыптастыру

541. Холедохтың төмендегідей бөліктері болады:


а) супрадуоденалды
б) интрадуоденалды
в) ретродуоденалды
г) панкреатикалық
д) интрамуралды

542. Жалпы өт өзегі диаметрінің қалыпты мөлшері:


а) 0,3-0,5 см
б) 0,5-1,0 см
в) 1,2-1,5 см
г) 1,5 -1,8 см
д) 1,8 -2,0 см

543. Кало үшбұрышын құрайтын анатомиялық құрылымдар:


а) жалпы бауыр артериясы, өт қуығы, бауыр
б) өт қуығы, холедох, он екі елі ішек
в) өт қуығының артериясы, өт қуығының өзегі, жалпы бауыр өзегі
г) жалпы бауыр артериясы, өт қуығының артериясы, Гартман қалтасы
д) жалпы бауыр артериясы, бауырдың өзіндік артериясы, бауыр

544. Тәулігіне қалыпты жағдайда ішекке қанша мөлшерде өт түседі?


а) 300 мл
б) 500 мл
в) 700-1000 мл
г) 1000-1200 мл
д) 1500 мл
545. Өт құрамына кіретін заттар:
а) су
б) өт тұздары
в) өт қышқылдары
г) холецистокинин
д) холестерин

546. Өттің қандай компоненттері <холато-холестерин индексін> құрайды?


а) билирубин
б) холестерин
в) су
г) өт қышқылдары
д) пигменттер

547. Холато-холестерин индексінің қалыпты көрсеткіштері:


а) 1:1 – 1:5
б) 1:5 – 1:15
в) 1:20 – 1:30
г) 1:30 – 1:40
д) 1:40 – 1:50

548. Өт қашан литогенді болатынын көрсетіңіз?


а) холестериннің деңгейі төмендеген кезде
б) өт қышқылдарының деңгейі жоғарылаған кезде
в) холестериннің деңгейі жоғарылаған кезде
г) лецитин жоғарылаған кезде
д) липаза белсенділігі төмендеген кезде

549. Қандағы жалпы билирубиннің қалыпты деңгейлері:


а) 8,0-20,5 мкмоль/л
б) 20,5-25,0 мкмоль/л
в) 25,0-30,0 мкмоль/л
г) 31,0-35,0 мкмоль/л
д) 25,0- 40,0 мкмоль/л

550. Аталған лабораторлық нәтижелердің қайсысы механикалық сарғаюды нақтылайды?


а) қандағы тікелей емес билирубин мөлшерінің жоғары деңгейі
б) қандағы тікелей билирубин мөлшерінің жоғары деңгейі
в) холестериннің жоғары деңгейі
г) АЛТ және АСТ мөлшерлерінің жоғарылауы
д) нәжістегі стеркобилиннің жоғарылауы

551. Өт қуығы мен өт өзектерін құрал-аспаптық зерттеу әдістері:


а) инфузиондық-тамшылы холецистохолангиография
б) медиастинография
в) ЭРХПГ
г) КТ
д) УДЗ

552. ӨТА кезінде кең таралған құрал-аспаптық зерттеу әдісі:


а) лапароскопия
б) зндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
в) құрсақ қуысының жалпы рентгенографисы
г) УДЗ
д) ФГДС

553. Қандай құрал-аспаптық зерттеу әдісі механикалық сарғаюдың себебін нақтылауға мүмкіндік береді?


а) УДЗ
б) лапароцентез
в) ЭРХПГ
г) КТ
д) лапароскопия

554. Өт қуығында тастардың қалыптасуына ықпал ететін факторлар:


а) мезентериалды қан тамырларының тромбозы
б) организмде зат алмасудың бұзылуы
в) Мэллори-Вейс синдромы
г) өт қуығы қабырғасының созылмалы инфекциясы
д) өт қуығында өттің іркілуі

555. Өт қуығында тас түзілуінің бейімдеуші факторлары:


а) тұқымқуалаушылық
б) өт жолдарының дискинезиясы
в) Лериш синдромы
г) бауырдан тыс өт жолдарының атрезиясы
д) эндокринді аурулар

556. Өт қуығында тас түзілу факторларына жататындары:


а) гиподинамия
б) өт қуығының бүрісуі
в) жасы
г) жынысы
д) асқазан ойық жарасы

557. Жедел холециститтің түрлерін атаңыз:


а) катаралды
б) беткей
в) флегмонозды
г) гангренозды
д) шірікті

558. Жедел обтурациялық холециститтің дамуындағы негізгі этиологиялық факторды атаңыз:


а) үлкен дуоденалды еміздікшенің қатерлі ісігі
б) бауырдағы зат алмасудың бұзылуы
в) холедохтың терминалды бөлігінің стриктурасы
г) өт қуығы мойнының таспен обтурациясы
д) өт қуығында өттің іркілуі

559. Жедел холециститтің деструктивті түрлерін көрсетіңіз:


а) жедел флегмонозды холецистит
б) өт қуығының деформациясы
в) өт қуығының шемені
г) жедел гангренозды холецистит
д) жедел перфоративті холецистит

560. Жедел холециститтің деструктивті түрлеріне жататындары:


а) жедел катаралды холецистит
б) жедел флегмонозды холецистит
в) жедел гангренозды холецистит
г) жедел перфоративті холецистит
д) өт қуығының деформациясы

561. Жедел обтурациялық холециститтің асқынулары:


а) перивезикалды инфильтрат
б) өт қуығының қатерлі ісігі
в) өт қуығының эмпиемасы
г) өт қуығының шемені
д) өт қуығының перфорациясы

562. Созылмалы рецидивті холецистит кезінде өт қуығы жағынан болуы мүмкін асқынулар:


а) первезикалды инфильтрат
б) өт қуығының деформациясы
в) өт қуығының эмпиемасы
г) өт қуығының шемені
д) өт қуығының қатерлі ісігі

563. Жедел обтурациялық холецистит кезінде болатын асқынулар:


а) перитонит
б) жедел холангит
в) созылмалы холангит
г) холелитиаз
д) созылмалы гепатит

564. Созылмалы рецидивті холецистит кезінде өт өзектері жағынан болатын асқынулар:


а) холедохолитиаз
б) жедел холангит
в) созылмалы холангит
г) өт өзектерінің тыртықтанып тарылуы
д) перихолецистит

565. Холелитиаз дегеніміз:


а) өт өзектерінің тыртықтанып тарылуы
б) өт өзектерінде тастың болуы
в) холедох қабырғасының жедел қабынуы
г) өт қуығында тастың болуы
д) өт қуығының деформациясы

566. Холедохолитиаз – бұл:


а) өт қуығының деформациясы
б) холедох қабырғасының жедел қабынуы
в) өт өзектері қабырғасының созылмалы қабынуы
г) өт өзектерінде тастың болуы
д) холедохтың терминалды бөлігінің стриктурасы

567. Холедохитиаздың асқынуы:


а) бауырдың кистасы
б) Курвазье синдромы
в) өт қуығының қатерлі ісігі
г) ұйқы безі басының қатерлі ісігі
д) холангит

568. Холангиттің клиникалық белгілері:


а) интоксикация, жоғары дене температурасы, құсу
б) оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, сарғаюдың болуы, қалтырау
в) жалпы әлсіздік, бауырдың ұлғаюы, дисфагия
г) кенеттен басталу, температураның жоғарылауы, көк бауырдың ұлғаюы
д) ұлғайған ауырмайтын өт қуығын анықтау, сарғаю, іштің өтуі

569. Механикалық сарғаюдың себептері:


а) гепатикохоледохтың ісігі
б) ұйқы безі басының қатерлі ісігі
в) өт қуығының бүрісуі
г) холедохолитиаз
д) өт қуығы өзегінің жедел бітелуі

570. Механикалық сарғаюдың себебі бола алмайтыны:


а) ұйқы безі басының қатерлі ісігі
б) өт қуығының өзегіндегі тас
в) холедохолитиаз
г) Одди сфинктерінің қатерлі ісігі
д) асқазан ойық жара ауруы

571. Механикалық сарғаюға тән клиникалық белгілер:


а) нәжістің түссізденуі
б) дисфагия
в) диарея
г) қою-қоңыр түсті зәр
д) билирубинемия

572. Механикалық сарғаюдың типтік клиникалық көрінісі:


а) терінің сарғаюы, температураның жоғарылауы
б) билирубинемия, температураның жоғарылауы
в) мелена, құсу
г) ауру сезімі, зәр түсінің қоюлануы, алдыңғы іш қабырғасының цианозы
д) холемия, ахолия, склера мен терінің сарғаюы

573. Механикалық сарғаюдың науқас өміріне қауіп төндіретін асқынуларын көрсетіңіз:


а) ішектің парезі
б) бауырлық жетіспеушілік
в) дуоденогастралды рефлюкс
г) холемиялық қан кету
д) ішкі жыланкөздің қалыптасуы

574. Курвазье синдромы мынаны білдіреді:


а) бауырдың циррозды өзгерістерін
б) сарғаюмен қатар ауырмайтын ұлғайған өт қуығының анықталуын
в) қатты ауру сезімді және ұлғайған өт қуығын
г) сарғаюсыз ұлғайған ауырмайтын өт қуығының анықталуын
д) холецистэктомиядан кейінгі сарғаюды

575. Курвазье синдромы байқалатын жағдай:


а) ішектің паралитикалық түйілуінде
б) қысылған жарықта
в) аппендикулярлық инфильтратта
г) ұйқы безі басының қатерлі ісігінде
д) бауыр циррозында

576. Жедел холециститтің симптомдарын атаңыз:


а) Мюсси-Георгиевский
б) Ортнер-Греков
в) Бартомье-Михельсон
г) Мерфи
д) Керте

577. Жедел холециститтің объективті симптомдарын көрсетіңіз:


а) Воскресенский
б) Мерфи
в) Ортнер-Греков
г) Мюсси-Георгиевский
д) Образцов

578. Жедел холецистит кезіндегі Ортнер-Греков симптомының сипаттамасы:


а) төс-бұғана-еміздікше бұлшықет аяқшаларының арасына басқанда ауру сезімінің болуы
б) алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылағанда оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің күшеюі
в) өт қуығының түбі проекцияланатын нүктеге басқан кезде ауру сезімінің күшеюі
г) сол жақ қабырға мен омыртқа бұрышындағы ауру сезім
д) құрсақ қолқасында пульсацияның анықталмауы

579. Жедел холецистит кезіндегі Мюсси-Гергиевский симптомының сипаттамасы:


а) төс-бұғана-еміздікше бұлшық ет аяқшаларының арасына басқанда ауру сезімінің болуы
б) алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылағанда оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің күшеюі
в) өт қуығының түбі проекцияланатын нүктеге басқан кезде ауру сезімінің күшеюі
г) сол жақ қабырға мен омыртқа бұрышындағы ауру сезім
д) құрсақ қолқасында пульсацияның анықталмауы

580. Жедел холецистит кезіндегі <френикус> симптомы басқаша қалай деп аталады?


а) Ортнер-Греков симптомы деп
б) Мюсси-Георгиевский симптомы деп
в) Мерфи симптомы деп
г) Кер симптомы деп
д) Боткин симптомы деп

581. Жедел холецистит кезіндегі Кер симптомының сипаттамасы:


а) төс-бұғана-еміздікше бұлшық ет аяқшаларының арасына басқанда ауру сезімінің болуы
б) алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылағанда оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің күшеюі
в) өт қуығының түбі проекцияланатын нүктеге басқан кезде ауру сезімінің күшеюі
г) сол жақ қабырға мен омыртқа бұрышындағы ауру сезім
д) құрсақ қолқасында пульсацияның анықталмауы

582. Жедел холецистит кезіндегі Мерфи симптомының сипаттамасы:


а) төс-бұғана-еміздікше бұлшықет аяқшаларының арасына басқанда ауру сезімінің болуы
б) алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылағанда оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің күшеюі
в) өт қуығының түбі проекцияланатын нүктеге басумен қатар терең тыныс алу кезінде ауру сезімінің күшеюі
г) сол жақ қабырға мен омыртқа бұрышындағы ауру сезім
д) құрсақ қолқасында пульсацияның анықталмауы

583. Билиокардиалды синдромның авторы кім?


а) Греков
б) Образцов
в) Спижарный
г) Боткин
д) Керте

584. Жедел холецистит кезіндегі Боткин симптомының сипаттамасы:


а) төс-бұғана-еміздікше бұлшық ет аяқшаларының арасына басқанда ауру сезімінің болуы
б) алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын соққылағанда оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің күшеюі
в) өт қуығының түбі проекцияланатын нүктеге басқан кезде ауру сезімінің күшеюі
г) сол жақ қабырға мен омыртқа бұрышындағы ауру сезім
д) оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің жүрек тұсына берілуі

585. Дифференциалды диагностика кезінде жедел аппендицитпен салыстырғанда жедел холециститке мына симптомдар тән:


а) Мюсси-Георгиевский
б) Ортнер-Греков
в) Бартомье-Михельсон
г) Мерфи
д) Кохер-Волкович

586. ӨТА консервативті емдеу әдістері:


а) лапароскопия
б) лапароскопиялық холецистэктомия
в) холелитолизис
г) эндоскопиялық папилосфинктеротомия (ЭПСТ)
д) холелитотрипсия

587. Асқынбаған ӨТА кезінде операцияға қарсы көрсеткіштер:


а) жүктілік
б) миокард инфарктісі
в) холедохолитиаз
г) механикалық сарғаю
д) науқастың егде жаста болуы,жүрек-өкпе жетіспеушілігі белгілерімен
588. Жедел холецистит кезіндегі консервативтік терапия:
а) спазмолитиктер
б) дезинтоксикациялық терапия
в) наркотикалық емес анальгетиктар
г) протеолитикалық ферменттер
д) антибиотиктар

589. Жедел холецистит кезінде шұғыл операцияға көрсетіш болып табылатыны:


а) созылмалы рецидивті холецистит
б) жедел обструктивті холецистит
в) сарғаю синдромымен қатар жедел холецистопанкреатит
г) перионит белгілерінсіз жедел холецистит
д) перитониттің клиникалық көрінісімен қатар жедел холецистит

590. Дәстүрлі холецистэктомия кезінде қандай хирургиялық кесілімдер қолданылады?


а) Федоровтың
б) Кохердың
в) жоғарғы-ортаңғы лапаротомия
г) Волкович-Дьяконовтың
д) параректалды

591. Холецистэктомияның әдістері:


а) басынан
б) мойнынан
в) денесінен
г) түбінен
д) бауырдан

592. ӨТА кезінде лапароскопиялық холецистэктомияға қарсы көрсеткіштер:


а) созылмалы гастрит
б) созылмалы пиелонефрит
в) механикалық сарғаюдың болуы
г) анамнезінде құрсақ қуысында бірнеше операциялардың болуы
д) өт қуығында көптеген ұсақ тастардың болуы

593. Жедел катаралды холецистит кезінде өт қуығындағы макроскопиялық өзгерістер:


а) өт қуығы аздап қалыңдаған және кернелген
б) өт қуығы гиперемияланған
в) өт қуығы іріңді жабындымен қапталған
г) өт қуығының қабырғасында ұсақ капиллярлардың инъекциясының болуы
д) өт қуығының қабырғасында фибрин талшықтарының болуы

594. Жедел флегмонозды холецистит кезінде өт қуығындағы макроскопиялық өзгерістер:


а) өт қуығы біршама қалыңдаған және кернелген
б) өт қуығы гиперемияланған
в) өт қуығы іріңді жабындымен қапталған
г) өт қуығының қабырғасында фибрин талшықтарының болуы
д) өт қуығының қабырғасында қою-жасыл түсті ошақтың болуы

595. Жедел гангренозды холецистит кезінде өт қуығындағы макроскопиялық өзгерістер:


а) өт қуығының қабырғасы бүріскен
б) өт қуығының қабырғасында қою-жасыл түсті ошақтың болуы
в) өт қуығының көлемі ұлғайған және кернелген
г) өт қуығының қабырғасында некроздың болуы
д) өт қуығының қабырғасында ақаудың болуы

596. Интраоперациялық холангиография жасауға көрсеткіштер:


а) жедел деструктивті холецистит
б) холедох диаметрінің 1,0 см-ден артық кеңеюі
в) операцияға дейін және анамнезінде сарғаюдың болуы
г) жедел панкреатит
д) операцияға дейін анықталған холедохолитиаз

597. Операция кезінде бауырдан тыс орналасқан өт өзектерін зерттеу үшін қолданылатындар:


а) холедохты пальпациялау
б) лапароскопия
в) лапароцентез
г) холангиоскопия
д) интраоперациялық холангиография

598. Өт өзектерін зерттеу үшін қолданылатын контрастты заттарды атаңыз:


а) билигност
б) билитраст
в) барий
г) урографин
д) билоптин

599. Холедохотомия жасау үшін абсолютті көрсеткіштер:


а) операцияға дейін холедохта тастардың анықталуы
б) интраоперациялық ревизия кезінде өзектерден тастардың табылуы
в) өттік гипертензия белгілері бар панкреатит
г) іріңді холангит
д) жалпы өт өзегінің диаметрі 1,0 см-ге дейін болған жағдайда

600. <Холедохолитотомия> термині нені білдіреді?


а) холедох қуысын ашуды
б) холедохты дренаждауды
в) холедох қуысын ашуды және одан тастарды алып тастауды
г) холедох пен дуоденум арасында анастомоз салуды
д) холедохқа бітеу тігіс салуды

601. Холедохты сыртқа дренаждаудың жиі қолданылатын тәсілдерін атаңыз:


а) Холстед-Пиковский бойынша
б) Шалимов бойынша
в) Вишневский бойынша
г) Шальков бойынша
д) Кер бойынша

602. Қуықтық өзектің тұқылы арқылы енгізіліп, он екі елі ішекке қарай бағыттала орналастырылған холедох дренажының түрін атаңыз:


а) Кер дренажы
б) Вишневский дренажы
в) Долиотти дренажы
г) Холстед-Пиковский дренажы
д) Шалимов дренажы

603. Холедохотомиялық кесілім арқылы енгізіліп, бауырға қарай бағыттала орналастырылған холедох дренажының түрін атаңыз:


а) Кер дренажы
б) Вишневский дренажы
в) Долиотти дренажы
г) Холстед-Пиковский дренажы
д) Шалимов дренажы

604. Бауырдан тыс орналасқан өт өзектерін холедохотомиялық кесілім арқылы Т-тәріздес түтікпен дренаждау кімге тиесілі?


а) Пиковскийге
б) Вишневскийге
в) Керге
г) Холстедке
д) Кохерға

605. Егер холецистэктомиядан кейінгі ерте кезеңде науқаста үдей түсетін сарғаю дамыса, онда мынау туралы ойлау керек:


а) операция барысында холедохтың ятрогенді зақымдалуы және байланып қалуы туралы
б) операциядан кейінгі жедел панреатит туралы
в) бауырдан тыс орналасқан өт өзектерінің ұмытылып кеткен (резидуальді) таспен бітелгені туралы
г) гепатикохоледохты басып қалатындай операция жасалған аймақта инфильтраттың қалыптасқаны туралы
д) бауырдан тыс жатқан өт өзектері атрезиясының дамығаны туралы
606. Холецистэктомиядан кейінгі асқынуларды атаңыз:
а) операциядан кейінгі жараның инфильтраты
б) операциядан кейінгі жараның іріңдеуі
в) құрсақ қабырғасындағы жарадан қан кету
г) лигатуралық жыланкөздер
д) перивезикалды инфильтраттың қалыптасуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет