№2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары



бет6/8
Дата07.02.2024
өлшемі1.48 Mb.
#491260
1   2   3   4   5   6   7   8
ТЕСТЫ-ОМ-4-К.-хирургия-каз

Перитонит
680. Перитониттің мынадай сатыларын ажыратады:
а) «жалған ремиссия»
б) реактивті
в) уытты
г) рецидивті
д) терминалды

681. Перитониттің терминалды сатысының клиникалық белгілерін көрсетіңіз:


а) психомоторлық қозу
б) нәжістік иісі бар асқазан-ішек қуысы заттарымен құсу
в) брадикардия, гипертония
г) іштің айқын кебуі, ішек перистальтикасының анықталмауы
д) құсудың болмауы

682. Перитониттің терминалды сатысының клиникалық көрінісін анықтаңыз:


а) іштің кебуі
б) ішек перисталтикасының естілмеуі («табыт тыныштығы»)
в) ішек перисталтикасының күшеюі
г) іштің тыныс алу актісіне қатынасуы
д) Гиппократ әлпеті

683. Жергілікті пертонитке барлығы тән, тек:


а) тахикардия
б) құрсақ қуысының тыныс алуға қатынаспауы
в) Щеткин-Блюмберг белгісінің оң болуы
г) іштегі жергілікті (локалды) ауру сезімі
д) Керте белгісінің оң болуы

684. Біріншілік перитонит кезінде микрофлора құрсақ қуысына енеді:


а) қабынған құрт тәрізді өсіндіден
б) жатыр түтіктері арқылы
в) лимфогенді жолмен
г) гематогенді жолмен
д) қуысты ағзалардың тесілуінде

685. Перитониттің негізгі белгісі:


а) құсу
б) іштің ауруы
в) іштің кебуі
г) нәжіс пен желдің шықпауы
д) құрсақ бұлшық еттерінің қатаюы

686. Аталған аурулардың қайсыларынан жедел перитонитті ажырату керек?


а) бүйрек шаншуы
б) асқазан қатерлі ісігі
в) жедел панкреатит
г) ішектің жедел механикалық түйілуі
д) базалды плевропневмония

687. Перитонитті хирургиялық емдеудің негізгі принцптерін атаңыз:


а) инфекция ошағын алып тастау немесе іріңдіктерді дренаждау
б) құрсақ қуысын антисептикалық ерітінділермен жуу
в) ішек декомпрессиясы
г) құрсақ қуысын адекватты дренирлеу
д) гастростома салу

688. Жайылған іріңді перитонит диагнозы анықталғаннан кейінгі хирургтың тактикасы:


а) науқасты динамикалық бақылау
б) белсенді операция алдындағы дайындық
в) шұғыл операция
г) массивті антибактериалдық ем
д) науқасты ауруханаға салып, жақын уақытта операция жасау

689. Жайылған іріңді перитонит кезінде операциялық жету жолы ретінде қолданады:


а) ортаңғы лапаротомияны
б) параректалды лапаротомияны
в) Федоров бойынша лапаротомияны
г) трансректалды лапаротомияны
д) Волкович-Дьяконов бойынша лапаротомияны

690. Екіншілік перитонит кезінде микрофлора құрсақ қуысына енеді:


а) қабынған құрт тәрізді өсіндіден
б) жатыр түтіктері арқылы
в) лимфогенді жолмен
г) гематогенді жолмен
д) қуысты ағзалардың тесілуінде

691. Құрсақ қуысындағы сұйықтық сипатына қарай перитониттің келесі түрлерін ажыратады:


а) серозды
б) геморрагиялық
в) фиброзды
г) іріңді
д) шіріктік

692. Егер құрсақ қуысына қан түссе перитониттің қандай түрі дамиды?


а) гематогенді
б) геморрагиялық
в) асептикалық
г) спецификалық
д) бейспецификалық

693. Құрсақ қуысына микрофлораның түсу жолына қарай перитониттің келесі түрлерін ажыратады:


а) жедел
б) жеделдеу
в) біріншілік
г) екіншілік
д) созылмалы

694. Клиникалық ағымының сипатына қарай перитониттің келесі түрлерін ажыратады:


а) жедел
б) жеделдеу
в) прогрессивті
г) абортивті
д) созылмалы

695. Перитониттің ерекше түрлерін көрсетіңіз:


а) паразитарлық
б) мерездік
в) канцероматоздық
г) криптогенді
д) туберкулездік

696. Диффузды перитонит кезіндегі қабынудың таралу ауқымы:


а) бір анатомиялық аумақ
б) екі анатомиялық аумақ
в) төрт анатомиялық аумақ
г) бес анатомиялық аумақ
д) жеті анатомиялық аумақ

697. Перитониттің қандай түрлерінде оны консервативті емдеуге болады:


а) жергілікті серозды
б) диффузды серозды
в) пельвиоперитонитте
г) туберкулездік
д) мерездік

698. Шектелген жергілікті перитонитке мысал бола алады:


а) құрсақ қуысының паразитарлық кистасы
б) қабыну инфильтраты
в) ішек аралық абсцессі
г) жамбас қуысы абсцессі
д) шарбы май қалтасы абсцессі

699. Жайылған іріңді перитонитке жасалған операцияны аяқтау тәсілдерін анықтаңыз:


а) құрсақ қуысын мұқият жуып тазартқан соң, лапаротомиялық тілімді құрсақ қуысына дренаж қалдырмай тігу
б) инфекция ошағы аймағына дәке тампонын және дренаж түтігін қалдыру
в) перитонеалды лаваж салу
г) хирург ұйғарымына орай 3-4 дренаж түтік қалдыру
д) лапаростомия

700. Перитонит анықтамасы дұрыс берілген нұсқаны таңдаңыз:


а) париеталды және висцералды ішастар жапырақшаларының жедел немесе созылмалы қабынуы
б) құрсақ қуысында сұйықтықтың болуы
в) ішпереде бүтіндігінің бұзылуы
г) құрсақ қуысына қабыну белгілерінсіз инфекцияның енуі
д) құрсақ қуысындағы жабыспа үрдісінің болуы

701. Екіншілік перитонит дамуының себептері:


*жедел аппендицит
* жедел холецистит
* өкпенің іріңді аурулары
* іріңді сальпингит
*қуысты ағзалар арасына салынған анастомоз тігісінің тұрақсыздығы (сөгілуі)

702. Жайылған перитонит келесі түсініктерді біріктіреді:


* диффузды
* жеделдеу
*жайылған
*екіншілік
* тоталды (жалпы)

703. Перитониттің уытты сатысының клиникалық белгілері:


* Гиппократ әлпеті
* іштің «тау секілді» кебуі
* Щеткин-Блюмберг белгісінің оң болуы
* дене қызуының көтерілуі
* ұрттың және тілдің құрғауы

704. Егер құрсақ қуысына несеп түссе перитониттің қандай түрі дамиды?


* гематогенді
* лимфогенді
*асептикалық
* біріншілік
* екіншілік

705. Егер құрсақ қуысына өт сұйықтығы түссе перитониттің қандай түрі дамиды?


* гематогенді
* лимфогенді
*асептикалық
* біріншілік
* екіншілік

706. Егер құрсақ қуысына ұйқы безі сөлі енсе перитониттің қандай түрі дамиды?


* гематогенді
* лимфогенді
*асептикалық
* біріншілік
* екіншілік

707. Перитониттің реактивті сатысының негізгі белгілері:


*құрсақ қуысындағы дене қалпын өзгерткенде күшейе түсетін, интенсивті, тұрақты ауру сезімі
*құрсақ бұлшық еттерінің қатаюы, Щеткин-Блюмберг белгісінің оң болуы
*құрсақ қуысының ойыс тұстарында перкуторлық дыбыстың тұйықталуы
* аускультацияда «табыт тыныштығы» белгісінің анықталуы
* құрсақ қуысы алдыңғы қабырғасы бұлшық еттері резистенттілігінің жоғарылауы

708. Перитонитті анықтауда қолданылатын аспаптық зерттеу әдістері:


*құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
*фиброгастроскопия
*диафаноскопия
*лапароскопия
*кольпоскопия

709. Перитониттің қандай түрлері болмайды:


* несептік перитонит
*шартты перитонит
* нәжістік перитонит
* шіріктік перитонит
*симптомсыз перитонит

710. Перитонит патогенезінің негізгі факторлары болып табылады:


* гемодинамиканың өзгеруі
* асқазан-ішек жолдарының моторлық қызметінің бұзылуы
* бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы
* анемия
* улану (интоксикация)

711. Перитониттің қандай сатысында науқастар өлімінің көрсеткіші өте жоғары:


* реактивті
* уытты
* терминалды
* өлім көрсеткіші перитониттің барлық сатысында өте жоғары
* өлім көрсеткіші перитониттің барлық сатысында өте төмен

712. Перитониттің реактивті сатысы ауру ағымында қанша уақытқа созылады (Б.Д. Савчук бойынша):


* алғашқы 12 сағат
* алғашқы 24 сағат
* 24 тен 48 сағат аралығы
* 48 ден 72 сағат аралығы
* 72 сағаттан кейін



  1. Перитониттің уытты сатысы ауру ағымының қандай уақытына сәйкес келеді (Б.Д. Савчук бойынша):

* алғашқы 12 сағат
* алғашқы 24 сағат
*24 тен 48 сағат аралығы
* 48 ден 72 сағат аралығы
* 72 сағаттан кейін



  1. Перитониттің терминалды сатысы аурудың даму барысында қанша уақыттан кейін байқалады (Б.Д. Савчук бойынша):

* алғашқы 12 сағат
* алғашқы 24 сағат
*24 тен 48 сағат аралығы
* 48 ден 72 сағат аралығы
* 72 сағаттан кейін



  1. Перитониттің реактивті сатысына тән белгілерді көрсетіңіз:

*іштің тұрақты үдемелі ауруы
*іш бұлшық еттерінің қатаюы
* полиорганды жетіспеушілік белгілері
* тыныс алу актісіне іштің қатысуы
* Спасокукоцкий белгісінің оң болуы



  1. Аталған белгілердің қайсылары перитониттің уытты сатысына тән:

* іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі
*улану белгілері
*іштің кебуі
* Спасокукоцкий белгісінің оң болуы
* Гиппократ әлпеті



  1. Аталған белгілердің қайсылары перитониттің терминалды сатысына тән:

* құрсақ қуысындағы ұстама тәрізді ауру сезімі
* полиоргандық жетіспеушілік белгілері
*адинамия, эйфория, естің адасуы, сандырақ
*ішек перисталтикасының анықталмауы
* Гиппократ әлпеті



  1. Жамбас қуысы абсцессін анықтау үшін қолданады:

*тік ішекті саусақпен қарау
* экскреторлық урография
* ФЭГДС
*УДЗ
* дугласов кеңістігінің пункциясы



  1. Диафрагма асты аймағы абсцессін анықтау үшін қолданады:

* пероралды холецистография
*құрсақ және кеуде қуыстарының шолу рентгенографиясы
* ФЭГДС
*УДЗ
* ректороманоскопия

720. Құрсақ қуысына қандай агент әсер еткенде асептикалық перитониттің дамуы орын алмайды:


а) қанның
б) өт сұйығының
в) асқазан сөлінің
г) шемендік сұйықтықтың (асциттік)
д) несептің

721. Құрсақ қуысына қандай сұйықтық жиналғанда асептикалық перитонит дамымайды:


а) хилезді сұйықтық
б) ұйқы безі сөлі
в) ащы ішек қуысының сұйықтығы
г) транссудат
д) құрсақ қуысына жарылған киста сұйығы

722. Гранулематозды перитониттің дамуы жүзеге асады:


а) операция барысында ішастардың құрғауы орын алғанда
б) құрсақ қуысы ағзаларының қатерлі ісігінің асқынған сатыларында
в) құрсақ қуысына тальктың түсуі орын алғанда
г) құрсақ қуысына лимфа сұйығы жиналғанда
д) ішпердеге таңғыш материалдың немесе тігуге арналған жіптердің талшықтары әсер еткенде

723. Перитониттің ерекше формасына жатады:


а) канцероматозды
б) паразитарлы
в) гранулематозды
г) туберкулездік
д) ревматоидты

724. Перитониттің клиникалық көрінісі дамуының барысы тәуелді:


а) организмнің қорғаныш механизмдерінің қалпына
б) микроорганизмдердің вируленттілігіне
в) ішперденің қабыну процессіне қатынасу ауқымына
г) науқас дене салмағына
д) құрсақ қуысына бактериялардың таралу ауқымына

725. Айқын шектелген ауру сезімі және құрсақ бұлшық еттерінің қатаюы ненің қабынуында байқалады:


а) жамбас іш астарының
б) париеталды ішастардың
в) висцералды ішастардың
г) бауырды жауып жатқан ішастардың
д) барлық жауаптар дұрыс

726. Оң Щеткина-Блюмберг симптомының сипаттамасы:


а) қабыну ошағы тұсын соқылағандағы ауру сезімінің күшеюі
б) құрсақ қуысы алдыңғы қабырғасының тыныс алу актісіне қатынаспауы
в) тыныс алу барысындағы оң қабырға асты аймағын терең сипағанда ауру сезімінің күшеюі
г)ауру сезімі орналасқан тұсты біртіндеп басқаннан кейін, саусақтарды тез қайта алғандағы ауру сезімінің бірден күшеюі
д) іштің «тақтай тәрізді» қатаюы

727. Көрсетілген аурулардың қайсылары перитонит дамуына алып келуі мүмкін:


а) Меккел дивертикулының тесілуі
б) Крон ауруы
в) үлкен дуоденалды еміздікшенің тарылуы
г) жарықтың рихтерлік қысылуы
д) ішектің жедел түйілуі

728.Перитониттің ең жиі себепшісі болып табылады:


а) гастродуоденалды ойық жараның тесілуі
б) жедел холецистит
в) ішектің странгуляциялық түйілуі
г) жарықтың қысылуы
д) жедел аппендицит

729. Перитониттің диагностикасында ақпараттылығы анағұрлым жоғары зерттеу әдісі:


а) компьютерлік томография
б) құрсақ қуысының жалпы рентгенографиясы
в) фиброгастроскопия
г) ирригоскопия
д) лапароскопия

730. Спецификалық перитониттің түрлерін көрсетіңіз:


а) канцероматозды
б) гонококкты
в) туберкулезді
г) ревматоидты
д) мерезді

731. Аталған симптомдардың қайсысы жамбас қуысының абсцесіне тән:


а) ауру сезімі белгілі бір локализациясыз іштің барлық аймағында болуы
б) тенезмалар
в) ауру сезімі іштің төменгі жағында болып аралыққа берілуі
г) дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді
д) лихорадка

732. Аталған симптомдардың қайсысы диафрагма асты абсцесіне тән:


а) қосарланған плевриттің болуы
б) оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі
в) терең тыныс алғанда күшейетін кеуденің оқ жағындағы ауру сезімі
г) ұлғайған және ауыратын бауырдың анықталуы
д) оң жақ қабырға астындағы бұлшық еттердің қатаюы

733. Аталған симптомдардың қайсысы ішек иілімдерінің арасындағы абсцеске тән:


а) селқостық (недомогание), тәбеттің төмендеуі, лихорадка
б) оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі
в) іштің кебуі
г) ауыратын инфильтраттың анықталуы
д) Щеткин-Блюмберг симптомының оң болуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет