24-билет
1. О.Асқар, Қазақтың басын қосқан құрылтай
???
2. М.Сәрсеке өмірбаяны мен шығармашылығы
Медеу Сапаұлы Сәрсеке (02.01.1936 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қайнар ауылы) - жазушы.
Арғын тайпасы Тарақты руынан шыққан. Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1958 - 1959 жылдары "Жас Алаш" газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі, 1959 - 1963 жылдары Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, 1963 - 1965 жылдары "Егеменді Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы. "Ғажайып сәуле" (1959), "Көрінбестің көлеңкесі" (1960), "Жетінші толқын" (1964), "От және атом" (1965) повестері жас жеткіншектерге арналған. Өндіріс адамдары жайлы "Жеті жылдықтың жігіттері" очерктер кітабы (1961), "Қаз қайтқанда" (1968), "Айшықты мезет" (1969) деректі повестері жарияланды. "Сәтбаев", "Ебіней Бөкетов" (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), "Шығыс хикаясы" пьесасын (1971), "Жаңғырық" (1979), "Көмбе" (1985) романдарын жазды. А.Беляевтің "Қос мекенді адам" романын қазақ тіліне аударған. "Құрмет" орденімен (2001), "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен (1970), Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
3. «Бесеудің хаты» -таихи драма. Кейіпкерлер әлемі
???
25-билет
1. Абайдың қырық бесінші қара сөзі
Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
2. С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
3 билет 2сурак
3. Л.Қоныстың өмірбаяны мен шығармалары
Өзіне тән философиялық ойлары бар, өзіндік жазу стиліне ие жас қаламгер, прозаик, журналист Лира Қоныс Бөкейханқызы 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген.
Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Шығыстану факультетін бітірген.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы.
Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.
«Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы.
Л.Қоныс шығармашылығы әдеби ортада көп пікір тудырып келеді, туындыларының философиялық астары бар Жазу стилі ерекше Лираның әңгімелерін жапон жазушыларының будда ағымымен жазу сарынын еске түсіреді деуге болады.. Кербез, махаббатқа адал, қиялдары жүйрік, сезімдері сұлу келген кейіпкерлері кез-келгеннің көңілінен шыға бермейді.
Оқиғаның өрбуі де, шарықтау шегі де өз деңгейінде жазылған қысқа әрі тартымды новеллалар жазған. Новеллалары бірде түсініксіз аяқталса, бірде қызық аяқталады. Бірде күлкілі аяқталса, бірде оқырманын ойға батырып аяқталады. Қыз сезімінен сыр шертетін: «Менің Аяным», «Мумуния кафесінде», «Қоштасу», «Сәтсіздіктегі сезімдер» новеллаларын оқыған жанның жүрегіне жол табатын соны туындылар деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |